Туризмдегі сапа менеджмнті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:21, курсовая работа

Описание

Сапа – көрсетілген қызмет қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы жерде « сапа деңгейi » (шетел әдебиеттерiнде « қатысты сапа », «сапа көлемi ») деп аталатын термин қолданылады. Қызмет сапасы кәсiпорын қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына жатады. Сапа – бұл қызмет сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы 1.doc

— 328.00 Кб (Скачать документ)

Рекреациялық мамандылықтың мөлшеріне байланысты рекреациялық  жер қолданудың үш негізгі типін бөліп көрсетуге болады:

- Рекреацияның жоғарғы интенсивті территориялар, бұл жерде басқа жер қолданушылар мүлдем жоқ немесе олар екінші рольге ие (парктер, жағажайлар және басқа да баршалық демалыс орындары.);

- Орташа интенсивтілікті территориялар, біркелкі экологиялық және өндірістік функцияларды атқарады (қала маңындағы жасыл желектер, эррозияға қарсы ормандар және тағы басқалар);

- Кішігірім рекреациялық маңыздылықты территориялар.

Жер телімдерін бөлудің көптеген альтернативалық жайлары екінші типтегі рекреациялық жер қолдануға жатқызылады. Алматы облысы Жетісу деп аталған территорияны, республиканың оңтүстік шығысын түгелдей алып жатыр. Солтүстікте ол Шығыс Қазақстан облысы мен Орталық Қазақстан облысымен шектеседі де, бұл шекара ірі көлдердің шынжырымен: тұщы–ашы Балқаш көлі; Алакөл, ащы–Жалаңашкөл, тұщы – Сасық көл мен Ұялы көлдерімен жалғасады. Шығысында Қытаймен, Жоңғар Алатау жотасы. Оңтүстігінде Іле Алатау тау жоталары, Күнгей мен Теріскей Алатау жотасымен. Солтүстік және Орталық Тянь-Шань таулары­мен, батысында Жамбыл облысымен шектесіп жатыр. Облыстың орталығы құмды шөл дала болып келеді. Облысты ортасынан Жетісудағы ең ірі өзен Іле өзені бөліп тұр. Оның басы Алматы облысында басталып, кейіннен Қытайға бұрылып, қайта Қазақстанға ағады. Ортаңғы ағыс аумағында ең ірі қолдан жасалған су қоймасы Қапшағай су қаймасы орналасқан. Ол гидроэлектро станцияның бөгетімен жабылады да шөл жерлермен ағып барып Балқаш көліне құяды. Өзеннің ұзындығы 1001 шақырым құрайды. Қапшағай су қоймасынан Іле Алатау жотасына дейінгі қашықтық 100 шақырымнан да аз болып келеді, алайда бұл қашықтықта бір сағат ішінде төрт климаттық белдеуде болып қайтуға болады: Қаталаған шөлді жерлерден, мұзды Арктикалық белдеулер.

Облыста альпинизм мен таулы туризм үлкен сұранысқа ие. Шыңдар мен асуларға маршруттар 30-жылдары салынған, қазіргі кезде олардың көпшілі­гімен дүние жүзінің түпкір-түпкірінен келген туристер қолдануда. Ал мемле­кеттің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңында (6 695м.) Халықаралық альпи­нистік лагерь орналасқан. Бұл лагерьде маусым айлары шыңға 2000-нан астам адам көтеріледі. Ауа-райының бірқалыпты болуы, жазықтардың, Іле Алатауы­ның асулары мен шыңдарының қол жетімді болуы Алматы облысын белсенді туризмнің спорттық, археологиялық және тағы басқа түрлерінің орталығына айналдырды.

Демалыс пен рекреацияны таңдауда турист негізінен территорияның тартымдылығының бірнеше факторларына көңіл бөледі. Территорияда тарихи, мәдени, қол өнер ескерткіштерінің болуы үлкен маңызға ие болады. Туристер мемлекеттегі немесе демалыс аумағындағы саяси жағдайға өте үлкен көңіл бөледі. Демалушыларды олар демалу аймағының табиғи жағдайлары өте қатты толғандырады. Туристер өздері демалатын жерге қоятын талаптарының бірнеше критерийлері бар:

- мемлекеттің немесе ауданның географиялық орналасуы;

- территорияның рельефі;

- климаттық жағдайлары;

- қоршаған ортаның ландшафтық факторы;

- оның сумен қамтылуы, жанында өзен, көл және тағы басқа су көздерінің болуы;

- аймақтың флорасы мен фаунасы;

Алматы облысы бұл табиғи ресурстардың ерекше жиынтығына ие.

Казақстан территориясын туризмді дамыту жөніндегі қолайлылығы бойынша аудандастыру кезінде Алматы облысының ауқымды территориясына ең жоғарғы бал қойылған. Ауданды бұндай категорияға жатқызу үшін ол келесідей мінезділіктікке ие болуы керек: Ұзақ жазғы жылу, сулы беттердің болуы, әдемі таулы рельефтің ауқымды орманды массивтермен аралас болуы, экскурсиялық обьектердің болуы керек.   Бұл жағына келетін болсақ табиғат Алматы облысына жақсы сый еткен.

Рельеф.

Алматы облысы бірнеше сағатта барлық ландшафтты зоналарды өтіп шығуға болатын (тропикалық және экваторлық зоналардан басқа) жер шарындағы аздаған жерлердің бірі болып табылады. Түріне қарай облыс территориясы екі түрлі күрт ерекше бөлікке бөлінген, оңтүстік-таулы және солтүстік жазықты. Облыстың оңтүстік пен оңтүстік-шығысында күшті Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесі созылып жатыр. Ал солтүстік пен солтүстік батысын Балқаш маңының шөлдері алып жатыр. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай қозғалған адам шөлді, шөлейт пен жазықты (500-ден 1000 м-ге дейінгі абсолюттік белгі), орманды дала мен орманды (1 000 нан 1 400 м-ге дейін), Тянь-Шань шыршасының орманы (1 400-2 700 м.), альпілік және субальпілік жазықтар (2 770-3 500 м.), мәңгі тоң мен мұздықтар (3 500 м-ден жоғары) [6, 7 б.].

Таулы сипатқа ие климаттық және ландшафтық факторлар жақсы психофизикалық регенерация болып табылады, сонымен қатар белсенді және белсенсіз туризмнің дамуына жақсы алғышарттар болып табылады [5, 45 б.].

Климат.

Табиғи алғышарттардың екінші маңызды элементі климат. Оның жалпы мінездемесімен қатар, территорияның рекреациялық жарамдылық деңгейіне топо-климаттық, тіпті микроклиматтық ерекшеліктері де әсер етеді. Ең маңызды болып ауаның тазалығы, температураның ауытқулары мен ылғалдылығы, тұмандардың сирек болуы мен желдерден қорғаныстың болуы болып табылады. Алматы облысының климаты күрт континенталдылығымен ерекшеленеді, бұл оның материктің орталығында орналасуымен, соған байланысты ашық теңіздер мен мұхиттардан алшақ орналасуына байланысты. Облыстың ең суық кезеңі қаңтар айы болып табылады, ал ең ыстық кезең шілде айы болып табылады. Қаңтар айының орташа айлық температурасы жазық жерлерде -12,3 С◦-тан -14,1С◦-қа тең. Балқаш маңындағы суық кезеңнің ұзақтығы 5-айға жуық болып келеді. Тау етегінде орташа температура 5,6С◦-тан 6,6С◦. Бұл жерлерде қыс қысқа болып келеді. Жаз айлары жазық жерлермен тау бөктерінде әдетте өте ыстық болып келеді. Шілденің орташа температурасы 20С◦-тан 25,1С ◦. Алматы облысына қатты күн радияциясы тән болып келеді. Оның вегетациялық периоды 205-тен 225 күнге дейін, температуралардың жалпы қосындысы 4 000◦ -қа тең. Таулы жерлердің климаты жазық жерлердікінен күрт ерекше болып келеді. Таулы жерлерде ауа температурасы әр-бір 100 мертр биіктікке көтерілген сайын орташа есеппен 0,6 С қа төмендеп отырады. 4 500 метрден жоғарғы биіктіктерде тіпті жылы ай кездерінің өзінде теріс болып табылады. Алматы облысының территориясы бойынша жауын-шашын түсуі әркелкі болып келеді. Жазық жерлерге түсетін жауын-шашын көлемі 125 тен 300 мм-ге дейін, тау бөктерінде 400 ден 500 мм-ге дейін және тауда 700 ден 1 000 мм-ге дейін түседі. Ең құрғақ аумақ болып Балқаш аумағы болып табылады. Бұл жердің климаты шөлейтті болып келеді. Территорияның максимум жауын-шашын деңгейі көктем жаз айларында байқалады [10, 29 б.].

Таулы жерлердің климаттық жағдайлары курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің құрылысына жақсы келеді [6, 21 б.]. Осылайша Алматы облысының климаттық жағдайлары қысқы болсын, жазғы болсын туризм түрлерін дамытуға қолайлы болып табылады.

Су ресурстары.

Іле өзені - Қазақстанның ең ірі өзендерінің бірі (1 439 км). Біздің мемлекет территориясында оның бірнеше күшті салалары бар: Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелен. Су ағысы өте жылдам, орташа жылдық су шығысы 460 куб м/с. Іледегі су тасқыны сәуір айынан маусым айына дейін өтеді және оның салаларын мұздықтар суарып отырады. Іле өзені туралы аңыз бойынша баяғы өткен заманда бұл жерлерде жаман сиқыршы Балқаш пен оның көрікті қызы Іле тұрған дейді. Жас қыз Қаратал деген кедей балаға ғашық болып қалады. Алайда әкесі оның талғамына қарсы болады. Сол кезде қыз өз сүйіктісіне қашып кетеді. Олардың кездесуіне жол бермеу үшін Балқаш көлге айналып, екі жасты өзенге айналдырады. Алайда оның ойы іске аспай қалады, екі жас Балқашқа ағып барып қосылыпты деседі мыс [8, 11б.].

Іле шөлді жерлермен кедергісіз ағып, тек Қапшағай ГЭС-да ғана қолдан жасалған 50 метрлік бөгетке тіреледі. Қазіргі кезде теңіз Алматы қаласының тұрғындарының демалыс орнына айналған. Жабайы табиғаттың көріністері көз аларлықтай әдемі. Табиғи көріністердің ауысуы таңқаларлықтай. Әдетте бұндайды көру үшін Шпицбергеннің мәңгі тоңынан Африканың шөлді жерлеріне дейін саяхаттау қажет болар еді. Ал бұл дегеніміз 4 000 шақырым.

Іленің атауы манголдың Илансу деген сөзінен шыққан, ол жылтырайтын деген мағынаны білдіреді. Іле өзенінің бассейнінін шартты түрде бірімен тығыз қатынасатын бірнеше туристік зоналарға бөлуге болады [12, 45 б.]:

-  Іленің жоғарғы жағы, КХР-нан Қапшағай су қоймасына дейінгі бөлігі

-  Қапшағай су қоймасы;

-  Іленің ортаңғы бөлігі, Қапшағай су қоймасынан Ақкөл ауылдына дейін;

-  Өзеннің астыңғы бөлігі, оның дельтасы мен төменгі сағалары;

-  Өзеннің саласы мен Балқаш көлі;

-  Өзеннің жоғарғы бөлігі негізінен Алтын Емел табиғи ұлттық паркін көру мүмкіндігімен тартымды. Бұрынғы кезде парк негізінен шет ел туристеріне бағытталып жұмыс істеген, негізінен аң аулаумен айналысқан. Бірақ қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде табиғатты қорғау қағидасы кең ауқымды таралуда [18, 85 б.].

Ең жақсы қолданысқа енген аймақ Қапшағай су қоймасы болып табылады, алайда оны Есік көлдің деңгейіне жеткізу үшін әлі де көптеген жұмыстар атқару керек. Қаланың демалыс зоналарының жағдайы өте төмен, саяжайларда қызмет көрсету сапасы төмен, қазіргі таңда тек бағаның арзан болуы ғана туристерді тартуда. Бірақ оның өзі де жақын арада Ыстық көл мен Алматы арасындағы қысқа жолдың салынуымен аяқталуы мүмкін.

Өзеннің ортаңғы бөлігі тек 1998-2000 жылдары арасында туристік фирмалардың қоластында екінші демін алуда. Олар бұл жерге 1-2 күндік қайықпен серуендеп, Тамғалытас петроглефіне автобустық турларды ұйымдастыруының арқасында жандана түсті. Демалушылардың өздерінің автокөліктерінің болуы, оларға өзен бойына тәртіпсіз келіп кетуіне жол ашуда. Бұл қиындықтарды шешудің бірден-бір жолы өзен бойына арнаулы тұрақтар салып, табиғи тарихи мұраларды үкімет қорғауына алу болып табылады. Өзінің бастапқы күйін сақтап қалған жер өзеннің төменгі бөлігі болып табылады. Мұны түсінген көптеген туристік фирмалар қазіргі кезде бұл жерлерде балық аулауды ұйымдастыруда. Өзен бойында орналасқан көлшіктерде жайынның көлемі таң қаларлықтай. Сонымен қатар бұл жерлерде шет ел туристеріне арнап бердинг ұйымдастырылуда. Бердинг дегеніміз жабайы құстарға бақылау орнату. Шет елде бұл демалыс түрі спортпен бір деңгейге қойылған. Бұның өзі шет ел туристерін тартуда үлкен ықпал етуі мүмкін.

Туризм саласында ең аз игерілген территория Балқаш болып табылады. Көл өзінің үлкен көлемі мен қызықтырады. Бұл жерде көптеп кездесетін орманмен жабылған аралдар демалыс ұйымдастырудың бірден бір тиімді орындардың бірі болып табылады. Туризмді дамыту мақсатында жағалауда орналасқан үкіметтік демалыс үйлерін қолдану өте тиімді болар еді. Таулы өзендерді спорттық мақсаттарда игерудің де көптеген болашағы бар. Туризмнің су түрі ең экологиялық таза болып табылады. Оның басты себебі туризмнің бұл түрінде демалушылар қозғалыстың тек табиғи түрлерін ғана қолданады. Әуесқой спортшылар үшін үлкен қызығушылықты Шарын, Лепсі, Қаратал, Шелек, Тентек пен Көксу сияқты өзендер тудырады. Алайда бұл өзендер шет елден келетін демалушылар үшін таныс емес. Бұл өзендерді өту ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі өзендер болып табылады, сол себепті олар үлкен спорттық қана емес сонымен қатар танымдық қызығушылыққа ие. Олардың жоғасы жағы адам аяғы баспаған жерде орналасқан, бұл жерлер қайталанбас ландшафтардың жиынтығы мен табиғаттың үйлесімділігімен көзге түседі [8, 52 б.].

Шарын өзені өз басын Теріскей Алатаудан алатын екі күшті таулы өзендер Қарқара мен Кеген Іленің ең ірі салаларының бірі Шарын өзенін құрады. Оның ұзындығы 350 шақырым. Өзен өз басын 3 500-3 600 метр биіктіктен алып, Шарын 400 метр биіктікке түседі. Өзен Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігімен, қорық территориясымен ағып өтеді. Туристерді осында мекен ететін жабайы: тау текелермен, еліктермен, сайғақтармен, кездесу күтеді. Құстарға келетін болсақ мұнда тау тауықтары кекіліктерді, үйректердің не бір түрлерін кезіктіруге болады. 280 км-ден 255 км-ге дейін өзен аңғары майысыңқы келеді, жағалаудың биіктігі аласа, өзен түбі құмды болып келеді. 255 шақырымнан бастап күрт кисыңқы болып келеді, жағалауларының биіктігі 15-20 метрге тең. өзен аңғарының ені 8-12 метрге жетеді, тереңдігі 0,5-1,5 м. Судың ағысы жылдам болып келеді. Аңғардың мұндай сипаты 156-шы шақырымға дейін сақталынады. Төмендеген сайын өзен жіңішке аңғарға кіреді. Бұл жердің биіктігі теңіз деңгейінен 1 900 метрге тең. Ары қарай Шарынның ені 25 метрге тең, жағалаулардың биіктігі 45 метр құрайды. Өзен түбі үлкен таулы тастарымен көмкерілген [17].

Өзеннің бірінші сарқырама порогы Первенец деп аталады. Оның ұзындығы 200 метр. Келесісінің атауы Голубинный ол өзінің 8 шақырымға созылып жатуымен әйгілі. Змеиный порогы 1,5 шақырымға созылып жатыр, оның екі сарқырамасы бар, 0,8- 1 м биіктіктері. Тұлпар порогы 6 сарқырамаға ие, оның ең қиын жерлерінде толқындар биіктігі 1,5 метрге тең. Альбатрос порогы ең қауіпті болып саналады, әр бір 1 100 метрге 2-3 сарқырамадан келеді, ең биік сарқырама 3,5 метр. Шарынға барудың ең керемет кезі маусым айының ортасы мен қыркүйек айының соңы болып саналады. Шелек өзені - Іле өзенінің ең ірі саласы. Ол өз бастауын Чилико-Кеминдіке тау жұйесінің Жанғырық, Богатырь және Корженев атындағы мұздықтардан алады. Таулы бөлігінде өте асау, сарқырамалар құрады, жазыққа келген кезде көптеген бөліктерге бөлініп кетеді. Оның ұзындығы 240 шақырым, бассейнінің ауданы 5 349 км2 [10, 31 б.].

Түрген өзені - Шет Түрген, Орта Түрген мен Кіші Түргеннің қосылуынан пайда болған. Ұзындығы 104 км, бассейнінің айданы 929 км2. Есік өзені - Тескенсу мен Жарсай өзендерінің бірігуінен туған. Бұл өзендер өз басын есік мұздықтарының тобынан алады. Өзеннің жалпы ұзындығы 110 шақырым. Бассейнінің ауданы 1 143 км2. Талғар өзені - үш саладан тұрады: сол жақ (батыс) Талғар, орта Талғар және оң жақ (Шығыс) Талғар. Бұлардың барлығы өз бастауларын мұздық­тар­дан алады. Олардың ең үлкен жерлері орта және сол жақ Талғарда орналасқан. Талғар өзенінің ұзындығы 99 шақырым, бассейнінің ауданы 643 км2 [10, 30 б.].

Үлкен Алматы өзені - Көлалматы және Алматы өзендерінің қосылуынан пайда болған. Өз бастауын Іле Алатауының мұздықтарының тобынан алады. Ұзыңдығы 81 шақырымға тең, бассейнінің ауданы 461 км2. Өзен бойында Алмарасан курорты орналасқан. Кіші Алматы өзені - өз бастауын Тұйық мұздықтарының тобынан алады. Өзен ұзындығы 108 км, Бассейнінің ауданы 1 242 км2. Өзен таулы аймақта­рында Бутаковка, Горельник, Сарысай, Казачка және Кімасар өзендерін қосып алады. Өзеннің негізгі арнасы Алматы қаласының шығыс бөлігінен өтеді [10, 32 б.].

Күрті өзені - Іле өзенінің сол жақ ірі саласы. өз атауын Ақсенгір, Жереня және Көпі өзендерінің қосындысынан алады. Оның ұзыңдығы 109 шақырым, бассейнінің ауданы 13 мың км2. Балқаш көлі. Балқаш-Алакөл ойпатының ең төменгі жағында орналасқан тұйық көл. Ол теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте орналасқан. Аумақтың ең ірі көлі болып табылады. Жағажайлары әр келкі ландшафтық көріністерге бай. Туристік мүмкіншілігі де жоғары деп есептелінеді. Оның ұзындығы 600 шақырымға тең. Ең қызығы көлдің батысындағы су тұщы да, шығыс жағындағы суы - ащы болып келеді. Оңтүстік батыс бөлігінде судың түсі қоңыршыл сары келіп, ал шығысында көгілдір болып келген. Бұл батыс жағына Іле өзенінің құюымен түсіндіріледі.

Көлдің батыс бөлігінде балықтың 20 дан астам түрі мекен етеді: сазан, судак, балқаштық окунь, маринка және тағы басқалар. Бұл жер нағыс тростникті орман деуге болады, мұнда көптеген көлемде қымбат терісі бар андатра мекен етеді. өкінішке орай шаруашылық жүргізудің қисыпсыз болуына байланысты көлге құрып кету қауіпі тұр [10, 12 б.].

Информация о работе Туризмдегі сапа менеджмнті