Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 09:57, курсовая работа

Описание

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың теориялық
аспектілері.

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың мәні және
мағынасы ..............................................................................................................6
Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың әдістері .................15

“Қазақтелеком” АҚ – ның қаржылық жай – күйін талдау.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама ......................25
“Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін талдау .....................34
Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын анықтау ....................49

«Қазақтелеком» АҚ – ның қаржылық жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары .............................................................58


Қорытынды ………………………………………………………….…….......64

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................67

Қосымшалар .....................................................

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-қаржылық-жай-күйін-бағалау.doc

— 875.00 Кб (Скачать документ)

IV Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті компанияға ұзақ мерзімді салымдар салған инвесторлар мен  кредиторлардың мүдделері қаншалықты қорғалғандығын және кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін төлей алу мүмкіншілігін көрсетеді.

1.Меншіктік коэффициент. Меншікті коэффициент компанияның капитал құрамындағы меншікті капитал үлесін сипаттайды, яғни кредиторлармен меншік иелерінің мүдделерінің ара салмағын. Батыс тәжірибеде бүл көрсеткішті жеткілікті жоғарғы деңгейде ұстау керек деп саналады. Себебі ол тұрақты қаржылық жағдайды көрсетеді. Егер меншікті капитал компания балансының 60% -ін алып жатса онда тұрақты қаржылық жағдай деп есептелінеді. Қаржыландыру көздеріндегі тартылған капиталдың үлесін көрсететін тартылған капитал коэффициенті есептелуі мүмкін. Бұл коэффициент меншіктік коэффициентіне кері болып келеді.13

 2.Қаржылық тәуелділік коэффициенті. Бұл коэффициент фирманың сыртқы қарызға тәуелділігін сипаттайды. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, компания қарызының көп болуы яғни компанияны банкроттыққа әкелетін тәуекелділік  деңгейінің жоғары болуын көсетеді. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық тәуелділік коэффициенті 40%-тен жоғары болмауы тиіс деп саналады. Қаржылық тәуелділік коэффициентінің жоғары болуы, орташа нарықтық ставка бойынша жаңа несие алу кезінде қиындықтар туғызады.

 3.Тартылған және меншікті капиталдың қатынасын көрсететін коэффициент. Ол кәсіпорын қарыз капиталына қаншалықты тәкелді екенің көрсетеді, және қарыз және меншікті капиталдың арақатынасы арқылы есептелінеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорында  қарыз не меншікті капиталдын көп екенің көрсетеді. Коэффициент 1 – ден көп болған сайын, кәсіпорынның қарыз-  қаражатына  тәуелділігі жоғарлай түседі.  

Кесте 6

Қаржылық тұрақтылықты бағалау*

%                                                

       Коэффициенттер 

аты

 

Формула

 

2004

 

2005

 

2006

Меншікті капиталды  жинақтау коэффициенті.

Меншікті капитал / Баланс

 

67

 

69

 

59

Қарыз капиталды жинақтау коэффициенті.

Тартылған капитал /  Баланс

 

32

 

30

 

41

Тартылған және меншікті капиталдың қатынасын көрсететін коэффициент

Тартылған капитал/

Меншікті капитал

 

47

 

43

 

41


* «Қазақтелеком» АҚ  – ның мәліметі бойынша автордың  есептеуі.

Компанияның есепті жылы меншікті капиталының үлесі өткен жылдармен салыстырғанда, 10% - ға азайды. Егер 2004 жылы ол 67% , 2005 жылы 69% болса 2006 ж. ол 59% құрап отыр. Компанияның меншікті капиталы  өткен жылмен салыстырғанда 22% өсті . Осы уақытта тартылған каптал өткен жылмен салыстырғанда 95% көбейді. Тартылған капиталдын ішінде ұзақ мерзімді міңдеттемелердің құрамы күрт өсті  (қысқа мерзімді міңдеттемелер 30% , ұзақ мерзеімді міңдеттемелер 69%).  Негізінен тартылған капиталдың ішінде ұзақ мерзеімді міңдеттемелер үлкен үлес алып отыр. Бұған қарамастан компанияның қаржылық тұрақтылығы жақсы деңгейде тұр. Қандайда жағдай болмасын компания өз міңдеттемелерін жаба алады.

 

 

2.3. Кәсіпорынның банкрот  болу  ықтималдылығын аңықтау.

 

Банкроттық  нарык шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттык туралы" 23.02.06.14 Заңына сәйкес, карызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын және еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялык кызметгі каржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз кұрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың канағаттанғысыз кұрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық  кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылык механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатынын тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда  болуының негізгі себептерін келтірейік:

  1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

- экономиканы    реформалаудың   нормативті    және заң   шығаратын   базаларының,    қаржылық,   ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

- инфляцияның аса жоғары деңгейі;

- фирманың   құнды   кағаздарының  нарықтық  құнының төмендеуі;

- бәсекелестің   жоғары   деңгейі   және   сонын   нәтижесінде пайда   болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының  төмендеуі.

2. Шаруашылық  жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
  • жарнама,    өтімділік    жүйесінің    б<span class="dash041e_0431_044b_04

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау