Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:06, курсовая работа
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Кіріспе............................................................................................4
1 Ақша айналысының теориялары
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы ....................................6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі................................10
1.3. Ақша айналыс заңы...........................................................12
2 ҚР қолма – қол ақша айналысы
2.1. ҚР қолма – қол ақша айналысы түсінігі.........................17
2.2. Ақша айналымының ерекшеліктері.................................19
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері................................................22
3 Қолма–қол ақша айналысын реттеудегі шетел тәжірбиесі...............................................................................................24
Қорытынды..............................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер........................................................28
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Ақша айналысының теориялары
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы ..............................
1.2. Ақша айналысы және ақша
жүйесі........................
1.3. Ақша айналыс заңы.................
2 ҚР қолма – қол ақша айналысы
2.1. ҚР қолма – қол ақша айналысы
түсінігі......................
2.2. Ақша айналымының ерекшеліктері.....
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша
эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету
ерекшеліктері.................
3 Қолма–қол ақша айналысын
реттеудегі шетел
тәжірбиесі....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер.......
Кiрiспе.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым
немесе кездейсоқ форма, ол
алғашқы қауымдық құрылыс
- толық
немесе жайылыңқы формадағы
Еңбек
бөлінген соң (алғышқы
Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны жіне айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға
бірдей эквивалент ролі тарихи
түрде алтынға бекітілген. Алтынның
басқа барлық тауарлардың
Экономикалық
категория ретінде ақшаның
Жалпыға бірдей айырбасталу формасы - кез келген материалдық құндылыққа айырбасталу мүмкіндігінің көрсететі. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты (кәсіпорындар, жер, орман, жер асты сатылады) бұл формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасында ақша тікелей тауарларды өткізумен байланысты емес. Бұл формада олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б. арқылы қолданады.
Еңбектің сыртқы заттык өлшемі формасында ақша тауарды өндіруге жұмсалған еңбектін өлшеу мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Қоғамның
дамуы мен байланысты алтынның
төлем құралы ретінде рөлі жылдан-жылға
азаюда, себебі алтынның өндірілуі жалпы
өндіріс көлемінен қалуда ( демографиялық
өсүімен байланысты). Сол себептен алтындық
ақшалар орнына қағаз ақшалар келді.
1 Ақша айналысының теориялары
1.1 Ақша айналысының сипаттамасы
Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы"
мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында
айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы
деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды.
Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына
бергендiктен ол қолма - қол және қолма
- қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша
белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз
етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары
және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз
етiлсе, қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге
арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен
қамтамасыз етiледi.
Мұндай
жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы
экономика жағдайында ғана мүмкiн болады,
себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың
қолында ақша қанша тауардың болатыны
және олардың қандай бағада сатылатыны
белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның
босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен
алынуына және т.б. байланысты жүзеге
асыру мүмкiн емес болып қалды.
Ақша
айналысы мен ақша айналымы арасында шек
жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма
- қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге
асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен
бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы
- ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының
объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар
айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп
отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның
жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы ,
ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста
болуына мүмкiндiк жасайды.
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап
қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп
жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан
кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады.
Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс
құралы, әрi төлем құралы функцияларын
атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен
ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз
кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар
тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының
соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның
қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен
шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы,
зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер
аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және
т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi
- қолма - қол ақшаның қолдану аясын азайту
болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде
кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан
қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу
чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын
өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын
енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен
байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.
Осыған байланысты 1992 - 1993 ж.ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген
директивтi саясаттың орнына Республикамызда
қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру
және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң
алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами
түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы
өрiс алып жатыр. АҚШ - та халықтың есеп
айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол
ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар
т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе
көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан
бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол
және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде
шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан
оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында
қолма - қолдан қолма қолсыз ақшаға (және
керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек
саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен
соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз
ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан
өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн. Ақша
ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар
өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және
өнiм болып табылады. Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi.
Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң
белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра
отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ
кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса
немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә
болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға
ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы.
Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну
құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде
көрiнедi. "Айырбас құн тауарлардың өзiнен
бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше
өмiр сүретiн тауар, ол ақша".
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну
құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын
түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр
және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесiнде
бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың
басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында,
айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1
қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ
айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының
iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң
бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық
формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның
толық немесе кең көлемдегi формасынан
жалпы құндық формасына жасырын түрде
өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға
нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық
эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен
атқара бастады және осы тауарлар ақша
деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы
ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық
даму процесiнде жалпы құндық эквивалент
немесе ресiмделiнбеген ақша формасын
, әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы
шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға
тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң
нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен
мал (iрi қара) айырбас құралына айналды.
Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және
қой, ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе,
ал тундрада - бұғы жалпы эквивалент қызметiн
атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге
болады: латынның сөзi "пекуния" (ақша)
"пекус (мал) сөзiнен шыққан. "Рупа"
(мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы
"рупия" негiзiнде жатыр.
"Капитал"
сөзiнiң шығуы да малмен
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас
құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi
скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар
сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың
жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар
айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды
пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт
бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ
ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты
формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi
күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар
ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың
70 жылдарының басында Соломон аралдарының
кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша
айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi:
ең арзаны - қара түстi (куррила), ақ түстi
(галиа), аса қымбат - қызыл түстi (ронго)
пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзоотикалық ақшалар
болған. Королин аралдары тобына кiретiн
ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша
айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы
дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң
тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың
диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда
мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға
феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң
белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша
ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен
бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он
екi қойға теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөллiнуiмен
эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк,
бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар
эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын
өсiмдiк өнiмдерi - зәйтүн майы , күрiш , кофе,
какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда , Африкада темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды . Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды .
Металл
ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi
, төзiмдi , ұсақталынады . Металл ақшалардың
кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық
жүйесi нақтылана түстi.
Кейiн келе металдардың арасында басты
роль алтын мен күмiске өте басталды , өйткенi
олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi
сапаға ие .
Әрине , металлдар бұған дейiнгi ақша формаларын
бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ
. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар
формасын сақтап келдi . Темiр ақшалар күрек,
таға , шынжыр , шеге және т. б формаларда
ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды .
Грек ақшасының атауы " драхма" "
бiр уыс шеге " деген мағынаны бiлдiредi
. Мыс ақшалар қазындық , құмыры , қалқан
түрлерiнде ғана айналысқа түстi . Күмiс
және алтын ақшалар жүзiк , сырға , бiлезiк
түрiнде пайданалынды . Ақша - өндіріс
және бөлу процесіндегі
адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде
дамып келген экономикалық
категория. Ақшаның экономикалық
категория ретіндегі мәні,
оның мынандай үш
қасиеттің біртұтастығынан
байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады. Алғашқы монеталар ҮІІ ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда
болуының мынадай обьективті қажеттіліктері болған:
--алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
--жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
--алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады;
Алтын айналысы не бары бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты.Соның нәтижесінде, алтын айналыстан шыға бастады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады: