Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:08, курсовая работа

Описание

Адам қоғамының өсіп - өркендеуін көліктің даму тарихынан бөле алмаймыз.
Қазіргі заманның көлігі - шапшаңдығы мен жайлылығы жеткілікті биік деңгейдегі, жыл сайын миллиард тонна шикізатты, отынды, өнімді, көптеген жолаушыларды, бір жерден екінші жерге жеткізетін теміржолдық, өзендік, әуелік және автомобильдік көлік құралдарының қуатты саны енетін тұтас бір көлік жүйесі.
Қазіргі заманның көлігі жаппай индустриялы өнеркәсіпті, жұмыстың бөлінуін, ішкі және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді, білім және техн

Работа состоит из  1 файл

Мой курсовой - Анель.doc

— 416.50 Кб (Скачать документ)

Жүргізуші жылжымалы құралдағы жүктердің орнықтыруы мен бекітуі қозғалыстың қауіпсіздігінің және жылжымалы құрамның сақтығын қамтамасыз ету талаптарына сай екенін тексеруі керек және жүкті бекіткен және орнатқан кездегі жүктің сақтығына қауіп әкелетін терістіктерді аңғарғаны туралы жүк жіберушіге айту. Жүк жіберуші жүргізушінің талабы бойынша жүктің орнатудағы және бекітуіндегі табылған терістіктерді жоюға міндетті.

Жүру қауіпсіздігінің талаптарына сүйеніп жүргізуші жүктің габариті жол жүрудің ережелеріне сәйкестігін және жүктерді кузовтың шетінен аса жылжуынан немесе кузовтан түсіп қалуынан сақтап қалуға арналған жүктің бекіту және байлау күйін тексеруге міндетті.

Арту-түсіру жұмыстарын жасау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаудағы жауапкершілік және осы ережелерді орындалмағанның нәтижесінде болған сорлы жағдайлар үшін жауапкершілікті аталған міндеттемелерді өз мойнына жүктеген жақ көтереді.

Автомобильдер мен контейнерлер арту алдында жүк жіберуші берілген жүктерді тасымалдау үшін коммерциялық қатынасы бойынша олардың жарамдылығын тексеру керек. Тасымалдау кезінде жүктің сақтығына әсер ететін ақаулықтардың қанағатсыз санитарлық күйінің және басқа жағдайының табылуына байланысты, жүк жіберуші бұл автомобильге немесе контейнерге жүкті артудан бас тартуы керек және бұл туралы тауарлық-көліктің наклоднойға немесе жолдық параққа белгі қоюға тиісті және оған өз қолын қойып, мөр арқылы растауы керек. Қайшылық пайда болған жағдайда жүкті берушінің және автокөліктік кәсіпорынның өкімдері қолын қойған акт жасалады.

      -  арту-түсіру жұмыстары тәсілін таңдау жұмыс істеушілерге зияны және қауіпті өндіріс факторларының әсерінің рұқсат етілген нормалардың деңгейінің төмендеуін немесе одан қорғауды мына жолдар арқылы тексеруге тиіс: арту-түсіру жұмыстарын автоматикаландыру және механикаландыру;

      -  қауіпсіздік талаптарына сай құрылғыштар мен құралдарды пайдалану;

      -  пайдаланатын құжаттарға және жұмыс істейтін нормативтік-техникалық құжаттыққа сәйкес өндірістік жабдықты пайдалану;

      - көтергіш-көліктің жабдық арқылы жылжыту кезінде белгілік және сигнализацияның басқа түрінің қлданылу;

      -  жүктерді көлік құралдарына және жұмысты өңдеу орындарына дұрыс орналастыру және салу;

      - электробергіштің қорғаныс зоналарына, инженерлік коммуникациялар,          электроқамдау түйіндеріне деген талаптарды сақтау.

Арту-түсіру операцияларының көбі механикаландыру құралдарын және көтергіш-көліктік жабдықтауын пайдалану арқылы механикаландырылған тәсілдермен орындалу керек.

 

 

 

 

 

Кесте 8

Келесі жұмыстар механикаланған болуы керек:

Жұмыстар

Көтергіш-көліктің жабдық және механикаландыру құралдары

50 кг артық жүктермен жұмыс

Керекті жүк көтергіштікті

3 м-ден артық биіктікке жүктерді көтеру

Бар болғандары

Технологиялық процесте 20 кг артық салмағы бар жүкті жылжыту

Механикаландыру құралдары немесе қондырылған көтергіш-көліктік құрылғыштар

25 м артық қашықтыққа жүктерді технологиялық процесте жылжыту

Механикаландыру құралдары немесе қондырылған көтергіш-көліктік құрылғыштар

Жұмыстар

Механикаландыру құралдар және көтергіш-көліктік жабдық

80-нен 500 кг дейін салмағы бар жүктерді арту және түсіру

Жүк көтергіш механизмдер (тальдар, блоктар, жүк көтергіш арбалар), сондай-ақ покоттар да пайдалануы тиіс. Ескертпе: мұндай жүктерді қолмен арту және түсіруге уақытша алаңдарда ғана тәжірибелі бригадирдің басқару және бір жүк тиеушіге 50кг-нан артық емес жүк келетін болған шарт бойынша рұқсат етіледі.

Ұзынөлшемдік даналық жүктерді (рельстер, мәткелер, бөренелер, т.б.) түсіру

Арнаулы механикаландыру құралдары. Ескертпе: қолмен түсіру міндетті түрде берік арқанды пайдаланғанды қажет етеді, және бұл жұмыс екіден кем емес жүк тиеушілермен орындалуға тиіс.

Жанатын жүктердің және шаңданатын жүктерді арту және түсіру

Арнаулы механикаландыру құралдары

Қауіпті заттары бар баллондар мен контейнерлерді арту, түсіру

 

 

 

 

Арту үшін келген уақыты жүргізуші арту орнында жолдың парағын көрсеткен сәтінен бастап саналады, ал автомобильдің түсіру үшін келген уақыты-жүргізушінің түсіру орнына тауарлық- көліктін накладнаясын көрсеткен сәттен басталады.

Артылған немесе түсірілген жүкке тиісті жасалған тауарлық-көліктің құжаттарды жүргізушіге берген соң арту және түсіру біткен деп саналады. Автомобильдің арту немесе түсіру жерінде болған уақытын санаған кезде автомобильдің қақпадан немесе бақылау өткізу орнынан арту және түсіру орнына дейін және кері жүріс уақыты алынып тасталады.

Автомобиль артуға келісімді уақыттан өте келген жағдайларда, деректі келу сәтінен бастап, егер оны жүк жіберуші артуға алмаса, автомобиль артуға келісімді уақытта келген деп саналады.

Жүк жіберуші, жүк алушы тауарлық-көліктің накладнаяларында автмобильдердің арту және түсіру орындарынан келген кеткен уақыттарын белгілеуге міндетті.

Автомобильдің қақпадан немесе бақылау өткізу орнынан арту немесе түсіру орнына дейін және кері жүру уақытын санаған кезде жүктерді  автомобильдің көлікпен тасымалдау шартында анықталады.

Жүктердің артуы мен түсіруі, автомобильдің көлік Уставы және автомобильдік көлік арқылы жүк тасудың жалпы ережелері ескермеген бөлігінде жүктердің бөлек түрлерін тасымалдау ережелеріне және тасымалдау шартына сәйкес орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Көлік құралдарының арту және түсіру уақытының нормасы

 

Автомобильдік көлік арқылы жүктерді тасымалдау уақытының бірыңғай нормасы автокөліктік кәсіпорындарының жүк тасымалдау қызметін атқару бойынша төлем құнын, нормалаудың және жүргіншілердің еңбегіне ақша төлеуді есептеуге арналған.

Бұл нормаларды жүктерді тасымалдауға қатысты тәжірибе ретінде бүкіл жүктік көлік түрлері (борттық автомобильдер және жалпы тағайындалған автомобиль-фургондар, арнаулы автомобиль-самосвалдар, фургондар, цистерналар, рефрижераторлар, контейнеровоздар т.б. және де тіркеме және жарты тіркемесі бар сүйретпелер) қолданады.

Уақыттың бірыңғай нормаларының жасауының негізіне енгені:

      - есеп айырулар және фотохранометраждық бақылаулар;

      - автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының, арту - түсіру машиналардың және механизмдердің, автомобильдік жолдарының техникалық сипаттамалары және еңбекті ұйымдастырудың талдау нәтижелері мен оны жетілдіруге арналған шаралар.

Уақыттың бірыңғай нормалары мынаны ескере жасалынған:

      - жүкті тасымалдаудың жаңашыл ұйымдастыруын және арту-түсіру жұмыстарының өндірісін ескере;

      - механикаландыру құралдарын қолдану, әр түрлі сыйымдылықты шөмші бар экскаваторларды, автомобильдік, көпірлік, портальдік крандарды, жүк тиеушілерді (автомобильдік, аккумуляторлық және тракторлық) транспортерлерді, механикалық күректерді және басқа арту-түсіру машиналарды мен механизмдерді ескере;

      - тасымалдайтын жүктердің ерекшеліктерін - олардың қораптарының түрін, салмағын, физикалық күйін т.б. ескере;

      - автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының, контейнерлердің, жүк көтергіштігінің жүк сиымдылығын барынша пайдалануын ескере;

      - автомобильдік пайдаланудың әр түрлі жол жағдайларын ескере;

      - жол жүру ережелерін, қауіпсіздік техникасының ережелерін және автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының техникалық пайдалану ережелерін сақтануын.

Уақыттың бірыңғай нормалары көліктік процесті жаңашыл ұйымдастыруын ескереді. Ол ұйымдастыру мынаны қамтамасыз етеді:

      - жүктерді арту-түсіру кезінде автомобильдердің жұмыссыз тұруына нормадан артық жұмсалған уақытын қысқарту; ол арту-түсіру жұмыстарының алаңын кеңейту арқылы; автомобильдерді дер кезінде берудің және олардың жұмысының графигінің құрастырылуы мен қатаң орындалуы арқылы; автомобильдерге, әсіресе тіркемесі бар автомобильдерге, бірнеше тіркемесі бар сүйретпелерге, маневр жасауға арналған алаңдар мен кіреберіс жолдар жасау арқылы; жүктерді алдын ала дайындау.

      - жылжымалы құрамның сыйымдылығын және көтергіштігін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін алынатын қалқаларды қолдануын және жүктердің жаңашыл орналастыруын ескереді.

      - көліктік құралдың жүру бөлігіне деген салмақтық жүктемені біркелкі үлестіруге себеп болатын жүктердің кузовтағы дұры орналасуын ескереді.

      - жол жүрісінің ережелерін қатаң сақтау арқылы және сәйкес жүктерді тасымалдау кезінде жүргізушілердің автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының әр түрлі маркаларын пайдаланудың ережелерін және негізгі техникалық сипаттамаларын білуі арқылы берілген жолдың бір бөлек жерінде жол жамылғысының, шолушылығының, интенсивтігінің және де басқа факторларының күйін есептей отырып, автомобильдердің (автопойыздардың) жүрістерінің қолайлы режимін ескереді. Жүктерді тасымалдау жаңашыл құрылған маршруттармен, ең қысқа қашықтықты, жолдың әр бөлігіндегі қозғалыс режимін есептеу арқылы, ені бағыт бойынша автомобильдердің артуын қамтамасыз ету арқылы орындалуы тиіс.

      - жұмыстың бригадалық әдісін ұйымдастыру арқылы автомобильдердің    жұмысының режимінің тығыздаушылығын ескереді.

Уақыттың бірыңғай нормалары орнатылған жағдайлар:

1тоннаға 1-ші кластық жүктерді (класы жоқ контейнерлер мен автоцистерналарға құйылатын және шаңды түрлі жүктерден басқа) арту мен түсіру жерінде автомобильдің жұмыссыз тұруы кезінде;                   

1контейнерге деген контейнерлер үшін; цистернаның толық пайдаланатын көлеміне деген теридардағы құйылмалы және шаң түрлі жүктер үшін;

1тонна-километрге деген I кластық жүктерді тасымалдау кезінде II, III және IV кластық жүктерге уақыт мөлшері келесі түзетілген коэффициенттермен қолданылады:

- II кластық жүктер үшін – 1,25;

- III кластық жүктер үшін – 1,66;

- IV кластық жүктер үшін – 2,00.

Түзетілген коэффициенттер автомобильдің жүк көтергіштігінің пайдалануын орташа коэффициентімен шығарыла есептелген:

- II кластық жүктер үшін – 0,8;

- III кластық жүктер үшін – 0,6;

- IV кластық жүктер үшін – 0,5.

Жүктердің класы үлгі қалыптың борттық және самосвалдық кузовы бар автомобильдермен тасымалдау кезінде жүктерді топтастырушылығына және номенклатураға сәйкес анықталады.

Цистерналардағы, жүк тасуға арналған машиналардағы, фургондардағы, арнаулы автомобильдердегі әр түрлі жүктерді және топтастырушылық пен ұсынылған номенклатурамен ескерілген жүктерді үлгі қалыпты борттың және самосвалдың кузовтары бар автомобильдерге тасымалдау кезінде рұқсат етілген габарит (көлем) бойынша оның кузовы толық артылған жағдайда борттық немесе арнаулы автомобильдердің жүк көтергіштігі пайдалануының орта деректі коэффициентінен шыға түзету коэффициентін анықтайды. Бұл кезде түзету коэффициенті бірлікті жүк көтергіштің пайдалануының коэффициентіне бөлу жолымен анықталады.

Сол ретпен рұқсат етілген габарит (көлем) бойынша бекітілген борты бар автомобильдерді толық артқан кезде автомобильдің жүк көтергіштігінің пайдалануының 0,5-тен кем коэффициентін қамтамасыз ететін IV кластық жүктер бойынша түзету коэффициенттерді анықтайды.

Ірі габаритті және ауыр салмақты бекіту үшін арнаулы құрылғыштарды қажет ететін жүктерді арту және түсіру үшін уақыт мөлшері жақтардың келісімі бойынша орын алған нақты жағдайлармен байланысты орнатылады. Жүктердің орталықтандырылған әкелу шартына қол қойған жақтардың өзара келісімі бойынша автомобильдерді қоймалардың бірнеше бөлімдеріне немесе бөлек қоймалық бөлмелерге алып келген кезде арту немесе түсіру жерінде автопойыздың жұмыссыз тұрғанының орта кешенді нормалары орнатылуы мүмкін.

Информация о работе Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы