Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 13:24, дипломная работа
Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.
Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар
Пайыздық қойылымның негізгі жалпы жүйесі үшін базисті негіз болып: Орталық банктің есептік пайызы, қазыналық вексельдер бойынша қойылым, бір күндік қарыздар бойынша банк аралық қойылымдар. Олардың өзгерістерін экономиканың жалпы жағдайына, инфляция ырғағына жүргізілетін ақша-несие саясатының бағытына байланысты.
Банктік қызмет банктерге табыс әкеледі. Банктін табысы заем жинаушыдан алынатын пайыз суммасы мен салым салушымен төленетін пайыз суммалары арасындағы айырмашылық бойынша анықталады. Банк табысынан басқа банктің кірісіне биржа операцияларының табысын, инвестициялардың кірісін, комиссиялық ақы төлеуді қосуға болады.
Несиелік жүйеде ерекеше орынды мемлекеттің сыртқы қарыздарына қызмет ететін банк болып қайта құрылған Сыртқы экономикалық банкі жатады және үкіметтің мақсатты программаларын қаржылауда мемлекетпен ұйымдастырылған Даму банкі мен қайта құру банкін жатқызуға болады. Несиелік инфраструктураның жетекшісі банктік жүйе болып табылады. Ұлттық экономикадағы банктер жиынтығы мемлекеттің банкі жүйесін құрайды. Экономиканың әдеттегідей жұмыс істеуі үшін банктік жүйенің тұрақты болуы маңызды. Несиелік жүйе құрылымына банктік жүйеден тыс, банктік емес несие-қарнжылық институттар кіреді. Олар жұмысбастылықұқа жәрдемдесу қорын, мемлекеттің зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, жол және экологиялық қорлар, ломбард сияқты мемлекеттік құрылымдар жатады.
Әлемдік тәжірибеде банктік емес несие-қаржылық институттар – инвестициялық, қаржылық және сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, жинақ кассалары, ломбард және несиелік операциялар түрінде кездеседі. Бұл мекемелер немқұрайды банк болмай тұрып, көптеген банктік операцияларды орындап, банктермен бәсекелеседі. Өйткені олар үлкен ақша ресурстарын шоғырландырады, сол себепті ақша нарығында олар ақша айналым өрісіне үлкен әсер етеді.
Банктер (банктік жүйе) ақшаны жасау, яғни ақша ұсынысын ұлғайту мүмкіндігіне ие болады. Банктердің ақша жзасау мүмкіндігінің негізінде олардың артылған резервтері мен мультипликатор принципі жатады. Міндетті резервтік салымдар түрінде Орталық банкте сақталатын әрбір коммерциялық банктер ақша қаражаттарының мөлшерін депозиттер тіркейді. Ал Орталық банк осы депозиттердің белгілі категориялар көлеміне байланысты нақты минимальді пайыз орнатады.
Міндетті резервтер нормасы (r)депозиттер көлеміне байланысты пайыз түрінде орнатылады. Оның мөлшері салымдар түріне байланысты өзгешеленеді. Мысалы, талап ету салымдары бойынша қарағандағы, жедел салымдар бойынша r төмен болып келеді. Олардың мөлшері орнатылған міндетті резервтер нормасының негізінде анықталады. Орталық банкте пайыз салымдар түрінде сақтауға міндетті коммерциялық банктер депозиттерінің сумма бөлшегі – міндетті резервтер болып табылады. Міндетті резервтік талаптар Орталық банкпен салымдарды сақтандыру, банк аралық есептеулерді жүзеге асыру және несие банктік жүйе қызметін реттеу үшін қолданылады.
Жалпы резервтер көлемі мен міндетті резервтер арасындағы айырмашылық, яғни артылған резарвтер көлемі арқылы әрбөлек коммерциялық банктің несиелік ресурстар көлемі анықталады. Міндетті резервтер көлемі артылған резервтер, депозиттер көлемі және міндетті резервтер нормасы араларындағы қатынасты келесі теңдеулер арқылы көрсетуге болады:
Міндетті резервтер мөлшері = депозиттер көлемі*міндетті резрвтер нормасы;
Артылған резервтер мөлшері = резервтердің суммарлық
мөлшері – міндетті резервтер мөлшері;
Жалпы алғанда коммерциялық банктер жүйесі артылған резервтерінен асып кеткен қарыздарды банктік мультипликатор қызмет эффектісі көмегімен бере алады.
Банктік мультипликатор (b) немесе ақша ұқсынысының мультипликаторы міндетті резервтер нормасына кері көлем болып келеді және b=1/r берілген міндетті резервтер нормасы бойынша артылған резервтердің бір ғана ақша бірлігімен жасалатын несиелік ақшаның максимальді мөлшерін білдіреді.
Жаңа депозиттік салымның (D) пайда болуы негізінде коммерциялық банктер жүйесімен жасалына алатын ақшаның максимальді мөлшері немесе қосымша ақша ұсынысы келесі формула бойынша анықталады
Әрбір банк өзінің артылған резервтеріне тең сумманы ғана қауіп-қатерсіз төмендете алады, бірақ коммерциялық банктер жүйесінің қарызы артылған резервтерден бірнеше есе асып кетуі мүмкін. Бұл процесті мысал арқылы қарастырайық. Айталық бір кәсіпорын өзінің тауарларын мемлекетке 100 мың теңгеге сатты. Кәсіпорын бұл 100 мың теңгені коммерциялық банкке (КБ)салады. Сонда Орталық банк 20% деңгейінде орнатылған банктік резерв нормасы бойынша, банк басқа кәсіпорынға (немесе басқа занды тұлғаға) артылған резерв мөлшерінде ғана қарыз бере алады: 80 мың т.= 100 мың т - 20 мың т.Бұло кезде айналымдағы ақша мөлшері 100 мыңнан 180 мың теңгеге дейін көбейеді, 80 мың теңге- бұл КБ1-мен жасалған ақша.
Әрі қарай 80мың т алған заем беруші басқа кәсіпорыннан тауар сатып алады. Ол болса, алған ақша суммасын, айталық, екінші банктің (КБ2) депозитіне салады. Ол өз кезегінде 20% - қ банк нормасы бойынша, келесі кәсіпорынға артылған резерв молшерінде 64 мың т несие ұсынады. Бұл жерде айналымдағы ақша мөлшері 180 мыңнан 244 мың теңгеге дейін өседі, 64 мың т КБ2 – мен табылған ақша. Бірақ банктермен ақша жасау процесі бұнымен аяқталмайды. Ол потенциалды несие суммасы 0-ге тең болмайынша жалғаса береді.
Айналымға қосылған ақша мөлшерін банктік мультипликатор форрмуласын қолданып есептеуге болады. Біздің мысалымызда, ол b=1/0.2=5 тең.
Осылайша 20% -қ резерв талаптарының нормасы бойынша, алғашқы салым, яғни 100 мың т банктік жүйенің ақша жасау механизмі арқылы айналымдағы ақша мөлшерін 500 мың теңгеге дейін арттырды.
Жоғарыдағы банкпен ақша жасалатын процесс несие – банктік мультипликация атауына ие. Берілген механизмді оң схема ретінде қарастырған жөн. Ол кәсіпорындар қолына түскен барлық ақшаны банкке салу, ешкім өз салымдарын қайтарып алмау, ал банктер орнатылған міндетті резервтер нормасын еске ала отырып несие беру шарттарында жұмыс істейді.
Банктік мультипликатор экономикадағы басқа мсультипликатор сияқты ұлғаюға қалай жұмыс істесе, азаюға да солайша жұмыс істейді. Айталық, кәсіпорын тауарды сатып алу үшін ақшаны шетелден қайтарып алады. 100 мың теңгені алу біздің мысалымызда айналымдағы ақша мөлшерін 500мың теңеге потенциалды қысқаруға әкеліп соқтырады.
Міндетті резервтер нормасын орталық банк қаншалықты жоғары орнатса, соншалықты ақша қаражаттарының аз үлесі коммерциялық банктермен несиелік операциялар үшін қолданыла алады. Міндетті резервтер нормасының артуы ақша мультипликаторын азайтады, яғни ақша массасының қысқаруына әкеліп соқтырады. Демек, міндетті резервтер нормасын өзгертсек Орталық банк экономикадағы ақша ұсынысының мөлшерін өзгерте алады.
3. ҚР- ның ақша нарығының мәні.
Қазақстан Республикасы ақша нарығының мәселелері.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.
1991 жылы мемлекеттік салалық банктерді қайта ұқйымдастыру және КСРО Мемлекеттік банктің республика бөлімшелерін егемен Орталық банктер функцияларын үйлестіру арқылы Қазақстанда екі деңгейлі банктік жүйе қалыптасты. Жаңа банктік жүйенің бірінші деңгейіне Ұлттық банк және оның облысындағы бөлімшелері кірді. Банктік жүйенің екінші деңгейіне екінші деңгейлі банктер жатады. Сол кезеңнен өткен отандық банктік жүйенің реформалау процесі туралы сеніммен қазіргі уақытта оның мемлекеттегі қаржылық сектор дамуының лидерлік жағдайда екенін айта аламыз. 2002 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда жұмыс істейтін жалпы банктер саны 38-ге дейін жетті. (2001 жылдың соңында 44 банк, оның ішінде екеуі Мемлекеттік, 16 – сы шетелдік қатысы бар, оның 11-і шетел банктерінің қарамағындағылар). Банктік қызметтің халықаралық стандартқа көшу программасымен шектелген 4 банк бірінші топқа кірді, 16-сы екінші топқа, 12-сі программа талаптарын атқарды деп танылды. Банктер саны төмендеуіне қарамастан, олардың капитализациялық даму тенденциялары сақталынады. 2002 жылы 7 ай ішінде банктердің жинақтық меншікті капиталы 11,9 %-ға өсіп, 139,1млрд. т. құрады.
Сыртқы сауда айналымы ұлғайған сайын ақша ағымыынң көлемі артады, сол себепті халықаралық есептеулердің жаңа формаларын объективті қолдану қажеттіліктері туындайды, оған қоса төлеу қаражаттарының жаңа түрлері қолданылады, мысалы, пластикалық карточкалар 5 жыл бұрын Қазақстандық банктер visa төлеу жүйесімен жұмыс істей бастады. Бұл уақыт ішінде республикада миллионнан аса visa карточкалары шығарылды. 2002жылдың 1-ші жартысында ғана айналымдағы ақша мөлшері 903 млн $ құрады. Бұл мемлекеттегі ақша нарығының яғни банктік жүйенің дұрыс тенденциясы бар екендігінің айғағы.
Жалпы алғанда 10жыл ішінде қалыптасудың қиын жолдарынан өткен Қазақстанның ақша нарығында әлемдік стандартқа сай тұрақты рациональді құрылым пайда болып, кейінгі дамудың оңды тенденциясы сақталды.
(1- кесте)
1993жылдың қараша айында өзіміздің ұлттық валютаны еңгізу Ұлттық банк пен үкіметке валюталық спекуляцияларға бөгет қойып айырбастау курсының қысқа мерзімдік тұрақсыздығымен байланысты шығындардан құтылу арқылы өзіндік экономикалық ақша-несиелік және валюталық саясат жүргізуге қол жеткізді.
1994 жылдан бастап Ұлттық банктің ақша-несиелі саясатының жүзеге асырылуы барлық классикалық реттеу құралдарымен орындала бастады. Олардың ең бастылары: ресми қойылымның қайта қаржыландыру деңгейі мен берілетін несиелер көлемін реттеу, міндетті резервтер нормасын орнату және валюталық нарықта операциялар жүргізу болып табылады.
Кейінгі кезде ақша-несиелік саясатының дұрыс жүргізілуі макроэкономикалық жағдайдың едәуір жақсаруына әсер етті. 2001жылдың қорытындылары бойынша, ІЖӨ- нің өсімі 13,5% құрады (1994 жылы -12,6%). Инфляция қарқынының едәуір қысқаруы пайда болды, ол 2001 жылдың соңына қарай 6,4% құрады. (1994 жылы 1158,3 % ).
Соңғы жылдары ҚҰБ қолданған ақша-несиелік реттеу құралдарының арқасында ақша массасының өсуін байқауға болады: М3 ақша агригаты 1999жылы 84,4%-ға өсті, 2001жылы 45%-ға.(2-кесте). Осының нәтижесінде монетизация деңгейі 1999 жылдың 13,6%-нан 2001 жылдың 17,5%-ға өсті, бұл төлеу кризисінің шиеленісін төмендетті.
Инфляция қарқыныныңбәсендеуі және салымдар мен депозиттер бойынша позитивті нақты кірістерді банктің қамтамасыз ету депозиттік нарығының дамуына әкеліп соқты. Бұл екінші деңгейлі банктердегі физикалық және заңды тұлғалардың ақша –қаражаттар ағымының артуынан көрініс тапты. Бұдан басқа банктік жүйеге сенімді арттыруға бағышталған шаралар маңызды роль атқарды. Олардың қатарына мысалы,
-1999 жылғы теңге курсының бос қалқымалы жағдай еңгізгендегі халықтың ақша салымдары мен зейнетақы қорлары құнсызданудан сақтау мақсатымен теңгелік депозиттердің конвертизациясы;
-Міндетті кепілі бар сақтандыру депозиттер қорын құру (оның ішіне физикалық тұлғалардың талап етуінше);
-2002 жылдың наурыз айындағы бактік құпия сұрақтары бойынша ҚР – ның кейбірн заң шығарушы актілеріне өзгертулер мен үстемелер еңгізу туралы ҚР-ның заңын қабылдау сияқтылар кіреді. Бұл шаралардың арқасында халықтың депозиттері біршама өсті 2001 ж. 2 есе, 2002ж 8 ай ішінде – 20,2%-ға өсті. Жалпы алғанда соңғы екі жылда банктік сектордегі резиденттер депозиттері екі еседен көп ұлғайып 3,2 млрд. аса АҚШ долларын құрады, оның 255 млн АҚШ доллары 2001ж-дың маусым шілдеде өткен лигарлизация акциясы нәтижесінде түсті.
2002ж резиденттер депозиттерінің өсу тенденциясы жалғасты. Екінші деңгейдегі банктердің депозиттер көлемі (резиденттер еместерді есептемегенде) 2002жылдың 1 қыркүйегінде 497,9 млрд. т. құрады. Осылайша 2001жылдың сәйкес кезеңіндегі берілген деңгейі 27,2 %-ға артық болды. Депозиттердің жалпы көлемінің 44,6% -ын немесе 222,3млрд. т. халық салымдары құрайды. Халық депозиттерінің жалпы көлемінің едәуір үлесін шетелдік валютадағы салымдар 72,5% (161,2 млрд.т.)құрайды.
Екінші деңгейдегі банктер экономикадағы несиелеуде басты роль атқарады. Қазақстанның ҰБ –нің 2000 жылдың 14% -нан 2002жылғы 6 наурыздағы 8%-ға дейін қайта қаржылау қойылымының төмендеуі банктік пайз қойылымның төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл факт несиелеудің ұлғаюына оң әсер тигізді.
2002ж .Қазақстаннық банктердің ресурсты базаларының кеңею жағдайында банктердің активтер өсімдерінің жоғарғы ырғақтарының байқалуы жалғасты. Бұл жинақтық активтердің берілген несиелер үлесінің едәуір бөлігінің өсуне әкелді. Экономика саласындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік салымдары 01.09.2002ж. 577 млрд. т. құрады. Несиелік салымдардың жалпы көлемінде орташа ұзақ мерзімді қарыздардың үлесі 55,8% құрады. Ал1991 ж. -88%, 1993ж.-95,3% қысқа мерзімді несиелер құраған еді. (4-кесте).
01.09.2002ж. несиенің жалпы көлемінің едәуір үлесі өнеркәсіпте – 2,7%, саудада 30,4%, ауылшаруашылығында -10,2% шоғырланған. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 1991 ж соңында несиелер төмендегідей жайғасты: саудада – 8,2% , өнеркәсіпте-25,4% , ауылшаруашылығында-18,8% оның ішінде 4,7% ұзақ мерзімді несиелер. Ұсақ кәсіпкершілік субъектілерінің банктік несиелер көлемі 2002ж 1 қыркүйек айында 139,8 млрд .т. құрайды.
Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы қаржылық сектордың тұрақты дамуы банктік несиелер бойынша кірістің төмендеуіне себеп болады. Банктік емес несиелердің заңды тұлғаларға теңге бойынша орташа өлшенген пайыздық қойылым 01.08.2002ж. жылдық 15,2 %құрады, физикалық тұлғалар үшін 22,5 %.
Банктік сектордың кейінгі дщаму мақсатымен физикалық тұлғалар салымдарына міндетті коллективтік кепілдеу жүйесін толық жетілдіру, депозиттерді сақтандыру бойынша халықаралық стандартты енгізу, банктік бақылау бойынша Базель Комитетінің негізгі принцептері мен стандарттарына сәйкес ағымдық бақылауды жетілдіру салалары бойынша іс-әрекеттер жүргізілді. Жақын арада корперативті басқару және екінші деңгейлі банктегі тәуекелділікті басқару жүйелерін еңгізу жоспарлануда.