Ақша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 13:24, дипломная работа

Описание

Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.

Содержание

Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ң ақша нарығы және реттеу мәселелері.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)

- жоғарғы сыныпты (өтімділігі жоғары, тәуеклсіз) бағалы қағаздармен жәнебасқа да активтермен қамтамасыз етілген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге несиелер береді;

- жоғарғы сыныпты эмитенттердің мерзімі алты айдан аспайтын, әдетте сауда- саттық сипаты бар чектерін, жай және аударым вексельдерін сатып алады және сатады.

-  мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

-  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі несиелерді қамтамасыз етуге жарамды деп санайтын, өтелу мерзімі бір жылдан аспайтын облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконтты және процентті бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

-  депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізеді, бағлы қағаздар мен басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

- туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

- қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлердегі банктер мен қаржы мекемелерінде шоттар ашады;

  Қазақстан Ұлттық банкінің несиелерін қамтамасыз ету үшін кепілдік заты ретінде: әр түрдегі алтын және басқа да бағалы металдар; шетел валютасы; қазақстан теңгесіндегі және шет ел валютасындағы 6 ай мерзімге дейінгі жоғары сыныпты вексельдер; қор биржаларында ресми түрде бағаланатын бір жыл мерзімге дейінгі жоғары сыныпты борыш қағаздары болуы мүмкін.

Қазақстан Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері Қазақстан теңгесінің сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады.

Банктер қызметі табысты алуға бағытталған, олардың барлық қаржылық ресурстары пайыздық кіріс әкелуге талпынады. Сол себепті іс-жүзінде банктер өзінің барлық артылған резервтерін қарыз беру үшін немесе бағалы қағаздарды сатып алу үшін қолданады.  Коммерциялық банктік жүйе өзінің артылған резервтерін Банктік жүйенің бірінші деңгейінде Орталық банк орналасады. Ол мемлекеттік мекеме болып табылады және ерекше мемлекеттік меншікте орналасады. Орталық банк қызметінің негізгі мақсаты инфляциямен күрес арқылы ақшаның сату мүмкіндігіне демеу көрсету, ақша эмиссиясының шығыны болатын несие - банк жүйесінің тұрақтығын қамтамасыз ету. 

-Ұлттық ақша таңбаларының эмиссиясы айналымының ұйымдастырылуы және мемлекет территориясындағы айналымнан шығарылуы; Ақша ұсыныс мөлшерін реттеу;

-Мемлекеттің несиелік-қаржылық мекемелер қызметіне және қаржылық заңдылықтардың орындалуына жалпы қадағалау;

-Соңғы инстанцияда кредитор ретінде коммерциялық банктерге несиелер ұсынуы; Мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуы және өтеуі, үкіметтің шоттарын басқару, мемлекеттік институттар мен мекемелерге есеп кассалық қызмет етуі; Шетелдік қаржы операцияларын жүзеге асыру;

-Банктер активіне дәстүрлі тәсілдермен әсер ету арқылы банк ликвидтілігін реттеу; Ашық нарықтағы тіркелген қойылымдар мен міндетті резервтердің саясаты;

-Мемлекеттегі валюталық айналымына регломентациясы (тәртіп белгілеуі) және экономикалық субъектілердің валюталық операцияларына бақылау жасау;

     Ұлттық банк балансының құрылымын Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы белгілейді. Банкінің қызметін жыл сайын Ұлттық банкінің басқармасы тағайындайтын тәуелсіз аудиторлық ұйым оны үшінші жаққа жеткізгені үшін жауап береді. Қазақстан Ұлттық банкінің және оның бөлімшелерінің қаржы – шаруашылық қызметіне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерісі Қазақстан Республикасы Парламентінің және Президентінің келісімімен не болмаса тапсыруы бойынша жүзеге асырылады.

    Банктік жүйенің екінші деңгейі – бұл коммерциялық банктердің тармақталған жүйесі, олар несие-қаржылық қызметтердің кең таңдауын ұсынады: шаруашылық субъектілеріне есеп-несиелік қызмет етуі; несие беруге салымдарын қабылдау; төлемдердегі делдалдылық (ара-ағайындық);бағалы қағаздарды сатуы немесе  сатып алуы; мемлекеттік заемдарды орналастыруы ; сенім хаттар арқылы клиенттер мүлкімен басқару; қаржы – несиелік сұрақтар бойынша кеңес беру. Инвесторлар ретінде коммерциялық банктер ақшаларын облигацияларға және бағалы қағаздарға сала алады.

     Екінші деңгейдегі банктердің барлық операцияларын үш топқа бөлуге болады: пассивті, активті, делдалдық және сенім.

Пассивті операциялар дегеніміз банк ресурстарын қалыптастыру операциялары (қаражат тарту). Олар банктің өзіндік қаражатымен тартылған (қарыз) қаражаттардан тұрады.

Банктің өзіндік қаражаттарына жарғылық, резервтік, сақтандыру қорлары сияқты таза пайда есебінен, жыл ішінде бөлінбеген кірістерден құрылған қорлар жатады. Өзіндік қаражаттар (жарғылық және басқа да қорлар, негізгі қорларды қоса) ағымдық мерзімдегі шығындарды ескере отырып, банктің капиталын құрайды.

Екінші деңгейдегі банк операцияларының келесі бір түрі-бұл банктің активті операциялары.Бұл операциялардың негізгі бөлігіне: есептеу, несие беру және қорлық (бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу) операциялары жатады. Несие беру операцияларында банк ақшалай нысанда несие берумен айналысады.

Банктің қорлық операциялары-бұл бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар. Ол өзінің көптілігімен ерекшелінеді. Мысалы үшін, банктің өзіндік бағалы қағаздардың таратуы (акционерлік банк құрылған кезде); несиелерді бағалы қағаздар кепілі есебінен беру; клиенттердің талабы бойынша бағалы қағаздар мен операциялар (сату,сатып алу); басқа компаниялар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алумен айналысу. Бағалы қағаздармен операцияларды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегші ұлттық комиссясының оны жүргізу құқығына лицензиясы және Ұлттық банктің келісім болған жағдайда банктер жүзеге асырады.

Делдалдық операцияларды банктер ақылы негізде атқарады. Оның ішінде басты орынды есеп айырысу операциялары (өз клиенттерінің талабы бойынша, оның атынан қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысулар жүргізу) алады.

Банктердің пассивті және активті операциялары бір-бірімен өте тығыз байланыста. Пассивтердің құрамы мен құрылымы әсерінен банктердің активті операциялар жүргізуінің нақты мүмкіндіктері анықталады.   

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

    

   

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қазіргі заманғы несиелі- банктік жүйесі.

    Банктік жүйенің ақша жасауы.

Нарықтық экономикада ақша әрдайым қозғалыста болып, халықшаруашылық айналымына қатысуы тиіс. Бұл оның үзіліссіз айналымын білдіреді. Уақытша басы артық ақша қаражаттары қозғалыссыз жатпай, ақша несиелі мекемелерде шоғырланып және экономиканың нақты секторына инвестиция түріне бағышталуы тиіс.

Нарықтық экономиканың маңызды элементіақша-несиелеу ресурстарының нарығы болып табылады. Соңғысының жүргізуші ролі халықшаруашылығын басқарудағы несиелі институттар ролінің күшеюін білдіреді.

Несие (латынша creditum-қарыз)- бұл пайызды төлеу және қайтару шартымен ақша немесе мүлікті пайдалануға беру жайлы экономикалық субъектілер арасындағы мәмле. Несиені іске асыру формасы – қарыз болып табылады. Көбінесе несие сөзінің тар мағынасында қайтарымдылық және ақылық, лезделік шартында жүзеге асатын қарыздық капитал қозғалысы деп түсінеміз. Қарызға алынатын белгілі ақша суммасының төлем ақысы қарыздың бағасы болып табыладыжәне пайыз нормасы деп аталады.

Несие көздері болып кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттары табылады. Неие көздерінің ресурстары ретінде кәсіпорындар өндірісінің даму фондынан, айналым капиталынан, амортизациялық фондтан алынған уақытша қолданылмайтын ақша ресурстарын айтамыз.

Несие маңызды функциялар қатарын орындайды. Нарықтық экономикада жеке кәсіпорындар территориялар мен тармақтар арасындағы, ең алдымен, икемді капиталдың ауысу механизмі ретінде (ақша ресурстарының қайта бөлінуі)қажет. Бұл жерде несие қайта бөлу  функциясын орындайды. Бұл функция мемлекет пен өндінрістік және территориялық пропорцияларды реттеуде кең қолданылады. Несиенің арқасында инвестициялық салымдарды жүзеге асырып және кірісті алу мақсатымен капиталды концентрациялау процесі едәуір тез өтеді. Несие – айналымға несие ақшаларын (банкноттарды)еңгізуге және несиелік  операцияларды (қолма-қол емес есептеулерді)орындау үшін мүмкіндік туғызады, бұл айналымдар кемшіліктерін азайтып, ақша айналым жылдамдығын тездетеді. Несиелеу тәсіліне қатысты және несиенің формалары келесідей болады.

Несиелеу тәсілі бойынша, несиелер натуралды және ақшалай болып келеді. Натуралды несиенің объектілері болып ресурстар, инвестициялық және тұтынушылықтауарлар, шикі заттар бола алады. Ақшалы несиенің объектілеріне ақшалы копитал, аұшалай төлеу қаражаттары, акциялар, вексельдер, облигациялар және басқа қарыздық міндеттемелер жатады.

Несиенің мерзімі бойынша несиенің келесі түрлері бар:

-қысқа мерзімді, қарыз бір жылға дейінгі мерзімге беріледі;

-орташа мерзімді, мезімі екі жылдан бес жылға дейінгі;

-ұзақ мерзімді-мерзімі жиырмадан қырық жылға дейін;

Несиені беру сипатына байланысты мемлекетаралық, мемлекеттік коммерциялық банк, тұтынушылық, ипотекалық.

Мемлекет аралық (халықаралық)несиелер-бұл халықаралық экономикалық     қатынастар сферасындағы қарыздық капиталдың қозғалысы. Ол не тауарлық, не ақшалы (валюталық) формалар болып келеді. Кредиторлар мен несие берушілер (заемщик)ретінде халықаралық ұйымдар (Әлем банкі) үкімет банктер корпарациялар бола алады.

Мемлекеттік несие-бұл мемлекет –халық пен кәсіпкерлерді ақша қарыздарымен қамтамасыз етуін білдіреді. Мемлекеттік несие қаржыларының көзі болып, мемлекеттік заемдар мен облигациялар табылады.

Банктік несие-бұл ақша қарыздары түрінде әр түрлі шаруашылық субъектілерге, фирмаларға, жеке кәсіпкерлерге, халыққа несие- қаржылық мекемелерімен берілетін несиелер. Банктік несиелеудің объектісі ақшалы -капитал болып табылады.Бұл несиенің едәуір дамыған және әмбебап формасы.

Коммерциялық несие- бұл тауарлардың төлеу мерзімін ұзартып сату формасындағы бір шаруашылық субъектінің  екіншіге немесе басқаларға берілетін несие. Коммерциялық несиелердің объектісі тауарлы капитал болып табылады.

Тұтынушылық несие – белгілі пайызға және белгілі мерзімге (1-3 ж. дейін)жеке тұлғаларға түрлі мақсатпен берілетін несие. Тұтынушылық несие банктік қарыздарды қамтамасыз ету түрінде немесе бөлшектік сауда арқылы төлеу мерзімі ұзарған тауарларды сату формасы түрінде бола алады.

Ипотекалық несие –бұлжылжымайтын мүлікпен (жер, тұрғын үй, құрылыстар)кепіл берген, жеке тұлғаларға арнайы банктермен және мекемелермен. Ипотека, яғни ақшалы қарыз формасында берілетін несие. Бұл несиенің көзі ипотекалық банктермен шығарылатын ипотекалық облигациялар болып табылады.

Соңғы кезде лизинг , факторинг, фарфейтинг, траст сияқты несиелеу формалары дамуда.

Лизинг – бұл несиенің ақшасыз формасы, машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа материалдық қаражаттарды қолдануға берілген жәнге құны біртіндеп төленетін аренда формасы;Оның қолдануы меншіктік және қолдану функцияларының бөлінуінде негізделген, бұл жерде мүлікке меншіктік құқық аренда берушінің қолында қалады, ал арендаға алушы қолдануға берілген белгілі уақытқа мүлік құнын толық төлеуі тиіс, сонан соң ол мүлікке иелік ете алады. Лизингтік мәмілелер 1-10жылға дейін орындалады.Компаниялар көбінесе техниканы басқа арендаға өздері емес, лизингтік фирмалар арқылы тапсырады. Лизингтік компаниялар ретінде түрлі ұйымдар: банктер және оның филиалдары, өндіріс коорпарациялар бөлімшелері бола алады.

Факторинг – бұл бөтен қарыздарды не қайта сатып алуы не қайта сатуы немесе сенім хат бойынша жүргізілетін коммерциялық операциялар. Банк кәсіпорындардың («дебиторлық счеттарын») қолма-қол сатып алады. Содан кейін ассосация тауар сатқан немесе қызмет көрсеткен, іс- жүзіндегі сатып алушыдан қарызды төлетеді.

Фарфейтинг- бұл қарыздарды банкке сатумен байланысты және төлемдерін талап етуі, 1-5жылдан кейін орындалатын ұзақ мерзімді факторинг.

Траст-бұл клинттердің капиталын басқару операциялары. Несиелік қатынастардың субъектілері-бұл мемлекет, аймақтық органдар, кәсіпорындар, банктер, қорлар, сақтандыру компаниялары, түрлі қоғамдық ұйымдар.

Несиелік жүйе –бұл ақша қаражаттарын жасап, жинақтап және экономикалық субъектілерге несие түрінде мерзімділік, ақылы және қайтарымдылық шартымен ұсынатын қаржы- несиелік институттарымен орындалатын несиелік қатынастар, формалар және несиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Қазіргі уақыттағы мемлекеттің несиелік жүйесі банктік жүйе (Орталық банк және коммерциялық банктер) мен уақытша бос қаражаттарды жинақтауға және оларды несие көмегімен орналастыруға  мүмкіндігі бар,айтатындай арнайы банктік емес несиелік- қаржылық институттардың жиынтығынан құрылады.

Банк – ақша ресурстарын орналастыру және оны қызықтырумен айналысатын ақша-несиелік институт. Банк активті және пассивті операциялар жүргізеді. Пассивті операциялар көмегімен мобилизациялайды (жұмылдырады),ал активті операциялар көмегімен оларды орналастыруды қамтамасыз етеді. Банк ресурстары меншіктік эмитирлендірілген және тартылған қаражаттар арқасында қалыптасады. Меншіктік қаражаттарға акционерлі және резервті капитал, жайғастырылмаған табыс жатады.Меншіктік қаражаттар қазіргі банктер ресурстарының мардымсыз бөлігін құрайды. Банк ресурстарының негізгі бөлігі салымдар (депозиттер) түрінде және корреспонденттік шоттар болып тартылады.

Банктік пайыз несиенің өзіне тән бағасы болып табылады. Оның көлемі ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасына және қарыз алушының белгілі ақша соммасын азайтып отырған кредитордың тәуекел деңгейіне байланысты. Әр несиелік мәміледе қарыз мерзіміне дейін өтемеу қаупі бар.Тәуекел деңгейі бойынша, тәуекелділік үшін төлем ретінде пайыздың мөлшері орнатылады. Тәуекелділіктер банктер түріне байланысты ерекшеленеді.

Инновациялық банктер венчурлық капиталды несиелеумен шарттасқан көтерме тәуекелділіктермен сипатталады. Бұл жерде мемлекет жағынан берілген кепілдіктер жылжымайтын мүлікке кепілдік құқығын қолдану да маңызды. Коммерциялық банктерден балансқа келтірілмеген ликвидтілік тәуекелділігінің пайда болуы мүмкін, яғни банк өз міндеттемелерін уақытында орындау тәуекелділігі. Тәуекелділіктің бұл түрі тұрақсыз қаржысы бар ұйымдарды несиелегенде, түрлі банктерде бір клиенттің бірнеше шоттарын орналастырғанда пайда болуы мүмкін.

Информация о работе Ақша айналысы