Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 09:57, курсовая работа

Описание

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың теориялық
аспектілері.

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың мәні және
мағынасы ..............................................................................................................6
Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың әдістері .................15

“Қазақтелеком” АҚ – ның қаржылық жай – күйін талдау.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама ......................25
“Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін талдау .....................34
Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын анықтау ....................49

«Қазақтелеком» АҚ – ның қаржылық жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары .............................................................58


Қорытынды ………………………………………………………….…….......64

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................67

Қосымшалар .....................................................

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-қаржылық-жай-күйін-бағалау.doc

— 875.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне  мына коэффициенттер жатады:

1.Негізгі ңұралдардың айналымдылығы. (немесе қор қайтарымдылығы). Кез – келген кәсіпорының қызметінде, көп жыл бойы қолданып келетін негізгі құралдары болады. Кәсіпорынның сәтті жұмысы үшін негізгі құралдардың бар болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тиімді қолдану қажет.

Бұл көрсеткіш қор  қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.

2. Активтердің айналымдылық коэффициентері. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Өнімді өткізуден алынған табысты баланс активінің барлығына бөлу арқылы анықталады және кәсіпорынның барлық  ресурстарының тартылу көзіне байланыссыз оның тиімді қолдануын сипаттайды. Яғни табыс түрінде нәтиже

беретін, айналымның және өңдірістің толық цикілінің жыл ішінде қанша  рет айналуын көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы  айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

3. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады. Есепті жыл ішінде орташа алғанда дебиторлық қарыз  қанша рет ақшаға айналғандығынкөрсетеді. Берілген коэффициентке талдау жасау үшін басқа салыстырулардың жоқ болуына қарамастан бұл көрсеткішті кредиторлық қарыздын айналымдылық коэффициентімен салыстыру пайдалы болып келеді. Бұндай тәсілдеме кәсіпорынға басқа компаниялардың ұсынып жүрген коммерциялық несие шарттарын, өзінің басқа компанияға ұсынып жүрген коммерциялық несие шарттарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар  дебиторлық борыштың орташа айналым  уақытын анықтауға болады.

Бұл   көрсеткіш   компанияның   қойған   шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі  оң, ал артуы теріс бағаланады.                                                                          

4. Кредиторлық борыштың айиалымдылық коэффициеиті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштьщ орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдьшық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.11 Кредиторлық және дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициентін күндерменде есептеуге болады. Ол үшін жыл ішіндегі  360 күнді берілген коэффициентке бөлу қажет. Сонда біз сәйкесінше дебиторлық немесе кредиторлық қарызды төлеу үшін қанша күн керек екенін біле аламыз.

5.Тауарлық материалдық запастардын айналымдылық коэффициенті.

Материалдың айналым қаражатының айналымдыльқ коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында  сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде кезеңдегі шығындар мен материалдық - өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.

ТМЗ – ның айналымдылығының тез болуы оның тиімді қолдануын  сипаттайды. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмағай өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.12

Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан  кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады.

Материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициентінің  шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.

Төменгі  кестедегі  есептелген мәліметтерге келетін болсақ, компанияның қор қайтарымдылығы 2004 ж. 0,97 ,2005ж 0,99 – ды құраса, 2006 ж ол 0,95 – ті құрап отыр. Компанияның өткізуден түскен түсімі жыл сайын өсіп тұруда. Егер 2005 ж. өткізуден түскен түсім   2004 жылмен салыстырған 24% өссе, 2006 ж. ол 42% өсті.  Ал негізгі құралдар 2005 ж. 21% көбейсе, 2006 ж. 2004 жылмен салыстырғанда ол 44% өсті. Бірақ компанияның қор қайтарымдылығының өткен жылдармен салыстырғанда төмендеу компанияның 2006 ж. негізгі құралдардың көп болу есебіне болып отыр. Активтердің жалпы айналымдылығы да өткен, жылдармен салыстырғанда азайып отыр. Егер өткен жылы активтердің айналымдылығы 0,61 рет болса 2006 ж. ол 0,48 рет болып отыр. Яғни активтер  2 жылда бір айналым жасайды. Бұл дегеніміз компания активтерін пайдалану тиімділігінің төмендегенің көрсетеді. Оған активтердің

Кесте 4

Іскерлік  белсенділікті бағалау*

 

Коэффициенттер 

аты

Формула

2004

2005

2006

Қор қайтарымдылығы

Өнімді өткізуден табыс /Нег. Құралдар

 

0,97

 

0,99

 

0,95

Капиталдың айналымдығы

Өнімді өткізуден табыс /Капитал

 

0,63

 

3,7

 

0,48

Дебиторлық қарыздың айналымдылығы

360

Өнімді өткізуден        табыс /Дебиторлық қарыз

8,2

немесе

43

күн

7,3

немесе

49

күн

7,3

немесе

49

күн

Кредиторлық борыштың айналымдылығы 

360

өткізілген өнімнің өзіндік   құны / кредиторлық қарыз

10

немесе

36

күн

6

немесе

60

күн

5,8

немесе

62

күн

ТМЗ – ның айналымдылығы 

                 360

Өзіндік құн / ТМЗ

9,8

немесе

36

күн

10

немесе

36

күн

10

немесе

36

күн

Операциялық циклдің  ұзфқтығы

Дебиторлық қарыз              (күн)  + ТМЗ (күн)

 

79

 

85

 

85


* «Қазақтелеком» АҚ  – ның мәліметі бойынша автордың есептеуі.

көп болуы,ал өткізуден  түскен түсімнің аз болуы өз әсерін тигізіп отыр. Дебитолық қарыздың айналымдылығы орта есеппен  (2005-2006 жж.) 7 рет айналым жасайды, яғни 50 күнде айналып келеді. Ал кредиторлық қарыздың айналымдылығы 6 рет, яғни 60 күнді құрайды. Компанияға ұсынылып отырған несие шартын жақсы деуге болады. Себебі компания берген қарызды 50 күнде қайтарып алса, өз қарызын ол 60 күнде қайтарады

III.Табыстылық коэффициенті.

Рентабелділік коэффициенті кәсіпорынның қаншалықты табысты екенін көрсетеді. Бұл коэффициент алынған пайданы немесе алынған табысты өткізілген өнімнің көлеміне бөлу арқылы есептелінеді.

Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабелділігі  коэффициенті, өткізу рентабелділігі, меншікті капитал рентабелділігі көрсеткіштері  Қаржы менеджмент контекстінде жиі қолданылатын көрсеткіштер болып табылады.

 1.Кәсіпорынның барлық активтерінің табыстылық көэффициенті. Осы коэффициент таза табысты кәсіпорын активтеріне бөлу арқылы анықталады. Ол 1теңге табыс алу үшін фирма қанша теңге жұмсағанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерінің ішінде ең маңыздысы болып келеді.

  2. Өткізудең табыстылық коэффициенті. Алынған пайданы өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өткізу рентабелділігінің негізгі 2 көрсеткіші бар: Өткізуден жалпы табыс бойынша есептеу

                  Таза табыс бойынша есептеу.

Бірінші көрсеткіш, баға қалыптастыру саясатындағы өзгерістермен, кәсіпорынның  өткізген өнімінің өзіңдік құнын бақылауға мүмкіндік береді.

Коэффициенттің динамикасы, бағаны қайта қарау немесе ТМЗ-ны пайдалануды  күшейту қажеттігін көрсетуі мүмкін. Берілген көрсеткішті талдау барысында  оның деңгейіне ТМЗ-ды есепке алу әдісі елеулі ықпал ететіндігін ескеру қажет. Осы бөлімді талдау кезінде ең маңызды қаржылық мәлімет, таза табысты өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталатын өткізу рентабелділігі көрсеткіші береді. Нәтижесінде өткізілген өнімнін әрбір 1 теңгесі қанша таза табыс әкелгенін көреміз.

3.Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті. Меншік иелері инвестициялаған капиталды тиімді қолдануын және де бұл көрсеткішті, басқа бағалы қағаздарға салымдар салу нәтижесінде алынатын табыспен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл көрсекткіш таза табысты меншікті капитал құнына бөлу арқылы есептелінеді. Нәтижесінде, меншік иелері салған капиталының 1 теңгесі қанша теңге таза табыс әкелгенін көрсетеді.

Айналымдылық және рентабелділік  коэффициенттердің деңгейін бағалау  үшін бұл көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру пайдалы болып келеді. Мысалға; таза табыс бойынша есептелінген, барлық активтердің рентабелділігі мен меншікті капитал рентабелділігін салыстыру. Осы көрсеткіштердің арасындағы айырым, компанияның қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен шарттасылған.

4.Ағымдағы активтердің табыстылығы. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кенінең қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алғанын көрсетеді.

Кесте 5

Табыстылықты  бағалау*

(%)

Коэффициенттер 

атауы

Формула

2004

2005

2006

Активтер табыстылығы.

Таза табыс /

Баланс

20

20

13

Өткізілген өнім табыстылығы

Таза табыс /

Өнімді өткізуден табыс

30

33

28

Меншікті капитал табыстылығы

Таза табыс /

Меншікті капитал

 

29

 

29

 

23

Ағымдағы активтер табыстылығы

Таза табыс /

Ағым. Активтер

 

106

 

123

 

100


* «Қазақтелеком» АҚ  – ның мәліметі бойынша автордың  есептеуі.

Компанияның табыстылығына келетін  болсақ компанияның өткізу табыстылығы 28% құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% төмендеді. Оның төмендеуіне негізінен компанияның әкімшілік шығындары мен қаржыландыру шығындарының ұлғаюы есебінен болып отыр. Мысалы, компанияның жалпы табысы өткен жылмен салыстырғанда 8 млр. теңгеге өсіп отыр. Ал таза табыста ешқандай өзгеріс жоқ екенін көруге болады, яғни өткен жылмен бірдей.

Компанияның жалпы активтерінің табыстылығы  нашар нәтиже беріп отыр. Компания активтерінің  әр бір теңгесі 2004-2005 жж. 20 тиын әкелсе, 2006ж ол 13 теңгеге  дейін төмендеді. Оған компания активтерінің жалпы көлемінің көбейіп, ал таза табыстың өзгеріссіз болуы өз әсерін тигізіп отыр.

Компанияның ағымдағы активтерінің табыстылығы  жалпы активтердің табыстылығына  қарағанда жақсы нәтиже беріп  отыр. Егер 2005ж ағымдағы активтердің  әр бір теңгесі 1 теңге  23 тиын пайда әкелсе,  2006 ж. ол  1 теңге пайда әкеліп отыр. Бірақ есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда табыстылықтың  азаюы, жоғарыда айтылып кеткендей, активтердің өсуі, ал таза табыстың өзгеріссіз болуы себеп болып отыр. Меншікті капиталдың табыстылығыда осындай нәтиже көруге болады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау