Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат

Описание

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

    Ал  орыстардың бәрі негізінен түгелдей үдере көшіп кетпеді. «Сары орыстың  бәрі орыс» болғанымен, орыстың да түр-түрі бар. Бұл халық та туған жеріне көп мән береді. Алдымен қолынан іс келетін, іскер, білікті мамандар қай жерге басра да жұмыс табады ғой. Сондықтан, ондайлар алдымен кетеді. Қолынан көп ештеңе келе қоймайтын, өзіне сенімсіз болса, оның үстіне өзі араққұмар, жұмыссыз, сотталған т.б. басқа болса, ол қайда барып сияды. Сондай орыстар қалады. Тағы басқа қырынан алғанда, мысалы соғыстан кейін тың жерді игеруге және елді индустрияландыруға, жаңа өндіріс орындарына келген орыстар, немесе 50-70 жылдары келгендер, олар Ресейді жақсы біледі, Ресейде туыстық байланыстары бар, Ресейде оқыған. Олар алдымен кетті.  

    Енді  тағы бір орыстардың буыны олар соғыстан бұрын келгендер, яғни елде Кеңес  үкіметі орнамай тұрғанда-ақ келгендер, қазақша айтқанда «переселендер», олардың көптеп келген жылдары 1900-1910 жылдар аралығы еді. Қарап отырсақ бұдан 100 жыл бұрын да, 1911 жылғы өткен санақта Қазақ жерінде 1 млн 543 мың орыс болған. Қарап отырсақ, олардың әкесі де, атасы да Қазақстанда туған, Ресейді тіпті де білмейді, қазақ болып кетіп жүрген осылар, олардың Ресейде несі бар. Оларға «келімсектер» деген сөз де онша үйлесе қоймайды, себебі арғы атасының да моласы осы жерде жатыр. Бұлардың Қазақстанда тұруы, келген жылдары бойынша алып қарасақ (1860-1905), мысалы, Қазақтардың Баян Өлгейде тұруы сияқты....  

    Мысалы, Жайық бойында казак-орыстар көп  тұрады. Жайық казактары. Шамамен  бұдан 250-300 жыл бұрын келіп қоныстанған. Жайықтың бойы казактар сол кезде  салған бекіністерге толы. Бұлардың Қазақстанға  келген жылдарын есептесек, 1720-1760 жылдар, Қазақтардың Қытайға (соның ішінде, Алтай мен Тарбағатай және Жоңғар Алатауы тауларының күнгей-шығыс беткейлері мен бөктерлеріне) барып қоныстанған уақытымен шамалас. Ауылдық жерлерді жағалай қоныстанған Казактар орыс тілін шала біледі, қазақ тілін жақсы біледі. Алайда өздерінің казак екендігін ешқашан ұмытпайды. Қазақстанға алғаш келген орыстар – казак-орыстар. Олар бір кезде казактар көтерілістері (С.Разин, Е.Пугачев) қанмен басып-жаншылған соң, Орыс Патшасының қаһарынан ығысып келген еді. ..  

    Қазақтың кей жерін «бұл - орыстың жері», «бұл – ұйғырдың жері» дейтіндерге қатысты айтып отырмын. Егер бір халық сол жерде 300 жылдай тұрса, ол жер сол халықтікі болып кете ме. Ұйғырлар Қазақстанға 1860-1870 жылдары көшіп келді. Қытайдағы Ұйғырлар мен Дүнгендер көтерілісі сол жылдары күшпен басылған соң, «Қытайлар бізді енді тірі қоймайды» деп олар бері қарай Ресейді паналап қашқан. Мысалы, Құлжа өңірі Қытайға сатылған кезде, оның жергілікті халқына екі жақтың, империялардың келісімі бойынша не Ресейді не Қытайды таңдау құқығы берілген. Сол сәтте көптеген ұйғырлар мен дүнгендер Ресейдің жеріне, Іле бойына (Ұйғырлар, ол кезде тараншалар) және Талас бойына (дүнгендер) келіп қоныстанып, сол кезден бері тұрып жатыр...  

    Ал  башқұрттар, қаралақалпақтар, өзбектер, түрікмендер, ноғайлардың Қазақ жерінде пайда болған уақытын дәл айту қиын. Мысалы, Тәуекел ханның лауазымы – «Қазақтар (қарақалпақтар, башқұрттар) мен қырғыздардың және қалмақтардың ханы». Ал өздерінің Хақназар хандары туралы аңыздар Башқұрттарда, Ноғайларда, Қарақалпақтарда сақталған. Бұл айтып отырғандары, әрине қазақтың Хақназар ханы ғой. Алайда, ол кісі қазақтар кең байтақ даланы иемденген кезде, осы шағын халықтардың үстіне де билігін жүргізген. Қазақстандық Өзбектер де Қазақтар сияқты арғы аталарын жатқа санайды, сөйтіп өзінің 15-ші атасының да Қазақстанда тұрғанын көрсетіп бере алады. Ал бұл кезең – Қасым ханның заманына сәйкес келеді. Бұл Өзбектер – нағыз Өзбектер, қазіргі Өзбекстандағы «Өзбектерміз» деп жүрген Тәжіктер, Хиуалықтар немесе Сарттар мен Қазақтар сияқты емес...  

    Қазақстан демографиясындағы ең қолайсыз кезең  бұдан 50 жыл бұрын, 1960 жылдары болған екен. Қазақтар Қазақстан халқының 27 пайызына дейін төмендеген. Содан  бері үздіксіз жоғарылап келеді. Небір  ұзын сөздің де соңы болады ғой, тараудың соңында бұдан 100 жыл бұрынғы Патшалы Ресей жүргізген халық санағының нәтижелеріне тағы бір қарайық. 1911 жылы Қазақ жерінде қазақтар 67,2 пайыз, ал орыстар мен украиндер 27,8 пайыз болған екен. Шынымен де, енді келе жатқан 2013 жылы, 102 жыл өткен соң, дәл осы сан шамамен сол күйінде қайталанады екен. Соншама зұлматтарды, қиындықтар мен апаттарды, өрлеулер мен дамуларды бастан өткергеннен кейін. Қандай ғажап... 

    4. "Қазақтар із  түзсіз жойылып  кетті..."  

    Бұл көрсетілген парақтағы Қазақ  хандарының таққа отырған жылдары бойынша толық тізіміне қараған адам мына жағдайға да назар аударады:  

    4. Касым хан - 1503-1518 (1511-1523)

    5. Мамаш хан - (1518) 1523-1523

    6. ТаҺир (Тайыр) хан - 1522/23-1532/33

    7. Бұйдаш (Бауыш) хан - 1533-1534

    8. Қожахмет хан - 1534-1535

    9. Тоқым (Тоғұм) хан - 1535-1537

    10. Хақназар (Ақназар) хан - 1538-1580  

    Қазақ баласының бәріне де жастайынан таныс, "Қасымның қасқа жолын" салған және Қазақ жері мен халқын алғаш  рет толықтай біріктірген Қасым  хан мен "Қазақ, қырғыз бен башқұрт, ноғайдың" ханы атанған Ақназар ханның арасындағы 14 жыл қысқа мерзімде Қазақ Ордасында 5 хан алмасады. Неге бұлай болған. Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хандардан кейін хан тағына Керей ханның баласы Бұрындық (Мұрындық) хан отырды. Бұрындық ханның ең басты еңбегі - Талас пен Шу бойындағы аядай ғана Қазақ хандығын ұлғайтқаны, соның ішінде бұрынғы Үлкен Әбілқайыр ханның ұрпақтары Шайбанилерді далалықтан қазіргі Өзбекстан жеріне қуып жіберіп, Әбілқайырдың Дешті-Қыпшақ даласын иемденіп қалғаны еді.  

    Қасым хан - енді Жәнібек ханның баласы болатын. Қасым хан енді, қазақтармен қарым-қатынастары  сан құбылған шығысындағы Моғолстан  мен Оңтүстігіндегі Шайбанилерді айтпағанда да, батысында Ноғай Ордасымен, Солтүстігінде  Сібір хандығымен бетпе-бет келді. Қасым хан өзін бұрынғы Алтын Орданың қалпына келтіруші қожасындай сезінді, Сөйтті де Ноғай Ордасын ығыстырып, ежелгі Сарайшықты Қазақ хандығының Астанасы етіп алды. Сөйтіп оның иелігі, Қиыр солтүстігінде Сібір хандығы, Алтайда Ойраттар иелік еткені болмаса, қазіргі Қазақстан жерінің үштен екісін негізінен қамтып жатты.  

    Бұл хандықты тарихта негізінен "Қасым  хандығы" деп жазады. Ал бас кезінде  Дешті-Қыпшақтан Әбілқайырдың ұрпақтарын қуып жіберуде Шайбанилерге қарсы бірігіп  күрескен Ноғай мырзалары мен  Сібір хандығы енді Қасым ханның жалпақ даладағы беделін көріп, және одан тым қауіптеніп қалды. Олардың төрелеріне де Дешті-Қыпшақ жері керек еді.  

    Алайда  Қасым хан тірі тұрғанда олардың  бұл дала үшін ашық күреске түсуге батылы бармады. Ал Қасым ханның халқы млн-нан асатын. Бұл сол заман үшін өте көп халық болатын. Сонымен қатар Қасым кез-келген сәтте 100 мың жауынгерді атқа қондыра алатын, қажет болса, 200 мыңға дейін атты әскери жинай алатын. Мұхамед Хайдар Дулатидің деректері осылай дейді. Қасым ханның басты жаулары Шайбанилер болды, ол Сыр бойындағы қалалар үшін тартысты. Ал Шайбанилердің басты одақтасы Солтүстіктегі Сібір хандығы болатын. Бұл екеуі негізі бір кездегі Көк Орданың, бірі Оңтүстікке, бірі солтүстікке ығысқан бөліктері еді. Қасым хан болашақта Жайық пен Орал тауды жайлаған Ноғай Ордасын да, Еділдегі Қарақалпақтарды да, Батыс Сібір мен Көкшетауды иемденіп отырған Сібір хандығын да өзінің Қазақ хандығының қарамағына қосып алатынына сенімді еді, себебі соғыссыз-ақ оның хандығына олардан көшіп келушілер көп еді.  

    Оның  күшеюінің басты себебі - қазақ (алаш) жұртында ежелден қалыптасқан этникалық  тұтастық болатын. Бұрынғы Әбілқайыр  ханның "көшпелі өзбектер мемлекетінде" онша ұлттық-халықтық тұтастық болмады. Әрыңғай халықтар тұрып, бытыраңқылық басым болды. Ал Ноғай мырзалары мен Сібір хандығы, тіпті одақтас болып келген Моғолстан да, жаңа хандық бұлай күшейіп кетеді деп ойлаған жоқ еді. Енді олар қауіптене бастады. Бұл хандықты жоқ қылуды ойлады. Кенет күшейген Қасымның хандығына Моғолстан да, Хиуа да қандай қызғанышпен қарағанын біз қазір Мухамед Хайдар Дулати мен Әбілғазы Баһадурдың еңбектерінен оқи аламыз. "Онда тұрған не бар екен, бұл далаға талай хандық келіп, талай хандық кеткен" дегендей ыңғаймен жазады олар. Қасым хан Қазақ хандығының сол кездегі астанасы Сарайшық қаласында қайтыс болды.  

    Сол-ақ екен жан-жақтан анталаған дұшпаны  тап берді, Ноғай мырзалары батыстан, Сібір хандығы солтүстіктен, Шайбанилер оңтүстіктен, Моғолстан шығыстан жұлмалап, өз үлестерін алып қалуға тырысты. Ал ойраттар (ол кездегі жоңғарлар, хошауыттар және торғауыттар - яғни, шығыс монғол тайпалары) болса, жорықтарына енді шындап кірісті. Бәрінің де көкейін тескен арман, ол - Алтын Орданы иемденіп қалу болатын. Былайша айтқанда, айбыны әлемге жайылған сол Орданы біріктіруді аңсаған "Ұлы империялық сандырақ" еді. Өле бастаған империяның сөніп бара жатқан ошағының басына келіп, өздерін қалпына келтірілген "Алтын Орданың ханымын" деп жариялағандар да көбейді...  

    Хан тағына отырған Қасым ханның баласы Мамаш аса қиын жағдайда қалды. Хан тағында небәрі бір жылға жетпейтін кезең отырып, елді тұтастыра алмай қаза болды. Одан кейін хан тағына келген Қасым ханның інілері Таһир, Ахмет, Бұйдаш, Қожахмет және Тоқым хандар да анталаған жаумен бірнеше майданда қатар соғысамын деп осылайша бірінен соң бірі қаза болды. Таһир ханға іс жүзінде тек Талас өңірі мен Қырғыздар ғана жақтасты, Ахмет ханға Ноғайлы халқының бір бөлігі ғана ниеттес болды, бұлар түрлі айла шарғылармен өлтірілді. Бұйдаш хан да бір-ақ жыл, Қожахмет хан да бір-ақ жыл хан болды. Өздерінің сұлтандарымен бірге қаза болды. Бұл төре тұқымынан шығып, ханымен бірге қаза болғандардың бәрі сол бір кездегі Ақ Орданың ханы Орыс ханның және Керей мен Жәнібек хандардың ұрпақтары болатын. Таһир хан қаза болған шайқаста, онымен бірге 24 сұлтан опат болды дейді.  

    Мысалы, қазақ тарихының қысқаша даталармен берілетін жылнамасына қайта  үңілген адамның мына оқиғаларға назары ауады: «1533-1537 ж.ж. Тоғым хан  билік құрды. 1537 ж. 27 шілде. Сан-Таштағы  төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанымен бірге шәйіт болды». Тарихымызда ондай да болған. Бұл жағат соғысы еді. Ресей тарихы Ұлы Петр патшадан бастап, Екатерина мен Елизавета сынды қатын патшаларына дейін бір пірәдар әулиедей көкке көтереді. Ол Патшалардың қай-қайсысы болса да, жауға қарсы келіп, ғұмырында бір-рет қылыш сермеп көрді ме екен...  

    «Абылай хан деген - қазақтың Бірінші Петрі  сынды» деп лепірді дейсің бір  ағамыз тарихи конференцияда. Әрине, түпкі  ниеті дұрыс шығар. «Салыстыруға келмейді, Абылай хан елу жыл ат үстінен түспеген және сол елу жыл бойы әрқашан найза ұстап, қандай қырғында да жанын шүберекке түйіп, өзі қол бастап жүрген» - келесі ағамыздың бұл уәжі шынында да құлақ қоятындай еді: жасанған үлкен шаһардағы алтынмен апталған кең сарайда үлде мен бүлдеге оранып, орыс мұжықтарын салықпен қанап, өз халқының әділетсіздікке қарсы көтерілістерін өздері қанмен басып, сарайда жын ойнақ-би ойнақ жасап, ерігіп-есінеген Орыс Патшалары кім, бір шайқаста өзінің тоғыз ұлымен және отыз жеті аға-інісімен бірге қаза болатын Қазақ Хандары кім...  

    Тоғым хан туралы деректерді тарихшылар ең алғашқыда Мұхаммед Хайдар Дулатидің  «Тарихи Рашиди» еңбегінен көрген еді. Дулати жазады: «Чағат соғысында  қоршауда қалған қазақ ханы Тоғұм өзінің тоғыз ұлымен бірге және отыз жеті сұлтанымен бірге қаза болды. Қазақ-қырғыздың қалың әскері түгелдей қырылды. Содан кейін қазақтар жойылды. «Қазақтар» деген атауды одан кейін ешкім де естімейді. Бір кездерде саны млн болған Қазақтар қазір із-түзсіз жоғалып кетті» дейді. "Қазақтар жоғалды" деп жазғанда, Дулати өзінің арманын жазған шығар. Дұшпандар қуанышын жасыра алмаған болар. Бәлкім, сол дәуірдің көз-көрген замандас адамы ғой, көргенін-естігенін, білгенін-талдағанын, яғни барынша ақиқат шындықты жазған болар. Себебі, дұшпандары да, достары да, жай бейтарап адам да енді бұл хандық жойылды деп есептеді...  

    Алайда  бұл халықтың өзі олай деп есептеген  жоқ. Қасым ханның кіші ұлы Ақназар  хан да олай деп тіпті ойлаған  жоқ. Енді қазақ тарихшысы Қадырғали  Жалаиридің «Жамиғат Тауарих» еңбегін қарасақ, бұл шайқастың 1537 жылдың жаз айында (хижрадан аударғанда 27 шілдеге келеді) болғанын көреміз. Бұл шайқастан соң, 1537 жылы хан тағына әйгілі Ақназар хан келіп, Қазақ Ордасын бас-аяғы 20 жылдың ішінде тез оңалтып, батыстағы Жайық өзенінен асып, жорық жасап, Ноғай Ордасының халқын Қазақ хандығына қосып алғанын, Сібір хандығының көп халқы оған келіп қосылғанын және Ресейге бағынғысы келмеген башқұрт тайпалары Ақназарды сағалағанын, Қарақалпақтар өз отаны Астраханьды Орыстар жаулап алған соң Ақназардың қол астына Сыр бойына келіп паналағанын, Ханның әскерінің негізгі күштерін ойраттарға қарсы бірігіп күрескен қазақ-қырғыз батырлары құрағанын жазады. Және Ақназар ханнан бастап, көрші елдердегі тарихи жылнамаларда енді хандықтың аты бұрынғыдай "Ақ Орда", "Орыс ханның балаларының елі", "Жәнібек ханның елі", "Қасым хандығы" деп аталмай, халқының атымен "Қазақ ордасы" деп атала бастады...  

    Төңіректегі хандықтар мен патшалықтарыдң атына  қарасақ: Әбілқайыр мемлекеті, Шейбани мемлекеті, Аштархан хандығы, Ноғай ордасы, Сібір хандығы, Қазан хандығы, Қырым хандығы, Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, Моғолстан мемлекеті болып келеді де, бидеушінің не жердің атымен аталмай халықтың атымен атымен аталған мемлекет осы қазақ хандығы екеніне оңай-ақ көз жеткізуге болады. Бұл - бір. Екіншіден, шыныда да талай хандық құрылып, талай хандық жойылып жатқан заман ғой. Бұл мемлекеттің әлі де тым ұзақ өмір сүретінін ол кезде ешкім де тіпті ойламаған шығар. Шындығында да, соншама қыспақтан кейін, сол кезде-ақ бұлғақ заманындағы Алтын Орда сияқты бұл Орда да әлсіреп жойылып кетуі керек еді. Қазақ Ордасын сол сәттерде жоймай ұстап қалған не құдірет. Себебі бұл - басқа хандықтар сияқты құрама-құрау емес, біртұтас ұлттың мемлекеті болатын. Басқаша айтқанда Қазақ хандығын сол кезде жойылып кетуден сақтап қалған күш - ол этникалық тұтастығы. Қазақ халқының біртұтас халық екендігі, не әртүрлі далалық көшпенді ру-тайпалардың құрамасы ғана екендігі солай сыналды. Қазақтар бұл 14 жылда қайта бірігіп, әбден қалыптасқан біртұтас халық екенін дәлелдеп шықты...  

Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы