Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:21, курсовая работа
Сапа – көрсетілген қызмет қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы жерде « сапа деңгейi » (шетел әдебиеттерiнде « қатысты сапа », «сапа көлемi ») деп аталатын термин қолданылады. Қызмет сапасы кәсiпорын қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына жатады. Сапа – бұл қызмет сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.
Қапшағай су қоймасы: су қоймасы Іле өзенінің бойында орналасқан. Құрылуы Қапшағай ГЭС салуға байланысты болды. 1970 жылы сумен толтырылды. Ауданы 1 847 км², ұзындығы 187 км ², ені 23 км. Теңіз жағалауында көптеген туристік базалар орналасқан. Қапшағайда балықтың 26 түрін кездестіруге болады: жерех, табан балық, карась,. Шабақ балық, карп және тағы басқалар.
2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм
саласында қолдану
Алматы облысының территориясында бірнеше емдік бастауларда, курорттық орындар тіркелген. Алакөл көлі - Алакөл көлі Тарбағатай мен Жонғар Алатауының арсындағы Алакөл ойпатында орналасқан. Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және тағы басқа кіші көлдермен қосылып Алакөл көл жүйесін құрады. Көлдің ауданы 2 200-2 650 км²-ға жуық. Көлдің суы емді болып табылады, сонымен қатар онда Реликтік шағала мемлекеттік қорығы орналасқан. Қорық дүние жүзінде реликтік шағалардың мекендейтін жалғыз жері болып табылады. Алакөлде Балықтың: осман, губач, судак, окунь, маринка сияқты түрлері мекен етеді. Өзендердің жағалауында ондатра мекен етеді [17].
Жалаңашкөл - Қытаймен шекаралас орналасқан емдік суы бар көл. Жасылкөл - Жоңғар Алатауында орналасқан, мәңгі тоңға жақын орналасқан. Көрікті пейзаж бен әдемі ландшафтты, қол тимеген табиғат пен су жамылғысының иегері. Қазанкөл көлі - Бұл Жоңғар Алатауында орналасқан таулы көл, қайталанбас таулы пейзажға ие.
Үлкен Алматы көлі - Үлкен Алматы өзенінен 10-12 шақырым жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы бір шақырымға тең, ең үлкен ені 500 метр, ең терең жері 38 метрге тең. Көлдің суы тұщы. Көлд Алматы қаласының тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі болып табылады. Алматы облысың территориясында бірнеше емдік мекемелер, олардың жанында курорттар жұмыс істеуде. Карам минералдық су көздері - Шелек ауданында орналасқан, Алматыдан шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан. Ішек, жүйке жүйесін, бауыр, панкреатин және тағы басқа ауыруларды емдеу ұсынылады. Тау –Түрген ыстық су көзі – Түрген су көздері Алматыдан 60 шақырым, Түрген ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Су температурасы +27◦. Ол таулы жерде 1400 метр биіктікте орналасқан. Химиялық құрамы жағынан ол сульфатты-натрилі-кальцилі термаға жатады. Ол ежелден ақ жақсы атаққа ие [15, 19 б.].
Алмарасан су көзі - 1780 метр биіктікте Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі кезде емдік су жанында бальнеологиялық курорт Алмарасан жұмыс істеуде. Бұл жердің минералды сулары температурасы 9◦ тан 38◦ болатын 16 түрлі құрамдағы сулар берілген. Құқрамы бойынша су күкірті сутекті- сульфатты-карбонатты- мырышты термаға жатқызылады. Аяқ – Қалқан Іле өзенінің сол жақ беткейінде құмды жағалауда емдік сулар атқылауда. Бастау жер бентіне арасы 10-15 шақырым болатын үш жердкен шығады. Қазақстан бойынша минералдық құрамы ең жоғары болып табылады. Минералдық деңгейі бойынша су Кавказ – Ессентук пен Цхалтубомен пара пар келеді. Горельник су көзі. Күкіртті су көзі Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1930 метр биіктікте орналасқан. Су температурасы +22◦ тең де, құрамы бойынша Алмарасанның аналогы болып табылады. Боралдай сазды көлі. Көл Іле өзенінің жағалауында, Маловодный, Шелек тұрғылықты жерлерінен 40 шақырым жерде орналасқан [14, 15б.].
Мыңбұлақ. Шолақ тауы Матай тауына ауысқан жерде шөлейт жердің бойымен оазистер орналасқан. әр бір оазис жер бетіне шыққан бұлақтардан тұрады. Осыдан атауын алған. Бұлақтар пайда болуымен Матай тауына тәуелді, ол жерде топырақ асты сулары Іле өзеніне қарай бет алады да, кейбір жерлерде жер бетіне шығады. Кейбір кездерде талдардың арасынан қызғылт түлкіні немесе оның жақын туысы карсақты көре аласыздар. Кей бір кездерде бұлақтарға су ішу мақсатында Қарақұйрықтар келеді [14, 12 б,].
Алматы облысының жануарлар әлемі өзінің байлығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олар табиғат зоналары бойынша мінезделеді. Жануарлардың арктикалық түрлері Алтай мен Тарбағатайдың биік таулы альпілік аймағымен байланысты болса, сібірлік түрлері республиканың солтүстік және батыс бөліктерінен, ал алдыңғы азияттық түрлері таулы шөлдер белдеуі мен байланысты. Республикамызда эндемиктар деп атайтын жергілікті жануарлар түрі де бар. Олардың арасында кемірушілер мен құстар басым.
Алматы облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларын қолдану
Территорияларды қолдану барысында, соның ішінде туристік қолдануда да табиғаттың ең құрымағанда бір бөлігінің бастапқы қалпында сақтап қалу және мәдени-тарихи маңызы бар жеке, мемлекеттік, қоғамдық немесе бүкіл дүние жүзі үшін маңызды болып табылатын жекелеген қолдан тұрғызылған (жасалған) объектілерді сақтау барысында дүние жүзінің барлық елдерінде арнаулы жер телімдері немесе су аймақтары бөлініп, олар қорғалатын территориялар болып жарияланған. Бұл жерлерде тек өсімдік және жануарлар әлемінің дамуын қолдау үшін немесе қолдан жасалған объектілерді сақтау мақсаттарынан басқа адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне қатал тиым салынған немесе мүлдем тоқтатылған. Солардың ішінде мысалға алсақ келесі ерекше қорғалатын табиғи территорияларды атап көрсетуге болады [16].
Ғылыми қорық: тек ғылыми мақсаттарда қолданылатын территория, мысалға алсақ – Алматы қорығы.
Ұлттық парк: ұлттық немесе халықаралық деңгейде ерекше табиғи және ландшафттық территорияларды қорғау үшін, сонымен қатар ғылыми, танымдық, демалыс мақсаттарында құрылады. Әр түрлі мемлекеттерден 300 - ден ден астам ірі ұлттық парктерді атап көрсетуге болады. Алматы облысында бұл «Іле Алатау» және «Алтынемел» ұлттық парктері.
Табиғат ескерткіштері: табиғи немесе қолдан жасалған мәдени-тарихи ескерткіштер. Негізінен белгіленген табиғи ескерткіштер мен объектілерді қорғау мақсаттарында құрылады. Оларға мынандай объектілер мен ескерткіштерді жатқызуға болады – Шыңтүрген шыршалары және реликтік қарағайлы алқабы. Жабайы аңдар қорығы (қорықша) – жануарлардың жекелеген түрлерінің популяциясын, биологиялық түрлердің топтарын сақтау мақс аттарында құрылады. Алматы облысының аумағында бұндай террриториялар саны 8: Алматы (кешенді), Жоғары Көксу зоологиялық, Қоқан зоологиялық, Лепсі зоологиялық, Тоқты зоологиялық, Балқаш өңірі зоологиялық, «Іле дельтасы» зоологиялық, Қарой зоологиялық өқорықшасы [17].
Қорғалатын ландшафт – табиғи ландшафтың ерекше құбылыстары мен көріністерін құрайтын табиғи кешендерді қорғау мақсаттарында бөолінген жер телімдері. Бұл жерлер аумағында жолдарды, құрылыстарды, өндіріс объектілерді, электр желілерін тұрғызуға тыйым салынған.Бұл территориялар қоғамдық қолданысқа туризм мен демалыс мақсатында ауданның күнделікті өмірі мен экономикалық іс-әрекеттері шегінде беріледі. Мысалы: табиғи ескерткіш Шарын каньоны, сонымен қатар адамдардың қолдан жасалған, жануарлар мен өсімдіктердің қайталанбас немесе жойылу қауіпі туған түрлері жиналған жерлер жатады. Олардың қатарына: Алматыдағы бас ботаникалық бағы, Іле ботаникалық бағы, Алматы зоологиялық паркі жатады [17].
Туризм Қазақстанда шаруашылық іс-әрекеттің маңызды бөлігі болып отыр және кей-бір қорға латын аймақтарда жобалы түрде жүргізіліп отыр.
Дүние жүзінің көптеген елдерінде, қорғауға алынған территорияларда ұлттық парктер мен резервациялардағы іс-әрекеттер негізінен өзін-өзі қаржыландыру мен табиғатты қорғаудың тетігі болып табылады.
Алайда олар ұлттық юрисдикция шегінде болмаған кезде, көптеген жағдайларда парктер мен қорғалатын территориялар орналасқан мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның бюджеттік қаржыландыруында болады. Бұл үшін туризмді жобалау мен басқару іске асырылады және территорияның немесе объектің сиымдылық көрсеткіштері ескеріледі.
Қазақстанда парктер басқа елдердегі сияқты адамның іс-әрекеттеріне байланысты экологиялық жүйе өзгермеген, алғашқы күйінде сақталған, өсімдік және жануарлар әлемі алғашқы күйінде сақталған, геоморфология мен өмір сүру ортасы үлкен қызығушылыққа ие, әдемі, қайталанбас ландшафтты жерлерде құрылады.
Парктер жоғарғы үкімет органдарының шешімімен немесе сонымен келісу арқылы халықаралық ұйымдардың шешімімен (мысалы – ЮНЕСКО) құрылады. Келесі тарауда жоғарыда аталып өткен ерекше қорғалатын территориялардың кейбіреулерімен танысып өтеміз.
Алматы қорығы
Алматы қopығы - Іле Алатауының орталық бөлiгіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорык. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының кұрамына теңіз деңгейінен 1400 - 5017 м биіктікте оpнaлaсқaн Тaлғар тау жоталары енеді. 0л 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 - 2600 м) aлмa, өрік, долана, карақат, итмұрын, ұшкат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапыракты орманға (1400 - 2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден және шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 метрден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. (қоpықтa өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар, Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай.
Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоныр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін т.б.), құстардың 200-дей түрі (са.мырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар. қозыкұмай. сушыл торғай, арша ементұмсығы т.б.) бар. Бауырымен жорғалалаушылардан: алай кесірткесі, қалқантұмсықты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі. Корықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу зандылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
Қазақстан Республикасының ұлттық парктері қазіргі кезде өзінің даму кезінің алғашқы кезеңін кешуде, әсіресе ғылыми мекеме ретінде. Оларға ғылыми жұмыстар қаржыландыру көзінің аздығы мен квалификациясы жоғары кадрлардың аздығымен түсіндіріледі. Осыған қарамастан Іле Алатау ұлттық паркі 1993 жылы өз күшімен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының ғылыми мекемелерін жұмылдыра отырып алғашқы ғылыми зерттеу жұмысын бастады. Жаңа құрылған ұлттық парктің негізгі ғылыми жобасы болып ұлттық парктің табиғи инвертиризациясын жүргізу болып табылады.
Парк территориясында бірнеше шағын шатқалдар бар. Олар бөлек табиғи объектілерден: минералды орындар, қыраттар, мұздықтар, көлдер мен сарқырамалардан тұрады. Олар табиғи объектілер категориясы болып 1981 жылы бекітілген кеңес органдары құрған, табиғи ескерткіш болып танылған. Олар барлығы 22. Мұның ішінде тек біреуі ғана республикалық маңыздылықтағы табиғи ескерткіш статусына ие және 1986 жылдың 17 ақпанында Қаз ССР министрлер Кеңесінің № 69 қаулысымен бекітілген. Ол Шынтүрген шыршалары. Ал қалғандары жергілікті маңыздылықтағы табиғат ескерткіштері болып табылады.
"АЛТЫНЕМЕЛ" ұлттық табиғи саябағы – 1966 жылы 12 қаңтарында Қаз ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Үлкен және Кіші Қалқан табиғат ескерткіші "Әнші құммен" бірге ауданы 17 мың га құрайтын қорық болып құрылып Алматы қаласының жанындағы Іле Алатауында орналасқан Алматы қорығының басшылығына берілді. Алайда территорияның негізгі қорықтан алшақ орналасуы "Әнші құм " қорғау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады, сол себепті 15 жылдан соң қорық Алматы қорығынан бөлініп, қорық статусын сақтап Қапшағай аң аулау шаруашылығына берілді. Ол Шолақ, Матай тауларымен Мыңбұлақ пен оның жазықтығының аумағын алып жатты. Бұл жерлер қайталанбас көрініске ие. Құмнан жасалған таудың ұзындығы 1,5 км, ал биіктігі 120 метрге тең. Бархан екі қалқанның ортасында орналасқан. Ол жел әсерінен Іле өзенінің жағалауынан көшкен құмның жиналуынан пайда болған. Құрғақ кезде құм бархан бойымен жылжып, содан дыбыс пайда болады. Табиғаттың бұндай құбылысы жер шарының басқа жерлерінде де кездеседі: Аравия шөлінде, Гавай аралдарында, Америка, Қытай, ТМД (Қара теңіз, Балтық және Ақ теңіз, Днепр, Байкал жағалаулары).
Көптеген уақыт бойы құмның дыбыс шағаруы табиғаттың құпиясы болып келді. 1962 жылы Ленинградтық физик в.Арабаджи зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дыбыс шығуының себебін анықтады. Қазіргі кезде парк Алматы облысының Кербұлақ ayдaнының аумағында орналасқан. 1996 жылы ұлттық саябақ болып ұйымдастырылды. Іле өзенінің солтүстігінде opнaлacқaн. Aуданы 460 мың га. Оның қүрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулapы. Үлкен Қалқан, Кіші Кaлқaн, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - "Әнші құм "(жергілікті тұрғындар "Айқай қүм" деп атайды) енеді. 3 ландшафты таулы-далалық. Құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескертқіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған "Бесшатыр" обаларының маңызы үлкен.
Қазіргі кезде паркті қорғау жұмысы әлі де дұрыс жүргізілмеуду, парк территориясы қоршалынбаған, арнайы хабарландырулар қойылмаған.
Алматы облысының қорықшалары.
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысысының Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының аумағында 1978 жылы құрылған мемлекеттік қорықша. Теңіз деңгейінен 1000-3400 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 724 мың га. Қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, жабайы шошқа, барыс, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы т.б.) мекендейді. Алматы қорықшасында тіршілік ететін Тянь-Шань қоңыр аюы, шұбар күзен, Орта Азия тас сусары, Түркістан сілеусіні, Алтай арқары, барыс, орақ тұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сары шымшық пен ақ тиын жерсіндірілген.
Қарой мемлекеттік қорықшасы – Республикалық маңызы бар қорықша болып табылады. Ол 1979 жылы құрылды. Ауданы 507 мың га. Қорықша Алматы облысының Балқаш ауданында орналасқан. Қорықша территориясы оңтүстікте Ақкөл ауылымен, батысында Жиделі өзенімен, солтүстігінде Балқаш көлінің жағалауымен, шығыста Бақанас-Қарой жолымен шектеліп жатыр. Шөлді аймақтапрда өсетін сексеуіл, жиде ағаштары Іле өзенінің жағалауындағы батпақты жерлердегі қамыс алқаптарымен ауысып отырады. Жағалауда қабан шошқа, елік, ондатра, қырғауыл және т.б. жануарлар мен құстар мекендейді. Шөлді жерлерде қарақұйрық, қарсақ, түлкі, кірпі, суырлар мен тышқандардың бірнеше түрі мекен етеді. Қорықша аумағында өсімдік жамылғысын өртеуге, ондатраны аулау мен оның табиғи жауларына (қасқыр, түлкі, қарсақ, қаңғыған иттер) аңшылық етуден басқасына аңщылық құруға тыйым салынған.