Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:08, курсовая работа
Адам қоғамының өсіп - өркендеуін көліктің даму тарихынан бөле алмаймыз.
Қазіргі заманның көлігі - шапшаңдығы мен жайлылығы жеткілікті биік деңгейдегі, жыл сайын миллиард тонна шикізатты, отынды, өнімді, көптеген жолаушыларды, бір жерден екінші жерге жеткізетін теміржолдық, өзендік, әуелік және автомобильдік көлік құралдарының қуатты саны енетін тұтас бір көлік жүйесі.
Қазіргі заманның көлігі жаппай индустриялы өнеркәсіпті, жұмыстың бөлінуін, ішкі және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді, білім және техн
Кіріспе
Адам қоғамының өсіп - өркендеуін көліктің даму тарихынан бөле алмаймыз.
Қазіргі заманның көлігі - шапшаңдығы мен жайлылығы жеткілікті биік деңгейдегі, жыл сайын миллиард тонна шикізатты, отынды, өнімді, көптеген жолаушыларды, бір жерден екінші жерге жеткізетін теміржолдық, өзендік, әуелік және автомобильдік көлік құралдарының қуатты саны енетін тұтас бір көлік жүйесі.
Қазіргі заманның көлігі жаппай индустриялы өнеркәсіпті, жұмыстың бөлінуін, ішкі және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді, білім және техниканың дамуына әсер етеді.
Адамның қоғамдық мәні және өндіргіш қатынастар ақпараттың ауысуының және адамдардың өз қызметтерінің әр түрлі салаларында тікелей байланысуының қажеттіктерін белгілейді, бұл жаяу және көліктік жылжулармен байланысты.
Осы күні жолаушылардың және жүктік тасымалдардың көлігінің үздіксіз өсуі байқалады, бұл жұмыстың қоғамдық бөлінуімен және өндірістің бір жерге жиналуымен, қалалардың өсуімен және қалалық тұрмыс қалпы таралғанымен, әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктермен және көлік техникасының дамуымен түсіндіріледі.
Көліктің негізгі мақсаты - халық шаруашылығына және халыққа тасымалдардың керектігін ескеріп, тасымалдармен дер кезінде, сапалы және толық қанағаттандыру; өз жұмысының экономикалық тиімділігінің өсуі.
Көлік – тірі ағзаның қанды жүйесінің рөлін ойнауда. Ол қаланың әкімшілік, мәдени – ағарту және де басқа қызметтеріне қарай, оны тұтас бір жүйе деп санап, оның өмір сүруіне мүмкіншілік беріп отыр. Автомобильдік көлік жолаушылар мен жүк тасуға ең қолайлы болып саналады, өйткені ол өте оңай және үлкен ептілікке, отынның салыстырмалы арзан құнына ие; ол жайлылықпен және арзан бағамен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.
Қазіргі кезде жүк тасымалдайтын автокөліктер тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.
Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары - жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.
ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.
Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:
- тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады;
- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;
- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;
- жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.
Көлік-экспедитор автокөліктік кәсіпорындарының дәстүрлі нарығы жоғары, ол серпінді түрде өсуде және көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Оған деген бәсекелестік күшейе түсуде, осы деңгейде ұстап тұру үшін қазақстандық операторларға ресурстарды барынша шоғырландыру қажет болады. Біздің нарықта аутсорсинг логистикасы енді ғана пайда болуда. Кейіннен ол тез өсетін болады, бірақ қарқынның қашан өрістейтінін айту қиын.
Алайда, нарыққа қатысушылардың барлығының да әлеуеттері бар. Бұл жерде ең маңыздысы - автокөліктік кәсіпорындарының түрі мен құрылымы емес, оның ұсынатын қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жүк тасымалдары жоспарының тиімділігінің өсуіне арналған маңызды мәселелердің мазмұны; автомобильдерге қызмет еткенде сапалылықтың жақсарғаны туралы, тасымалдардың жетілдіруі туралы, автомобильдердің жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің өсуі туралы, жүргізушілердің жұмыс жағдайының жақсаруы туралы айту.
1 Жүк тасымалдардың экономикадағы мағынасы
Автомобильдік жүк тасымалдарға деген сұраныс көбіне елдегі өндірістің динамикасымен және оның көлемінің өзгеру құрылымымен, сондай–ақ экономика саласындағы бүкіл кәсіпорындар мен ұйымдардың төлемділігімен айқындалады.
Экономика мен тасымалдар бір–біріне әсер ететінін ескеру керек. Экономиканың дамуы тасымалдардың өсуін шақыртса, сол сияқты тасымал қызметінің жоғарғы деңгейі мен мүмкіншілігі аумақтағы экономиканың өсу қарқына және инвестициялардың деңгейіне өте жағымды әсер етеді.
Қазақстанда бүкіл көлік түрімен жеткізілетін жүктердің жалпы көлемінің 80% автомобильдік көлікпен (АК) тасымалданады; жүктің басым бөлігі тұтынушыларға автомобильдік көліксіз жеткізіле алмайды. Сонымен қатар бүкіл көлік түрінің жалпы жүк айналымында АК үлесі бірнеше пайыз да болмайды. Солай дегенде, АК–ң негізгі іскерлік саласы – қалаларға өнімдерді жеткізу және теміржолдың және теңіздік көліктердің көліктік түйіндерінде жүкті жеткізу – шетке шығару.
Көлік деген қоғамның өндіргіш күштерінің бөлігі және ол материалдық өндірістің дербес саласы екендігін көрсетеді. Осыдан мынау шығады: көліктің өнімінің материалдық сипаты бар және ол басқа салалардың заттық өнімін басқа жерге апаруын көрсетеді. Көліктің өнімінің келесі ерекшеліктері бар:
- көліктің өнімнің материалдық сипаты көшірілетін тауарлардың кеңістік жағдайының өзгеруімен байланысты;
- көлікте өндіріс және өнімді тұтыну процестері уақыт арқылы айырылмаған, көлік өнімі зат ретінде емес, пайдалы тиімділік ретінде тұтынылады;
- көлік өнімін ұзақ мерзімге жинақтау мүмкін емес, тасымалдарға деген сұраныстың өсуі қосымша тасымалдық мүмкіншіліктердің пайдалануын керек етеді.
- көлік жұмысының процесінде жаңа өнім жасалмайды, керісінше, бұл процесс жүктердің физикалық көлемінің азаюымен байланысты.
- көліктік өнім өндіргіш салаларда қосымша шығынды шақырады, бұл бүкіл экономиканың және көлік саласының ықыластарының тура келмейтіндіктерін шақырады.
АК-нің өзгешелігін есептегенде, оның көліктік түйіндердегі көліктің басқа түрлері бірлесіп әрекет жасауды ұйымдастыруы маңызды мәселе болып саналады. Бұл жерде ұсақ жіберістермен көшірілетін жүктердің келіп-кетуінің едәуір көлемі және автомобильдік жолдан басқа көлікпен байланысы жоқ клиенттерге қызмет көрсетуі.
АК-ге жүктеледі. АК-нің көліктік түйіндердегі көліктің басқа түрлерімен бірлесіп әрекет жасауының тиімділігі келесі шараларды орындаумен қамтамасыз етіледі:
- жүктерді қайта жөндеу бірыңғай технологиялық процесі бірлесіп әрекет жасаудың анық ережесін және қызмет көрсетілетін ұйымдар мен көліктік түйіндердің бөлек элементтерін арналған жұмыстың бірыңғай технологияларын орнықтырады;
- әр түрлі көліктердің жылжымалы құрамы (ЖҚ) жұмысының сиыстырмалы графиктері көліктің жұмыссыз тұруын төмендетуге мүмкіндік береді және олардың ерекше тиімділігі бар (егер де олар бірыңғай технологиялық процестің бөлігі болса және арту–түсіру механизмдерінің жұмысының графиктерімен байланыста болса);
- көліктің магистральдік түрінен АК-ге жүктерді туралай ауыстырып тиеу көліктік түйіндердің ауданын кемітуге және складтық операцияларға арналған шығындарға қысқартуға мүмкіндік береді, бірақ арту үшін ЖҚ-ны беру графигінің бұзылмағанын және жүкке арналған құжаттардың дер кезінде дайын болғанын қажет етеді;
- контейнерді пайдалану техникалық бірлесіп әрекет жасаудың мәселелерін шешуге және қайта арту операцияларға арналған уақытты едәуір қысқартуға, жүктің сақтанысын арттыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық қатынастар көзқарасы жағынан АК біркелкі емес, ол үш топқа бөлінеді. Жалпы пайдаланатын көлік бөлек шектеу ұйымдардың және жеке тұлғалардың коммерциялық жүк тасымалдарын шарт негізінде орындайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың көлігі өндіргіш қажеті үшін меншікті шот арқылы өз жүктерін меншіктік серігіне немесе басқа заңды негізге сәйкес өз иелігіндегі көліктік құралдармен көшіреді.
ҚР-да осы топтағы көлікпен, берілген ресми мәліметтер бойынша, халық шаруашылығындағы жалпы жүк тасымалдардың 90%-ға жуығы орындалады, ал, мысалы Францияда 47% ғана орындалады.
Жеке көлік көлік құралының ерекше иесінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Бұл көліктің жолушылардың тасымалдаушылық экономикалық және праволық жағдайын оқшауландырады және тасымалдалдау іскерлігінің нормативтік қамтамасыздануына пайдаланады. Сол кезде басқа тәсілдің бар екенін белгілеу керек. Мысалы, ГОСТ Р 51006-96 жол пайдаланатын көлікті тасымалдауды қамтамасыз ететін және көлікті сәйкес түрлерінің уставтары мен заң жинақтары және басқа ҚР-ның федералдық заңдары мен праволық актілері негізінде көлік экспедицияларына қызмет көрсететін көлік деп анықтайды.
Жүктік автомобильдік тасымалдаулар (ЖАТ) елдің экономикасы дамуының және оның сыртқы экономикалық байланыстарының қамтамасыздануының маңызды факторы деп саналады. Тасымалдауларды қамтамасыздандыру процесі ұйымдастырулық, техникалық, басқармалық мәселелердің толық қатарының шешуімен байланысты.
Жүк автокөлігі жұмысының тиімділігінің өсуіне және көліктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік қасиетіне көмектесетін нәрселер:
- тасымалдаушыға жағымды лизинг жүйесін енгізу негізінде кузовтың құрамы жағынан (самосвалдар, фургондар, рефрижераторлар) және жүк көтергіштігі жағынан (3 тоннаға дейін және 15 тоннадан жоғары) көліктік қызмет көрсету нарығында сұраныспен пайдаланатын жүктің автомобильдер паркін толықтыру;
- моторлық отының құнының тұрақтылығы;
- көліктік–экспедиторлық фирмалардың және клиенттердің іздеуін жеңілдететін көліктік биржалардың дамуы; жүктердің терминалдық өңдеуімен байланысты қосымша қызмет көрсету ұсыну;
- адал бәсекелесуді қамтамасыз ету мақсатында, көліктік қызмет көрсету нарығының бүкіл субъектеріне арналған тасымалдауларды алғашқы есепке алудың унифицорлық түрін енгізу және қызығушылық білдірген басқару мен реттеу мемлекеттік органдар жағынан сол түрлердің пайдалануын тексеретін іскерлік бақылау жүйесін енгізу;
- экология, көлік процесіндегі бүкіл қатысушылардың шартты қатынастарының қауіпсіздігінің, жол қозғалысының тасымалдаушыны жүктік автокөлікті қауіпсіз қызметпен қамтамасыз етуге келтіретін жағдай жасау.
Баланстанған көліктің дамуындағы елеулі факторы болып тасымалдаушылар, қоғам (мемлекет ретінде) және көліктік қызмет көрсетуді тұтынушылар жұмсаған қаражаттарды әділ үлестіру процесі саналады.
Көлікті пайдалану негізіндегі зиянды салдармен күресуге жіберілген қоғамдық шығындар қатал бақылаумен және тасымалдаушылар төлейтін қымбат төленуімен алмастыру керек. Еуропалық бірлестігінің көліктік саясатының негізгі мақсатының бірі болып тепе-теңдікке жету саналатын экономиканың дамуына әсер ететін фактордың елеулі мәні растайды. Мысал ретінде, кестеде Еуропадағы күшті емес қозғалысы бар қала сыртындағы автожолмен 100 км қашықтықта жүрген көп жүктік автопойыздың сыртқы (көліктік емес) шығындары туралы мәліметтер енгізілген.
Кесте 1
Ауыр жүк тасымалдайтын автопойыздың сыртқы жүру шығындары
Шығындар түрі | Орта шамасы евро/100 км |
Ауаны ластау (тұрғынның денсаулығына және ауыл шаруашылық өнімдеріне нұқсан) | 2,3...15,0 |
Климаттың ауыспалылығы | 0,2...1,54 |
Инфраструктуралық шығындар | 2,1...3,3 |
Шу | 0,7...4,0 |
ЖКА | 0,2...2,6 |
Басқа жол қатысушыларының тоқтауының әсерінен кететін уақыт шығыны | 2,7...9,3 |
Барлығы | 8...36 |
Информация о работе Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы