Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат

Описание

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

    Ресей империясы шын мәнінде «халықтар түрмесі» болатын. Онда 500-дей халық өмір сүрді. Және өздерінің ежелгі жерлерінде. Олардың ішінде 150 халық ақыры жер бетінен түпкілікті жоғалып кетті. Ресей империясы өз еліндегі аз халықтарға халық санағын жүргізуді 1860 жылдардан бастады. Мысалы 1880 жылдардағы Ресей халқының құрамы төмендегідей еді. Бізге керекті көршілес халықтар және Түркі халықтары ғана алынып отыр:  

    Башқұрттар - 600 мың, Балқарлар - 3 мың, Буряттар - 270 мың, Орыстардың өзі - 58 млн, Елизаветполь Қазақтары (Кавказ қазақтары) - 1 мың 100, Құмықтар - 24 мың, Қалмақтар - 200 мың, Камасиндер - 400, Тофалар (қарағастар) - 400, Қарайымдар - 10 мың, Қарашайлар - 25 мың, Қарақалпақтар (Аштархандықтар) - 250, Қарапапахтар - 24 мың, Качиндер (Барабин татарлары) 12 мың, Қызылдар (Алтайлықтар) - 600, Қырғыздар - 300 мың, Қазақтар - 3 млн, Құмықтар - 108 мың 800, Украиндар - 17 млн 110 мың, Наурыздықтар - 5 мың 120, Ноғайлар – 61 мың 550, Нухурлар – 1 мың 150, Самагарлар – 900, Сарттар – 690 мың 300, Татарлар – 2 млн, Тәжіктер – 137 мың 260, Телеңгиттер – 18 мың 470, Тептерлер – 130 мың, Трухмендер – 19 мың, Тубалар – 920, Туралидіктер – 2 мың 100, Түріктер – 70 мың 216, Түрікмендер - 262 мың 800, Өзбектер - 182 мың 120, Чуваштар - 540 мың, Якуттар - 233 мың 433 адам болған.  

    Бұл санақта 19 ғасырда Қазақтар санының  Империяда Орыстар мен Украиндерден кейінгі үшінші орында тұрғанын және ОА-да Тәжіктер, Өзбектер, Қырғыздар, Сарттар, Түрікмендер – бәрін қосып  есептегендегіден де гөрі көп болғанын көреміз. Өзбектер ол кезде 182 мың болса, қазір 27 млн, ал қазақтар ол кезде 3 млн болса, қазір 9 млн. Өзбектерге енді Сарттарды және Нухурларды қоссақ – 782 мың болады екен. Бәрібір қазақтардың санынан 4 есеге аз. Одан бері 150 жыл өтті. Ал қазір қазақтар Өзбектерден 3 есе аз. 150 жыл ішінде Өзбектер 30 есеге көбейген, Түрікмендер 20 есеге көбейген, Қырғыздар – 15 есеге көбейген, Қазақтар – 3 есеге көбейген. Ащы сандар. Алайда Орыстардың өзі 2,8 есеге көбейген, Украиндар - 2,7 есеге көбейген. Яғни аштық пен репрессия алдымен үлкен халықтарды жалмаған екен. Кеңестік қызыл империя қаймана Қазақтарды да, қарапайым Орыстарды да, Украин шаруаларын да аяған жоқ. Қыра берді...  

    Қазақстанның  көп ұлттылығы 18 ғасырдың орта шенінен  басталады. Оған дейін Қазақ хандығы  заманында елде қазақтан басқа тек Өзбектер, Дүнгендер, Ұйғырлар, Татарлар, Башқұрттар, Ноғайлар, Түрікпендер тұратын еді. Алайда 20 ғасыр басталғанға дейін Қазақтардың елдегі саны 80 пайыздан төмен түсіп көрген жоқ. Мысалы 1897 жылғы Бүкілресейлік санақта қазақтар 3 392 751 адам болса, оның қазақ губернияларындағы пайызы 81,7 % құраған.  

    Ал  осы 1897 жылы Қазақ еліндегі орыстардың саны 454 402 адам (10,95 %), украиндар - 79 573 адам (1,91 %), татарлар - 55 984 адам (1,34 %), тараншалар (қазір ұйғыр дейді оларды) - 55 815 адам (1,34 %), өзбектер - 29 564 адам (0,7 %), мордвалар - 11 911 адам (0,28 %), дүнгендер - 4 888 адам (0,11 %), Түрікмендер - 2 883 адам, немістер - 2 613 адам, башқұрттар - 2 528 адам, еврейлер - 1 651 адам, поляктар - 1 254 адам болған. Бұларды жүргізілген санаққа 110 жыл өтіп кеткендіктен, Қазақстанның ертеден тұратын халықтары деп түсінуге болады. Соның ішінде немістер, еврейлер, поляктар және мордвалар жер аударылып келген...  

    20 ғасырдың басы Қазақстан халықнамасына  көптеген өзгерістер әкелді. Столыпиннің әйгілі ауыл шаруашылық реформалары басталды. Қазақстанда «переселендер» көптеп пайда болды. Соның ішінде Орыстар мен Украин шарулары көбейді. 1911 жылы Орыстар мен Украиндердің жалпы саны 1 543 138 адам құрап, олар Қазақстан халқының 28,5 пайызын құраған. Қазақтардың пайызы 67,2 % болды. Содан бастап қазақтар ел ішінде пайызы бойынша кеми берді.  

    Алғашқы Бүкілодақтық санақты Кеңестер империясы 1926 жылы жүргізді. Қазақтардың саны 3 713 394 адам құраған (57,10%). Өткен 1897 жылғы  санақпен арада, 16 жылғы көтеріліс және революциялар жатыр. Ал 1937 жылғы санақ қазақтардың 2 182 мың адам екенін, ал пайыздық бөлігі 38,8% екенін көрсетті. Бұл аралықта аштық жылдары мен колхоздастыру кезеңі жатыр. Осы он жылда, көп балалы болу дәстүрлі болғанымен, қазақ халқы 39,8%-ға кеміген. Яғни аштық жылдары қазақтар өз санының тең жартысын жоғалтты деген сөз шындыққа сәйкес келеді.  

    40 жылдары өтуі тиіс санақ жүргізілген  жоқ, фашистік Германиямен болған  Отан соғысына байланысты. Ал 1959 жылғы санақ қазақтар санының  - 2 794 966 адам екенін көрсетті. (20 жылда 28%-ға өскен), алайда қазақтардың елдегі пайыздық көрсеткіші - 29,87 % құрады. 1960 жылдар Қазақ халқының ең бір жедел өсу дәуірі болды. Ол кезде әр жанұяда 5-6 баладан болатын. Соның нәтижесінде 1970 жылы қазақтардың саны 4 234 166 адамға жетіп, Қазақстан халқының 32,54 %-ға өскен. Бұл кезең «қазақтардың бірінші демографиялық тасқыны» деп аталады. 1979 жылы санақ өтіп, қазақтар 5 289 349 адамға жетті. Ал Қазақстандағы пайызы - 36,02 %-ға жетті. 1989 жылғы санақта қазақтар - 6 534 616 адам болып, елдегі пайызы енді -39,68 %-ға жетті. Міне біз тәуелсіздік қарсаңында осылайша елде 39 пайыз болған едік...  

    Енді  басқа халықтарға келейік 1926 жылы Қазақстанда 1 279 979 орыс тұрды. Бұл – жалпы  Қазақстан халқының 19,68 %-ы. 860 822 украин болды (13,23 %), 1959 жылғы санақта 3 974 229 орыс болды (42,68 %) және 762 131 украин тұрды (8,18 %). Бұлардың өсімі 210 % құраған. Бұл осы халықтардың соғыс және соғыстан кейінгі жылдары, сонымен қатар тың игеру және жаңа өндіріс орындарын игеру мен жаңа қалалардың салынуына байланысты еді. 1970 жылы Қазақстанда 5 521 917 орыс болды (42,44 %) және 933 461 украин тұрды (7,17 %). Ал 1979 жылғы санақ орыстардың 5 991 205 адам екенін көрсетті (40,80 %) және Украиндер 897 964 адамға жетті (6,11 %). Ал 1989 жылғы санақ енді Орыстардың пайызы азайып келе жатқанын көрсетті - 37,82 %. Олардың саны 6 227 549 адам болған. Оның себебі қазақтардың бала табу саны орыстарға қарағанда 70 жылдары да жоғары болып қалды.  

    Соғыс жылдарында жер аударыған немістер көбейді. 1926 жылы елде 51 102 неміс тұрса, 1970 жылы 858 077 адам болды, ал 1979 жылы немістер 900 207 адамға, 1989 жылы 957 518 адамға жетті. Сөйтіп, Немістердің саны Қазақстанда Қазақтар мен Орыстардан кейінгі үшінші орынға шықты. Соның ішінде 1926 мен 1989 жылдар аралығында Татарлар - 80 642 адамнан 327 982 адамға өсті, белорустар - 25 614 адамнан 182 601 адамға көбейді, Ұйғырлар - 63 434 адамнан 185 301 адамға, ал кәрістер - 42 адамнан 103 315 адамға көбейген. Сонымен қатар Өзбектер 213 498 адамнан 332 017 адамға жеткен. Өзбектер мен Ұйғырлар тез көбею арқылы өссе, басқа халықтар жер аударылып келген және көптеп көшіп келген еді.  

    Тәуелсіздік таңы атты. Бұл кезең тағы да Қазақстанның халықтық құрылымына елеулі өзгерістер алып келді. Ең алдымен Қазақстан халқының едәуір кемігенін көреміз: 1989 жылғы санақ Қазақстан халқының 16 464 464 адам екенін көрсетті. Ал 1999 жылғы санақта Қазақстандықтар 14 953 126 адам болған, яғни 9,1 %-ға кеміп кеткен. БҰҰ есебі Қазақстан халқы одан әрі де кеми түсетін болады деп мәлімдеді. Олардың ойынша біз 2009 жылғы санақта 12 млн жарым болуға тиісті екенбіз. Алайда біз қазір анық білеміз – келе жатқан санақта, 2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан халқы 15 млн 700 мыңға жететін болады. Сонда бҰҰ сарапшылары неден қателесті...  

    Олар  үш нәрседен қателесті. Біріншіден, олар Орыстар мен Украиндар әлі  де Қазақстаннан кетіп, жаппай көше береді деп есептеді. Славян халықтарының көшіп кетуі 2000 жылдан кейін толастады. Екіншіден, олар Қазақ халқының 1990 жылдардағы өз табиғи өсімін тоқтатқаны енді тоқтатқан болады деп есептеді. Алайда 2000 жылдан кейін қазақтар тағы да көп балалы болуға көшті. «Қазақтардың үшінші демографиялық тасқыны» басталды. Бала санын шектеуді бастаған орыстілді қазақтар болатын. Алайда қазақтар бала санын олардай бір баламен шектеген жоқ. Керісінше күтпеген жағдай болды, ауыл қазақтарының өсімі төмендеп, қала қазақтарының өсімі одан асып түсті. Оның себебі де белгілі, қалаларда тұмыс деңгейі жоғарылап, ауылдарда құлдырап кетті. Бұл үрдіс қазақтардың бала санын шектейтін қоғамға әлі де жете қоймағанын, бала табудың 1990 жылдардағы төмендеуі уақытша нарық қиыншылықтарына және елдің юолашаққа деген сенімі әлсіреуіне ғана байланысты екенін көрсетті. Ал үшінгі тасқын әлі де жалғас ып 2012-2015 жылдары өзінің шарықтау шегіне жететін болады. Үшіншіден, оралмандардың мәселесі ол кезде қиын шешіліп, бұл бастама енді тығырыққа тірелді деп есептеген. Олай болмады, 2000 жылдан бастап оралмандардың елге келуі артты. Қазақтардың саны бұл кезде негізінен квотасыз көшіп келгендер есебінен көбейді. Ал көптеп көшіп келген Өзбекстан, Түркменстан және Монғолия қазақтары халқымыздың ежелгі көп балалы болу дәстүрін жақсы сақтап қалған еді. Олар әдеттегідей орта есеппен алғанда 4,5 балалы болып келеді...  

    Ал  елдегі басқа ұлттардың өсімі  әртүрлі болды. Алдымен Немістер күрт азайды, себебі көпшілігі Германияға көшіеп кетті, сондықтан 957 518 адамнан 353 441 адам қалды. (63,1%-ға азайған). Орыстар 6 227 549 адамнан 4 479 618 адамға азайды. (28,6 %-ға кеміген), украиндар - 896 240 адамнан 547 052 адамға кеміген. (38,9 %-ғак азайды), татарлар - 327 982 адамнан 248 952 адамға азайды (24,1 %-ға кеміді), белорустар - 182 601 адамнан 111 926 адамға азайды (38,7 %-ға кеміді), кәрістер - 103 315 адамнан 99 657 адамға кеміді. (3,5 %-ға азайды), азербайджандар - 90 083 адамнан 78 295 адамға азайды (13,1 %-ға кеміген), поляктар - 59 956 адамнан 47 297 адамға азайды (21,1 %-ға кеміген) – бұлар тиісінше тарихи Отандарына - Ресейге, Украинаға, Белоруссияға, Татарстанға, Кореяға, Әзірбайжанға және Польшаға көшіп кетті.  

    Немістер  мен Гректер және Поляктар кеткенде, қазақтар күнелте алмайтындай көрінген. Ештеңе де болған жоқ. Орыстар, Украиндер, Белорустар кеткенде Қазақтар елде қалып, экономика кері кететіндей көрінген. Шындығында бәрі де жақсы мамандар еді. Сондықтан Қазақстанның даму тұрғысынан көп шығынға батқанын айтқан жөн. Олар кетпегенде, әрине, экономикамыз әлдеқайда бай болар еді, қазіргідей мамандар тапшылығына (дәрігерлер, ғалымдар, инженерлер, спортшылар т.б.) ұшырамас едік, Алайда соншама дағдарыс болатындай ештеңе болған жоқ. Өмір бұрынғысынша өтіп жатты, экономика да көтеріліп, елдегі қалыпты еңбек ырғағы үзілмеді.  

    Ал  кеткен халықтардың ішінде Немістер, Кәрістер, Поляктар шынында еңбекқор халықтар еді. Сондай-ақ тағы да Қазақстанда  саны азайған халықтар мыналар: шешендер, башқұрттар, молдавандар, ингуштар, мордвалар, армяндар, гректер, қырғыздар, болгарлар, лезгиндер, түркмендер т.б. Ал Қазақстандық Өзбектер мен Қарақалпақтар, Ұйғырлар мен Дүнгендер, Күрділер және Түріктер кеміген жоқ, керісінше өсті.  

    1989 жылдан 1999 жылға дейін қазақтардың өсімі 6 534 616 адамнан 7 985 039 адамға жетті (22,1 %-ға өскен), Өзбектер - 332 017 адамнан 370 663 адамға жетті (11,6 %-ға өскен), Ұйғырлар - 185 301 адамнан 210 339 адамға өсті (13,5 %-ға), дүнгендер - 30 165 адамнан 36 945 адамға жетті. (22,4 %-ға өсті) және күрділер - 25 425 адамнан 32 764 адамға өсті (28,8 %-ға жетті). Бұл мәліметтерден Қазақстанда ең жедел өскен халықтар – Күрділер, сосын Дүнгендер, одан соң үшінші орында Қазақтар екенін көреміз. Осылайша алып империя КСРО құлап, орнына бірнеше тәуелсіз республикалар пайда болды. Оның ішінде бесеуі (Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан) Түркі халықтарының мемлекеттері болатын. Бұрын бұл Еуразияны емін-еркін жайлаған ежелгі халықтың ұрпақтарының ішінде Түркиядан басқа тәуелсіз ел жоқ еді...  

    Енді  көшіп кетуге келсек, ең көп пайызбен көшкен Немістер еді содан кейін  славян халықары - орыстар мен украиндар  және белорустар, соның ішінде ресми  мәліметтер бойынша ғана алғанда 1993 жылы - 170 129 орыс, 1994 жылы - 283 154 орыс, 1995 жылы - 160 883 русских, 1996 жылы - 120 427 орыс, 1997 жылы - 174 616 орыс, 1998 жылы - 186 397 орыс, 1999 жылы - 89 998 орыс көшіп кетті. Көптеп көшіп келген де орыстар болды, оның себебі КСРО тараған сәтте-ақ шет мемлекеттер болып кеткен елдер арасындағы қарапайым халық өз туыстарына қарай жылжып қоныстанды. Ал Қазақстанда Ресейліктердің жағдайы жақсы туыстары көп еді және ол кезде, 1990 жылдары Қазақстанда үй-пәтер тым арзан болатын.  

    Сондықтан кеткен орыстардың көптігіне қарамастан олардың санының азаюы ондай тез болған жоқ: Орыстардың Қазақстандағы саны 1993 жылы - 123 777 адамға, 1994 жылы - 251 934 адамға, в 1995 жылы - 126 468 адамға, 1996 жылы - 96 384 адамға, 1997 жылы - 157 462 адамға, 1998 жылы - 124 494 адамға, 1999 жылы - 72 335 адамға азайды. Сонымен 1989 жылмен салыстырғанда 1999 жылы орыстардың саны 1,3 млн адамға, яғни 29 %-ға кеміді. Енді орыстардың өзінің Қазақстандағы табиғи өсімін және туыстарын сағалап көшіп келген орыстарды, көшіп кетіп, Ресейді жатырқап қайта келген орыстарды шығарып тастағанда, елден 1,5 млн орыстың біржола кеткені мәлім болды. Әрине, өзге елге кету қашанда қиын. Себебі халық сол елдің тұрмысына және салтына бейімделіп кетеді. Қазақстанның Өзбегі - Өзбекстанның Өзбегіндей емес, ол қазақ-өзбек, Қазақстанның орысы Ресейдің орысындай емес – ол қазақ-орыс. Бір жағынан Қазақстан орыстары Ресейге барғанда оларды сол жақтағы жергілікті орыстар «Қазақтар», «Монғолдар», «Азиаттар» деп атай береді. Қазақстанда да Монғолиядан, Өзбекстаннан, Түркиядан, Қытайдан т.б. келген қазақтарды «Монғолдар», «Өзбектер», «Түріктер», «Қытайлар» т.б. деп атайтыны сияқты...  

    Екіншіден қазақтың салт-дәстүріне бойы үйреніп  қалған орыстарға Ресей бәрібір  суық ел болып көрінеді. Достары, жолдастары, сүйікті жұмыстары қалып қоя барады. Ресейде енді Қазақстандағы сияқты қарттарға төрден орын бермейтін болады, бас сұққан қонаққа шәйнегін ала «шай ішіп кет» деп жібермей қоятын да әдет жоқ, туғаныңнан қарызға да ақша сұрап ала алмайсың, ата-ананы, ата-енені сыйлау да бұндағыдай емес, бесіктен белі шықпай-ақ қызы/баласы/келіні/күйеу баласы бас салып айтыса кетеді, үй ішінде аяқ киіммен жүре береді т.б. сөйтіп үйренбеген әдеттер толып кетеді де қазақстандық орыстарға оның бәрі де жағымсыз болып көрінеді. Әсіресе қазақ ауылдарынан кеткен орыстар Ресей деревняларындағы бейбастақтық пен ластықты, күндіз-түні арақ ішуден қолы босамайтын жұртты көргенде түңіліп кетіп, кері қашады. Қазақстандық орыстарға күйеуі мен әйелі, атасы мен келіні соғыстырып арақ ішкен олар бір моральдық азғындаған халық болып көрінеді. Ешкімнің де азғындамағанын, тек өздерінің аздап "қазақ болып кеткенін" бұл орыстар басында қайдан білсін...  

Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы