Ақша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:06, курсовая работа

Описание

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................4
1 Ақша айналысының теориялары
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы ....................................6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі................................10
1.3. Ақша айналыс заңы...........................................................12
2 ҚР қолма – қол ақша айналысы
2.1. ҚР қолма – қол ақша айналысы түсінігі.........................17
2.2. Ақша айналымының ерекшеліктері.................................19
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері................................................22
3 Қолма–қол ақша айналысын реттеудегі шетел тәжірбиесі...............................................................................................24
Қорытынды..............................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер........................................................28

Работа состоит из  1 файл

акша айналысы.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

    -  ақша айналымы біртектес  мемлекеттік меншік формасына  қызмет көрсетті;

    - ақша айналымынының алғашқы  және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып,оған мембанк бақылау жүргізді;

    - қолма-қол ақша және қолма-қолсыз  ақша белгілерін тек мембанк  монополды құқықпен шығарды; 

    - мемлекеттік жүйелер алдын-ала  өнімге баға белгілеумен және  көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен шұғылданды.

    Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы  ақша айналымына тән 

ерекшеліктер:

    - ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы  нарықтық қатынастарға қызмет  жасайды, ол бөлу қатынастарының  тек аз ғана бөлшегін қамтиды; 

    - қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;

    - ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық  банктердің, заңды және жеке тұлғалардың  жоспарлы болжауының обьектісі  болып табылады;

    - ақша айналымы әр түрлі меншік  формасы жағдайында жүреді;

    ақша айналымының алғашқы және  қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,  яғни олар әртүрлі коммерциялық  және мемлекеттік банктерде шоғырланған;

    - қолма-қол ақша және қолма-қолсыз  ақша айналымы бір-бірімен тығыз  байланыста жүреді;

    -  қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қолсыз ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

    Металл ақша жүйесінде әрі  тауар, әрі ақша айналымы ретінде  олардын құны айналымда жүрді.  Себебі металл монетаның (алтын  немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

    Қазіргі ақша айналымын құн  айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп-

қолма-қол  ақша және қолма-қолсыз ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда  өте төмен, тіпті жоқ деуге  болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

    Айналыста жүретін тек қолма-қол  ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі.Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша

айналысы  және қолма-қолсыз ақша айналымынан  тұрады.

    Қолма-қол ақшалар айналысы нақты  ақшалар қозғалысын білдіреді.  Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билетерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанымен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

    Қолма-қолсыз ақшалар айналымы – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы.Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптаырын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

    Есеп айырысу операцияларын жүргізу  үшін әр түрлі шоттар қолданылады.  Олардың арасында кең тарағандары:  ағымдағы, есеп айырысу және т.б.  шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойыншаболып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алатын табыс салығы және тағы басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

    Ақша айналымын реттеудегі маңызды  элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту.Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

    Ақша айналысының обьективтік  негізіне де тауар өндірісі  жатады.Тауар өндірісі тұсында  тауарлар әлемі: тауар және  ақшаға бөліне отырып, олардың  арасында өзара қарама-қайшылық  туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің  теңдеуінде және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

    Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз  ақшалар арасында тығыз байланыс  пен өзара тәуелдәілік бар.  Ол ақшаның үнемі бір айналыс  сферасынан екінші біріне өтіп  отыруынан байқалады. Айталық,  қолма-қол ақшалардың банктегі  депозитке салынуы, олардық қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, степендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

    Айналысқа қажетті ақша санына  мыналар кері ықпал етеді:

  • несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
  • қолма-қолсыз есепе айырысудыңдамуы;
  • ақша айналысының жылдамдығы.

Металл  ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құүралы қызметінің көмегімен реттеліп отырады. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

        Ақша айналысын қолдап отыру  шоттарымен заңдары мынадай екі  фактордың өзара әрекет етуімен  анықталады: шаруашылықтағы ақша  деген қажеттілік және айналымға  ақшалардың нақты түсуімен. Егер  де айналымдағы ақша көлемі, шарушылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

Ақша  агрегаттары

    Өнеркөсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

М1 —  айналыстағы қолма-қол ақша (банкногар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазьшалық билеттер) және банкгік ағымдағы шотгардағы қаражат (депозиттер жатады)

М2 — оған М1   мерзімді 4 жылға дейінгі оммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

М3 — оған М2агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегіинақ салымдары кіреді; М   — оған Мз агрегаты және ірі коммерциялық бантердің депозштік сертификаттары қосылады.

Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұақ мерзімді депозиттердің жөне ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы жөне ұлтгық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін, керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша жиынындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекгшерінің ұлтгық валютасын сенімді активтерге аударуымен бірге жүреді.

Ақша  айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі жоғарылайды.

Монетарлық  деңгей 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда — 64,5%, Ұлыбританияда — 89,1%, АҚШ-та - 77,5%, Жапонияда - 11,6% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетарландыру деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.Ақша базасы төмендегі кестеде келтірілген. 

       2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және

                     ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері. 

       Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасы жүргізілді. Оның негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру болды. Ақша реформасы дегеніміз – мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. 1993 жылы Қазақстан мемлекетінің ұлттық валюта – теңге енгізілді.

    Эмиссия дегеніміз – мемлекет  тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы.  Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

    Эмиссиялық банк – ол айналысқа  ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк.Қазақстан  Республикасында ақша эмиссиясын  тек қана Орталық Банк шығарады. Мемлекеттің Орталық Банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ақша эмиссиясы Қазақстан Республикасының бірінші деңгейдегі банктерге шығару құқығы берілген жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Жоғарыда атап өткендей мемлекетіміздің ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық Банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.

    Қазақстан Республикасының шығарылған  ақшалар, банкноттар мен тиындардың  атаулы құрылымы, айшықталған пішіні  болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзда жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

    Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясын, яғни валютаны шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін Ұлттық Банк белгілейді.Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

    Жалпы ақша, банкнота, монетаны (теңге  мен тиынды) эмиссиялау Ұлттық  банктің – екінші  қызметтерінің  бірі болып табылады. Эмиссиялау  үшін Ұлттық Банк номиналдардың  құрылымын, теңге мен тиындардың  пішінін (дизайн), олардың қажет  мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді. 

    Ұлттық Банктің қолма-қол ақша  қаражатын шығаратын, теңге мен  тиынның қолма-қолсыз ақшаның  эквивалентін алып сату арқылы  айналысқа түсіруді ұйымдастырып  айрықша құқығы бар. Сондай-ақ  қолданылған ақша белгілерін  айналымнан шығарып, олардың жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

    Ақшаны қамтамасыз етудің жолдарының  бірі - валютаны реттеу және валюталық  бақылау қызметі.

    Валюталық реттеу және валюталық  бақылау қызметін атқару үшін  Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы ақша және бағалы қағаздардың айналым аясын  және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде пайыздық мөлшер деңгейіне шектеу қояды. Ақшаны қамтамасыз етудің бір жолы – ұлттық валютаны шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.

     
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 
 

      3 Қолма–қол ақша айналысын реттеудегі шетел тәжірибесі                                           

     Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік    ақшалар    кызметінің    пайда    болуына    себеп    болды. Дүниежүзілік       ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем  және сатып алу   кұралы ретінде қызмет етеді.

Информация о работе Ақша айналысы