Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:21, курсовая работа
Сапа – көрсетілген қызмет қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы жерде « сапа деңгейi » (шетел әдебиеттерiнде « қатысты сапа », «сапа көлемi ») деп аталатын термин қолданылады. Қызмет сапасы кәсiпорын қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына жатады. Сапа – бұл қызмет сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.
Қапшағай мемлекеттік аң аулау-қорықтық шаруашылығы – 1982 жарқар, елік, құлан, қарақұйрық және т.б. санын көбейту мен қорғау үшін құрылған. Қорық Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасып, Жоңғар Алатауының етегін алып жатыр. Оның ауданы 521,6 мың га. Өсімдік әлемі шөлейт жерге сәйкес келеді. Шаруашылық территориясында жануарлардың 40-тан астам түрі мен құстардың 80-нен астам түрі мекен етеді.
Жоғарғы-Көксу мемлекеттік зоологиялық қорықшасы – 1981 жылы 16 наурызында ҚазССР министрлер кеңесінің №1 қаулысымен құрылған. Қорық болу уақыты ҚазССР-нің министрлер кеңесінің №69 қаулысымен ұзартылған. Қорық территориясының көлемі 240 мың га. Қорықшаның мемлекеттік статусы да уақытпен шектелмеген. Жоғарғы Көксу қорықшасы Жоңғар Алатауының оңтүстік батысында Панфилов және Гвардия әкімшілік аудандарының территориясында орналасқан.
Лепсі мемлекеттік қорықшасы – Талдықорған облысының атқарушы комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1971 жылдың 30 желтоқсанының № 454 шешімімен көлемі 240 мың га жерде құрылды. Облыстық атқару комитетінің 1982 жылдың 27.07 № 263 шешімімен көлемі 258 мың га дейін ұлғайтылып 10 жылға дейін созылды. Лепсі мемлекеттік қорығының шекарасы шығысында Глиновка селосынан Үйгентас ауданының бойымен Тастау өзеніне дейін, Тастау өзенінен тігінен Тентек өзеніне дейін, батыста Тентек өзенінен Герасимовка селосына дейін, солтүстікте Жзержинск селосы мен Глиновка селосына дейінгі жерлер.
Құнан мемлекеттік қорықшасы – Талдықорған аудандық атқарушы комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1971 жылдың 30 желтоқсанының № 454 шешімімен көлемі 48600 га жерде құрылды. Аудандық атқарушы комитетінің 1974.06.28 № 238 шешімімен қорықша ауданы 49100 га ұлғайтылды. 1982.27.07 № 264 шешімімен қорықтың іс-әрекет мезгілі 10 жылға созылды. Құнан мемлекеттік қорықшасы Балқаш көлінің жағалауында Бұрлытөбе ауданының территориясында құрылған.
«Реликтік шағала» мемлекеттік қорықшасы ҚССР Министрлер кеңесінің 1981 жылының 26 қаңтарындағы № 29 қаулысымен 10 жылдық уақын шегінде құрылды. Қорық территориясы 187 мың га жермен, шекарасы Достық станциясынан оңтүстікке қарай Сарықора шатқалына дейін, мемлекет шекарасы бойымен батысқа қарай Көксуат өзенінің бастауынан Қызылтал өзенінің бастауына дейін, солтүстік батыс шекарасы Қызылтал өзенінен тігінен Көктұма селосына дейін, шығыс шекарасы Көктұма селосынантеміржол бойымен Достық селосына дейін созылып жатыр.
Табиғат ескерткіштері.
Шыңтүрген Сартоғай шатқалында орналасқан. Шетен – реликтік ағаш болып табылады. Палеонтологиялық ашылуларға қарағанда ол палеоген кезеңінде өсе бастаған. Шетен мұз басуды өткеріп, төрттік кезеңге дейін әрең сақталған. Сол кезден бері көптеген миллиондаған жылдар өтті: таулар мен климат өзгерді, жер бетінің әлпеті өзгерді, әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері жойылып кетіп оның орнына жаңа түрлер пайда болды, алайда шетен сол баяғы түрінде сақталып қалды. Тоғай территорияларында негізінен солдаттық шетен өседі. Ботаниктер оны өзен сүйгіш деп атайды, өйткені ол тек өзендердің бойында ғана өседі. Шетеннің бұл түрі тек осы жерде: Шарын өзенінің төменгі ағысы мен оның сағасы Темірлік өзенінің каньонында ғана сақталған. 1964 жылы тоғай табиғат ескерткіші болып жарияланды. Бұл жерде ағаш кесуге тиым саланған. Тоғайды орманшылардың бірнеше кардондары күзетеді. Тоғайдың ауданы 4855 га, алайда шетен оның тек қана 800 га жерінде ғана өседі. Тоғайда сонымен қатар қараторанғы, жиде, терек ағаштары өседі. Шетен жапырақтары басқа ағаштар арасында бөлініп тұрады: шетеннің жапырақтары ең қою түсті, қаратораңғынікі-ашық түсті, жиде өзінің ашық жасыл күміс түсті жапырағымен ерекщеленіп тұрады.
Әулетті табиғат ескерткіштері мен көңіл бөлерлік жерлер.
Қазіргі кезде құрылған ерекше қорғалатын территориялардан басқа, мемлекет қорғауын талап ететін көптеген табиғи объектілер бар.
А.В. Чигаркин: «Қазақ ССР территориясында орнатылған тәртіп бойынша тек 3 объект республикалық ескерткіш болып жарияланған, алайда мемлекет қорғауын қажет ететін объектілер саны бірнеше есе көп. Қоғам мен мемлекет халқының парызы мен міндеті болып табиғат жаратқан құндылықтарды табу мен қорғау болып табылады». Қазіргі кезде республикалық маңыздылықтағы ескерткіш статусына 24 объект ие. Алайда 65 объект әлі де қорғалусыз қалып отыр. Оларды переспективалық табиғат ескерткіші деп атайды. Осы объектілердің алтауы Алматы облысы территориясында орналасқан:
- Шарын каньоны (Ландшафтық – палеонтологиялық табиғат ескерткіші)
- Жабыртау (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
- Күрті (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
- Шынжалы (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
- Қарағашты тоғай (Ботаникалық табиғат ескерткіші);
- Шаңғақ тоғайы (Ботаникалық табиғат ескерткіші).
Шарын өзенінің каньоны немесе «Шаһарлар жазығы». Шарын өзенінің каньоны Алматы облысының шығысында Алматыдан 193 км жерде орналасқан. Терең каньон ішінен Шарын өзені ағып өтеді. Бастапқы кезде ол кеңінен жайылып, өз табанында Ақтобай шатқалын құрайды. Бұл тоғай орманы, онда жануарлар мен өсімдіктердің бай әлемі орналасқан. Содан кейін каньонның тік жары тарланып, жазықтықты кесіп өтіп, өзен Торайғыр жотасының тауымен қоршалған тар шатқалмен ағады. Сөйтіп қыраттың сілемесінен шыққан өзен сулары каньонның терең шатқалының тасты шөлімен ағып өтеді. Шарын үлкен жазыққа –Сартоғай шатқалында шығады. Каньонның ұзындығы 154 км жуық.
Ежелде, 25 млн жылдай бұрын бұл жерде үлкен көл болып, өз табанында ашық саз бен ұсақ тастарды жинаған. Кеңінен көл кеуіп, оның қалың 200-300 метрлік табанында аққан сулар көптеген тесіктер мен орлар ойған. Шарын өзеннің каньоны күшті тектоникалық және геологиялық полигон. Бұл жерде кайназойлық сарғыш ақ әктасты-сазды тұнбалар мен палеозой кезеңінің тұнбалары бар магмалық сынықтары бар таулы түзілістер Торайғыр шатқалында кездеседі. Каньонның құлама қыратының биіктігі 300-метрге жетеді. Бұл қыраттарда қазба фаунасының кейінгі корбон кезінен (300 млн жыл) қалған қалдықтары кездеседі. Көптеген млн жылдар бойы, күн мен желдер бұл каньондарға әр түрлі, тіпті фантастикалық бейнелер берген. Олар бірде ежелгі қалалар қалдығына, әр түрлі құбыжықтарға немесе жануарларға, колонналарға, мұнараларға ұқсас бейне берген. Бұл жерлердің таң қаларлық бейнеге ие екендігің олардың аттарынан-ақ білуге болады: «Шаһарлар жазығы», жолдары шынтақ ұзындығына дейін сығылатын жартастары бар «Мыстанда шатқалы», жолдары құлама қыраттарда кенеттен үзіліп кететін «Шайтандар шатқалы». Бұл каньондар өзінің таң қаларлық бейнесімен дүрліктіреді [23, 8б.]. Каньондар түбінен қоян, кеміргіштер, жыландарды көруге болады, сонымен қатар бұл жердің құстар әлемі де әр-түрлі. Қазіргі кезде көптеген көңіл аударарлық жерлер үкімет назарынан тыс қалуда. Жұмбақ төбе: Шолақ Жігіде шатқалының табанында кепкен бурьян мен тастардан құрылған кішігірім аласа қорғандар, ал шатқал басталған жердің жанында оның оң жақ қыратының түбінде шөлдің кебе бастаған шөптерінің арасында, биіктігі 8, диаметрі 15 метрге тең ашық жасыл төбе болған. Оның үстінде биік көк шөп өскен және оның арасынан өту оңай болмаған. Төбенің жағаларында бірнеше жиде мен барбарис ағаштары өскен. Төбенің төменгі жағында кішігірім зираттың орны сақталған. Бұл жерде бұрын адамдар мекен еткеніне құсайды. Шөл даланың ортасында, су жоқ жерде орналасқан жасыл төбе өте қызықты. Төбенің тарихына келетін болсақ, бұрын бұл жерде бастау болған және оның жанында шөп пен ағаштар өскен. Уақыт өте келе бастау мен оның жағасындағы шөптерді құм мен топырақ баса бастайды. Алайда шөп жерді жарып өтіп отырды. Осылайша төбе ішінен дымқыл бола отырып, өсімдіктердің тамырларымен тоқылып отырды. Сөйтіп бұлақ жоқ болып кетіп, оның орнында төбе пайда болады. Ол көптеген жылдар бойы осылайша өсіп отырды.
Қатты тау – қара, жарлы тау, терең орлары мен каньондардан тұратын, сусыз тау өте қапас болып келеді. Жарлардың арнасында сирек-сирек сексеуіл ағаштары өседі. Сексеуілдің бөлек-бөлек көшектері жартас бойымен жоғарылай өседі. Сөйтіп жазық шөлді жердің ағашы жартастар арасында көру таң қалдырады. Жартастарда тау текені қуып жүрген ит, аңшы, теке және еліктің суреттері бар.
Октябрь үңгірі: Іле Алатауының солтүстік қыратында орналасқан. Ол Шымбұлақ шаңғы базасынан 3 шақырым жерде орналасқан. Үңгір Қазақстан территориясындағы ең үлкені болып табылады (ұзындығы 1390м), ол өзімен 1-3 метр құрайтын, биіктігі 8-10 метр мұзды үңгір болып табылады. Үңгір қабырғаларын шық түріндегі мұзды түзілістер қаптаған. Үңгір тұруға бейімделмеген, басты себебі орналасу биіктігі теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте орналасуы мен қар көшкіні қауауіпінің жоғары болуы болып табылады [23, 12б.].
Жоғарыда аталып өткен территориялар экскурсиялық объектілер ретінде қолданылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар туризмнің жекелеген бір бағыты, қазіргі кезде күннен-күнге танымал болып келе жатқан туризм түрі, кейбір мемлекеттерде жақсы дамып отырған туризм саласы – экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді. Туризмнің бұл түрі әсіресе адамның аяғы баспаған табиғат бұрыштарда демалғанды ұнататын шетел туристерінің арасында үлкен сұранысқа ие. ДТҰ берген анықтамасы бойынша экотуризм дегеніміз адам шаруашылығымен бұзылмаған табиғат ортасындағы туризм түрі. Экологиялық туризмнің негізгі мақсатымен түрі бойынша табиғаттың жануарлар мен өсімдік түрлерін бақылау, көне және қазіргі заман мәдениетінің байлықтарын зерттеу болып табылады. Табиғат туризмі басқа туризм түрлерімен салыстырғанда дамыған инфрақұрылымды қажет етпейді (бұл тұжырыммен келіспеуге болады, өйткені америкалық туристер көбінесе бес жұлдызды мейманханаларда тұрып, табиғатқа оперативті шығарылымдарды жасағанды қалайды).
Экотуризмнің түрлерінің диапазоны өте кең: ғылыми түрде ауданның ануарлары мен өсімдіктерін, табиғи құбылыстарын зерттеуден, анда-санда мысалы демалыс күні табиғатқа шығып демалу мен танымдық процестерді араластырып қолдану дейін. Осындай турларды ұйымдастыру квалификациясы жоғары әрі дұрыс болған жағдайда, Қазақстан экотуристердің сүйікті орталығына айналу мүмкіндігіне ие. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанның табиғатын зерттеуде көптеген қара дақтар кездеседі [17].
Қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде Алматы қаласының туристік фирмалары табиғи-танымдық турлар ұйымдастыруда.
Қорытынды
Алматы қаласы мемлекетіміздің туризм мен демалысты ұйымдастыру мен дамытудың ең тиімді өңірі болып табылады. Өңірдің табиғи – рекреациялық потенциялы шөлді ландшафттардан бастап Солтүстік Тянь – Шаньнің тамаша табиғи жағдайларына дейінгі аралық рекреациялық потенциялға толы. Жүргізілген зерттеулер мен Дүние жүзілік Туристік Ұйымның ұсынысы бойынша туристік рекреациялық ресурстарға сүйене отырып Қазақстанның туристік дамуының бағытын екі түрлі жолмен дамытудың мүмкіндігі бар:
1. Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (дәстүрлі және қажылық)
2. Бірінші жолмен тығыз байланысты экохикаялық туризм түлері (сафари, рафтинг, орнитологиялық, трекинг, альпинизм, аң аулау, балық аулау).
Туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы бойынша облыс шекарасында маңызды аудан ретінде:
- Іле Алатауы (Алматы қаласы, Түрген ауылы, Есік қаласы, Қаскелен қаласы, Ұзын-Ағаш селосы, Қапшағай қаласы);
- Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Жалаңаш, Нарынқол, Шонжы, Көлжат);
- Жаркет-Талдықорған (Жаркент қаласы, көктал ауылы, Басшы селосы, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы, Жаркент-Арасан курорты);
- Солтүстік Жоңғар (Дружба селосы, Лепринск селосы, Лепсі, Жарқұрақ селосы, Көктұма селосы, Сарқанд қаласы, Арасан-Қапал курорты) 25.
Алматы облысы келешекте отандастарымызбен шетел туристерінің көз алдында Қазақстанның өте танымал туристік аймақ болуы мүмкін, бірақ ол үшін аймақта қызмет көрсету жүйесін құру қажет.
Алматы облысының рекреациялық ресурстарының мәселелерін шешіп, туризм индустриясын құру үшін онда тарихи, экономикалық және техникалық сипаттағы ізденістер жүргізу қажет. Бірақ оларға кірісер алдында территорияның рекреациясының потенциялының жалпы географиялық бағалау қажет. Туризмі дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, туризмнің дамуы тікелей мемлекеттің көмегіне байланысты болады. Осындай мемлекеттерде құрылған бағдарламалар шығу туризмін жандандыру үшін салық салуда арнайы жеңілдіктер қарастырылған, шекаралық кедендік режимнің жеңілдіктері, инвестицияларға жақсы жағдайлар жасалған, жарнама мен кадрларды дайындаумен айналысады. Тек кешенді шешім біздің республикамызға туристерді тартумен, дүние жүзілік нарықта біздің туристік өнімімізді алдыңғы қатарға шығаруға ықпал етеді. Осылайша ауқымды табиғи-рекреациялық потенциялды тарихи мол өткенділілік, өзіндік мәдениет пен дәстүрлері бар Қазақстан инвестициялар құйылған жағдайда жобаның негізін қалайды да, республикамызды трансазияттық туристік байланыстың маңызды бөлігі қылып, батыс пен шығысты қосатын көне Жібек Жолында инфрақұрылымы мен қызмет көрсетуі дүние жүзілік стандарттарға сай дүние жүзілік нарықта бәсекеге сай болатынкөпір болып табылуы мүмкін. Жұмысты дайындау барысында мен Алматы облысының табиғи ресурстарын зерттеп, табиғи-танымдық турлар ұйымдастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи территориялық аймақтарды қолданудың мүмкіншілігінің анализін жасадым.
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 %, әлемдік жиынтық үлттық табыстың 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7 %, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11 % және барлық салық түсімдерінің 5 % туризм саласы камтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділіггіің айгагы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы кол жеткізуге болады. Өндірістік есепте туризмнің әлеуметтік-экономикалық негізі, Қазақстандағы туристік қызметтер нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайын, туристік маркетингтің ерекшеліктері сияқты сүрақтарды қарастырып, туристік агенттігінің экономикалық қызметіне талдау жүргізіп, мысалында туристік қызметте маркетингті қолдану тиімділігін және турфирманың туристік қызметтерін жылжыту сияқты мәселелерді ашып көрсетілді. Қазақстанда туристік бизнесті дамыту үшін лицензияның үш категориясы қолданылады. Қазақстандағы турагенттігі «А» категориясындағы лицензияға ие.
Бұл лицензия түрі келесідей қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді:
- Қазақстан азаматтарына қызмет көрсету және шетелдік туристерді қабылдау;
- Қазақстан азаматтарының шетелге туристік саяхатарын ұйымдастыру;
- транзиттік шетелдік туристерге қызмет көрсету;
- ішкі туризмді ұйымдастыру.
Қазақстанда әзірше туризм және сонымен байланысты экскурсиялық қызметтер өте төменгі деңгейде. Сондықтан туризмнің даму проблемасына бұл жерде үлкен көңіл бөлу керек, ол ең ақырында, экономиканың осы саласы үшін сипатты жоғары табыстармен қайтарылады.
Фирмаларда бұрынғыдай жоғарғы жақтың жол істеумен емес, контрагентерді жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б. қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдаумен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігіне тез және дұрыс бағдар беру, оны ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Қазіргі кезде көптеген туристік фирмалар іс әрекеті негізінен шығу туризміне бағытталып, Қазақстаннан қаржының туризм саласы жағынан онсызда дамыған елдердің қазынасына кетуіне бағытталып отыр. Бұл жағдайды түзету үшін қазақстандықтармен шетел азаматтарына бірдей қол жетімді турлар құру қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Ердавлетов С.Р. География туризма: теория, методы, практика. Алматы, 2003,- 356 б.