Ақша несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:08, курсовая работа

Описание

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Работа состоит из  1 файл

акша несие.docx

— 109.51 Кб (Скачать документ)

Мұндағы, «домицилиант» —  вексельде көрсетілген төлемді  жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Бянкнота (ағыл. сөзінде «Bank-note»  аударғанда «банк билеті») орталық  банктің айналысқа шығарған әр түрлі  номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз  қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді  айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық  банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиттерде  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық  және жай.

Классикалық банкнота—бұл банкнотаның  алғашқы пайда болған нысаны ретінде  алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық  банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай—қағаз  ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эмиссиялау әдісі бойынша  — қағаз ақшаларды айналысқа  қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай —  классикалық банкноттар вексель  мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық  банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар  қайтарылмайды, яғни олар айналыста  қала береді;

ауыстырылуына қарай —  классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз  ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

Банкноталардың алтынға  ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық  банктің вексельдік портфелі, көбірек  казыналық вексельдер мен міндеттемелерге  толықты.

Жай банкнота — бұл қазіргі  кездегі айналысқа шығарылған Орталық  банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық  банктен шығатын жай банкноталар  алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ  олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының  зандылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының  төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге  болады:

Шаруашылықты несиелеу жолымен;

Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы  барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік  алған жылдардың басында экономикадағы  тұрақсыздыктың нәтижесінде 1993-1998 жылдары  мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы  ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.

ұлттық валюта бағамының  тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін  арттыру мақсатында айналысқа қосымша  ақша эмиссиялау жолымен.

Чек, вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің кұрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай  қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде  біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек — ағымдағы шот иесінің  чекті ұстаушыға белгілі бір  ақшалай сачаны төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша  бұйрығы . Чектің мынадай түрлері  бар: ақшалай чек — банктен  қолма-қол ақша алуға арналған төлем  құралы.

атаулы чек — аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

ордерлі чек — бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент  бойынша басқа бір тұлғаға  беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек — чекті  мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу чегі —  заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі—туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек  — банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен нақты  ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар —  компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың  клиенттері, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар —  пластикалық карточка нысанында  болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (твлем) карточка —  банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер  үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде  тауарлар мен қызметтер үшін төлемді  жасауға, не қолма-қол ақша алуға  арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға  арналған дебеттік карточкалар да кеңінен  қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары  көбіне теңгеде ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың мынадай  түрлері қолданылады: банктік, саудаға  арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын  төлеуге арналған. Біршама кеңінен  таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.

2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай  бойынша 20 банк және «Қазпочта»  АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын  шығаруды жүзеге асыруда. Екінші  деңгейлі банктер жергілікті  жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі»  АҚ, Smart AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда. Бұдан  басқа, қазақстандық банктер келесідей  халықаралық жүйе карточкаларын  шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Мысалға Темірбанкі АҚ-ның  шығаратын және қызмет көрсететін төлем  карточаларының түрлері 2- қосыша бетте  берілген.

[өңдеу]1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін  өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі  тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде  ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы  атқаратын қызметтеріне мыналар  жатады: құн өлшемі және баға масштабы; айналыс (айырбас) құралы; төлем құралы; қорлану және қор жинау құралы; дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде  барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан  аттас, сапасы жағынан салыстыруға  келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру»  қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті  еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне  жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың  құнын өзіндік құны бар нақты  ақшалар (алтын және күміс) өлшей  алады.

Тауар құнының ақшамен  бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен  анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны бағамас- штабы деп аталады.

Бағалардың негізінде  және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі  мен баға масштабы арасында өзара  айырмашылық бар. Құн өлшемі —  бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның  экономикалық қызметін сипаттайды. Құн  өлшемі кызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бұл  мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс  пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

Бүгінгі танда тауарлар алтынға  тікелей айырбасталмайды және олардың  бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның  бұл қызметін алтынның орнында жүретін  оның құндық өкілдері немесе қағаз  және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан  да, оларды толық бағалы емес ақшалар  деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ  өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар  айналысы үдерісінде делдалдық рөл  атқарады. Тауар айналысы мынадай  үдерістерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды  сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей  түрде беруге болады: Т ( mayap) —A (ақша) — Т( тауар).

Ақша айналысының тауар  айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып  отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты  және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Сонымей ақша, айналыс Кұралы қызметін атқаратындықтан да олардың  саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын  тауарлар массасы және бағасы негізінде  анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық  болса, онда ақшаның құнсыздануы  инфляцияға жол береді.

Ақшаның төлем құралы қызметі. Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі  тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс  мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта  болуы шаруашылық субъектісінде  қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін  туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың  төлемін кешіктіріп сатып алу  және сату, яғни несиеге беру қажеттігі  туындайды. Ақша төлем құралы ретінде  мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) — М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) —  Т(тауар).

Ақшаның төлем кұралы қызметі  мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс  құралы ретінде делдалдық рөлінде  жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы  қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып  алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен ақша арасындағы уақыттағы  алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде  тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады; тауарлар және көрсетілетін қызметтер  бойынша төлем міндеттемелері; мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер; банктік  ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер; сақтандыру міндеттемелері; әкімшілік  және сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды  қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау  құралы болып табылады. Сондықтан  да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға  тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға  жүктелген.

Ал ақшаның қорлану  қызметін толық бағалы емес ақшалар  атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда жүзеге асырылады  десе болады:

1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың  ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі  басқа шоттардағы ақшалай қаражат  қалдықтары түрінде қоғамдық  қорлану нысанда;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке  қорлану нысанында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық  заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем  құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Халықаралық төлем құралы ретінде  дүниежүзілік ақшалар халықаралық  байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып  алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты  ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы  тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар  бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында  қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында  өтеді»—деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде  дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында  дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген  елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын  фунт стерлингі аткарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық  Одақтың қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық  қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан  бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде  жаңа валютасы «еуро» енгізілді.  Еуропралық валюталық Одаққа  бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Луксенбург, Нидерландия,  Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап, «еуро»  қолма-қолсыз төлемдер үшін және  мемлекеттің жаңа қағаздарын  орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай  уақыт ішінде енгізіліп, валюталық  одаққа мүше елдердің ұлттық  ақша бірліктері 2002 жылдың 1 шілдесінен  бастап өз қызметтерін тоқтатты,

Информация о работе Ақша несие