Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:08, курсовая работа
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
1-т а қ ы р ы п. Ақшаның мәні және қызметтері
[өңдеу]1.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Ақшаның, өндіргіш күштер мен
тауар қатынастарының біршама жоғары
дамуы нәтижесінде пайда
Нақты және абстракті еңбектің,
жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен кұнның арасында тауар
табиғатына байланысты болатын қайшылықтар
айырбас құнның әр түрлі нысандарын
туғызды. Айырбас — бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне
жүретін тауардың қозғадысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың
Мұндай негізге тауарлардың
құны, демек тауар өндірісі үдерісіне
(процесінде) жұмсалатын және сол затқа
айналып отырған қоғамдық еңбекжатады.
Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның
еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды
екінші бір тауарға айырбастаудың
өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын,
яғни екі тауардың да құнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген
тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек
әртүрлі болып, нәтижесінде одардың
құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық
жағынан өлшеу қажеттігі
Айырбас құны — бұл бір
тауардың басқа да бір тауарға
белгілі сәйкестікте
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жанұясының қажетін қанағаттандырғаңдықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның, өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну кұны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның, мынадай нысандарының (формаларының) қалыптасуына себеп болған:
Алғашқысы - өндіргіш күштердің
төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсоқ нысаны. Айырбастың
бұл нысанында бір еңбек өнімі
екінші бір еңбек өніміне тікелей
айырбасталынып отырған. Мысалға, бір
мал бір қап бидайға
Екінші нысаны — бұл құнның толық немесе жалпы нысанымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың, айырбасында жүрген. Мысалға:
1 қап бидай = 1 қойға = 1 балтаға = 1 құмыраға және т.б.
Үшінші нысаны — бұл
құнның жалпылама нысаны. Әр тауар
өндіруші өздерінің еңбектеріне
қарай барлығына бірдей қажет
жалпылама тауар алуға
Кұнның жалпыға балама нысанының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар — ақшатауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы метал-іттын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.
Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
[өңдеу]1.2. Ақшаның түрлері
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
Құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;
бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана
айналыс құралы және төлем құралы
қызметін атақарды. Олардың айналыста
ұлғаюы мемлекеттің қаржы
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, және чек.
«Вексель» сөзі ағылшынша bill note — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:
—Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
— Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель — бюджет
тапшылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі.
Қазыналық вексель бойынша
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде
мәміленің нақты түрінің
даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған
заң қабылданға дейін және онан кейін
де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.