Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 13:24, дипломная работа
Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.
Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар
Несиелік мультипликация-коммерциялық банк жүйесімен шектелген төлемақы қаражаттарының эмиссия процесі.
Банк 1-дің депозиттері 1000-ға дейін өсті деп алайық. Резервте 20%, яғни 200 қалады, ал қалғандары қарызға беріледі (резервтер нормасы- резервтердің депозиттерге қарым-қатынасы- берілген жағдайда 20% немесе 0,2 құрайды). Осылайша, банк1-дің ақша ұсынысын 800-ге көбейтіп, енді ол 800+1000=1800.
Салым салушылар бұрынғысынша қолында 1000 бірлікке тең суммалы депозиттері бар, бірақ қарыз алушыларда (Заемщик) 800 бірлік бар, басқаша айтқанда, бөлшектік резерв жабындысы бар банктік жүйе ақша ұсынысын арттыра алады.
Егер бұл 800 бірлік қайттан банкке түссе процесс қайта жүреді: 20% немесе 160 бірлікті банк2 өз резервінде қалдырады, қалған 640 бірлікті несиеге беруге қолданады. Осылайша ақша ұсынысын тағы да 640 бірлікке арттырады. Бұл ақша банк 3 түсетін болса, тағы 512 бірлік қосылады, сөйтіп процесс жүре береді.
Егер бұл процесс соңғы ақша бірлігінің қолдануына дейін созылса, онда жүйедегі ақша мөлшерін келесі тәсілмен анықтауға болады:
Алғашқы салым=1000
Банк1-дің қарызы (қосымша ақша ұсынысы)= (1-0,2)*1000=800
Банк2 қарызы =(1-0,2) [(1-0,2)*1000]=(1-0,2)^2 *1000=640
Банк3 қарызы =(1-0,2) [(1-0,2)^2*1000]=(1-0,2)^3*
..............................
Ақша ұсынысының қосындысы мынаған тең:
1000*[1+(1-0,2)+(1-0,2)^2+(1-
(шаршы жақшадағы бөлгіші (1-0,2), яғни бірліктен төмен болатын геометриялық прогрессия мүшелерінің қосындысы болып табылады. Анықтама бойынша бұл қосынды 1/(1-(1-0,2))=1/0,2 тең).
Жаңа депозиттің пайда болуы нәтижесінде жалпы түрде қосымша ақша ұсынысы мынаған тең Мs =1/rr*D
rr-банктік резервтер нормасы;
D- алғашқы салым;
1/rr - коэфициенті банктік мультипликатор немесе депозиттік мультипликатор деп аталынады.
Ақша ұсынысының жалпылау моделі Орталық банк ролін ескере отырып, банктік жүйелер депозиттерінің мүмкін қолма-қолдылық ағымына байланысты қарастырылады. Ол жаңа айнымалылар қатарынан тұрады.
Ақша базасы (жоғарғы қуаттылықтағы резервті ақша)- бұл банктік жүйеден тыс қолма-қолдылық және Орталық банкте сақталынған коммерциялық банктің резервтері. Қолма-қолдылық ақша ұсынысының тікелей бөлшегі болып табылады. Ол кезде банктік резервтер ақша ұсынысын арттыра отырып, банктің жаңа депозит шығару мүмкіндігіне әсер етеді. Ақша базасын МВ арқылы белгілейік. Ал банктік резервтерді R десек, онда МВ =C+ R
МВ –ақша базасы; С- қолма-қолдылық; R- резервтер;
Ms –ақша ұсынысы; С- қолма-қолдылық; D-талап еткенінше (сұрап алынатын) депозиттер;
Ақша мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынысы мен ақша базасының арасындағы қатынас.
Ақша мультипликаторының қолма-қолдылығы – депозиттер cr (депонирования коэф.) және резерв-депозиттер rr (резервілеу нормасы) арасындағы қатынас арқылы қарастырылады.
Теңдеудің оң жақтағы алымы мен бөлімін мүшелеп D – ға (депозиттерге) бөлеміз, содан келесі теңдеуді аламыз
бұл жерде cr = C/ D; rr= R/ D;
Қолма-қолдылық пен депозиттер қандай пропорцияда болатынын шешетін халықтың мінезімен cr мөлшері анықталады. rr қатынасы Орталық банкпен тағайындалатын міндетті резервтер нормасымен және коммерциялық банкттер қажетті суммадан артық ұстауды қалайтын артық резервтер мөлшеріне байланысты. Енді ақша ұсынысының келесі теңдеуін қарастыруға болады
Мs = (cr+1)/(cr+rr)* МВ
Орталық банк ақша ұсынысын бірігншіден ақша базасына әсер ету арпқылы қадағалайды. Өз кезегінде ақша базасының өзгеруі ақша ұсынысына мультипликативті күшті әсер етеді. Осылайша, ақша ұсыныс көлемінің өзгеру процесін екі кезеңге бөлуге болады:
1. Халық пен банктік система алдындағы орталық банктің міндеттерін өзгерту арқылы ақша базасының алғашқы модификациясы(қолма-қолдылық пен резервтің көлеміне әсер ету).
2. Коммерциялық банк жүйесінде «мультипликация» процесі арқылы жасалынатын ақша ұсынысының кейінгі өзгерістері.
Ақша базасына немесе мультипликаторға әсер ете, ақша саясатының құралдары ақша массасының мөлшерін түзетеді. Ақша саясатының үш маңызды құралын бөліп көрсетуге болады. Олардың көмегімен орталық банк ақша несие өрісінде жанама басқаруды қамтамасыз етеді.
1. Есеп қойылымының немесе реқаржылау қойылымының өзгеруі, яғни коммерциялық банктерді несиелейтін Орталық банк қойылымдарының өзгеруі.
2. Міндетті резервтер нормаларының өзгеруі, басқаша айтқанда, коммерциялық банктер резерв түрінде (пайызсыз салымдар) түрінде сақтайтын депозиттердің минимальді үлесінің өзгеруі.
3. Ашық нарықтағы операция. Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатуы немесе сатып алуы (фондылық нарығы дамыған елдерде қолданылады).
Бұл операциялар банктік резервтер көлемінің, демек ақша базасының өзгеруімен байланысты.
Орталық банк ақша ұсынысын толығымен бақылай алмайды.Мысалы:
1.rr қатынасына сәйкесінше,мультипликаторға әсер ететін артық резервтердің (R құрамына кіретін) көлемін коммерциялық банктердің өздері анықтайды;
2. Орталық банк коммерциялық банктермен берілген несие мөлшерін нақты және дәл қамти алмайды немесе ескере алмайды;
3. Әрдайым Орталық банктің әрекеттерімен байланысты бола бермейтін халық мінез-құлқымен және басқа себептермен cr көлемі анықталады.
Ақша сұранысы шаруашылық агенттері төлеу қаражаты ретінде қолданғысы келетін ақшалы қаражаттың мөлшерімен анықталады.Ол экономикалық субъектілердің кірісінің қай бөлігін салыстырмалы ликвидті формада, қолма-қол ақша (ақша кассалары) ретінде сақтауды таңдайтынын көрсетеді. Ақша сұранысы белгілі сәтте өлшенген ақша қорының сұранысын білдіреді. Ақшаға сұраныс экономиканың барлық секторларында қалыптасады.
Ақша кассасын қолда ұстау альтернативті шығындармен байланысты. Оған қоса иеленуші басқа мүлік түрлері сатып алу нәтижесінде қолға түсетін кірістен айырылады. Экономикалық әдебиеттерде ақша ұсынысының екі негізгі концепциясын бөліп айтуға болады: классикалық (монетаристік) және кейнсиандық.
Неоклассикалық мектеп. Мөлшерлік ақша теориясымен шектеле отырып, ақшаның сұранысын И. Фишер теңдеуімен сәйкестендіріп анықтаған:
Мұндағы M-айналымдағы ақша мөлшері;
V-ақшаның айналым жылдамдығы;
Q-өндірудің нақты көлемі;
P-баға деңгейі;
Ақша айналымының жылдамдығы тауар мен қызметтерді сатып алу нәтижесінде ақша бірлігі шамамен жылына қаншалықты айналым жасайтынын білдіреді. Айналымдағы M – ақша мөлшерін Md – ға ақша сұранысының мөлшеріне ауыстырып, формуланы (1) түрлендіреміз. Нәтижесінде
Бұл теңдеуден мынаны көреміз, ақшаның сұраныс мөлшері баға деңгейі мен өндірудің нақты көлемімен тура қатынаста, ал ақша айналым жылдамдығымен кері қатынаста.
Егер барлық мәлімелерді номинальды жалпы ұлттық өнім (У) көлемінде қарастыратын болсақ, онда келесі мәндер шығады:
У= P*Q
Бұдан M*V= У және Md= У/ V.
Берілген жағдайларда ақша сұранысының мөлшері келесі факторларға байланысты: Өндірудің нақты көлемдік деңгейі мен ақша айналымының жылдамдығына, ақшаның мөлшерлік теориясының модификациясын Кембридж мектебінің белсенділері ұсынды. Кембридж теңдеуі келесі түрдегідей болады: M=k*P*Y, сонда Md= M/ P= k*Y
Бұл жердегі Y- кірістің нақты өлшемі;
k- коэффициенті ыңғайлылық үшін қолма-қол ақша түрінде сақталатын кірістің немесе ақша қаражатының бір бөлігі болып табылады.
Халық нақты кассалық қалдықтардың тұрақты сатып алыну мүмкіндігінің демеулі болуын қажет етеді. Нақты ақша қаражат қорларының сұранысы кіріске тура қатынаста. Ол үшін баға деңгейі ақша ұсынысының номинальды мөлшеріне тура пропорционалды түрде өзгеруі тиіс.
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік кезінде ақша нейтральды барлық ақша ұсынысына номинальды өзгеруі нақты экономикалық айнымалыларға (өндіріс, ресурстардың орналасуы, жұмыспен қамтылу) әсер етпейді. Осының түбінде классикалық дихотомияның принципі жатыр. Оның ішінде нақты және номинальды айнымалылардың теориялық шекараландыру жатады. Біріншіге: сандыққа ЖҰӨ нақты көлемі, ұлттық табыс, нақты пайыздық мөлшерлеме сияқтылар жатса, екіншіге: баға деңгейі, номинальды табыс сәйкес.
Ақшаның сандық (мөлшерлік) теориясы қазіргі заманғы монетаризмнің өкілі М. Фридменнің еңбектерінде көрініс алады. Ол ақша және басқа да активтер сияқты «портфель ресурстарының» суммасымен шектелген жеке тұқлғаның ақша сұранысын қарастырады.
Мd=Pf (Rb, Re, P, h, y, u)
Мұндағы, Мd-ақша сұранысының мөлшері;
Pf - бағаның абсолюттік деңгейі;
Rb -пайыздың облигация бойынша номинальды нормасы;
Re -кірістің акция бойынша нарықтық құны;
P -пайызбен өлшенетін деңгейдің өзгеру қарқыны;
y -байлықтың жалпы көлемі;
u -мәнер мен артықшылықтардың мүмкін өзгерулерін өмірге көрсететін мөлшер;
h -адамдардың байлығы (еңбегі) мен барлық басқа байлық формалары арасындағы қатынас.
Монетаристер ақша сұранысының «портфельді» теориясын дайындаған. Ондағы ақша сұранысы экономикалық субъектілерінің активтерінің портфельді оптимизациялау міндетімен байланысты қарастырылады. Олардың ойлауынша, халық түрлі активтерді таңдау алдында тұр және ақшаның сұранысы ликвидтілік артықшылығының мотивімен байланысты.Экономикалық субъектілер белгілі тәуекелділікте мүлікті иеленуден пайдасын максимальды қанағаттандыруды қамтамасыз ететін барлық өз активтерінің портфель құрамын қалыптастырады. Нәтижесінде мүлік тәріздес ақша сұранысы спекулянтты мотивтерден емес ликвидтілік артықшылық мотивінен пайда болады. Портфельдік теорияларда жинақтау немесе мүлікті қалыптастыру қаражаты ретінде ақша функцияларына екпін жасалады.
1.3. Ақша сұранысының кейнсиандық теориясы.
Кейнстің ақша теориясында басты ролді пайыздық қойылым атқарады. Оның тұжырымындауынша, ақша бұл экономикалық агенттер активінің портфельдік құрылымындағы байлықтың бір түрі. Кейнстің ақшаға сұраныс теориясы ликвидтілікті артық көру теориясы деп аталады. Себебі бұл теорияның пайымдауынша, экономикалық субъектілердің ақша түрінде ұстағысы келетін актив портфелінің бір бөлігі (бөлшегі) ликвидтіліктің қасиеттерін бағалауына байланысты. Кейнс классикалық мектеп өкілдеріне қарағанда, негізгі көңілін трансакциялық ақша сұранысына бағыштамай, басқа да мотивтерді қарастырды. Кейнсиандық ликвидтілікті артық көру теориясына сәйкес, ақша түріндегі байлықтардың (актив портфелінің) бөліктерін экономикалық агенттердің басқаруында болатын үш басты қозғаушы сақтау мотивтері бар.
1. Трансакциялық мотив. Байлық бөлігін айналым қаражаты және төлеу қаражаты ретінде қолдану мақсатымен ақша түрінде сақтау.
2. Сақтандыру мотиві перспективада байлықтың ақша түріндегі бөлігінен басқару миүмкіндігінің бар болуымен байланысты. Бұл күтпеген қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе күтпеген мүмкіндіктердің артықшылықтарын іске асыру үшін қажет.
3. Спекулятивтік мотив. Капиталды жоғалтудан, сақтандырудан туындайды. Яғни бұл оның бағалы қағаз түріндегі курстық құнының төмендеу кезеңінде сақтаумен байланысты.
Ликвидтілікті артық көру теориясында басты көңіл пайыздық қойылымға бөлінеді. Өз кезегінде ол белгілі кезеңге берілген қарызды орнына қарыз алушының кредиторға төлейтін пайыздың суммасын анықтайды.
Пайыздық қойылым нақты және номинальды болып бөлінеді. Пайыздың нақты қойылымы r ақша альтернативі ретінде сақтауға болатын активтер кірісі болып табылады. Пайыздың нақты қойылымы- бұл баға, иегерге пайыз әкелетін альтернативті активтер ретінде емес ақша кірісін әкелмейтін байлық бөлігін иеленгені үшін осы бағамен төленеді. Экономикадағы ақша рөлін баян етуде неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы негізгі ерекшеліктер мына төмендегіге саяды: Кейнсиандықтар ақшаға болмашы роль берсе, монитартстер атап айтқанда, ақша айналымы - өндіріс, баға мен жұмысбастылықтың деңгейін анықтайды. Олар ақша массасының айналым өзгешелігін түрліше баян етеді. Неоклассиктердің айтуынша, жылдамдық (V) - тұрақты болса, онда айналымның мөлшерлік теңдеуінен ( M*V = Y) ақша мөлшері мен ЖҰӨ арасында тікелей тәуелділік бар екенін көруге болады.