Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.
ӘОЖ 316 (075,8)
ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
Д.Г.Қаржаубаева, Г.Б.Танирбергенова, М.Б.Мыңбаева
Тараз
мемлекеттік педагогикалық
институт, Тараз
қ.
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды.
Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. «Қара қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық «ормандай көп орыс» жайғасқан. «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын» деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.
Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам.
Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары анық.
Қазақ халқы санының әр түрлі тарихи кезеңдердегі өсіп кеміген күрделі динамикасы.
жылдар | Жалпы саны | Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде) |
1465ж.
1723ж. 1725ж. 1845ж. 1900ж. 1916ж. 1921ж. 1931ж. 1933ж. 1941ж. 1945ж. 1950ж. 1960ж. 1970ж. 1980ж. 1990ж. 2000ж. 2015ж. 2040ж. 2090ж. 2165ж. 2300ж. 2500ж. |
1млн.
100 мың
3 млн. 330мың 2 млн. 222мың 3 млн. 600мың 5 млн. 000мың 5 млн. 650мың 4 млн. 800мың 5 млн. 450мың 3 млн. 400мың 3 млн. 750мың 3 млн. 150мың 3 млн. 460мың 4 млн. 470мың 6 млн. 280мың 7 млн. 990мың 10 млн.000мың 12 млн.300мың 15 млн.000мың 18 млн.500мың 23 млн.000мың 26 млн.500мың 30 млн.000мың 33 млн.000мың |
-
+0,8 % -16,8 % +0,5 % +0,7 % +0,8 % -3,0 % +1,3 % -12,5 % +1,3 % -4,0 % +2,0 % +3,0 % +4,0 % +2,7 % +2,5 % +2,3 % +1,5 % +0,9 % +0,5 % +0,2 % +0,10 % +0,05 % |
Бұл кезеңде қазақ халқының алғашқы ұлттық мемлекеттегі қазақ хандығы құрылып, орнықты Алаш ұлысы қазақ ұлты болып қайта қалыптаса бастады. Ұлттық ынтымақтықтың нәтижесінде сол тарихи кезеңде қазақтар саны жағынан тез өсіп, өзінің ата-мекенін толық игеріп үлгерді. Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демографиялық өмірбаянымыздың жемісті де жеңісті өсу қарқыны басталды. Алда тосып тұрған жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, осы өткен 525 жылдың ішінде біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған. Біздің жыл санауымызға дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы сәтті өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жауапкершілікке ұшырар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметті кезең халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128 жылғатөмен түсіріп тастады.
1725 жылдан бастап 191 жылға созылған (1916ж.) екінші сәтті демографиялық қайта өсу кезеңіміз басталды. Осы кезеңде, яғни 1916 жылға дейін қазақтың саны 2,5 еседен астам қайтадан өсті. Ақтабан шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады.
1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша «отыз жыл (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді.
(1931-1933ж.) ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы 13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын 3,5 млн. олқыландырып кетті. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан соң, тек 1966жылы ғана көтеріле алды.
1946-1960 жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 %-тен 4 %-ке дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін бір деңгейде сақталып қалды.
«Демографиялық қайта жаңғыру» деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық кезең бізге несімен құнды? 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша қазақтың қасиетті жеті нөлі бар 10.000.000 млн. адамға жетті.
2000 жылы яғни ХХІ ғасырда туған халқымыз едәуір есейіп, салмақты санға ие бола алды. Алдын ала жасалған жорамалдарға қарасақ 2025 жылы халқымыздың саны 15.000.000 млн. адамға жеткен. Осы жылдары Қазақстандағы халық санының 3/2 қазақтардың өздері құрайтын болады деп жорамалданған.
Халқымыздың саны 2000 жылы 15.000.000 млн. адамға жетті, ал енді 1-ші кестеде көргендей, халқымыздың саны осындай қарқынмен көбейсе 2030 жылы 20.000.000 млн. жетеміз деген үміт бар.
Бірақ еліміздің президенті Н. Назарбаевтың жоспары бойынша 2015 жылы халық саны 20 млн. болуы қажет. Сондықтан халықтың санының азайып кетпей, одан әрі көбеюіне барлығымыз бірдей атсалысайық..
Әдебиеттер
тізімі:
1. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
3. Қазақстан және оның аймақтары. № 5 – 2000 жыл. Алматы. 2000.
«Мәссаған»
сайтынан алынған
материалдар.
Қазақстанның
халықнамалық (демографиялық)
тарихы
1.
Қазақстанның қазіргі
халықнамалық ахуалы
Халықнама
деген қашанда ұзақ әңгіме. Оны
Қазақстанның қазіргі халықнамалық
ахуалын қысқаша талдаудан
1.
Қазақстанның демографиялық
А)
Елдегі халық саны жыл сайын азайып келе
жатқан жағдайда: Қазақстан халқы жыл
сайын артып келеді (жылына 200 мың адамға
көбейеді, яғни бес жыл сайын 1 млн адам
қосылып отырады), мысалы 2030 жылы Қазақстан
халқы 20 млн-ға, ал 2050 жылы 25 млн-ға (қазір
15,5 млн) жуықтайды. Бұл - оң көрсеткіш. Мысалы,
көрші Ресей халқы жыл сайын азайып келеді
(жыл сайын 800 мыңға). Яғни Қазақстанның
болашақтағы демографиялық ахуалы жақсы,
Ресейдің келешек демографиялық ахуалы
нашар.
Ә)
Елдегі жергілікті халықтың пайыздық
өлшемі азайып бара жатқан жағдайда: бұл
өлшемге келсек, Қазақстанда қазақтардың
пайыздық өлшемі жыл сайын артып келеді.
2020 жылы Қазақтар Республика халқының
70 пайызынан асса, 2040 жылы қазақтар Республика
халқының 80 пайызына жететін болады (қазір
60 пайыз). Бұл да - оң көрсеткіш. Ал Ресейде
орыстардың пайыздық көрсеткіші азайып
барады. Ондағы мұсылман халықтары (шешендер,
дағыстандықтар, татарлар, башқұрттар)
өсіп келеді.
Б)
Елдегі халықтың өсімі тым жоғары
болған жағдайда (мұның себебі ел мәселен
Қытай сияқты халық санын шектеуге
мәжбүр болады, немесе халықтың жылдық
өсімі елдегі экономиканың (ВВП) жылдық
өсімнен жоғары болса, ел кедейшілікке
бағытталады, яғни экономиканың өсімді
халықтың өсімі жұтып қояды да, жан басына
шаққандағы ұлттық табыс кеми береді):
Қазақстан халқын тез көбейіп келе жатыр
деп айтуға келмейді. Бұл да оң көрсеткіш
дейік, дегенмен өсім бұдан жоғары болуы
керек еді. Сондықтан Қазақстан: біріншіден,
елдегі табиғи өсімді қолдауы керек; екіншіден,
оралмандарға бөлінетін квотаны арттыра
беруі қажет. Үшіншіден көшіп жатқан өзге
ұлт өкілдерін жібермеу күш салып, қайта
көшіп келіп жатқандарда қолдауы тиіс.
Қазір Қазақстан экономикасының жыл сайынғы
орташа өсімі 9 пайыз болса, халықтың өсімі
2 пайыз болып отыр.
В)
Елдегі халықтың орналасу тығыздығы әр
аймақта, әр шекараның маңында әркелкі
болған жағдайда: Оңтүстікте халық тығыздау,
басқа аймақтарда сиректеу екені болмаса,
Қазақстанда бұл көрсеткіш барынша біркелкі.
Бұл - оң нәтиже. Алайда халық солтүстік
облыстарға қарай жылжуы керек еді, осыны
ескергенде, Астананы көшіру демографиялық
тұрғыдан оң шешім болды. Мысалы, Ресейде
Сібір мен Қиыр Шығыста халық өте аз сирек
қоныстанған, былайша айтқанда сібірлік
қалың орманды алқаптар бос жатыр және
ол аймаққа Қытай елінен қоныс аударушылар
таяу болашақта қауіп төндіріп отыр. Ұлттық
қауіпсіздікке қатер.
Г)
Елдегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы
тым төмен болғанда және халықтың
орта жасы тым кәрі болғанда. Қазақстандағы
адамның орташа өмір ұзақтығы өте
төмен (әлемде 122 орын). Бұл - оң нәтиже емес.
Алайда таяу болашақта әл-ауқаты жақсаруға
байланысты арта береді деген үміт бар.
Халықтың орта жасы шамамен 23 жаста. Бұл
- оң нәтиже. Ал Ресей қартайып бара жатқан
ел. Халықтың орта жасы 23-те деген нені
білдіреді. Бұл біріншіден жас халық дегенді
білдіреді, екіншіден ол әлі өсетін халық
дегенді білдіреді және ғаламдық өзгерістерді
тез қабылдайды дегенді көрсетеді. Қазақ
- еліктегіш халық. Бұл оның осы жастығынан.
Ертең бір 200-300 жылдан кейін қазақтың орта
жасы қырыққа тақалғанда, бұл еліктегіштіктен
арылады. Халықтың жас кезінде оның өнері
дамиды. Шынында да Қазақстанның (шағын
ғана ел болғанмен, 15 млн деген бір ірі
қаланың халқы ғой) өнер және спорт саңлақтары
әлемге белгілі. Ал халық есейген кезде
(мысалы Жапония, Ресей, Германия тәрізді)
ғылым дамитын болады. Сонда қазіргі ең
басты мәселе халықтың орташа өмір сүру
ұзақтығының тым төмен болуы. Яғни Қазақстан
халқында денсаулық жоқ.
Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы