Ақша несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:08, курсовая работа

Описание

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Работа состоит из  1 файл

акша несие.docx

— 109.51 Кб (Скачать документ)

Тимуридтар мемлекеті күйрегеннен кейін Қазақстанның оңтүстігі казақ хандары мен Мавераннахр билеушілері арасындағы ұзақ күрестің алаңы болды. Күрес Сырдарияның орта ағысында болған бай қалаларда болды. Және де бұл күрес XIX ғасырдың басында осы қалалардың құлдыраумен және өлкенің Қоқан хандығына қосылуымен аяқталды. Бірақ ол жүзжылдықта осы жерге ақшаның алуан түрі енгізілді.

Осы өлкені алдымен Ауғанстан  мен Иранға дейін өз билігін жүргізген Шейбанидтер басып алды. 1507 жылы Мұхаммад Шейбани-хан Гератты басып алды және бірден қаланың жиылыс мешітінде ақша реформасы туралы жарлық жарияланды, ол барлық саудаға мүдделі адамдарға күміс соғуға және айналысына берік және өзгертілмейтін ұйымдастырылатынына уәде берді.

Күміс айналысының негізі «августік соғумен көркемделген», яғни Мұхаммад Шейбаниханның өзінің атымен және лауазымымен көркемделген жаңа танга тағайындалды.

Реформаның толық аяқталған уақыты — 1508 жыл, сол кезде салмағы, жазуларының мазмұны, үлгілі ресімделуі бойынша бірдей тангалар Шейбанид державасының сол кезде көптеген қалалары мен облыстарында шығарылды: Самарқандта және Бұхарада, Мервде, Ниста және Серахсте, Гератта, Мешхедте, Нишапурад, Нимрузда, Каинда, Себзеварда. Бірдей күміс монеталар бүкіл мемлекет бойынша тең айналыста болды, күміс монеталар соғудың инфляциялық үдерісі еркін болды, яғни кез келген жеке тұлға езінің металынан немесе бұйымынан монеталарға тапсырыс бере алды, ол үшін қазына белгілі бір ақы алып отырды. Қазына үшін кірістер көзі монета соғу, әсіре олардың айналысын ұйымдастыру болды.

Дегенмен, бұл күміс соғудан  және айналысынан түскен үлкен кірістердің орталық биліктің қазынасына құйылғанын білдірмейді. әулеттің басшысы ол кезде тендестер арасындағы бірінші ғана болды. Ірі билеушілер оған сырттай баға берді, монеталардың жазуларында әулет басшысының аты мен лауазымы дәріптелді, ал монеталар соғудан түскен кірістерді өзіне алды. Күмісті жүйелі және кеп шығару ең ірі төрт қала — Бұхарада, Самарқандта, Балхта, Ташкентте жүзеге асырылды. Олар Ташкенттен Қазақстанның аумағына өтті және Қазақ хандығында еркін айналыста болды. Ал оның иеленушілері Шейбанидтердің мәңкі саяси жаулары болды.

XVIII ғасырда Бұхараны билеушілер Жанидтер (Астрахань хандарының ұрпақтары) бастаған маңызды оқиға алтын монеталарды жүйелі шығару болды. Бір алтын монета ашрафиге 50—80 күміс монета келді (олардың сынамына және бағамына қарай). Олардың барлығы сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда айналыста болды және солтүстікке ене бастады.

XVII ғасырдың ортасынан  бастап Қазақстанда Ресей ақшалары да, негізінен мыс копейкалар пайда бола бастады.

Қазақстан Ресейге ерікті түрде қосылғаннан кейін (1731—1798 жылдары) аймақтың ақша айналысында орыс монеталары, Қоқанд және Ташкент хандарының ақша белгілері пайда бола бастайды. XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек орыс ақша белгілермен жүргізіледі және Қазақстандағы ақша айналысы Ресейдегі ақша айналысының бір бөлігі болады.

Төңкеріске дейінгі Қазақстанда  ақша реформасы 1895—1897 жылдары алтын монета айналысымен бірге алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар болды. Ақша белгілерінің негізгі түрі Ресейдің, мемлекеттік банкінің кредиттік билеттері болды, олар алтынмен 92% қамтамасыз етілді.

1917 жылы, уакытша үкімет кезінде ақша айналысында халық «керенки» деп атаған жаңа ақша белгілері, сондай-ақ әртүрлі суррогат-тар: мемлекеттік қазынашылықтың қысқа мерзімді міндеттемелері, заем купондары айналды. Әртүрлі чектер, бонндар, маркалар және басқа ақша суррогаттары ұсақ ақша орнында жүрді. Осы уақытта ақша жүйесінің ыдырау үдерісі басталды, ол Қазан төңкерісінен кейін күшейе түсті.

1919 жылы алғашқы кеңестік мемлекеттік билеттер, одан кейің РСФСР есеп айырысу белгілері шығарылды, халық оларды совзнактар деп атаған. Азаматтық соғыс және шетелдік басқыншылық жағдайында басқыншылар да, шетелдік және ақ гвардияшы «үкіметтер» де өз ақшаларын шығарды. Олардың барлығы тез құнсызданды, нәтижесінде ақшалар айналыстан шығарылды және шаруашылық қатынастарды натурализациялау жүргізілді. Тек ақша реформасының нәтижесінде 1921 жылғы кектемнен бастап еңбекақы төлеудің ақшалай нысаны қалыпына келтірілді.

1921 жылғы қазанда РСФСР-дің одақтас республикалардағы мекемелері бар Мемлекеттік банкі ұйымдастырылды, ол бірден елдің эмиссиялық орталығы болды. Әртүрлі экономикалық себептер бойынша 1922жылдан бастап 1961 жылға дейін ірілендіріле отырып 4 ақша реформасы жүргізілді, сонымен қатар банкноталар мен монеталардың дизайны өзгертілді.

[ өңдеу]2.6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгенің айналысы

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен  біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға казақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған.

Соған қоса, олардың мынадай  талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.

Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.

Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

Осы сәттен бастап Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады.

 
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан.

Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.

Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.

Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.

Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді (4-қосымша бетте берілген).

1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

ҚҰБ кейінірек айналымға  мынадай ақша белгілерін шығарды:

1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;

1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;

1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;

2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);

2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);

номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;

5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;

номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;

2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.

Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге  дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.

Информация о работе Ақша несие