Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:39, реферат
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................
1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын жалпылай келе Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды. Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан кітаптың шығуының тоқтап қалуы француздардың сол кезде кеңінен таралған Тейлор теориясын қолдануларына себеп болды және басында өз отандастарының ойларын қабылдамады. Бірақ тез арада олардың Файоль еңбектеріне назар аударуларына сол кездегі, дүниежүзілік соғыс жылдарындағы «Комамболь» ұйымының алға шығуы себеп болды. Файольдің өзі оның теориясы мен Тейлордың теориясы арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, олар өндірісті ұйымдастырудың әр түрлі деңгейде қарастырғандарын аз көрсеткен жоқ: Тейлор цехтық басқаруды талдаса, Файоль жоғарғы әкімшілдікті қарастырған.
Файоль 1918 жылы жұмыстан босап өзі құрған әкімшілдік зерттеулер орталығын басқарды (бұл орталық Тейлордың француздық ұйым зерттеушілерінің келісімімен бірлесу арқылы құрылған). Ол өзі ашқан басқару принциптері тек қана экономикада ғана емес, сонымен бірге флот армиясында, құрылтайлар мен басқарма қызметтерінде де қолданылатын дәлелді, яғни жан-жақтылық сипаты бар. Осы орталықпен орындалған ең бір ірі тапсырмаларының бірі пошта-телеграфтық ведомствалардың жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осы және мемлекеттік басқарулар, қоғамдық құрылтайлар және білім жүйелері мәселелерінің қайта құрылуына Файольдің көптеген жұмыстары арналды, ол алғашқы болып менеджмент пен басқаруды ұйымдастыру мәселесін қойды.
Атақ, танымдық, байлық – оның барлығы Файольде болды. Ол мадақтық легионның офицер ордені мен басқа да мемлекеттік мадақтаулар мен ғылыми атақтарға ие болды. Алайда, ол өзіне-өзі өмірде ескерткіш орнатуды армандады. Ол ұзақ өмір сүрді және сол өмірде қуана білді: тез тіл табыса алатын, қозғалыстағы адам болды, немерелері мен алатын, қозғалыстағы адам болды, немерелері мен олардың балаларын тәрбиелеуге қатысты, өз теориясын шаршамай дәлелдеуді, тіпті өзінің өмірінің ақырғы жылында да зерттеулерін тоқтатқан жоқ – бұл жылы француздық табак өнеркәсібінің жұмысын ұйымдастыруды зерттеді. [8,21]
Гаррингтон Эмерсон
Гаррингтон Эмерсон өзіне интеллектуалдық талғампаздығын, кәсіпкердің құмарпаздығын, алаяқтың бір-беткейлігін жинаған. Ол 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді. Оның әкесі ағылшын әдебиетінің маманы, университет профессоры болды. Гаррингтон Франция, Германия, Италия, Грецияда оқып тамаша білім алды және 23 жасында Небраск университетінің лингвистикалық бөлімін басқарды.
Тек алты жылдан кейін Эмерсон ғылыми мансабын тастап, барлық жан-тәнімен банктік операциялар мен жылжымайтын мүлік саудасына кірісті. Тынымсыз, әр түрлі іске толы өмір басталды. Алты жыл, 1885 жылдан 1891 жылға дейін Эмерсон теміржолдың экономикалық және инженерлік істерін орындады. Содан кейін АҚШ, Мексика,Канадаға көптеген зауыттар мен кеніштерді біріктіру арқылы британдық синдикат қызығушылықтарын ұсынды. Бірнеше уақыт ол шыны шығаратын компанияны басқарды.
Ғылыми жұмыстың дағдылары мен талдаушының таланты Эмерсонға өз тәжірибесінде жинаған бай білім қолдануға көмектесті. Ол біртіндеп өз қағидасын тапты – «тиімділік» немесе «өнімділік». Бұл терминдерге ол жинақталған шығыстар мен экономикалық нәтижелердің қатынасын көрсетті. 1990 жылы оның «Өнімділік басқару мен еңбекақының негізгі ретінде» кітабы шықты. Ал 1912 жылы оның өміріндегі басты еңбек «Өнімділіктің он екі принциптері» дүнеге келді.
1901 жылы Эмерсонның менеджмент кеңесшісі қызметі басталды. Оның Санта-Фе теміржолында 1904-1907 жылдары енгізген жаңалықтарын атап айтуға болады. 1910-1911 жылдары теміржол тарифтері туралы сот ісінде басты куәгер болып Эмерсон осы теміржолда еңбекті басқару мен ұйымдастыру жүйелерінің өзгерістері барысындағы алған нәтижелеіне сүйенеді. Оның американдық теміржолдар, осы жолмен бір күнде миллионнан астам долларды үнемдеуге болатынын айтқан сөздері барлық елге жайылды . олар газет бетінде жарық көріп түсініксіз білім ретінде қабылданған «ғылыми менеджментті» әйгілі етті.
Эмерсон Тейлормен, оның оқулықтарымен тығыз байланыста болғанмен, олардың тобына жатқан жоқ. 1907 жылдан 1923 жылға дейін ол тиімділік бойынша эмерсондік инженерлер компаниясын басқарды (терминді олар өздері ойлап тапқан). Ол алғашқы болып ғылыми іріктеу принциптері мәселелеріне және қызметшілердің оқытуға назар аударды, тіпті 1913 жылы осы тақырыпқа кітап шығарды.
Эмерсонның сануынша, «Тиянақты жұмыс істеу-іске минималды күш жұмсау деген сөз». Осы принципке бағына отырып, ол қартайған шағына дейін кездесе бермейтін жұмысқа қабілеттілікті сақтайды. Эмерсон 2 қыркүйекте 1931 жылы Нью-Йоркте қайтыс болды. [8,22]
Фредерик Уинслоу Тейлор
Спорттық деректер көпке дейін есте сақталмайды, бұған Фредерик Уинслоу Тейлордың мысалы дәлел бола алады. Қазіргі уақытта АҚШ-та 1881 жылы теннис бойынша жарыстарда кімнің чемпион және менеджмент классигі бір адам екендігі келеді?
Тейлор юрист жанұясында американың Филодельфия қаласында 20 наурыз 1856 жылы дүниеге келген. Ол мінез-құлқына таң қалалықтай болып әкесінің жұмсақтығы мен ұяңдығы, шешісінің тапқырлығы мен қуаттылығы және олардың ортақ қасиеттірі – тәуелсіздік, принципке тұрақтылық, борышқа адалдықтарын сақтаған, біріктірген. Тейлордың ата-анасы ұлына жан-жақты білім беруге тырысты, сол үшін де Тейлорды Еуропаға оқуға жіберді. Ол әкесінің ізін басып юрист болуға үміттеніп, 1872 жылы Нью-Темплирдегі Филипп Экзетер Академиясына оқуға түседі. Бұл оқу мекемесінде Тейлор қатаң тәртіппен, күні бойы оқумен шұғылданып көзін нашарлатады. Юрист сабағынан бас тартуға мәжбүр болды.
1875 жылы Тейлор үлгілеу мен механик міндеттерін орындайтын кішігірім гидравликалық ұстаханады жұмыс жасайды. Үш жылдан кейін ол Мидвейльдік сталелитті компанияға жұмысқа тұрады, мұнда ол қарапайым механиктен бас инженерге дейін көтеріледі. 1883 жылы Тейлор сырттай оқып жүріп Стивентік технологиялық институттың механик дипломын алады.
Тейлор әйгілі құрастырушы болып, өмір бойы 100-ден астам патенттер алады. Ең атақты Уайтпен бірге ашқан жаңалығы – тез кесуші құрыш.
Тейлор Лидвейлде жұмыс істей жүріп «ғылыми менеджмент» жүйесіне кіретіндерді ендіре бастады: ұтымсыз еңбек шығындары және уақытты бос өткізулермен күресті, хронометраж енгізді. Оның пікірінше, «ғылыми басқару еңбекті үнемдейтін құрал ретінде» 1890 жылдан бастап Тейлор қағаз шығаратын компанияда басқарушы болып қызмет жасады, ал 1893 жылы бірден бірнеше кәсіпорындарда менеджмент бойынша инженер-конструктор болды. 1898 жыл мен 1901 жыл аралығында Тейлор өзінің жаңалықтарын енгізген Бетмхендік сталелитті компанияда ғана жұмыс істеді. 1895 жылы ол менеджмент бойынша өзінің алғашқы мақаларын шығарды.
45 жасынан Тейлор ақша үшін қызмет жасауын тоқтатуды (бір жағынан денсаулық жағдайымен) шешті. Ол жары және үш баласымен Филодельфияға қоныс тепті, раушан гүлдерін өсірумен, гольфпен белсенді шұғылданды. Ол университеттер мен техникалық қоғамдарда дәрістер оқу арқылы өзінің «ғылыми менеджмент» жүйесін қарқынды жалғастырды. 1903 жылы оның «Цехтық менеджмент» кітабы шықты, 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің принциптері мен әдістері» кітабы шықты. 1906 жылы Тейлор инженер механиктердің американдық қоғамына президент болып сайланды.
Тейлорға атақ, әйгілік 1912 жылы оның цехтық менеджмент жүйесін игеру бойынша өкілдердің арнайы комитет палатасы тыңдауларындағы сөйлеунен кейін келді.
Тейлор 21 наурызда 1915 жылы ауыр және тез өрбіген өкпе қабынуынан (пневмония) қайтыс болды. Оның мола тасында жазылған сөз: «Ғылыми менеджмент әкесі». [8,24]
Генри Форд
Егер кімде-кім ХХ ғасырда символ болып саналған он есімнің тізімін құрағысы келсе, сөз жоқ оның ішіне Генри Форд есімі кіреді.
Форд Американың автомобиль патшасы ғана емес, ең алдымен ол массалық тұтыну мен әлеуметтік кепілдемелердің қоғамын ұйымдастыру символы, яғни қазіргі капитализмнің бет пердесін құрайды. Ол туралы көп еңбектер жазылған. Бірақ біздің көзқарасымыз бойынша қызығушылық тудыратын – Форд автобиографиясы.
Өнеркәсіптік империясының болашақтағы негізін қалаушы Ирландия эмигранты, мичигандық фермер жанұясында 30 шілде 1863 жылы дүниеге келген. Генри Форд 15 жасында мектеп тастап Детройт механигінің оқушысы болды. Механика мен өнертапқыштыққа икемділігі өте ерте айқындалды. Бос уақыттарында Форд өмір бойы айналысқан сағаттық іспен шұғылданды.
1891 жылы ол екі жылдан кейін ғана жүрген газды арбаны құрумен айналысты. Бірнеше жыл уақыты оның қозғаушысын жүзеге асыруға кетті.
1893 жылы Форд Детройт дайындығына негізделген эдисондық компанияның басты инженері болады, содан кейін 1899 жылы Детройттың автомобильді компаниясының басты инженері болып, 1902 жылы ол жұмыстан кетеді. Бір жыл өткен соң ол «Форд Мотор Компаниясын» құрады. Бұл уақытта Форттың автомобильдік жарысқа қатысқан машиналардың арқасында жылдамдық үлгілерді ойлап табушы абройлы болады. 1906 жылы Форд өз компаниясының бақылау пакеті акциясына ие болды.
Фордтың нағыз бір көрінген ісі автомобильді құру қағидасындағы бейімделі кезекшілігін сипаттайтын «Т» үлгісін енгізу болды. Ол таңдаулылар үшін керемет ойыншық жасаған жоқ, мыңдаған орташа американдықтар үшін баға бойынша қол жететін тауар шығару үшін мүсінші тәрізді жасады. Жетістік оның ойындағыдай болды. «Т» үлгісін өндіру жылдар бойы (1908-1927) тұтыну нарығын басып алып, автомобильдің 15 миллион данасын сатты.
Бұқаралық өндіріс барлық технологиялық процестердің стандартталуы мен қалыптасуын талап етті. Форд өзінің басқаруға енгізген жүйесін «террор машиналар» деп атады. Бақылау мен жоспарлаудың анық жүйесі, конвейерлі өндіріс, үздіксіз технологиялық тізбектер – Форд империясы автомат режиміне жұмыс істеуіне ықпал етті.
Форд өзінің кәсіпорындарында алғашқы еңбекақының минималды деңгейін және 8 сағаттық жұмыс күнін бекітті. Бірақ еңбек етушілердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бет ала отырып, Форд мұны өз бастамасымен (инициативасымен) ғана жасауды жөн көрді. Сондықтан да манандық одақтарының басымдылығын өте қажет етпеді. Осының салдарынан 1937-1941 жылдары жанжалдың пайда болуына әкелді. Оның зауыттарында сол уақытта ірі жаңалықтың бірі болған 60 адамнан тұратын әлеуметтік қызмет құрылды.
Форд диетамен, өмірдің таза негізімен, америка мәдениетінің өнерімен шұғылданды, филонтропиядан да тыс қалған жоқ. Алайда оның қоғамдық қызметі – антиеврейлікке активті қарсы болу, бірінші дүниежүзілік соғыста әлемді аралау, сенатор болуға тырысу жанжалдық сипатта болды.
Өзінің тым тапқыштығына сенімді болған Форд өзінің икемділігі мен жаңалықты сезгіштігін жоғалта бастады. 30 жылдары тұтынушылық сұраныста маңызды өзгерістер болды, ал Форд өзінің алдыңғы қағидасында тұрып, оны ескермеді. Нәтижесінде автомобиль құрудағы жетекші позициялар басқа компаниға, яғни «Дженарал Моторсқа» жол беруге мәжбүр болды.
1945 жылы қыркүйекте Форд өз компаниясына жетекшілік етуді (осы жылға дейін ресми түрде ұлы, Эдзельдікі болған) немересіне өткізеді. Екі жылдан кейін 1947 жылы 7 сәуірде 83 жасында Форд қайтыс болды. [8,25]
ІІІ. 3.1. Менеджердің базалық сапасы
Менеджерлер қазіргі өндіріс шарттарында – басқару бойынша мамандар. Өзіндік профессионалды қызмет ретінде менеджмент, менеджер өзі істейтін фирма капиталы меншігінен тәуелсіз. Менеджер ретінде жұмыс істей отырып, оның қолында фирма акциясы болуы да, болмауы да мүмкін. Менеджер еңбегі – барлық өндіріс процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары маманданған деңгейі бар өндірістің жоғары техникалық комбинациялау шарттарында пайда болатын өндіріс еңбегі. Сондықтан Менеджмент менеджер жетекшілігінде істейтін жалпы кәсіпорында өндіріс бөлімін немесе фирманы басқаратын маркетологтар, экономист, қаржы қызметкерлері, логистік, жобалаушы, инженерлер сияқты әр түрлі мамандық қызметкерлерінің басын қосады.
Менеджер термині кеңінен таралған және ол мыналарға қолданылады:
- иелік бөлімшелер немесе мақсатты-бағдарлама топтарының нақты жұмысын ұйымдастырушысына;
- жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелерінің жетекшісіне;
- қол астындағыларға көңіл бөлу жөнінде, жетекшіге;
- қазіргі әдіс-тәсілдерге сәйкес жұмыс ұйымдастыратын басқарудың кез келген деңгейінің әкімшілігіне.
АҚШ-да 10 миллионға жуық кәсіби менеджерлер бар. Олардың көпшілігі факсирленген еңбек ақы алады. Жалпы жұмысшы санындағы менеджерлер үлесі орташа есептегенде 10%. Менеджерлері көп болып сақтандыру және қаржы компаниялары саналады. Бұл жердегі менеджерлер саны орташадан екі есе көп. Ауыл шарауашылығында менеджерлердің саны ең аз. өндіріс спецификасында негізделгендіктен 50 қызметкерге 1 менеджерден келеді.
Ең маңыздысы американдық менеджерлердің қызмет көрсету, келісім негізінде профессионалды және квалификациясы әкімшілікке қызыққан фирмалар мен ұйымдарға ұсынылады.
Дамыған мемлекеттерде қолданылатын саяси, әлеуметтік экономикалық, психологиялық күштерді және басқару орындарында отырған адамдарға осы күштің әсерін зерттей отырып, басқарушының жұмысының мазмұны өзгеруі туралы маңызды қорытындыға келуге болады. Бұл қорытынды қазіргі уақыт пен болашақта шебер менеджерден талап ететін қабілеттіктерді болжайды. М.Вудкок пен Д.Френсистің зерттеуі соңғы он жылдықта басқарушылық қызметке әсер ететін 11 факторды бөліп көрсетуге көмектесті. [4,71]
1. Стресс, қысым көрсету және белгісіздік көп жағдайда ұйым өмірі формасында кездеседі.
2. Дәстүрлі құндылықтар жеке пайымдау мен құндылықтардың өзгеруіне әкеп соқты.