Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат

Описание

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

    5. "Қазақстанның  тәуелсіздік жылдарындағы  халықнамалық тарихы"  

    Қазіргі тұрғыдан қарасақ, мәселе қазір елдегі қазақтың саны мен пайызында. Көп  халық - үлкен мемлекет. Көп халық - қуатты экономика. Жер кең, байлық мол болғасын, көз алартушы, көз сүзуші көршілер де көп болады. Халық аз болса, дала мен қала, өндіріс пен оны игеру ісі ешқашан бос жатпайды, оның орнын бәрібір келімсектер, шетелден келген жұмысшылар, күнелтіс іздеген басқа ұлттар толтырады. Көп халық керек, соның ішщінде көп қазақ керек. Ал қазақтың пайызы атрқан сайын Қазақстанның мемлекеттілігі де нығаяды. Қазақтардың саны артқан сайын Қазақстандағы басқа ұлттарға да өте тиімді болады. Қазақтар өзіндегі көптеген аз ұлттарды да Отандасы ретінде және мемлекеттің Ата заңы бойынша қорғауға және қолдауға, дамытуға шамасы жететін болады. Мемлекет мықты болса, тұрақты және бейбіт болса, Көк Төлқұжаттың да әлемнің қай жеріне барсаң да салмағы артатын болады...  

    Елдегі  қазақ "бұл менің Отаным" деп  мақтанса, шетелдегі қазақ алыста болса да әйтеуір дүниеде қалың қазақ тұратын Отаны бар екенін есте ұстап жүретін болады. Қазіргі саясатта "титульная нация" деген термин қолданылады. Тікелей қазақшаласақ, "мұқабалық ұлт" - яғни сол мемлекеттің атымен аталатын халықты айтады. Кез-келген мемлекет орнықты да тұрақты болуы үшін сол мұқабалық ұлт барлық халықтың кем дегенде төрттен үшін, яғни 75 пайызын құрауы тиіс. Олай болмаған жағдайда біздің айтып жүрген "Қазақстан мемлекеттілігін нығайту", "Қазақ тілі мен мәдениетін дамыту", "Қазақстандық патриотизм", "Қазақтың рухани әлемін көтеру", "Экономиканы, Өнерді, Спортты, Ғылым мен Білімді дамыту" дегеннің бәрі жай сөз ретінде қала береді. Ұлтқа, мемлекетке жаны ашитын адамдар көп болмаса, олар қалай дамиды...  

    Жоғарыдағы жазбалардан, тараудардан көргеніміздей, қазақтар өз жерінде өткен ғасырларда әрқашан көпшілік құрап келген болатын. Соның арқасында монғол мен ойраттың, жоңғар мен қалмақтың дәл іргесінде тұрып, Шыңғысханның жаһанды жаулаған монғолдарын да сол көптігімен өз құрамына сіңіріп алды, монғол мемлекетіне айналып кеткен жоқ. Қазақтар Жоңғарларды да "ақтабан шұбырынды" жылдарында олардың Қазақ даласын шарлаған аласапыран шабуылдарынан кейін 25 жылдан соң біртіндеп өз жерінен қуып шықты, қазіргідей қазақтың саны өз жерінде аз болса, олай істеу қиынға соғар еді, мүмкін емес те болар еді. Ресейдің тарапынан жасалған отаршылдық қитұрқыларға да сол санының көптігі арқылы ғана төтеп берді, Кеңестердің қызыл қырғынан да сол көптігі арқылы аман қалды. Ал аз халықтар әлдеқашан жойылып кетті. Орыс болып кетті, шоқынып кетті...  

    Қазақтарды 20 ғасырдың орта шеніндегі қиын демографиялық  дағдарыстан алып шыққан екі нәрсе  болды: бірі - қазақ халқы 60-70 жылдары  бала санын шектеу дегенді білген де жоқ. Және 60 жылдары Қытай шекарасынан өтіп бір мезгілде 140 мың қазақ көшіп келді. Бұрын сол жылдары "60 мың қазақ келді" деп коммунистік КСРО мен Қытай азайтып айтқан. Осының арқасында, жетпісінші жылдардың аяғында елдегі қазақтардың саны қайтадан артып 35 пайызға жетті. Ал Тәуелсіздік алған 1990-91 жылдары Елімізде қазақтар саны 38-40 пайызды құрайтын еді. Бұндай жағдай тарихта болып көрген емес. Жергілікті халық өз жерінде аз болып отырып, Тәуелсіздік жариялаған емес. Бұл түгілі халқы млрд-пен саналатын Үндістан мен Қытай да Ағылшын империалистерін қуып жіберіп, соғыспай-ақ тәуелсіздікті жеңіп алдық деп мақтанып жүр ғой...  

    Сол-ақ екен жел оңынан тұрғандай болды. 1990-2000 жылдар аралығында елден жалпы  саны 3 млн-дай болатын орыс, украин, белорус, неміс, дағыстандықтар, шешендер көшіп кетті. Бұл кезең қазақтардың саны баяғы 30-шы жылдардан соң алғаш рет қайтадан 50 пайыздан асқанын, Қазақстан халқының тең жартысы қазақтар екенін жария етті...  

    1991-2001 жылдар аралығы еліміздегі халық  үшін өте қиын, ауыр болуымен  сипатталады. Ел соғыс кезіндегідей талонмен күнелтті, жаңа пайда болған ұлттық валюта теңге ол кезде нығаймаған экономикамыз секілді тым тұрақсыз еді. Қазақтар Шығыс Еуропа жеріне дейін шұбырып барып жаппай сауда жасап, күнелтіс іздеп босып кетті, ауыл шаруашылығы күйреп түсті, жұмыссыздық жайлады.  

    Сол кездерде, осы он жылдың ішінде, 1990-2000 жылдар ішінде елімізге шетелдерден 42387 қазақ жанұясы көшіп келді. Бұл  адам санымен көрсеткенде, 183652 адам ғана еді. Соның ішінде Өзбекстаннан - 62737, Түркменстаннан - 22055, Тәжікстаннан -10476, Ресейден - 8490 қазақ келді. Алыстағы шетелдерден айтқанда: Монғолиядан - 65202, Ираннан - 5030, Түркиядан - 3780, Ауғанстаннан -1719 человек, Қытайдан -2214, Пәкстаннан - 1102, Сауд Аравиясынан - 81 қазақ келген. Яғни бұл қиын жылдары келгендердің, қазіргі демографиялық терминмен айтқанда "Көшті бастаушылардың" 75 пайызы Өзбекстан мен Монғолиядан келген қазақтар екенін ерекше айту керек. Себебі, ашаршылықта жеген құйқаның дәмі қашанда тәтті болады. Енді алдағы жылдарда, кейін жағдай жақсарғасын, жағдайын жасап алып келгендер, қай жер жақсы болса сол жерде тек күнелтүс үшін жүргендер болып көрінеді. Ал сол кезде келген оралмандар жергілікті халықпен бірге сол қиындықтың бәрін көрді. Болашақтан оншалықты жарқын үміт те жоқ еді, әйтеуір бір өлместің қамы, тіршілік үшін күрестің өзі болатын...  

    Алайда  демографиялық қиындық онымен бітпеді. Елге 183652 қазақ көшіп келгенмен, 101298 қазақ шетелдерге көшіп кетті. Оның ішінде алыс шетелдерге жақсы  тұрмыс іздеп кеткендер де, Ресейге  қоныс аударған өздерін қазақтан гөрі орыс ретінде сезінетін орыстілді қазақтар да, немесе қиындыққа шыдамай, келген еліне қайта көшкен оралмандар да болды. Ал елдегі жергілікті халықтың табиғи өсімі тым төмендеді. Бала санының шектелуі халықтың өсімін бере алмайтын дәрежеге жетті. Бұл жылдары қазақтардың елдегі пайызын арттырған - шетелдерге көшіп кеткен 3,5 млн-ға жуық өзге ұлт өкілдері ғана еді. Басқа ұлттар кете берсе де қазақтың пайызы өздері көбеймей-ақ артады екен. Бұл жылдары оралмандарға берілетін мемлекеттік квота саны да тым аз еді: Үкіметіміз 1999 жылы - 500 жанұяға, 2000 жылы - 500 жанұяға, ал 2001 жылы 600 жанұяға ғана квота бөлген. Бұл сан теңізге тамшы блуға да жетпейтін...  

    Сондықтан, 1991-2001 жылдар аралығындағы шетелдік қазақтар негізінен квотадан тыс, тек қана тәуелсіз жас Отанына деген жалаң ентузиазммен, жай көңілмен ғана көшіп келді. Бұл жылдар ішінде квотамен көшіп келгендерден, квотадан тыс көшіп келгендердің саны әлдеқайда артық болып келді. Бұл тек жанқиярлық қана болатын. Мысалы, 1991 жылдың сәуір айынан бастап, 1992 жылдың сәуірі аралығында Монғолиядан Қазақстанға тек қана чартерлік рейстермен 40102 адам жеткізілді. Бұл шынында да, МХР мен ҚР Үкіметтері мен Баян Өлгей қазақтарының біріккен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болды. Ол кезде тіпті оралмандар, көші-қон туралы Заң да жоқ болатын. Қазақстанның көкпеңбек аспанынан бос күйінде көтерілген жүздеген ұшақтар Монғолияны, Баян Өлгей қыраттарын бетке алып ұшатын, қайтарында тіпті мал-мүлкін де алмастан, тек асқақ сезімін қанат қылып ежелгі еліне қарай ұшқан Моғолиялық қазақтармен әрқашан толып келетін. Сырттай жүдеп жеткен оларды, жүдеп-жадап тұрған Отаны күтіп алатын. Алайда көңіл семіз еді. Ал 2000 жылдарға қарай бұл екпін саябырлап, қазақтарды елге оралту туралы іске күмән келтіріле бастады, себебі жылына квотадағы жылына 500 жанұя әкелу деген тым аз болатын, әрі қанша қазақ елге келсе, оның тең жартысындай қазақ шетелдерге кетіп отыратын еді. Жоғарыдағы келген және кеткен қазақтың саны мынаны көрсетеді: елге 9 қазақ келген сайын 5 қазақ елден кетіп отырды...  

    Кейін 2001 жылдан кейін экономика мен  тұрмыс оңала бастағасын және халықтың өзі нарықтық қатынастарға бейімделе  бастағасын, мемлекеттік квота мөлшері  де артты. Елбасы оралмандаға бөлінетін  квота санын жылына 20 мың жанұяға  дейін ұлғайтуға тапсырма берді. Бұл енді әр жыл сайын Қазақстанға 140 мыңнан аса қазақ келіп отыруын қамтамасыз етеді деген сөз. Ал 140 мың адам деген Қазақстан үшін орташа көлемдегі бір қаланың халқы.  

    Таяудағы  өткенімізді қарасақ, 2001 және 2007 жылдар аралығында Елімізге шетелдік қандастардың келуі артты: бұл жылдары Қазақстанға 1426334 қазақ көшіп келді. Оралмандардың ішінде Өзбекстаннан (61,6%), Монғолиядан (14,3%), Түркменстаннан (8,6%), Қытайдан (6,7%) келгендердің пайызы басым болды. Нарық қыспағынан арыла бастаған жергілікті халықтың, соның ішінде қазақтардың да табиғи өсімі арта бастады. Сөйтіп бұл өсім Қазақстанда енді алдағы 2009 жылғы өтетін халық санағы бойынша, шамасын алдын ала біліп отырғанымызбен, Елдегі қазақтардың саны 60 пайыздан асып кететінін ресми түрде көрсетіп береді деп күтудеміз...  

    Қазақстанның  демографиялық өзгерістер шежіресі де таңғажайып еді. Себебі, жер бетінде  бұндай Мемлекеттік деңгейдегі көші-қон  үрдісін, қандастарын елге оралту құбылысын  Қазақстаннан басқа ешбір ел ешқашанда  жасаған емес. Тек Израильды мысалға алады ғой. Израиль шектен тыс бай мемлекет болатын. Және әлемдегі бизнестің де, саясаттың да, ғылымның да, билік пен саясаттың да тұтқасын ұстап отырған Еврейлер де шетінен ықпалды топтар және бай халық еді. Ал Қазақтар қай жерде де қарапайым өмір сүріп жатқан. Соған қарамастан, кішкене Қазақстан әлемде болмағанды жасап, биыл 2008 жылдың тамыз айында Қазақстанға келген 1 млн 500-інші, яғни млн жарымыншы қазақты күтіп алатын болады...  

    Қарап отырсақ, біз Қазақстанда, жалпы  қазақ халқы соңғы жүз жылдан бері тек елдегі пайыз үшін ғана күресіп келе жатқандаймыз. Бұл да күрес еді, көзге көрінбейтін, алайда шешуші күрес. Енді біршама анықтап алу керек, шетелдерде қанша қазақ бар. Шетелдарде біреулер тым гүмпитіп жіберетіндей 5-6 млн қазақ жоқ. Шетелдердегі қазақтың саны 4,2 млн ғана. Сосын, тағы бір ақиқатты - ол барлық қазақтың Қазақстанға келмейтінін де мойындау керек болды. Оның алдағы 50 жылда асырып айтқанның өзінде елге тек 70 пайызы ғана (3 млн-ы) оралуы мүмкін. Қалғандары сол аймақтарда қала береді. Себебі "бармасаң, келмесең - жат боласың" деген бар. Алайда Қазақстанның 1990-2030 жылдар аралығындағы 50 жыл ішінде 4,5 млн қазақты елге көшіріп алған, жергілікті халықтың өсімі екі есеге артқан, сөйтіп Елдегі қазақтардың санын 38 пайыздан 70 пайызға дейін көтерген саясаты әрқашан да әлемде теңдесі жоқ тарихи-демографиялық құбылыс ретінде, алдағы келе жатқан тарихымыздың беттерінде қала беретін болады. Біз өзіміз көздеген 70 пайызға 2025-26 жылдары жететін боламыз. Сол кезде соның ішінде Қазақстанда тұратын Түркі халықтары 80 пайызға жуықтайтын болады. Дәл қазір елімізде саны бойынша саны бойынша көп ұлттар ретінде 1-ші орында қазақтар, 2-ші орында орыстар, 3-ші орында өзбектер, 4-ші орында украиндер тұр.  

    ...Білге  қағанның ескерткішінің басына бұдан мың жарым жыл бұрын ертеде былай деп мақтанышпен жазылған екен: "Аз халықты көп қылдым, аш халықты тоқ қолдым". Бәлкім, сондай заман Ежелгі Түркінің сар даласына енді тағы да қайта айналып келе жатқан шығар... 

    Сөз соңы 

    Мына  параққа сәл назар аударайық. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімі 2050 жылғы халық ең көп тұратын елдердің болжамды тізімін жария етті: Күткеніміздей 2050 жылы халық саны бойынша елдерден әлемде 1-орында Үндістан, 2-орында Қытай, ал 3-орында АҚШ тұрады. Ал Ресей 17-орында болады, Ресейдегі халық саны азайып, әлемдегі Орыстардың саны Түріктер мен Ирандықтардан, олар тіпті Ауғандардан да аз болады.  

    Ал 2050 жылғы Қазақстан ше. Қазақстанда  ол кезде, яғни 2050-жылы 13 млн халық  тұратын болады. Қазір Қазастан халқының саны жөнінен әлемде 59-орында тұр, ол кезде 81-орында тұратын болады. Көңілсіз болжам. Біз 20 млн-ға жеткізгіміз келсе, олардың болжамы бойынша елдегі халық саны кеми түседі екен. Бұл болжамды жоққа шығару қиын. Біз БҰҰ сарапшыларының неге сүйенгенін білмейміз. Алайда олар бұл талдауды жасағанда елден орыстілділер көптеп кете береді деп есептеген және соғы жылдары оралмандардың келуі артып келе жатқанын ескермеген. Сөйтіп қазіргі бала туу көрсеткіші қайтыс болғандар мен елден кеткендердің орнын толтыра алмайтындықтан елдегі халық саны кеми береді деп жоспарлаған.  

    Шынымен солай ма. Біз әрине, 2050 жылды болжай алмаймыз, сондықтан таяу болашақты  қарастырайық. Мысалы 2015 жылды бағамдау оңай. БҰҰ сарапшылары 2015 жылы Қазақстанда 14 млн 877 адам тұрады деп есептеген. Біз 2009 жылғы қаңтар-ақпан айында өтетін санақ елде 15,8 млн адам тұратынын анықтайды, оның 9,6 млн-ы Қазақтар болады деп күтудеміз. Яғни, 62 пайыз. Онда 2015 жылы елде 17,4 млн адам тұратын болады. Соның ішінде Қазақтар 12,1 млн, яғни 69 пайыз құрайды. Ал шетелдерде 3,9 млн Қазақ тұратын болады.  

    Сол кестеде БҰҰ сарапшылары 2025 жылы Қазақстан халқы 14,774 мың адам болады деп болжаған. Жоғарыдағы өзіміздің  есепті жалғасырсақ, 2020 жылы Қазақстан  халқы 18,6 млн-ға жетеді. Ал 2025 жылы 19,7 млн адам болады. Ал М.Тәтімов ағамыз 20 млн-ға осы 2025 жылы жетеміз деп болжам жасаған болатын... Бұл - көз жетер, болжануы оңай, таяу болашақ. Одан әрі болжау қиын...

    «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық  дүмпу 

    Қазақстанда үлкен демографиялық дүмпу жүріп жатыр! Бұған «қарадомалақтар тасқынының» тигізіп отырған әсері зор. «Өйткені былтыр елімізде 330 мыңға жуық бала дүниеге келсе, биыл қара домалақтар саны 350 мыңнан асады» деп болжайды белгілі демограф, Орталық Азия университетінің ректоры Мақаш Тәтімов. Ал 2012-15 жылдары дүниеге келетін шараналар саны 400 мыңға жуықтайды екен. Сол кезде Қазақстандағы қазақтардың саны 70 пайызды құрайтын болады! 

Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы