Үндістан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:39, реферат

Описание

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................

Работа состоит из  1 файл

Жүзжылдық менеджерлер.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)

              1988 жылы өткізілген зерттеудің барысында европалық компаниялардың 1500 менеджер басшының лидерлік қасиеттерінің маңызды көрсеткіштері мыналар деп атады: 96% - тиімді топты қалыптастыру қабілеті, 93% - әріптері мен бағынушылардың пікірін тыңдай білу, 87% - шешімдерді қабылдау қабілеті, 86% басқаларды жұмысты жүзеге асыруға тарту.

              Басқаруды жүзеге асыру саласында лидердің статусын, әсер етушілікті және билікті тиімді пайдалану қажет. ХҮІІ-ші ғасырда Николай Макиавелли өзінің «Принц» атты еңбегінде билік және оны пайдалануды мемлекетті басқарудың құралдары деп көрсеткен.    [1,81]

 

 

 

Қорытынды

 

              Осы курстық жұмыстың тақырыбы мен мазмұнын аша отырып, мен менеджмент пен менеджер ұғымын, сапасын және қоғамдағы мәнін түсіндім. Осы тақырыпты қарастыру жолында менеджмент тарихын және ондағы басқару мектептерін білдім. Сол арқылы менеджердің пайда болуын және оның қоғамдағы ролін түсіндім. Менеджердің қызметі табысты болу үшін оның қандай талаптары, міндеттері және мақсаты болу керектігін білдім.

Осы қоғамда, нарықта кәсіпорындар мен фирмаладың алға басу мақсатында менеджердің қызметі өте зор мәнге ие болғандықтан, оларды дайындау ең бірінші қадам. Осы дайындау барысында ең бірінші жолдар оларға ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетін арттыру, қандай жағдай болмасын олардың қиындықтарды жеңе білуді үйрету. Менеджердің профессионализмі оның арнаулы білімдері және өндірісті коммерцияны әрі басқаруды ұйымдастыру саласында дағдыларының болуында, ол түрлі салаларда адамдармен жұмыс істеуді білуі қажет. Егер бұрын ұйымды басқару үшін технология мен басқару техникасын біліп, адамдармен жұмыс істей білуді талап ететін болса, қазіргі таңда қоғамдық өндірістің дамуына байланысты менеджерлерге қойылатын талаптар кеңейтіледі. 

Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық ой-мінезін алдын ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және басқа да ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олар бірінші мақсатты белгілейді, екінші жұмысты ұйымдастырады, үшінші мотивация мен коммуникацияны қолдайды, төртінші менеджер қызметіндігі өлшеу яғни барлық көрсеткіштердің дұрыс болуын қадағалайды, бесінші еңбек өмірінің сапасы және өзімен бірге адамдардың өсуіне жағдай жасайды. Олардың нәтижелілігін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық ресурстар басты рөл атқарады.

Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

              Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ой              ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

              Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрамын іріктейді т.б.

              Үшіншіден, менеджер көтермелеу  шараларын қамтамасыз етіп, адамдамен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

              Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

              Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

              Әрбір менеджер жоғарыда аталған қызметтерді міндетті түрде атқаруы тиіс. Мұндағы бір ескеретін жәйт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып саналады.

              Менеджер жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қытысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірінше айқындай алуы тиіс.

              Сонымен қазіргі таңдағы менеджерлердің үлесі орасын зор болып табылады. Олар қоғамда кәсіпорындармен фирмалардың дамуындағы үлкен рөл атқаратын басқарушылық қызмет атқаратын кәсіпкер маман.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. «Менеджмент негіздері». Оқу құралы – Жаркенова С.Б.

2. «Маркетинг және Менеджмент негіздері» – С.Сатыбалдыұлы, Б.Байтанаева

3. «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы – А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов

4. «Менеджмент». Оқу құралы – А.Б.Рахымбаев, Б.О.Сабатаева

5. «Субъектілердің қаржы шаруашылық қызметін жүргізудегі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары» 18-қараша 1996 ж. №10, 6-қаңтар 1997 ж. №8 Ұлттық комиссия бекітілген.

6. «Кәсіпорын шығындарының есебі» – Афанасьева Л.Я. 2000 ж.

7. «Басқару есебі» – В.Л.Назарова, М.С.Жапарханова, Д.А.Фусов, С.Д.Фусова Алматы 2005ж.

8. «Менеджмент негіздері» – Ахметов К.Е.       Алматы, 1993.

9. ҚР Президентінің 1995 ж. №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы жарлығы»

10. «Кәсіпорындағы шығындар» Красов А.П. М-1998

11. «Бухгалтерлік есеп теориясы» - Укашев Б.Е. Алматы 1991ж.

12. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Винес А.Р. М-1998

13. «Менеджмент». Оқу құралы – Байтанаева Б.А. Алматы 2001ж.

14. «Қаржы-есеп» Тасмағанбетов Т.А. Алматы 1998ж.

15. «Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдау» Санк-Петербург 1999ж.

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

   

 

 

 

             

 

29

 



Информация о работе Үндістан мәдениеті