Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:19, реферат
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады.
Бұл
дүмпуге ата-аналар
санының көбеюі, жастардың
үйленуі, туу деңгейінің
артуы себеп болып
отыр
Қазақстанда демографиялық дүмпу жүріп
жатыр. Яғни дүниеге келген балалар саны
күрт өсуде. Бұл үшінші дүмпу болып саналады.
Біріншісі соғыстан кейін 60-шы жылдардың
басында болса, ол кезде қазақ әйелдері
7-8 баладан туды. Екіншісі 1987-88-ші жылдары
шыңға шықты, ол кезде бір әйел 4-5 баланы
өмірге әкелді. Үшіншісі осы соңғы жылдары
байқалып отыр. Қазір қалалық әйелдер
2-3 баладан, ауылдағы әйелдер 3-4 баладан
тууда. Оны демографиялық толқын деп те
атаймыз. Толқын толқынды туғызады, ойысу
ойысуды туғызады. Яғни, бірінші дүмпу
- аталары болса, екінші дүмпу - әкелері,
үшіншісі - балалары. Бұл өзі табиғи заңдылық.
Яғни, бұл дүмпу бәрібір болатын еді. Өйткені
екінші дүмпудегі балалар өсіп-өркендеп,
қазір үйленіп, үйлі-баранды болып жатыр.
Сондай-ақ, бұл дүмпуге туудың деңгейі
де қосылып отыр. Әрбір әйел адамға шаққанда
баланың саны артуда. Қазақстанда қазақ
әйелдерінің бала туу көрсеткіші 1999 жылы
әбден төмен түсіп кетіп, бір әйелге шаққанда
2,1 баладан келсе болса, қазір 2,7 балаға
дейін көтеріліп отыр. Енді біз дүмпудің
шыңына жетіп, бұл санды 3 балаға дейін
көтерейік деп отырмыз. Үш бала деген,
шынын айтса, бәлендей үлкен көрсеткіш
емес. Яғни бұл дүмпу ата-аналардың санының
көбеюінен, жастардың үйленуінен болып
отыр. Былтырдың өзінде 147 мың жас неке
құрды, басқа жылдармен салыстырғанда
үйленуге ниет білдірушілер саны өсіп
келе жатыр. Демек биыл да «бэби бум» болады.
Бұл ағылшын тілінен аударғанда «бөбек
дүмпуі» деген мағына береді. Қазақша
«қара домалақтардың тасқыны» деп те айтуға
болады. Қазір бұл тасқынды мемлекет те,
қоғамдық пікір де қолдап отыр. Мемлекет
қалай қолдап отыр? Биылдан бастап жөргек
ақы екі есе өсті – 70 мың теңге. Содан кейін
бала бір жасқа жеткенше он ай бойы жәрдемақы
алады, егер отбасының жағдайы нашар болса,
онда бала 16 жасқа толғанша әлеуметтік
көмек беріліп тұратын болады. Бұл үлкен
көмек.
Демографиялық
дүмпуге 40 жастан асқан
әйелдердің де үлесі
зор
Қазір тағы бір айта кетерлік
жағдай, оны сырт көз байқамауы
да мүмкін. Қазір демографиялық
дүмпуге 40-жастан асқан
«Қара
домалақтар тасқыны» 2012-2015
жылдары шыңына шығады
Былтыр туған балалардың саны
330 мыңға жуықтаса, биыл олардың
саны 350 мыңға жуықтайды деп болжап
отырмын. «Қара домалақтар
Қазір
Қазақстандағы қазақ
саны 61 пайыз болса, 2015-ші
жылдары 70 пайызға жетеді!
Қазір Қазақстанда халық саны,
ағымды статистика бойынша, 15 млн
565 мың деп есептеліп отыр. Келесі
жылы дәл осы кезеңде ұлттық
санақ жүреді – 16 млн-ға жақындаймыз
деп есептеп отырмын. Өйткені
санаққа ілінбей қалғандар, тіркелмегендер
мен жасырын мигранттар бар. Соның 61 пайызға
жуығы қазақтар. Қазақтың саны осы жылдың
басында 9 млн 415 мыңдай болды. 5 миллион
қазақ шетелде тұратынын ескерсек, әлем
бойынша қазақтар саны 15 млн-ға, Қазақстанның
өзінде 10 миллионға жақындайтын болады.
Ал түркі тілдес халықтармен қоса есептегенде
70 пайызға жеттік. Мен неге 70 пайызға тоқталамын?
Яғни қазақ өз жерінде 70 пайызға жетпей,
өзінің унитарлы мемлекетін билеп отыра
алмайды. Тілін мемлекеттік тұғырға шығара
алмайды. Сондықтан бізге санмен қатар
сапа да қажет. Ал Сапаны сан береді. Кейбіреулер
бар, шіреніп, сан керек емес, сапа керек
дейтін. Сан болмаса, сапа қайдан болсын?
Қазақстанда қазақ саны 70 пайызға 2015-17
жылдары жетеді. Бізге оралмандардың саны
қосылады, оралмандарға квота саны биыл
20 мыңға дейін көтеріліп отыр. Басында
5-10-15 мың квота берілетін. Бұл жыл сайын
Қазақстанның халқы қатарына 100 мың адам
қосады деген сөз. Қазақстандағы еуропа
тектес халықтар арасында балалардың
саны аз. Олар депопуляциядан шыға алмай
отыр. Олардың арасында туудың төмендігі
соншалықты, әлі өлгендердің сандарын
толтыра алмауда. Бұл жалғыз біздің еліміздегі
еуропалықтардың басындағы жағдай емес,
олар тарихи отандарында да осындай күй
кешіп отыр.
Отбасының
әлеуметтік жағдайы
артқан сайын, екінші,
әсіресе үшінші баланың
құндылығы шеттетіліп
қалады
Әйел адам отбасы жақсы тұрған сайын, басқа құндылықтарға қызығады. Ол бір ғана бала туады, екінші бала туғаннан гөрі үлкен пәтер алғысы келеді, әкесі джип мінсем дейді, өздері бірігіп шетелге барғысы келеді. Осылайша екінші баланың, әсіресе үшінші баланың құндылығы шеттетіліп қалады. Данияда үлде мен бүлдеге оранып отырған әйел Тәжікстанда балаларымен қара нанды бөліп жеп отырған әйелдерге қарағанда үш есе баланы аз табады. Алматыда базарда жүрген орта азиялық мұсылман әйелдер қазақ әйелдерінен екі есе, орыс әйелдерінен үш есе баланы көп туады. Бала туу экономикаға байланысты емес. Бала туу тәлім-тәрбиеге, пиғылға байланысты. Егер сіз көп балалы отбасында тәрбиеленіп, мұсылман дінін қабылдап, дәстүрге жақын болсаңыз, сіз де көп бала өсіресіз. Ал жалғыз болсаңыз, сіз де жалғыз ғана бала өсіресіз.
Информация о работе Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы