Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:50, дипломная работа

Описание

Біздің елімізде автомобиль көлігі сапасы және саны жағынан қарқынды екпінмен дамуда. Отандық автомобиль нарығында тек Рессейлік заводтық-өндірушілерден ғана емес, сонымен қатар әлемдегі басқа да елдердің автомобильдерін таңдау мүкіндігі берілген. Жыл сайынғы әлемдік автомобиль паркінің өсу қарқыны 10-12 млн. бірлікті құрайды. Жалпы әлемдік парктегі әрбір бес автомобильдің төртеуі —жеңіл, және олардың үлесіне барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жолаушылардың 60% кіреді.

Содержание

Кіріспе 7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер 74
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать документ)

      Қызмет  көрсету мерзімінде автомобильдерден алынған автоқосалқы бөлшектерді  сақтауға арналған қойманың ауданы бір  жұмыс орнына 1,6м² есебімен алынады. Автомобиль иесіне сатылатын ұсақ бөлшектерт мен автоқосалқы бөлшектерді  сақтауға арналған аудан қордағы  бөлмелер қоймасының ауданының 10% өлшемімен  алынады.

      ТКС істен шыққан аккумуляторлық батареяларда қабылдауды ұйымдастыру кезінде  оларды сақтауға арналған қойманың ауданы 1000 комплексті қызмет көрсетілетін автомобильге 0,5 м² есебімен алынады.

      Жол ТКС үшін қордағы бөлшектер мен  материалдар қоймасының ауданы бір  жұмыс орнына 5-7 м² есебінің үлкейтілген  нормаларымен анықталады.

      АТКС  жобалауында тәжірибенің болуына  байланысты техникалық бөлмелердің  ауданы 5-10% есептен, ал қойма - өндірістік бөлмелер ауданының 7-10%-ы есебінен алынуы мүмкін.

      Бір жұмысшыға келетін әкімшілік-тұрмыстық  бөлмелердің ауданы станция өлшеміне байланысты шамамен мынаны құрайды: кеңсе бөлмелері үшін - 6-8м², тұрмыстық  үін - 2-4м².

      Клиенттерге қызмет көрсету бөлмесінің ауданы (клиенттік, автомобильдерді сату, автоқосалқы  бөлшектер, запас бөлшектері, т.б.) станция  өлшеміне және тапсырыс берушінің нақты  шарттарына байланысты жеке орнатылады.

      Басқада бірдей жағдайларда бұл бөлмелердің  ауданы бір уақытта бар клиенттердің санына байланысты болады. Қала станциясы  үшін ауданы 9-12м² есебінен алынатын бөлмелер қарастырылады (жол станциялары  үшін бір жұмыс орнына – 6-8 м²), ал автоқосалқы бөлшектер мен запас  бөлшектерді сатуға арналған бөлшектер  – клиенттік ауданның 30% -ін құрайды. 

      2.11 Технологиялық жабдықтардың қажеттіліктерін анықтау 

      Технологиялық жабдыққа станционарлық және тасымалы станоктар, стендтар, аспаптар, құрылғылар мен өндірістік инвентарь (шеберүстелдер, сөрелер, үстелдер, шкафтар, т.б.) кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етуге  қажетті. Технологиялық жабдық өндірісте  атқаратын қызметіне байланысты негізгі (станок, демонтаждық-монтаждық  және т.б.), жиынтық, көтерме-байқау және көтерме транспорттық, ортақ қызметті (шеберүстелдер, сөрелер, т.б.) және қоймалық болып бөлінеді.

      Технологиялық жабдықтың тізімі сертификаттық  талаптарды сақтай отырып орындалатын  станцияның қызмет түріне байланысты орнатылады.

      Қазіргі жабдықтың саны жұмыстың еңбекөнімділігіне  және жабдықтың жұмыс уақытының  қорына немесе оның қолдану дәрежесі мен өндірілуіне байланысты анықталады.

      Негізгі жабдық бірлігінің саны: 

      ,                     (2.22) 

мұндағы, -  берілген топ немесе қызмет түрі бойынша жылдық жұмыс көлемі,, адам-сағ.;

       -  жұмыс орнының жылдық уақыт қоры (жабдық бірлігі), сағ.;

      -  берілген жабдық түрінде бір уақытта жұмыс жасайтын жұмысшылар саны;

        -  бір жылдағы жұмыс күнінің саны;

       -  жұмыс ауысымының ұзақтығы, сағ.;

      С  -  жұмыс ауысымының саны;

       - жабдықтың уақыты бойынша қолдану коэффициенті, = 0,75-0,90.

      Ортақ қызметті жабдықтар (шеберүстелдер) осы  жабдықты қолданатын жұмысшылар саны бойынша есептеледі.

      Егер  жабдық периодты қолданылып және бір  ауысымды толық жүктелмесе, онда ол жабдық табелі бойынша жинақтамамен орындалады (карбюраторлы, аккумуляторлық және электротехникалық цехтар үшін).

      Қойма жабдықтары қойма қорының көлемі мен номенклатурасы бойынша анықталады. Өндірілуі мен қолдану мерзіміндегі жүктелуіне байланысты қолданылатын жабдықтың  санын есептеуге болады.

      Жабдықтың қолдану дәрежесі мен өндірілуіне  байланысты механикаландырылған жуу  қондырғысының санын анықтауға  болады: 

      ,             ,                                    (2.23) 

      Мұндағы, - тәулігіне жуылатын автомобильдер саны; - жууға түскен автомобильдердің қалыпты еместігін ескеретінкоэффициент;

       -  жуу қондырғысының өнімділігі, авт./сағ.;

      Т -  бір тәуліктегі қондырғының жұмыс ұзақтығы, сағ.;

       -  қондырғының жұмыс уақытын қолдану коэффициенті.

      Технологиялық жабдықты таңдау кезінде мыналарды  ескеру керек:

    • мамандандырылуы мен ТК және АЖ учаскелері мен жұмыс орнындағы атқарылатын қызмет түрін (қорапты, бояу, диагностикалық, тежеуіштерді реттеу мен тексеру бойынша, басқарылатын дөңгелектердің қондырғы бұрышы, майлау, әмбебап ТК және АЖ, т.б.);
    • берілген жабдық түрінің қолдану аймағы мен техникалық мінездемесін;
    • ТКС кіретін автомобильдерге оның лайықтылығын;
    • ТКС ТК мен АЖ технологиясы мен ұйымдастыруды;
    • ТК мен АЖ және жабдықтардың экономикалық көрсеткіштерін (қызмет, жабдық құны, оның қолдану тиімділігі, шығындары, т.б.).
 
 

      2.12 Эксплуатациялық  ресурстарға қажеттілікті  анықтау 
 

      Кәсіпорындағы өндірістік, қойма және администраторлық-тұрмыстық  орындарда ішкі климаттық жағдайларға  байланыссыз қызметкерлердің және құрал жабдықтардың жұмыс жасауына қалыпты жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін орнатылған нормаларға сәйкес ТҚКС қалыпты температурамен қамтамасыз ететін жылумен қамту жүйесі жабдықталады.

      Өндірістік  оындар орталықтанған сумен немесе бумен жылытылуы мүмкін. Сумен  жылыту ауа температурасының қалыптылығын қамтамасыз етеді. Жылыту жүйесі бөлмедегі  ауаның бірқалыпты жылуын,жергілікті реттеу мен сөндіруді, пайдаланудағы  қолайлылықты, сонымен қатар жөндеу үшін қол жетерлік жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

      Жылу  энергиясында жылыту үшін жылдық қажеттілік , Q, кДж, ТҚКС жекеленген ғимараттарының жылдық қажеттіліктерін жинақтаумен анықталады: 

      ,                        (2.24) 

      Мундағы, , -өндірістік және қосалқы ғимараттардың сыртқы көлемі, ;

      , -өндірістік және ғимараттарды жылыту үшін кеткен салыстырмалы сағаттағы жылу сиымдылығы, кДжч/1000 м3 (көмекші ғимараттар үшін 50-55 мың,сыртқы көлеммен қосқандағы өндірістік үшін 70 мың м3 дейін -84-67 мың, 70 мың м3 жоғары болса – 67025 мың кДж-ч/1000 м3;

      ,  -сыртқы ауа температурасын ескеретін түзету коэффициенті: 

      ,                                       (2.25) 

      Өндірістік  процесстерді механикаландыру деңгейі  ОНТП сәйкес: жинау-жуу жұмыстары  үшін – 30-40%, толық көлемдегі техникалық қызмет көрсету үшін – 25-30%, ағымдағы жөндеу үшін – 20-25% аз болмау қажет.қол  еңбегімен айналысатын жұмысшылардың  үлесі 30-40% аспауы қажет. 
 
 
 
 

 

3. ТКС құрылымы

      ТКС техникалық үрдісті ұтымды ұйымдастыруды  қамтамасыз ету мақсатында барлық посттар  белгілі бір индекстерге ие. Мысалы:

          3.6

            /      \

                         бөлімше белгісі      пост  түрі белгісі

      ТКС өндірістік бөлімшелері (2.1-сурет) келесідей  көрсеткіштермен белгіленеді:

1 —  қабылдау мен беру бөлімшесі  (жалғыз-ақ пост 1.3);

2 —  жуу бөлімшесі (2.2—негізгі пост, 2.3 — көмекші кептіру посты);

3 —  диагностикалау бөлімшесі (3.4,3.5,3.6);

4— ТК  бөлімшесі (

5— АЖ  бөлімі  (5.1,5.0 посты);

6— майлау  бөлімі (6.0 посты);

7— жөндеу  және аккумуляторлық батарейяларды  зарядтау бөлімі (7.0 посты);

8— электржабдықтары  мен аспаптарды жөндеу бөлімі (8.0 посты);

9— қоректендіру  жүйесі аспаптарын жөндеу бөлімі (9.0 посты);

10—  агрегаттық-механикалық бөлім (10.0 посты);

11—  шиномонтаждық бөлім (11.0 посты);

12—  моторлық-агрегаттық бөлім (12.0 посты);

13—  шанақты бөлім (13.1,13.2,13.0 посттары);

14—  бояу бөлімі ( 14.1,14.2,14.3 бөлімшелері).

      Пост  түрлерінің белгілері:

0 —  автомобильді күту орны;

1 —  техникалық көлік- көтергіш жабдықтары  бар жұмыс орны;

2 —  еден үстілік жұмыс орны;

3 —  көмекші пост;

4 —  тежеуішті тексеруге арналған  стендпен жұмыс орны;

5 —  доңғалақ қондырғысының бұрышын  реттеу мен тексеруге арналған  станционарлық жабдығы бар жұмыс  посты;

6 —  жарықтандырумен жабдығын, сонымен  қатар қозғалтқышпен олардың  жүйесін тексеруге арналған жабдықтары  бар жұмыс орны.

      Кіші  өлшемдегі әмбебап немесе немесе мамандандырылған станциялардың посттары мен өндірістік бөлімдердің номенклатурасы жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше болуы  мүмкін, бірақ индекстау принципі сақталады.

      Мамандандырылған  бөлімдерге бекітілген автомобиль күту орындары шартты сипатқа ие, өйткені  қарастырылып отырған мамандандырылған жұмыс түрлерінің көп бөлігі посттан  тыс және автомобиль кез-келген жұмыс  постында  не күту орнында болған жағдайда орындалады. Автомобиль күту орындарының мамандандырылған бөлімдерге шартты бекітілуінің негізінде олардың  осы посттарға біршама жақындату  принципі қойылған.

3.1  Негізгі аймақтар  мен бөлімшелердің  сипаты 

      Автомобильді  қабылдау-беру бөлімшесі келесідей  жұмыстарды орындайды:

  • қабылдау кезінде— автомобильді сырттай байқау; толымдылығын, агрегаттар мен түйіндерін, автомобиль иесі көрсеткенмен қатар жолдың қауыпсіздігіне әсер ететін ақауды анықтау мақсатында техникалық жағдайын тексеру; нысана көлемді, бағаны, жұмысты орындау уақытын және ақауды жою әдісін анықтау; көлік иелерімен барлық сұрақтар бойынша келісу, құжаттарды дайындау.
  • беру кезінде — тапсырыстан көрсетілген, орындалған жұмыстарды бақылау, сыртқы байқау, толымдылықты тексеру және көлік иесіне қайтару.

      Автомобильді  қабылдау және беру кезінде диагностикалық жабдықты қолдану орынды. Техникалық үрдісті ұйымдастыру өндірістік бағдарламаға, ауданға және бөлімше  жабдығына байланысты.

      Жинау-жуу  жұмыстарының бөлімі автомобиль шанағының  салонын жинау, қозғалтқышты, автомобильді жуу, кептіру және шанақты полировкалау үшін арналған. Қазіргі заманғы ТКС, ережеге сай бұл жұмыстарды орындайтын бөлімдер қажетті жабдықтармен және су тазартқыш құрылғымен қамтамасыз етілген. Техникалық үрдісті ұйымдастыру  өндірістік бағдарламаға, ауданға және бөлімше жабдығына байланысты.

      Диагностикалау  бөлімі автомобильдің техникалық жағдайын, оның агрегаттары мен механизмдерін  өңдеусіз анықтау үшін арналған. Диагностикалау ТК және жөндеудің технологиялық  элементі болып саналады, сонымен  қатар бақылау жұмыстарын орындаудағы  негізгі әдіс. Диагностикалау автомобильді пайдаланудағы жоғарғы сенімділікті , өндірістік еңбекті көбейтуді және АЖ, қосалқы бөлшектерге шығынды  азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

      Диагностикалау  бөліміндегі посттардың саны, құралмен жабдықталғандығы, толымдылық схемасы, сонымен қатар мамандануы және өзара  кооперациясы өндірістің көлемі мен  сипаты және ұйымдастыру әдісімен анықталады.

      ТК  бөлімшесі автомобильді техникалық ақаусыз жағдайда ұстап тұруға және сенімді, қауіпсіз әрі үнемді пайдалануға  бағытталған профилактикалық жұмыстар кешенін өткізуге арналған. ТҚК түріне қарамастан диагностикалық, реттегіш, майлау және шиналық жұмыстарды қажетті  технологиялық құралмен жабдықталған жұмыс посттарында орындайды, ал кешенді немесе мамандандырылған жұмыстарды ТКС өндірістік бағдарламасының  және ұйымдастыру әдісінің көлеміне байланысты іске асырады. ТК мен АЖ жұмыстарының орындалу технологиясы ұқсас  жағдайда, олар бір постта әртүрлі  өндірістік бөлімшелердің мамандарымен орындалады.

Информация о работе Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы