Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:08, курсовая работа
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз
ақшалар арасында тығыз байланыс
пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның
үнемі бір айналыс аясынан
екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз
ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен
жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы
және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолмақолсыз
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу нысаны, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн нысандарының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысы заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы-экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
мұнда,
Ак — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажеггі ақша санына мыналар кері ықпал етеді: несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы; ақша айналысынын жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.
[өңдеу]2.2. Инфляция
Инфляция (латын. inflatio, аудармасы — «қабыну», «ісіну») —бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. А қшалай емес факторларга: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
1. Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
2. Таралу орнына қарай:
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
Тұтыну бағаларының индексінің үш
сандық мәні болуы мүмкін:
баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
бағаиндексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі байқалады. Мысалы, статистикалық мәліметтері бойынша орташа инфляция мөлшері
Инфляцияның жылдық орташа мөлшері, %-бен
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамдарға сай болып келеді.
2009 жылғы қараша айындағы азық-түлік емес тауарларға деген бағаның өсуі 2008 жылдың желтоксан айына қатысты алғанда 8,3% және ақылы қызметтер бойынша — 7,2%-ға өскен. Ал азықтүлік тауарларына бағаның есуі 2,6%-ды құрады (2.2-сурет).
өткен жылдың желтоқсан айына қатысты %-бен
2009 жылғы қараша айындағы
2009 жылғы қаңтар — қараша айындағы
инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,4%
және 2008 жылдың қаңтар — караша айымен
салыстырғанла 10,3 пайызға төмендеген.
Қазақстандағы тұтыну бағасының индексін есептеуде тұтыну қоржынына кіретін 500-ге жуықтауарлар мен қызметтер есепке алынады.
Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша енгізілген тұтыну бағаларының индексіне кіретін ішкі индекстер 4 топқа бөлінеді:
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.
[өңдеу]Филипс қисығы
Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.