Ақша айналысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:06, курсовая работа

Описание

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................4
1 Ақша айналысының теориялары
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы ....................................6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі................................10
1.3. Ақша айналыс заңы...........................................................12
2 ҚР қолма – қол ақша айналысы
2.1. ҚР қолма – қол ақша айналысы түсінігі.........................17
2.2. Ақша айналымының ерекшеліктері.................................19
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша эмиссиясы және ақшаны қамтамасыз ету ерекшеліктері................................................22
3 Қолма–қол ақша айналысын реттеудегі шетел тәжірбиесі...............................................................................................24
Қорытынды..............................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер........................................................28

Работа состоит из  1 файл

акша айналысы.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

  --құнның  металлдық   белгілері – арзан    бағалы   металлдардан   жасалған   ұсақ   монеталар;  мысалға   жез,   алюминий,   т.б

  --құнның   қағаздан   жасалған   белгілері.   Құнның   қағаздай   белгілері   екіге   бөлінеді:  қағаз   ақшалар   және   несиелік   ақшалар.

    Қағаз   ақшалар – бұл   нағыз    ақшалардың    өкілдері.  Тарихта   олар   айналыста   жүрген    алтын және   күміс   монеталардың   орынбасарлары   ретінде   пайда   болды.   Метал   ақшалардың    қағаз   ақшаға   ауысу   себептері:

----металл   ақшалардың   тасымалдап   алып   жүру  қолайсыздығы;

----бағалы   металлдарды    өндірудің   қағаз  ақшаларды   шығаруға     

      қарағанда   қымбаттылығы;

----эмиссиондық   табыс   алу   мақсатында   қазынаның   қағаз   ақшаларды    

      шығаруы;

----бюджет   тапшылығын   жабу  мақсатында   шығарылуы;

    Қағаз   ақшалар   тек   қана   айналыс   құралы   және   төлем   құралы   қызметін   атқарды.   Олардың    айналыста   көбеюі    мемлекеттің    қаржы    жетіспеушілігіне    байланысты   шығарумен   түсіндірілді.    Қағаз   ақшалар   тұрақсыз   және   құнсыздануға   тез   икемді.   Олардың    құнсыздану   себептері: 

    айналысқа   басы    артық    қағаз   ақшалардың   шығарылуын,  эмитетке   деген   сенімнің   төменденуінен   төлем   баланысының   қолайсыздық   жағдайынан  болды.

    Несие  ақшалар – тауарлардың   сатып   алу және   сатудың   уақытын   кешіктіріп   төлеуге   байланысты   пайда болған   ақшалар.  Несиелік   ақшалардың   шығуы    банктердің    несиелеу   операцияларымен   байланысты.   Несиелік   ақшалардың   басты   мақсаты – ақша   айналымын   икемді  ету,  ақшаларды   үнемдеу,    қолма – қолсыз   ақшалардың   дамуына   мүмкіндік    жасау.  Несие   ақшалары    өте   ерте   заманнан   пайдаланып   келді.  Сол   кездегі    төлем   міндеттемесінің     жай  түрі  

қолхат   болды.    Қазіргі   несие   ақшалардың   эвалбциясы:  Вексель,  

Банкнота,   Чек,  Несие   карточкалары   болып   есептеліненді. 

      1.2 Ақша айналысы және ақша жүйесі

 

   Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердіңбасылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.

   Жоспарлы – орталықтанған экономика  жағдайында ақша айналымының  ерекшеліктері:

  • қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Брлық қрғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
  • мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
  • ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттлді;
  • ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
  • мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеуиен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.

   КСРО негінде құрылған ТМД  елдерінің нарықтық қатынастарға  өту кезінде жүргізген іс-шараларын  кейін ақша айналымында пайда  болды. Шын мәнінде ақша айналысы  – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.

   Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы  ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
  • ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
  • қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.

   Соныен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үдлгіссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл аықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

   Ал металл ақша жүйесінде әрі  тауар, әрі ақша айналымы ретінде  олардың құны айналымда жүрді.  Себеьі металл монетаның (алтын  немесе күміс) өз құны өзінде  көрсетілген (номинал) құнына  сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

   Қазіргі ақша айналымын құн  айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша  және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

   Айналыста жүретін тек қолма-қол  ақша, ол ақша айналымының тек  бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.    

   Ақша  тек айналыс туралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. қарыз міндеттемелерінің бір-сыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сүйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мелшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

   Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда жөне басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекетгерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы телемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен шешілді дегенді керсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босандығы, төлемеущшіктің тізбегівде өлуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді төжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б. 

1.3 Ақша айналыс заңы 

Адамзат құнының әртүрлі формалардың  өз басынан өткере отырып яғни ақша орнына әртүрлі тауарлар қолданысынан кейін (мал, тері, бақалшақ) адамзат  металл ақша айналысына қол жеткізуі. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен  бастап одан бірте-бірте монеталар пайда болған. Монета — ол формасы, сыртқы пішіні, салмақты құралы заңмен бекітілген. Металдан жасалған ақша белгісі мемлекет пробаны (монетадағы таза металдардың құрамы) массасын, типін ремедиюмді (заңмен рұқсат етілген номиналды массасының нақтыдан ауытқуы) эмиссялау ережесін және де тағы басқа белгіленеді.

Монетаның бет жағы — аверс, ал келесі жағы — реверс, кесіндісі — гурт  деп аталады.  Монетанаң ақша  айналысы бейметализм және монометализм деп ажыратылады. Тауар өндірісі  мен   айналымның өсуіне байланысты  метал  монеталарды    вексель  банкнот  түріндегі  несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады. Метал ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері. 

  1. Метал ақша қозғалысы өте қымбат болды.
  2. Монеталардың тозуымен бұзылуы.
  3. Мемлекеттік билік (ремедюм мемлекеттік билікпен  жалған монеталарды  жасаушылардың монеталарды  бұзуы.

     Қағаз ақшаны ақшаның номеналдық  құнының  нақты құрамынан біртіндеп  бүлінуі нәтижесінде пайда болған.Құн  белгісінің соңғы формасы қағаз ақша мемлекеттің өз шығындарын жабу үшін  шығарылады. Әдетте мкеталға айырбасталмайтын еріксіз  номеналға ие. Ақша белгісі қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді.Себебі өздерінің дербес құны жоқ. Қағаз ақшаның меншікті құндарының болмауына байланысты. Олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемсіз келеді.Қағаз ақшаларды дербес түрінде емес сондықтанда олармен қатар несиелік ақшалары бұл несие кезінде алтынның орнына  келген құнның қағаздай белгісі. Несие  ақшалар несие   беруші мен несие алушының арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және төлем құралы  формасы ретінде өмір сүрудің   меншікті  формасын алады. Несие ақшаның негізгі түрллері: вексель, банкнота,  чек,  несиелік карточкалар.

       Вексель-мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұсынушыға) вексельді көрсетілген  ссомманыы   қаррыз аалушыыдан (вексель ұсынушыға, вексель көрсетілген) вексель  берушіден  төлеуді талап ету  құқын  беретін жазбаша  түрдегі  қарыз  міндеттемесі. Вексель  айналымдық  қасиетке  ие  болғандықтан  яғни  қолма-қол ақшалардың  орнына   айналысқа  түсуге  бейім  болғандықтан   оны   сауда  ақшасы деп  атайды.

       Вексельдің  мәні  сатып  алушы   кәсіпорын  тауарды сатып   ала  отырып  ақшаны  бірден  төлемейді. Жабдықтаушы  кәсіпорынға  вексель  жазып  береді. Егер де несие  берушіге  ақша берік  болған жағдайда  ол банкке барып  векселін есепке  алу мөлшерлестік  алып  қалу  арқылы  вексельде 

көрсетілген  соманы  бере  алады. Вексель  жай  және  аудармалы  болады.

    Жай  вексельде(соло вексель)қарыз алушыға жазып береді.  Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша  соммасын  төлеу туралы    сөзсіз  міндеттемесі.

    Аудармалы  вексель (тратта) предитор  вексель  берущінің үшінші  тұлғаға  қарыз  алушыға   вексельде  көрсетілген соманы  төлеу жөніндегі бұйрығы.

    Чек бұл  шот иесінің   тек  ұсынушының шотына чекте  көрсетілген ақша сомасын қолма-қол  төлеу және аудару туралы банкте  берілген жазбаша бұйрығы.

  Банкнот  — несие ақшаның бір түрі. Алтын  құйманың немесе монетаның  иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшегеннен соң банк алтынды сақтауға қабылдананы туралы қолхат береді. Бұл «Банктік хат» банкнота деп аталады. Банкнот дегеніміздің мәні — бұл банкирге  орындалған вексель болып табылады.

Несие карточкалар— бұл банк және сауда  фирмалары шығарған, банктегі шот  несиесінің жеке басын құжаттандыратын  және оған тауарлар мен қызметтерді  бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай  құжат.

   Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына; екіншіден ақша айналымының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі.

    Ақша айналысы заңының мәніақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

   Ақша тек айналыс құралы ғана  емес, сонымен бірге төлем құралы  қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң формуламен өрнектеледі.

Информация о работе Ақша айналысы