Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:39, реферат
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................
3. Таңдау мүмкіндігі кеңінен таралуда. Сондықтан менеджерлерден орындалатын жұмыс мақсаты мен өз мақсатын нақты белгілеу талап етіледі.
4. Ұйым жұйесі қазіргі талапқа сай басқарушыға оқуға қажетті барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге шамасы қалмайды. Әр менеджер тұрақты өз өсуін, дамуын өзі қолдап отыруы қажет.
5. Мәселелерді шешу құралды шектелгендіктен мәселе кобеюде және күрделенуде, сондықтан мәселені тез әрі тиімді шешу қабілеттілігі. Басқарушылар өнертапқыш және жағдайдың өзгеруіне икемді жауап қайтара білу керек.
6. Әр уақыттағы тауар сатып алу нарығына энергетикалық ресурстар үшін күрес және пайда табу, жаңа идеялардың қажеттілігі. Басқарушылар өнертапқыш және жағдайдың өзгеруіне икемді жауап қайтара білу керек.
7. Дәстүрлі иерархиялық қатынастар күрделене түсуде. Сондықтан тиімді басқару тура бұйрыққа бармай, айналасындағыларға әсер етуді қолдануға шақырады.
8. Көп дәстүрлі мектептер мен басқару әдістері өз мүмкіндіктерін жояды және қазіргі уақыт пен болашаққа жауап бере алмайды. Сондықтан жаңа, қазіргі талапқа сай басқарушылық әдістері талап етіледі және көп менеджерлер өзінің қоластындағылармен қатынасына жаңа ыңғайды игеру керек.
9. Қызметкерлерді қолданумен байланысты көп шығындармен, қиындықтар болады. Нәтижесінде әр басқарушыдан адам ресурстарын жақсы қолдануы талап етеді.
10. Өзгерулердің масштабының өсуі жаңа дағдыны игеру жаңа ыңғайларды дамыту және ескі болудың мүмкіндіктерімен күресті талап етеді. Менеджерден жаңа тәсілдерді тез оқып-білу, сондай-ақ практикалық дағдыны меңгерудің басқаларға көмектесу шеберлігі.
11. Күрделі мәселелер шешімді бірігіп іске асыратын бірнеше адамдардың күш салуын талап етеді. Сондықтан менеджер тез өнертапқыш болатын және жұмысында нәтижелі болатын топтарды білуі қажет.
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар
Басқару қызметінің маңызды компоненті – лидерлік, яғни адамдарға әсер ету қабілеттілігі. Көптеген менеджерлердің лидерлікке қабілеттілігі көп емес, сонымен қатар, кейбір лидерлер басқару лауазымына сәйкес келе қоймайды. Лидерлік және әйгілік бірдей сапалар емес. Кейбір жағдайларда басшылар дөрекілік пен агрессивті қылықтарды тиімді лидерлікпен шатастырады. Лидерлік – бұл жалпы басқару емес, оның бір бөлігі. Егер адам мықты лидер, бірақ нашар басқарушы болса, оған бағынатын адамдардың қойылған мақсаттарына жетуі қиынға түсуі мүмкін.
Менеджердің қызметі оған кәсіби талаптарды қояды, оларға сәйкес менеджердің мынадай қасиеттері болуы тиіс:
концептуалдық, яғни жалпы фирманың қызметін көрсету және оны сыртқы ортаның құбылыстарына бейімдеу, басқаша айтқанда, ол стрегиялық жоспарлаудың дағдыларын білуі қажет;
оперативтік, яғни қабылданатын шешімнің деңгейінде квалификациясының жеткілікті болуы;
аналитикалық, яғни ол анализдің ғылыми әдістерін тиімді пайдалануды білуі қажет, алдымен сандық анализді құралдарын білуі қажет; ол проблеманы анықтап, альтернативтік шешім белгілеуді білуі тиіс;
әкімшілік шешімдерді қабылдау қабілеттілігі, яғни ұйымдастыру және түрлі процедураларды жүргізу дағдылары болуы тиіс;
коммуникативті, яғни ауызша және жазбаша нысанда өзінің ойларын және тұжырымдарын жеткізуді білу;
коммуникабельдік, яғни өзінің фирмасында, сондай-ақ оның сыртында әріптестерімен қырым-қатынастарын орнатуды білу;
белгілі деңгейде техникалық білімдерінің, сондай-ақ басқарулық мәселелерді шешу үшін қажет спецификалық білімдерінің болуы.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес, ұйым менеджерсіз болуы мүмкін емес, себебі олар:
- ұйымның бөлек операцияларын байланыстырады;
- ұйымның негізгі қызметін орындауды қамтамасыз етеді;
- ұйым қызметінің стратегиясын өңдейді;
- ұйым қызметінің нәтижелері үшін жауап береді;
- ұйымның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді;
- ұйым атынан түрлі қатынастарға қатысады.
Менеджердің қызметін зерттей отырып, оынң негізгі үш функциясын белгілеуге болады. [1,73]
Біріншіден, менеджер ұйымның негізгі мәселелерін анықтап, ресурстарды бөлу мәселесін шешеді және ағымдағы түзетулерді жүзеге асырады, бұл жағдайда ол қабылдаған шешімі үшін жауап береді. Сондықтан, менеджер ең дұрыс шешімді таңдауды ғана емес, басқаратын ұжымды белгілі бағытпен батылды жүргізуді білу қажет.
Екіншіден, менеджер ұйымның ішкі және сыртқы ортасы туралы мәліметті жинап, оны тартады және ұйымның мақсаттарын түсіндіреді. Менеджердің мәліметті білгендігі оның жұмысының нәтижелеріне әсер етеді.
Үшіншіден, менеджер басшы ретінде ұйымның ішкі және сыртқы қатынастарын реттеп ұйымның мүшелерін мақсаттарға жетуге бағыттайды, олардың күш-жігерлерін үйлестіреді және ұйымның атынан окіл ретінде шығады.
Басқарудың иерархиялық деңгейі көтерілген сайын менеджер стратегиялық және перспективтік мәселелерді шешуге уақытты көбірек жұмсайды. Төменгі деңгейде, керісінше, менеджер уақытының негізгі бөлігін ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсайды.
Менеджердің жұмыс уақытының құрылымы.
Басқару деңгейлері | Стратегиялық мәселелерге жұмсайтын уақыты | Практикалық мәселелерге жұмсайтын уақыты | Ағымдағы мәселелерге жұмсайтын уақыты |
Жоғарғы | 60% | 25% | 15% |
Ортаңғы | 25% | 50% | 25% |
Төменгі | 10% | 25% | 65% |
Тәжірибе жүзінде менеджерлер компанияларда жиерек кездеседі. Олардың атқаратын рөлінің ерекшелігі менеджердің арнайы дайындығы туралы мәселені қозғады. Менеджердің профессионализмі оның арнаулы білімдері және өндірісті коммерцияны әрі басқаруды ұйымдастыру саласында дағдыларының болуында, ол түрлі салаларда адамдермен жұмыс істеуді білуі қажет. Егер бұрын ұйымды басқару үшін технология мен басқару техникасын біліп, адамдармен жұмыс істей білуді талап ететін болса, қазіргі таңда қоғамдық өндірістің дамуына байланысты менеджерлерге қойылатын талаптар кеңейтіледі. Зерттеулерге сәйкес, қазіргі басшы өзінің саласында 15-20% ғана маман болғандығы жеткілікті, алдымен ол ұйымдастырушы, психолог, социолог болуы тиіс. Қазіргі таңдағы ұйымдар социотехникалық жүйелерді білетін мамандарды талап етеді. Ондай жүйелердің ортасында тұратын – адам. [1,75]
Сонымен нарық экономикасының заманында табысты басқару үшін жоғары деңгейде кәсіби басшы – менеджер көптеген қасиеттерге ие болуы тиіс.
Менеджердің қызметі табысты болу үшін мынадай потенцияалды кемшіліктерге назар аударған дұрыс:
1. өзін-өзі басқара алмау (егер басшы жан-жалдар және стресстермен күресуді білмесе, өзінің уақытын, күш-қуатын және дағдыларын тиімді пайдалануды білмесе);
2. менеджер жеке басының қасиеттерін көрсете алмауы (күн сайын ол көптеген шешісдер қабылдау процесінде жеке басының құндылықтарына және принциптеріне негізделеді, егер оның жеке қасиеттері өзіне және қасындағы адамдарға белгісіз болса, оның әрекеттерін дұрыс түсінбеулері мүмкін, түбінде шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудың тиімділігі төмендейді);
3. егер менеджер өзінің мақсатын анықтай алмаса, басқару қызметінде ол табысқа жете алмайды;
4. менеджердің жеке басының өсіп-өркендеуінің тегеуіштігі (тұрақты түрде білім алу және осы білімін тәжірибеге енгізу – маңызды мәселе);
5. проблемаларды шеше алмауы (бұл кемшілік менеджердің дұрыс шешім қабылдай алмауына ықпал етеді; шешілмеген проблемалардың жинала беруі басшының өз қызметін атқара алмағандығын көрсетеді);
6. жұмысты творчестволықтың болмауы (творчестволы адам белгісіздік жағдайында жұмыс жалғастыра беруге қабілеті бар, өз қызметінде ситуациялық тәсілді қолданатын менеджер өзінің әрекеттерін қалыптасқан жағдайға байланысты түзете алады);
7. адамдарға әсер ете алмау (көптеген адамдарға әмірлік, өзін-өзі ұстау, қимылдар, адамның сыртқы әлпеті және т.б. әсер етеді);
8. басқару қызметініңспецификасын түсінбеу (менеджер басқару саласында табысқа жету үшін жеке еңбегін ғана емес, басқа адамдардың еңбегін дұрыс пайдалануы тиіс);
9. ұйымдастырулық қабілетінің нашарлығы (ұжым мүшелерінің энергиясын қуаттауды және еңбек процесін оптималды ұйымдастыруды білуі қажет);
10. үйретуді білмеу (жақсы басшы оқытушы ретінде бола алады, сондықтан квалификациясының деңгейін көтеру – басқару тиімділігінің негізгі элементі);
11. адамдардың басын қосып ұжым ұйымдастыра алмау (ұжымды қалыптастыру – күрделі процесс, бұл жағдайда ұжым мүшелерінің мақсаттарын ұйымның мақсаттарымен үйлестіру қажет).
Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып, қазіргі таңдағы стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын менеджерлер мынадай қабілеттерге назар аударуы тиіс:
- ситуацияны модельдеуді білу қабілеттілігі;
- өзгерістердің қажеттігін анықтау қабілеттілігі;
- өзгерістерді жүзеге асыру барысында сенімді әдістерді қолдану қабілеттілігі;
- стратегияны жүзеге асыру қабілеттілігі;
менеджерге қойылатын талаптардың маңыздылары: ұйымдастыру қабілеті, психологиялық жетіктілігі және саяси мәдениеті.
Ұйымдастыру қабілеті деп адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін айтады, олар адамға ұйымдастыру қызметінің әдістерін меңгеріп, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру қабілетіне жататындар:
Адаптациялық қабілет, яғни қызметтің творчестволық нысандарына талпыну, білімін тереңдету, бастамашылық, консерватизмға жол бермеу, дәлелді тәуекелге дайын болу, жаңа енгізулерге талпыну, өзін-өзі ұстай білу, іскерлік және т.б.
Контактылық, яғни тіл табыса білу, адамдарды өзіне қарата білу, тыңдай білу, адамдарды түсіну және түсіндіре білу, сондай-ақ жан-жалдық жағдайға әңгімелесушінің көзімен қарай білу (өзін соның орнына қойып, мәселені шешуге тырысу);
Стресстермен күресе білу, яғни күрделі жағдайларда интелектуалдық және эмоционалдық қорғаушылық, шешімдерді қабылдауға пікір парасаттылығы;
Доминанттық, яғни әмірлік, атақ құмарлық, жеке тәуелсіздікке талпыну, лидерлік, өзін-өзі сыйлау, жігерлік;
Қазіргі экономиаклық жағдайда басшылар тек іскерлік шаруа жүргізушілер емес, сонымен қатар, саяси қайраткерлер болуы тиіс, бұл үшін олар адамның мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған саяси мәдениетке ие болулары қажет. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, басшылардың үштен екісі өздерін саяси лидерлер деп есептейді. Қоғамдағы әлеуметтік жауаптылық басшылардың 28% ғана толғандырады, ал олардың 18% мемлекеттің әлеуметтік саясатын шындап білгісі келеді. Сонымен, басшылардың саяси мәдениетінің деңгейі белгілі болып, бұның белгілі масштабтағы проблема екені анықталады.