Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:08, курсовая работа
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
[өңдеу]1.4. Ақшаның теориялары
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады: Ақшаның металдық теориясы; Ақшаның номиналистік теориясы; Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының
қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне
адам еңбегімен жасалатын
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы
ақшаның металдық теориясының
қайта тууы 1871—1873 жылдардағы Германияда
алтын монета стандартының
Ақшаның металдық теориясының
екінші метаморфозасы бірінші
Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.
70 жылдардың басында Бреттон-
Ақшаның номиналистік теориясы
құл иеленушілік құрылыс
Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс, екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.
Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын жоққа шығара отырып, оларды тек қана техникалық айырбас құралы ретінде таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық билеттер) болуға тиіс деген пікірде болды.
Неміс экономисі Г. Кнаптың
1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік
теориясы» деген еңбегінде
Г. Кнаптың ақшаның мемлекеттік теориясының қателгі мынада болды: біріншіден, ақша құқықтық категория емес ол экономикалық категорияға жатады; екіншіден, металл ақшалардың өзінің құндары болады, яғни оны мемлекет белгілей алмайды, ал қағаз ақшалардың құндарының өзін де мемлекет белгілемейді, ол объективті экономикалық зандармен негізделеді; үшіншіден, ақшаның негізгі қызметі төлем құралы емес, яғни құн өлшемі құралы болып табылады.
Австрияның экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.
1929—1933 жылдары экономикалық
дағдарыс тұсында номинализм
әрі қарай дами түсіп, алтын
стандартынан бас тартуды
Кнап теориясының қателігі, оның металл ақшалар икемсіз, олардың икемділігіне тек қана банкноталарды шығару арқылы қол жеткізуге болады деген пікірінен байқалады. Кейнс номинализмінің түпкілікті мақсаты — алтын монета стандартын алып тастау, қағаз ақша айналысына өту және экономиканы инфляциялық үдерістерді басқару арқылы реттеуді көздеді.
Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші теорияға жатады. Атақты американ экономисі П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.
Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен бас тарту, ақшаның баға масштабын білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз есептік бірлік ретінде болуы.
Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.
Мұндай пікірді алғаш рет XVI ғ. француз ғалымы Ж. Боден айтқан болатын. Ол Батыс Еуропадағы тауарлардың қымбат болуын бағалы металдардың көп келуімен түсіндірді. Бұл пікірді XVII ғ. Ш.Л.Монтеське, Д. Юм, Дж. Милль, сияқты ғалымдар қолдай отырып, олар айналыстағы ақша саны мен олардың құндарының арасындағы өзгерістердің, пропорционалдығы туралы айтқан болатын.
XVIII ғасырдағы ақшаның
сандық теориясының
XX ғасырдың басына таман
батыс экономикалық
Трансакциондық нұсқасын (ағылшынша, transaction — мәміле), американ экономисі И. Фишер жасады. Оньщ нұсқасы мынадай «айырбас тендеумен» көрсетіледі:
MY = PQ
мұндағы
М — айналыстағы ақшаның саны;
Ү — ақшаның айналысы жылдамдығы;
Р — тауарлардың орташа бағасы;
Q— сатылған тауарлардың саны.
Ақшаның сандық теориясын жасауда И. Фишер аталған тендеуді пайдалану барысында бірқатар кемшіліктер жіберді. Ол Ү — ақшаның айналыс жылдамдығы мен Q — сатылған тауарлар көлемі қысқа мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, немесе ақшаның айналыс жылдамдығы ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал өнідіріс көлемі де өспеуі мүмкін, себебі неоклассикалық көзқарас бойынша ресурстардың барлығы толық өндірісте қамтылады деген пікір білдірді.
Кейінен Ү мен Q талдаудан алып тастап, М — ақшаның санымен Р — тауардың бағасы арасындағы байланысты ғана ақшаның сандық теориясының негізіне жатқызады.
Ақшаның сандық теориясының Кембриджік нұсқасы А. Маршал, А. Пигу, Д. Робертсон сияқты ағылшын экономистерінің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің нұсқаларының негізіне ақшаның санын емес, шаруашылық субъектілердегі олардың қорлануын жатқызды.
Кембриджік нұсқаның негізгі қағидаты формуламен бейнеленеді:
M = kPQ
мұндағы,
М —ақшаның саны;
Ү — ақшаның айналысы жылдамдығы;
Р — баға деңгейі;
Q — ақырғы өнімге жататын тауарлардың заттай көлемі;
k - ақша нысаны сақталатын жылдық табыстың бір бөлігі.
Кембридждік нұсқа өзінің мәні жағынан айырбас теңдеуіне ұқсас болып табылады. Себебі, k — шамасы ақшаның айналыс жылдамдығына кері шама (k = 1/Ү). Екі нұсқаның бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер И.Фишер ақша айналысының жылдамдығының айналым факторларының өзгеріссіздігімен байланыстырса, ал ағылшын экономистері оны психологиямен, яғни айналымға қатысушылардың әдеттерімен байланыстырады. Бірақ екі нұсқаның қорытынды пікірлері бірдей, ақша санының өзгерісі бұл бағаның өзгерісінің салдары еместігін көрсетеді.
К. Маркс ақшаның сандық
теориясы өкілдерінің мынадай
20-30 жылдары ақшаның сандық теориясының тұрақсыздығы белгілі болады, сөйтіп олардың өкілдерінің ойынша ақшаның айналыс жылдамдығының өзгеріссіз болады деген пікірлері орындалмай, керісінше ақшаның айналыс жылдамдығы күрт өзгере бастайды. Сонымен қатар, 1929—1933 жылдары дағдарыста олардың ресурстардың барынша пайдаланылатыны туралы пікірлерінің қатесін шығарды. Тағы бір айта кететіні аталған теория баға белгілеу тәжірибесіне монополиялық бірлестіктерінің ықпалын ескермейді. Овдай үдерісті айналыстағы ақша санының өзгерісінің нәтижесі деп санайды. Мұның барлығы аталған тұжырымдардың құлдырауына себеп болады.
Бірақ 1960-1980 жылдары ақшаның сандықтеориясы саяси экономиядағы неоклассикалық ағымдардың бірі — монтеризм түрінде қайта туады.
Ақшаның мұндай теориясына сәйкес ақшаның саны шаруашылық конънктурадағы негізгі фактор болып табылады, себебі айналыстағы ақша массасы мен жалпы ұлттық өнім шамасы арасында тікелей байланыс болады.
Монетаристік теория 50 жылдардың ортасында АҚШ-та «чикаго мектебі» ретінде қалыптасып, оның негізін қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша кездейсоқ тауарлы шарушылық нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері) мен баға белгілеудің іс-әрекетіне негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары шаруашылық «үдерістерге мемелекеттің араласуының қажеттігі туралы» кейнстік тұжырымдардың қарсыластары болып табылады. Олар кейнсшілердің ұсынған сұранысты ынталандыруға байланысты мемлекеттік шаралардың тек қана экономика жағдайын жақсартып қоймай, сонымен бірге жаңа дипропорциялары және дағдарыстарды туындататынын айтады.
Монетаризм 70 жылдары үкіметтік
ұйымдардың оны стагфляциямен күресте
пайдаланғандықтан кеңінен
Монтеризмнің бірнеше бағыттары мен өкілдері (К. Бруннер, А. Мельцер, Д. Лейдлер және т.б.) болғанымен де М. Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен тарайды: ақшаның сандық теориясы бойынша айналыстағы ақша саны мен тауар бағаларының деңгейі арасындағы себепті байланысты негіздейді;
өнеркәсіптік айналымдардың монетарлық теориясы бойынша шаруашылық конънктурадағы ауытқулар ақша жиынындағы алдыңғы болған өзгерістермен анықталады;
өндірістің нақты факторларына ақшаның айырықшы ықпалы пайыз нормасы арқылы болатыны, ал мұны кейнстіктер тауарлар бағаларының деңгейі арқылы деп көрсеткен;
ақша көрсеткіштері мен өндірістің нақты факторларының өзгерістері арасындағы шығындардың өзгерістерінің болуына байланысты экономикалық реттеудегі мемлекеттік шаралардың тиімсіздігі туралы пікірлері;
«монетарлық ережесіне» (немесе k —пайыздар ережесіне) сәйкес шаруашылық жағдайына, өнеркәсіп айналымдарының фазасына тәуелсіз айналыстағы ақша жиынының жылына бірнеше пайызға дейін автоматты түрде өсетіні;
сыртқы экономикалық тендікті «өзін-өзі реттеуге» арналған өзгермелі валюталық бағамдар жүйесі.
Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік вдеяларды тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті.
Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр.
[өңдеу]2-т а қ ы р ы п. Ақша айналысы және ақша жүйесі
[өңдеу]2.1. Ақша айналысы және оның заңы
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.