Үндістан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:39, реферат

Описание

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................

Работа состоит из  1 файл

Жүзжылдық менеджерлер.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

 

Тарих және өнер факультеті

 

Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері құжырасы

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

       Тақырыбы:    Ж ү з ж ы л д ы қ  м е н е д  ж е р л е р

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Орындаған: І курс ҚЭН студенті                

                                                                                         Ерекина А.М

                                                                 Тексерген: Череева Б.Т. аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2009

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................3

Негізгі бөлім

І.

1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4

1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7

II.              

2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10

2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11

2.3.  Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17

ІІІ.

3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21

3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23

Қорытынды..........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

              Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Менеджер – ең кең тараған  кәсіптің бірі. Бұл  - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

              Тарихнама:

Менеджмент – дәстүрлі, тарихты, тұжырымдарды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл саласыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болады.

              Басқару практикасы да ұйымдастыру секілді өте ертеде қалыптасты. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбекпен оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалады. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта саз балшықтан істелген табличкаларға көне жүйелердің комерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.

Ғылыми болжам:

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеумен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқарудың түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдаумен сипатталады.

              Зерттеу жұмысының мақсаты:

    Менеджер – ең кең тараған  кәсіптің бірі болғандықтан оның қоғамдағы  ролін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

      менеджерлердің ұйымдастырушылық қабілетін  дамытудағы негізгі талаптарын анықтау;

      менеджерлер мектебінің негізгі бағыттарының жолдарын көрсету;

      мектеп өкілдерінің өмірі мен қызметіндегі өсуі  мен нәтижесін анықтау;

      менеджерлердің қазіргі өндіріс шарттарында – басқару бойынша мамандардың базалық сапасын анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

 

І.     1.1. Менеджмент, менеджер ұғымдары

 

              Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда, басқару ұғымын білдіреді. Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру.

              Бұрын «Менедмент» және «Менеджер» ұғымдары қанаушылық анықтаушы ретінде қолданылады. Ал қазіргі бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік билік дәрежесін, олардың арнайы қызметі түріне жататындығын бейнелейді. Менеджмент сөзін қазақшаға аударатын болсақ, «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады.

              «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни, «қол күш» деген сөзінен шыққан, алғашында мал бағу саласында қолданылған, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми-практикалық мәнін білдіретін болды.  [2,160]

              Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігіне бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1.      Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі.

2.      Билік және басқару өнері.

3.      Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.

4.      Басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып өз мақсатына жету мағынасын білдіреді.

              Менеджемент ұғымына Э.Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторлары ретінде танымал. Олардың пікірінше, кең мағынада алғанда, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән техника немесе тәсіл.

              Басқарудың жалпы қағидасын осылай атап көрсетеді. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1.      Үкімет. Петерсон мен Плоуменнің пікірінше оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджментің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2.      Мемлекеттік менеджмент. Мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3.      Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қаулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4.      Құрама одақтық немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі сияқты, мұнда да қызметкерлердің тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5.      Бизнес – менеджмент. Ұкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше менеджменттің ерекше түрі.

6.      Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жекеменшік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікілер де ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетті: менеджменттің мұндай өзгешеліктері бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізгі алынатын түсініктерге сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз түрде қарастырылады.

              Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

              Менеджмент – нарықты жүйеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

              Белгі американ экономисті В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».   [2,162]

              Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеумен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқарудың түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдаумен сипатталады.

              Менеджменттің бірнеше ұғымы бар.

              Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында балай жазды: «Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы қоғамға танылатын да тек басшылар.

              Сонымен, менеджмент бастапқы ұғым – бұл басшылық.

              Менеджерлер дегеніміз кім?  Менеджер деген сөздің өзі, жоғарыда айтқандай, бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға бас болатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнін де осыны айтуға болады.

              Менеджер – ең кең тараған  кәсіптің бірі. Бұл  - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігіше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

              «Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирма гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

              Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

              Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ой              ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

              Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрамын іріктейді т.б.

              Үшіншіден, менеджер көтермелеу  шараларын қамтамасыз етіп, адамдамен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

              Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

              Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

              Әрбір менеджер жоғарыда аталған қызметтерді міндетті түрде атқаруы тиіс. Мұндағы бір ескеретін жәйт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып саналады.

              Менеджер жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қытысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірінше айқындай алуы тиіс.

              Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келлісөз жүргізе білу - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестіндіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай.

              Келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:

              1.Өз ұйымының мұқтаждығы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет.

              2.Өзінің келісім жүргізетін жақты ұнататындығыңды, оның пікірлерін ескеретіндігіңді білдір.

Информация о работе Үндістан мәдениеті