Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:50, дипломная работа

Описание

Біздің елімізде автомобиль көлігі сапасы және саны жағынан қарқынды екпінмен дамуда. Отандық автомобиль нарығында тек Рессейлік заводтық-өндірушілерден ғана емес, сонымен қатар әлемдегі басқа да елдердің автомобильдерін таңдау мүкіндігі берілген. Жыл сайынғы әлемдік автомобиль паркінің өсу қарқыны 10-12 млн. бірлікті құрайды. Жалпы әлемдік парктегі әрбір бес автомобильдің төртеуі —жеңіл, және олардың үлесіне барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жолаушылардың 60% кіреді.

Содержание

Кіріспе 7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер 74
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать документ)

      Барлық  жуу қондырғылары сору құралдарымен, желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

      Каустикалық содадан жасалған жуу қоспасын дайындайтын  және жуу машинасын іске қосумен  айналысатын жұмысшылар резеңке  алжапқышпен, қалғаппен, ал каустикалық  соданы кесу кезінде қорғаныс әйнектері  бар резеңке бетпердемен қамтамасыз етілуі тиісті. Бөлмелер мен тораптарды жуу үшін бензинді пайдалануға тыйым  салынады.

      Камералық машиналар бөлшектерін каустикалық  сода қоспасымен жуғаннан кейін қолды  күйдіруден сақтау үшін бөлшектерді  таза ыстық сумен мұқият жуу керек.

      Егер  жөндеу кезінде жуу машинасы мен  камера ішінде адамдар болса, есік немесе перде ашық болуы тиіс, ал желдеткіш будың соруын қамтамасыз етуі керек. 

5.1 Бөлшектеу және  жинау жұмыстары 

      Машинаның сыртын жуып болғаннан кейін оны  бөлшектеу орнына жеткізіп, бөлшектеу-жинақтау стендіне бекітеді. Агрегаттарды көтеру және орнын ауыстыру үшін уақытында  техникалық куәландырудан өткен  жүк көтергіш механизмдері, сондай-ақ қолданыстығы жүкқармауыш құралдар қолданылады. Жүкті сым немесе ескі арқан көмегімен жылжытуға болмайды. Жөндеуші объектіні көтеру кезінде  жүкқармауыш құралы ілмекшеде құлыппен бекітілуі тиіс, ал агрегаттың салмағы  жүк көтергіш механизмі салмағынан аспауы керек. Көтергіш механизмдерде  ілініп тұрған машиналарды, агрегаттар немесе тораптарға бөлшектеу-жинақтау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады немесе орнықты арбашықтарға бекітіледі, олардың бөлшектерге жүк бекіту орнықтырғыштарымен бұрылыс құралдары  болуы керек. Егер агрегат еденде бөлшектенсе оның аударылып түсу қаупін ескеріп орналастыру қажет. Машинаны бөлшектеу бойынша кез  келген жұмыс қауіпті, егер арнайы құрылғылардың  орнына кескіш немесе балға қолданса, тораптар мен агрегаттарды қауіпсіз бөлшектеу үшін іске жарамды түсіргіштер  мен құрылғылар қолдану қажет, сондықтан  оларда алдын ала жарық, майысқан сатының болмауы тексеріледі.

      Мыс соққыштан жасалған балғаларды қолдануға  болады. Кареталардың серіппе теңгергіштерін қондыру және шешу өте қауіпті  болып табылады. Бұл жерде адамдарды  жарақаттан құтқару үшін стандартты қауіпсіз құрылғысын қолданған жөн. Бұрандада қосындыларды  бұрау  немесе сәйкес келмейтін кілттерді  пайдалануға болмайды, себебі ол құрал-сайманның  істен шығуына және адамдардың жарақаттануына әкеліп соғады. Қыры сынған бұрандалар мен саймандарды шешіп алу  үшін арнайы құрылғылар қолданады. Бұранданы, қосындыларды жинақтау кезінде арнайы кілттер пайдаланылады. Жұмыс алдында  пневматикалық және электрлі құрал-сайманның  жарамдылығына сыртынан қарап немесе тоққа қыстырып тексеру арқылы көз  жеткізу керек. Электрлі құрал-сайманды электр желісіне нөлдік сымдағы штепсель айырының көмегімен қыстыру керек. Бөлшектеу-жинақтау жұмыстары кезінде  торабтар мен бөлшектердің орналасу, арнайы сақталу тәртібін сақтаған жөн. Олардың жұмыс орнында бөлшектейтін машинаның жанында үйіліп жатуына  тыйым салынады. Құрал-саймандарды  орналастыру арнайы стеллаждарда жүргізіледі.

      Фрикцион  серіппелерінің сығылуы әсерінен жұмысшы  жарақат алуы мүмкін, гидравликалық  стендтер мен престерде жұмыс  қауіпсіздігі үшін сақтандырғыш клапандарының,  жалғастырғыштардың, шлангтардың іске жарамдығын үнемі қадағалау қажет. Ол қозғалтқышты кез келген жағдайда мықты ұстап тұра алады.

      Бөлшектеу кезінде бөлшектердің біразы істен  шығады. Ол заттар машинаның жанындағы орынды алып, өтуге жол болмайды. Іске жарамсыз бөлшектер жұмыс орнынан алынып, белгілі бір жерге жинақталуы тиіс.

      Бөлшектеуге арналған жұмыс орындарын әр түрлі  технологиялық құрылғылармен бөгеуге  болмайды, оларға да арнайы орын бөлген жөн. Жұмыс орындарындағы жалпы  тәртіп жұмысшылардың еңбек өнімділігін  арттырып қана қоймай, жарақаттанудан да сақтайды. 

5.2 Өрт қауіпсіздігі 

      Өрт шығуының негізгі себептері —  өндірістің техникалық және пайдалану  ережесінің бұзылуы. Найзағайдың түсуінен, газды және пешті дұрыс қолданбаудың және т.б. әдістердің кесірінен өрт  шығады.

      Жану  дегеніміз — күрделі физикалық-химиялық процесс, жанған зат пен тотығу байланысқанда  олардан жылу мен жарық шығады. Жанудың басталуына көп жандыру  көздері, жанатын заттар және ауаның ішіндегі 14% -дық оттегі әсер етеді.

      Ауаның  ішіндегі оттегі 10% -ға дейін азайып бара жатқанда, ол шоққа айналады.

      Жарқырау  —тез буланған зат, ауамен байланыс түзгенде ұшқын мен газ жылуы болады. Температурада жарқырау айырмашылығы жеңіл жану (115°С –қа) және жану сұйықтары (115°С-қа ) жоғары. Жарқырау температурасы  төмен температурада жанған затта  болады, соның нәтижесінде булану мен газдың ауада жануы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

6. ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 

6.1Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау

6.1-кесте

Материал түрі Өлшем бірлік Саны Бірлік құны, тенге Жалпы құн
Бетон м3 5133 15200 78021600
Арматур п.м. 256 650 166400
Металл конструкциалары, сондай-ақ        
Аумақ п.м. 50 1100 55000
Жылыту жүйесі п.м. 155 1150 178250
Есік және терезе жақтаулары м2 175 4200 735000
Ағаш м3 30 20000 600000
Электр жабдықтары, сондай-ақ        
Ток өткізгіш м2 500 160 80000
Электр жабдықтағыштар       250000
Желілік құрылғылар Шт 100 2500 250000
Профлист м2 1250 800 1000000
Жұмыс, сондай-ақ        
Бас инженер адам-сағ 150 3076 461400
Шебер адам-сағ 130 2200 286000
Бригадир адам-сағ 300 1280 384000
Арматуршы адам-сағ 600 1000 600000
Бетоншы адам-сағ 600 983,3 590000
 

6.1-кестенің жалғасы

Тас қалаушы  адам-сағ 300 1571,6 471500
Электрик адам-сағ 150 2309 346350
Бөлімдегілер адам-сағ 500 1346,7 673350
Күзетші адам-сағ 100 769,2 76900
Техникаларды  пайдалану автомобил-күн 500 30000 15000000
ТК және Ж  үшін құрал-жабдықтарды сатып алу       5000000
Ашық тұрақтың құрылысына кететін шығын       2000000
Жалпы шығын       107225750
 
 

6.2Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу

    Техниканы қолдану техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарының шығындарын қамтиды  және ол келесі құрамда болады: жалақы, қосалқы бөлшектер, жөндеу материалдары.

    Нормативтерге сәйкес, бұл шығындар осы парк үшін ТК және Ж санына, жол жүру нормасына, автокөлік санына байланысты анықталатын  болады.

    Техникалық  күтім шығындары маны формула  бойынша анықталады: 

             СТК = NТК * Н, тг;                                                  (6.1) 

бұл жерде  Н – бір техникалық қызмет көрсету  құнының нормативі.

     Ағымдағы  жөндеу шығындары мына формула бойынша  анықталады: 

             САЖ= Na * Lор * Н, тг;                                            (6.2) 

бұл жерде: Н - 1000 км жол жүру құнының нормативі.

     Есептеулер  нәтижесі төменде кесте түрінде  көрсетілген.

     Берілген  кестеге сай ең көп шығын еңбекақы болып табылады. Сондықтан бұл  шығындарды азайту үшін, техникалық үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру деңгейін көтеру қажет.

     ТК- жүргізуге кеткен құрамдас шығынның негізгі бөлігін  

6.2- кесте.

ТК және АЖ өткізгеннен түсетін пайда 

Көлік маркасы ТТО-ТР 1адам-сағатқа  шығын нормасы Қорытынды
Шетелдік 49612,5 1440 71442000
Рессейлік 7560 1325 10017000
Барлығы : 57172,5 2765 81459000
 

     Механикаландыруды көтеру және техникалық әсет ету кезінде  мейліңше тиімді тәсілдерді қолдану  арқылы бұл шығындарды азайтуға болады.

     Ағымдық жөндеу кезіндегі шығындарды бөлу  ТК-1 және ТК-2 сәйкес келеді.

     ТК  және Ж сапалы жүргізу, яғни жылжымалы  құрамның техникалық жағдайының жақсаруы сәйкесінше жанар-жағар майдың үнемделуіне  мүмкіндік береді.

     Техникалық  қызмет көрсетуді және ТК және АЖ сапалы өткізу, соған сай қозғалыс құрамының  жақсы техникалық күйі жанар –  жағармайдың шығынын азайтуға мүмкіндік  береді. Сапалы техникалық қызмет көрсетуді  еңгізерде әдеби деректердің  мәліметтері бойынша жанармайдың 3-5 пайызы үнемделуін қол жеткізуге  болады.

     Қызмет  көрсету және жөндеу сапасын арттыру, механизациялау, автоматтандыру және алдын – ала болжау құралдарын қолдану регламенттік жұмыстарды өткізуге кететін шығындарды 10 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. 

     Капиталды салымдардың ақталу мерзімі былайша  анықталады: 

К = Сжалпы / Эжалпы                                                                  (6.3) 

К = 107225750 /  81459000 ≈ 0,3 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    6.3 Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі 
     

6.3.1 Стендте әзірлеу шығындарын есептеу 

     Материалдар мен сатып алынған өнімдер  сызыуға сәйкес белгіленген шығын  нормалары, прейскурант бойынша  материалдар мен сатып алынатын өнімдердің   бағалары мен шарттар  негізінде анықталады.

Аталған шығындар 5.6.-5.7.  кестесі бойынша  белгіленеді.

6.3-кесте.

Құрастырма  дайындаудағы материалдар шығыны. 

Атауы мен түрі. Орташа өлшемі. Саны Көтерме баға- лары, теңге Құны, теңге
1 Жаймалау беті

t = 10 мм

кг 5 700 3500
2 Жаймалау беті

t = 5 мм

кг 5 375 1875
3 Электрод қорап 3 850 2550
4 Бұрыштама 20х20 п/м 6 300 1800
5 Бұрыштама 50х50 п/м 5 65 325
6 Құбыр 10м Шт 1 200 200
Қорытынды - - - 10250

Информация о работе Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы