Ақша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 13:24, дипломная работа

Описание

Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.

Содержание

Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ң ақша нарығы және реттеу мәселелері.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)


        Мазмұны.

Кіріспе

1.   Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.

1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.

1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.

      Ақша мультипликаторы.

1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.

2.   ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.

2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.

2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.

3.   ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.

3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.

3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кіріспе

Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.

Сонымен қазіргі Қазақстан республикасының тәуелсіздіктегі жылдар ішінде жеткілікті, тұрақты ақша нарығы қалыптасты. 1993 жылы Қазақстан өзінің ұлттық валютасын еңгізу Ұлттық банкпен үкіметке валюталық спекуляцияларға бөгет қойып, айырбастау құралының қысқа мерзімдік тұрақсыздығымен байланысты шығындардан құтылу арқылы өзіндік экономикалық ақша –несие саясатын және валюталық саясатты жүргізуге қол жеткізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттің төлеу балансын қатайтудың, Ұлттық валютаның тұрақтандырудың және ішкі валюталық нарық дамуының қамтамасыз етуі ретінде қисынға келтірілген валюталық реттеудің негізгі мақсаттарына жетуге салмақты қадамдар жасалды. Ұлттық банктің жүргізген валюталық саясаты теңгенің қатаюына себептесті, оған артқан сенімі оның халықаралық есептемелерде, әсіресе, Қазақстанмен шектесіп жатқан мемлекеттермен мәмілелердегі төлем валютасы ретінде қолдануға әсер етті.

Бүгінгі таңда ақша нарығында валюталық реттелу балансқа келтірілген және әлемдік нарықтағы және көрші елдер арасындағы Қазақстанның нақты позицияларына, оған қоса таңдап алынған даму концепциясына толығымен жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.    Ақша нырығының мәні және оның теориялық аспектісі.

     1.1. Ақша және оның түрлері. Ақша нырығының мәні.

     Нарықтық экономиканың негізгі элементі-ақша. Ол халықшаруашылығының айналымының кіріс пен шығыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ақша массасы бұл тауар мен қызмет көрсетудің белгілі уақыттағы мемлекет ішіндегі айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қол  емес қаражаттардың жиынтығы.

Ликвидтілік – құнның еш шығынсыз активтен қолма-қол ақшаға тез аударудың мүмкіндігі. Ақша (тиын, қағаз ақша) ең ликвидті актив болып табылады. Банктік дипозиттер талап еткенінше жоғарғы ликвидті актив болып табылады. Себебі иегер   М1 агрегатына қосылатын ақша түрлері салыстырмалы түрде экономикадағы ең ликвидті активтер.

Қолма-қол ақшаның эмиссиясына тек мемлекеттің Орталық банкі ғана құқықты. Мемлекеттегі ақша мөлшері мемлекет пен Орталық банк арқылы қадағаланады. Ақша массасы айналымда ақша ұсынысы болып табылады. Ақша массасының жеке компоненттерінің  ликвидтілігі әртүрлі. Көбінесе ақша массасы компоненттерінің ликвидтілік дәрежесіне қарай құрылады. Ликвидтілігі төмендеген сайын, ақша массасының компоненттер құрамына біртіндеп төлемақы функциясын нашар мүмкіндікпен орындайтын активтер қосылады. Несиеге орналасқан ақша агрегаттары арқылы ақша массасының құрылымы сипатталады (әр алдыңғы агрегат соңғысына кіреді). Түрлі мемлекеттегі ақша массысының агрегаттарының құрамы мен құрылымы әртүрлі және ол ұлттық ақша нарығының ерекшеліктері мен ақша саясатының жүргізетін сипатымен анықталады. Ақша массасын өлшеу үшін келесі ақша агрегаттары қолданылады: М0, М1, М2, М3.

М0 ақша агрегаты. Бұл айналымдағы қолма-қол  (қағаз немесе металды ақша.) Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас дамыған мемплекеттерге қарағанда жалпы ақша массасында қолма-қол ақшаның үлесі жоғары

М1 ақша агрегаты құрамына  М0-ге қоса, мекемелердің есептік шоттағы және халықтың ағымдағы шоттардағы ақша, банктегі талап ету шоттардағы, жолдық чектер жатады. Ақша деп тұйық мағынада М1 агрегаты деп түсінеміз. Себебі оның көмегімен көптегшен айырбастау опирациялары жүргізіледі.

М2 ақша агрегаты құрамына М1 немесе оған қоса коммерциялық банктегі жылдам және жинақтау шоттерындағы ақша, маманданған қаржы мекемелеріндегі дипозиттер және кейбір басқа активтер кіреді.Осы агрегаттарға кіретін ақша қаражаттары бірінші жақтан екінші жаққа тасмалдана алмайды және келіссөз жүргізу үшін қолданыла алмайды. Олардың негізгі функциясы қаражаттарды жинақтау болып табылады. М2 ақша агрегаты кең мағынадағы ақша, ол көбінесе макроэкономикалық анализ үшін қолданылады.

М3 ақша агрегаты- ең ірі болып саналады. Оның құрамына М2 агрегатына қоса ірі жылдам дипозиттерді, келіскен бағамен кері сатып алуға болатындай бағалы қағаздардың саатып алынуы туралы келісімдер, банктердің дипозиттік сертификаттары, мемлекеттік облигациялар, коммерциялық қағаздар және т.б. жатады. Бұл агрегатқа мемлекеттік қысқа мерзімдік облигациялар (МҚМО), федеральді заемнің қарыз облигациялары (ФЗҚО), мемлекеттік жинақтау заемнің облигациялары (МЖЗО),  мемлекеттік ішкі валюталық заемнің облигациялары (МІВЗО) кіреді. Кейбір шетел елдерінде (мысалға АҚШ) ірі ақша агрегат ретінде L агрегатты қолданады. Ақша массасының компоненттері Орталық банк пен Коммерциялық банктер тізбегінен тұратын банктер жүйесінің консолидирлендірілген баллансының пассивінде көрініс табады. Ақша агрегатының динамикасы пайыздық қойылым динамикасына тікелей тәуелді. Пайыздық қойылым өскен кезде құрамында активі бар кресті пайыз түрінде әкелетін М2 және М3 агрегаттары М1 агрегатынан жылдам өседі. Мемлекеттегі қаржы тұрақтылығы үшін ең қажетті пайыздық қойылымның тұрақтылығы және экономиканың шынайы қажеттіліктеріне адкватты ақша массасының бірқалыпты динамикасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.Ақша мультипликаторы.

Ақша нарығы бұл ақша сұранысы мен ұсынысының өзара әсерлесуі нәтижесінде ақша мөлшерінің тепе-тең мәнімен пайыздық тепе-теңдік қойылымы тұрғызылатын ақша қаражаттарының нарығы.

Ақша сұранысы мен ұсынысының тепе-тең өзара әсерлесуі  арнайы ақша –несие  институттарын қамтамасыз етеді.

Ақша ұсынысы. Ақша ретінде нарықта қолданылатын түрлі қаржылық қаражаттардың жиынтығы ақша ұсынысын құрайды. Ақша ұсынысын негізінде Орталық банк қадағалайды, соған қоса кейбір кезде аз мөлшерде халықтың іс-әрекетіне және ірі коммерциялық қаржы құрылымдарына байланысты.

Ақша ұсынысы қисығы-ақша базасының өзгеріссіз кезіндегі пайыздық қойылым деңгейіне айналымдағы ақша мөлшерінің тәуелділігін көрсетеді. Ол қысқа және ұзақ мерзімді ақша ұсынысының қисықтары болып бөлінеді.  М1 агрегаты үшін қысқа мерзімді ақша ұсынысының қисығы көлденең сызық болады, себебі ақшаның мултипликаторы тұрақты және пайыздық қойылымнан тәуелсіз басқа агрегаттары үшін (М2, М3)ол көлбеу сызық болып келеді.

Ұзақ мерзімді ақша ұсынысы. Ақша сұранысының өзгеру кезіндегі пайыздық қойылымның өзгеруіне ақша массасының тәуелділігін көрсетеді. Ақша ұсыныс қисығының түрі Орталық банктің жүргізетін ақша несие саясатының тактикалық мақсаттарына байланысты.

Орталық банк бірқалыпты деңгейдегі ақша мөлшерінің демеуін және сенімді түрде пайыздық қойылымның өзгермеулігінен ақша айналымының тәуелсіздігін қадағалау мақсатына жеткен кезде ғана, ұсыныс қисығы көлденең түрде болады (25.1а суреті) абцисса осінде ақша ұсынысының көлемі (МS), ал ордината осінде пайыздық қойылым (r) көрсетіледі. Мұндай жағдай инфляцияны болдырмауға бағытталған қатаң монетарлы саясат сипатталады. Бұл үшін міндетті норма өзгеруінің резерві және ашық нарықтағы операциялар сияқты құралдар қолданылады. Монетарлық саясаттың мақсаты ссудалық  пайыздың номиналды мөлшерінің тұрақты болған кезде ақша ұсынысының қисығының түрі тігінен болады. Бұл Орталық банкке байланысты коммерциялық банктің қойылымдарын және өздік қойылымдарын тіркеу арқылы, оған қоса ашық нарықтағы операциялардың тіркелуі арқылы орындалады. Мұндай саясат жұмсақ (икемді) монетарлы саясат деп аталады.  Ол мына кездерде қолданылады: мысалға айтсақ, ақша айналымының артуы ақша сұранысының өзгеруін тудырған кезде. Мұндайда төлемсіздік кризисінен құтылуға болады.

Орталық банк айналымдағы ақша мөлшерінің және сәйкесінше пайыздың номиналды қойылымының (25.1в сурет) белгілі түрде ұлғайуын қамтамасыз еткенде ақша ұсынысының қисығы көлбеу түрде болып келеді. Бұл,әрине, Орталық банктің ашық нарықта операциялар жүргізбей, міндетті  резервтердің тұрақты нормасын  сақтаған кезде ғана орын алады. Мұндай қосарланған (аралас) саясат көбінесе ішкі жалпы өнімнің ауытқуымен белгіленген ақша сұранысының өзгеруі кезінде қолданылады.

Ақша ұсынысы екі айнымалы арқылы сипатталады: нақты немесе мемлекеттегі ақшаның номиналды мөлшерімен. Біріншісін кейде нақты кассалық қалдықтар (Мр) деп те аталады. Олар ақшаның сатып алу мүмкіншілігін сипаттайды. Басқаша айтқанда, номиналды ақша массасы мен баға деңгейінің қатынасы.

                       

                                             Мр = Mн /Р

      Орталық банктің ақша ұсынысының толық бақылауы туралы, банктің жүйенің ролін ығыстырады (жақтырмайды- игнорирует).Тәжірибеде ақша ұсынысы тек саясаттан ғана емес, тағы үй шаруашылығының және ірі коммерциялық банктердің саяси  іс-әрекеттеріне де байланысты. Соңғылары Орталық банк сияқты ақша жасай алады. Мұндай мүмкіндіктер міндетті банк резервтерінің мөлшерімен шектеледі. Олар – Орталық банкке пайызсыз салым түріндегі төменгі (мин) резервтік жабындылар (покрытия) банк кассасындағңы қолма-қол ақшаның резерві, жалпы суммадағы банк кредитеріндегі қолма-қол ақшаның үлесі.

Егер 100%- дық банктік резервлеу қолданылса, онда коммерциялық банктер ақша жасай алмайды және банктік жүйе ақша ұсынысына әсер етпейді.

Келесі белгілерді еңгіземіз:

Мs – ақша ұсынысы; Н- ақша базасы; С- қолма-қолдылық;

D-шектік (мерзімсіз) депозиттер; К- коммерциялық банктердің кредиттері;

R-банктік резервтер; m-ақша мультипликаторы; d- депозиттік мультипликатор;

k- кредиттік мультипликатор; Бұлардың арасында мынадай байланыстар болады:

      Н= С+ R               Мs= С+ D

      m= Мs/ Н            бұл жерде         Мs= m*Н

Ақша мультипликаторы бұл ақша ұсынысының ақша массасына қатынасы. Ол ақша базасының бірлікке ұлғайған кездегі ақша ұсынысының (мемлекеттегі ақша мөлшері) қаншалықты өскенін көрсетеді.Ақша ұсынысы тікелей ақша базасының көлеміне және ақша мультипликаторына тәуелді:

                                D= d*Н

Дипозиттік мультипликатор коммерциялық банктегі дипозиттер ақша базасы бірлікке ұлғайғандағы максимальды қаншалықты есейе алатынын көрсетеді.

                                 К= k*Н

Кредиттік мультипликатор халықтың банктегі кредиттердің суммасы ақша базасының бірлікке ұлғайғандағы максимальды қаншалықты есейе алатынын көрсетеді.

Ақшаның сатып алыну мүмкіндігін нарықтағы ақша массасы және тауар мен қызметтер массасының қатынасы анықтайды. Ақшаның сатып алыну мүмкіндігі бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауар мен қызметтердің мөлшері. Баға деңгейі өскен сайын ақшаның сатып алыну мүмкіндігі төмендейді және керісінше.

Қазіргі заманның банктік жүйесі- бұл бөлшекті резервтік жабындысы жүйе: депозиттерінің бір бөлігінің ғана банкте резерв түрінде сақтап, қалғандарын қарызға беру және басқа активті операциялар үшін қолданылады.

Басқа қаржылық институттарға қарағанда банктің ,ерекшелігі ақша ұсынысын ұлғайту мүмкіндігінің болуы («ақша жасау»).

Информация о работе Ақша айналысы