Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 13:24, дипломная работа
Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.
Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар
Кейнсиандықтар болса, ақша ұсынысының өзгеруі, біріншіден, пайыздық қойылымның деңгейін, содан кейін инвестициялық сұранысты өзгертіп, мультипликатор арқылы номинальды ЖҰӨ-нің өзгеруін тудырады деп көрсетеді. Неоклассиктердің айтуынша, ұзақ мерзімді саясатта, мемлекет- негізделген тұрақты ақша массасының осімен қамтамасыз етуі тиіс.
Неоклассиктерге қарағанда кейнсиандықтардың жорамалдауынша, ақша ұсынысын өсіп жетілдіру көптеген негативті зардаптарды тудыруы мүмкін. Егер ақша ұсынысы өсетін болса, несие бағасы, яғни пайыздық қойылым қысқарады және ол ақша ұсынысының өсу шегіне әсер етпейді. Нәтижесінде экономика «ликвидті қақпанға» түседі және негізгі макроэкономикалық өлшемдер арасында функциональді тәуелділік бұзылады. Сондықтан неоклассиктерге қарағанда кейнсиандықтар экономиканы тұрақтандырудың негізгі құралы ретінде, фискальді саясат емес, ақша саясаты деп түсінеді.
Нарықтық экономикада инфляция болуы ықтимал. Инфляция қарқыны қосымша ақшаны сақтаудың альтернативті құны болып табылады. Инфляция сақтау құралы ретінде ақшаның қорын бұзады, сол себепті экономикалық агенттердің ликвидті емес активтерді сақтау ынтасын арттырады, мысалыға, ликвидті емес активтер болып табылатын тауарлық қор немесе қозғалымсыздық бағалары мемлекеттегі инфляция қарқыны өскен сайын артады.
Бұған қарғанда ақша сұранысында қаншалық пайыздың нақты қойылымы әсер етсе, соншалықты күтілген инфляция қароқыны әсер етеді. Ақша сұранысының функциясын келесі түрде қарап көрейік:
Md = f (Y,r,p) (2)
Y- номинальді ұлттық табыс;
r- пайыздың нақты қойылымы;
p- күтілген инфляция қарқыны;
Пайыздың нақты қойылымы және күтілген инфляция қарқыны ақша табысын әкелмейтін альтернативті құн болып табылады. Демек олардың қосындысы пайыз нормасының номинальді түрдегі ақшаның жалпы альтернативті құнын құрайды. Мұны келесітеңдеу арқылы көрсетуге болады.
Олай болса, (2) формуланы келесідей түрлендіруге болады.
Md = f (Y,і)
Мұндағы і – пайыздың номинальді нормасы;
Трансакциялық мотив және сақтандыру мотивтері номинальді табыстың артуымен ақша сұранысының өсу арасында тура функциональді тәуелділікті құрайды. Спекулятивті мотив пайыз қойылымның төмендеген кездегі ақша сұранысының артуын тудырады және керісінше.
Графикте көрсетілген ақша сұранысының қисығын қарастырайық. Вертикальды осьтің бойымен пайыздың номинальді қойылымын, ал горизонталь ось бойымен айналымдағы ақша мөлшерін белгілейік. Номинальді ұлттық табыстың түрлі деңігейлеріне сәйкес Md1 және Md2 қисықтарымен берілген өзгермелілердің функциональді тәуелділігі көрсетіледі. (25.2 ақша сұранысының қисығы)
Ақша сұранысының қисығы ылди бұрыштың кері мәні болады. Себебі пайыз қойылымының төмендеуіне байланысты ақша сұранысы артады (номинальді ұлттық табыстың белгілі деңгейі кезінде) пайыздық қойылым төмендеген кезде А нүктесінен В нүктесіне Md1 ақша сұранысының қисығы бойымен жылжиды. Номинальді ұлттық табыс деңгейі артқанда Md1 қалпынан Md2 қалпына ақша сұранысының қисығы жылжиды.
Ақша нарығындағы тепе теңдік. Ақша нарығындағы тепе теңдік ақша ұсынысы мен ақша сұранысының өзара әрекеттесуі нәтижесінде орындалады және ақша ұсынысының көлеміне ақша сұранысының көлемі тең болғандағы нарық жағдайымен сипатталады. Ақша нарығындағы тепе теңдік өз активтерінің портфелінде бар болуын, экономикалық агенттердің қалайтын ақша мөлшері мен берілген ақша-несие саясатын жүргізу жағдайындағы орталық банкпен (банк жүйесімен) ұсынылатын ақша мөлшері арасындағы тепе теңдікті білдіреді.
Ақша нарығы іс-жүзінде әрдайым тепе теңдікке ұмтылады. Себебі оның үстінде іс-жүзінде тепе теңдікті бұзуды тудыратын факторларға лезде жауап беретін көптеген делдалдар жұмыс істейді. Нарықтағы ақша тепе- теңдігінің орындалу процесін графикалық көрсетуге болады. Мұны Орталық банкпен жүргізілетін шектеуші ақша несие саясатының мысалын қарастырайық. (25.3 сурет. Ақша нарығындағы тепе-теңдік)
Мs –Ақша ұсынысының қисығы –пайыз қойылымының әр мәндегі ұсынылатын ақшаның мөлшерін көрсетеді. 25.3 суретінің графигінде Мs қисығы вертикальді түрде болып келеді, бұл пайыз қойылымының өзгеруінен тәуелсіз Орталық банкпен жүргізілетін ақша массасын өзгеріссіз деңгейде сүемелдеу саясатын ұйғарады. Ақшұа сұранысының қисығы ылди бұрышының кері мәніне иемденеді және Md қисығы болып берілген.
Тепе теңдік ақша сұранысы мен ұсыныс қисықтарының қиылысуы Е нүктесінде орналасады. Берілген нүктеде абцисса осіндегі М* және ордината осіндегі і* тепе тең мәндері алынған. Біреуіндегі экономикалық субъектілердің қарамағында болуды керек ететін ақша мөлшері және екіншісі пайыздың тепе тең қойылым кезіндегі банктік жүйемен ұсынылған ақша мөлшері арасындағы сәйкестілік көрсетілген. Осылайша М* -ға тең ақша ұсынысы берілген кезде, і*-ға пайыздық мән тең болғанда тепе теңдік орнайды. Шамамен пайыздық қойылым тепе теңдік деңгейден жоғары өсті деп алайық, бұл ақшаны сақтаудағы альтернативті құнның өсуін білдіреді. Онда ақшаның сұранысы М1-ге дейін түсіп кетеді.
Экономикалық субъектілер үшін өз ақша қаражатын альтернативті активтер ретінде сақтау тиімдірек болады және оларды, мысалы, мемлекеттік облигацияларды сатып алуға жұмсағысы келеді. Оның салдарынан экономикалық агенттер пайда болған ақша артықшылығынан құтылуға әрекет жасайды. Осылайша банктік жүйе бағасы көтерілген мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы артылған ақшадан құтыла бастайды. Нәтижесінде нарықтық механизмде әрекеті ақша сұранысы мен ұсынысының бастапқы тепе теңдік деңгейде тұрақтай алмауына әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда пайыздық қойылым і1 деңгейінен і* деңгейіне шейін төмендейді.
Егер пайыздық қойылым тепе-теңдік деңгейінен і2 деңгейіне дейін төмендеп кетсе (і2<і*), онда ақшаныв сақтаудың альтернативті құны азаяды, олай болса, онсыз да жеткіліксіз ақшаның сұранысы артады. Экономикалық субъектілер (коммерциялық банктер, халық) өздерінің ақша қаражатын ұлғайту үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды сатумен қоса, өздерінің жедел депозиттерін жаба бастайды. Бұған жауап ретінде коммерциялық банктер жедел салымдарға жоғңары пайызды ұсына бастайды. Нарықтағы мемлекеттік облигациялардың артықшылығы олардың нарықтағы курстың төмендеуін және табыстылығынының артуын тудырады. Кері процесс жазыла бастайды, ол і* пайыздық қойылым кезіндегі бұрынғы деңгейденгі тепе-теңдіктің орнауымен аяқталады.
Тепе-теңдік бұзылуының қарастырған екі жолы графиктегі А нүктесіне (бірінші жолда) және В нүктесіне (екінші жолда) сәйкес келеді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, ақша сұранысының немесе ақша ұсынысының өзгеруі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Графикалық түрде ол сәйкесінше Мd және Мs қисықтарының ығысуын білдіреді.
Ақша ұсынысы мен сұранысының өзгеруі ақша нарығындағы тепе-теңдік жағдайының өзгеруіне қалай әсер ететінін қарастырайық. Ақша сұраныс деңгейінің өзгерген кезіндегі ақша ұсынысы өзгерсін делік (25.4 суреті ұсыныс өзгеруінің ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсер етуі)
Ақша нарығы Е нүктесінде тепе – тең жағдайында деп алайық. Егер айналымдағы ақша мөлшері азайса, онда ақша ұсынысының қисығы Мs1 жағдайынан Мs2 жағдайына орын ауыстырады.
Резерфтердің берілген деңгейі кезінде пайыздың бастапқы қойылымдағы экономикалық субъектілер керек ететін М1 өлшемі бар ақша мөлшерін банктер ұсына алмайды. Мұндай жағдайда коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы қағаздарды сату арқылы, өз резерфтерін толтыруға ұмтылады. Және де несиені алу үшін қажеттіліктерді арттырады, бұл пайыз қойылымының артуына әкеліп соғады. Жауап ретінде экономикалық субъектілер ақшадан гөрі басқа альтернативті (тиімдірек немесе табыстырақ ) активтерді артық көре бастайды.
Нәтижесінде ұсыныстың қисығы ығысады және Мd мен Мs2 қисықтары қиылысқан Е2 нүктесінде жаңа тепе-теңдік деңгейі орнайды. Экономикалық субъектілер керек ететін ақша мөлшері банктік жүйемен ұсынылатын ақша мөлшеріне сәйкес болғанда, біз жаңа тепе-теңдік жағдайға жаңа тепе-теңдік мәндегі М2 ақша мөлшері (М2 <М1) және жаңа тепе-теңдік і2 пайыз қойылымы (і2> і1) сәйкес келеді. Кері жағдайда қарастыру қисыны осыған ұқсас болып келеді.
Ақша ұсыныс деңгейінің өзгеріс кезіндегі номинальды ұлттық табыстың өсуінен туындаған ақша сұранысының өзгеруінен не болатынын қарастырайық. (25.5 сурет сұраныс өзгеруінің ақша нарығының тепе-теңдігіне әсер етуі).
Ақша нарығындағы бастапқы тепе-теңдік Е1 нүктесіндегі жағдаймен сипатталады. і1 пайыз қойылымындағы номиналді ұлттық табыстың артуы, ақша сұранысын арттырады, бұл Мd1 жағдайынан Мd2 жағдайына ақша сұраныс қисығының ығысуы арқылы көрініс табады. Ақша сұранысының артуы экономикалық субъектілердің бағалы қағаздарды сатып, ақшаны қарыз етіп алуға ынталандырады. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың нарықтық бағасының төмендеуін және пайыз қойылымының артуын тудырады. Пайыз қойылымы Е2 деңгейіне дейін көтерілген кезде ғана, ақша ұсынысының белгіленіп алыңған ақша ұсынысының Е2 тепе-теңдік жағдайына жетуге болады. Бұл жағдайда ақша сұранысының мөлшері ақша ұсынысының мөлшерне сәйкес келеді.
Жалпы жағдайда ақша сұранысы экономикадағы позитивті өзгерістер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін:номинальді ұлттық табыстыңөсуі,күтімдер мен банктік заңдылықтарындағы өзгерістер және т.б.Графикалық түрде сұраныс қисығының оңға ығысуында көрініс табылады.
Экономикалық агенттерде активтер портфелінің құрылымы қолма-қол жаққа өзгере бастайды. Бұл бағалы қағаздарды сатудың артуы және несиелік ресурстарды іздеу қажеттіліктеріне әкеліп соқтырады. Ақша ұсынысы шектелгендіктен қысқа мерзімді кезеңде оның нақты нәтижелері мемлекеттік бағалы қағаздар курсының төмендеуі мен пайыздық қойылымдардың артуы болып табылады.
Егер ақша ұсынысының қисығы ылди түрде келсе, ақша сұранысының артуы пайыз нормасына бірінші әсер етеді. Орталық банкпен белгіленген нормадан пайыздың фактілік нормасы артқан сайын, біріншілер міндетті резервтер нормасын төмендетеді немесе ашық нарыфқтағы мемлекеттік бағалы тқағаздарды сатып алады. Мұндай әрекеттер коммерциялық банктердің артылған резервтерінің өсуіне, демек несиелеудік артуына әкеліп солқтырады. Қарызды пайыздың жаңа тепе-тең мөлшеріндегі немесе көлеміндегі жаңа тепе-теңдік орнағанша, экономикадағы ақша массасының мөлшері арта береді.
2.ҚР-ның ақша нарығының мәні және сипаты.
2.1 ҚР Ұлттық банкі мен коммерциялық банктерінің іс-әрекеттерінің құқұықтық ұйымдастырылуы.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады.Еліміздің Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.Екінші деңгейдегі банктің түрлеріне:мемлекеттік, депозиттік, инвестикалық, шетел қатысатын және мемлекетаралық банктер жатады.
Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, оның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады, оның дербес баллансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ұлттық банк ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуде, мемлекет саясатын әзірлеп,жүргізіп отырады. сонымен қатар, оған несиешілер мен банк салымшаларының , сондай-ақ банктер мен басқа да ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және орындалуын бақылау жолымен шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерінің мүддесін қорғау жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін ретеу жолымен мемлекетік ақша- несие саясатын жүргізеді.Ол банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады. Ол республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді және республика аумағынан тыс жерлерде банктердің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім, сондай- ақ банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия береді.
Ұлттық банктің жарғылық қоры мен оның баллансындағы мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Одөз баллансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен билік жүргізу құқығын Ұлттық банкінің басқармасы белгілеген тәртіппен дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкінің резерв қоры оның жарғылық қоры мөлшерінде құрылып, өз пайдасы есебінен толықтырылады, әрі оның басқармасы бекіткен осы туралы ережеге сәйкес, тек жүргізілген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың, оның ішінде күмәнді және үмітсіз қарыздардың орнын толтыруға болады.Ұлттық банк іске асырылған кірісі және валюта активтері мен пассивтерін қайта бағалаудан шеккен шығыны еске алынатын арнайы резерв қорын, сондай- ақ өндірістік- әлеуметтік даму қорын құрады.
Банктің қаржылық жыл ішіндегі пайдасы осы қаржылық жылға жататын кірістері мен шығыстары арасындағы активтер амортизациясын, оның ішінде бір жылдан көп емес мерзімге амортизациялауға болатын банкноттар мен тиындарды шығару құнының бір бөлігін есептеп шығаруды қоса алғандағы айырмасы ретінде анықталады. Ұлттық банктің пайдасы жарғылық және резервтік қорларды, сондай- ақ Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының ұсынуымен Президент белгілеген норматив бойынша өндірістік- әлеуметтік даму қорын қалыптастыруға жұмсалады.Пайданың қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төмендегідей операциялар жүргізеді: