Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 17:04, реферат
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Кіріспе............................................................................................................3
І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
1.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері...................................................5
1.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.............16
II-тарау. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы
және мәселелері
2.1 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары........26
2.2. Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздықты шешеу жолдары...............43
Қорытынды............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................50
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық ниверситеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде
Жоспар
Кіріспе.......................
І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
1.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері.......................
1.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.............16
II-тарау. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы
және мәселелері
2.1 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары........26
2.2. Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздықты шешеу жолдары...............43
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жүмыссыздық пен өндірістік шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.
Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогресс қажет.
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.
І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
1.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері
Еңбек ресурстары (экономиқалық белсенді дәне берсенді емес халықтың жалпы саны) – жұмыс істемейтін І және ІІ топ мүгедектері ен зейнеткерлерден басқа еңбек жасындағы тұлғалар (16 жастан зейнеткерлік жақа дейінгілер). Сондай-ақ жұмысқа қабілетті жастан асқан және 16 жастан төмен жастағы жұмыс істейтін адамдар.
Экономикалық белсенді халық – жұрттың жұмыс күші ұсынымын қамтамасыз ететін экономикалық белсендіоігін өлшеу ұшін белгіленген жастағы бөлігі. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына экономиқалық қызыметтің барлық түріне қамтылған, сондай-ақ жұмыссыз адамдар кіреді.
Жұмыссыздар – бір мезгілде үш негізгі өлшемге сай келетін: жұмысы жоқ (табыс көзі жоқ), шарық ұрып жұмыс істейтін және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
Жұмыссыздардың жалпы саны (жұмысқа орналастыру органдарында тіркелгендер мен өз бетімен жұмыс іздеушілер) есеп жүргізу арқылы анықталады. Ресми тіркелген жұқмыссыздар саны Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министірлігінің жұмысқа орналастыру органдарының дерегі бойынша анықталады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономиқалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызымен өлшенетін үлесі.
Экономикалық белсенді емес халық – экономикалық қызыметтен шұғылданбайтын немесе жұмыссыз деп саналатын 16-ға толған және одан жоғары жастағы адамдар. Оған мына категориядағылар жатады: Күндізгі оқу орындарының барлық оқушылары, студенттері, курсантары мен тыңдаушылары; үй шаруасымен (тамақ даярлау, балаларды, отбасының басқа да мүшелерін бағу) айналысатындар біреудің қарауындағылар.
Елдің әлеуметтік өмірінің ең күрделі, ең өткір мәселесінің бірі жұмыссыздық. Республиканың Статистика жөніндегі агентігінің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250мың адам, немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келеді. Ал, шын мәніндегі жұмыссыздар саны бұдан әлде қайда көп еді. Оны алғашқыда жекелеген экономистер ғана айтып жүрді, олардың есебі бойынша жұмыссыздар саны кемінде 1,5 млн адам деп бағаланды, ал статистикалық органдар тек кейінгі 2-3 жылда ғана жұмыссыздардың екі түрлі санын көрсете бастады. Өткен жылы республиканың Статистика жөніндегі агенттігі шығарған “Қазақстандағы еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы” деген жинақта 1996-1999 жылдардағы (4 жылғы) жұмыссыздықтың екі түрлі көрсеткіші берілді. Мәселен, жұмыссыздардың жалпы саны 1996 жылы 970,6 мың адам, ол экономикалық белсенді халықтың 13 пайызын құрайды делінген, ал 1999 жылы тиісінше -950,0 мың адам және 13,5 пайыз. Ал жұмысқа тіркелген жұмыссыздар саны 1996 жылы 282,4 мың адам, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халыққа) 4,2 пайыз деп көрсетілген, 1999 жылы тиісінше -251,4 мың адам және 3,9 пайыз. [9 41-47 б.б]
Еңбек ресурсының жалпы саны 2001 жылы 10.654,9 мың адам екен. Яғни республиканың барлық халқының 71,9 пайызы. Оның ішінде экономикалық белсенді халықтың саны 7.479,1 мың адам, яғни еңбек ресурсының 70,2 пайызы, басқасы экономикалық белсенді емес халық.
Жұмыспен қамтылған халық саны 2001 жылы 6.698,8 мың адам болған. Бұл экономикалық белсенді халықтың 89,6 пайызы. Жұмыссыздардың жалпы саны 780,3 мың адам, яғни экономикалық белсенді халықтың 10,4 пайызы. Бір қарағанда, жұмыссыздардың жалпы саны да, олардың үлес салмағыда кейіңгі жылдары азая бастаған. Алайда, әрбір оныны адамның жұмыссыз отырғаны аса зор әлеуметтік мәселе. Осы мәселені індетте түсу үшін жұмыспен қамтылғандар санатындағылар қайда, не істеп жүр дегенге тоқталсақ біраз нәрсенің беті ашылады. Жалданып жұмыс істейтін адам саны 3.863,3 мың, яғни жұмыспен қамтылған халықтың 57,7 пайызы. 2.835,5 мың адам өз бетімен жұмыс істейді. Яғни, 42,3 пайыз. Осы соңғыларының 2.609,6 мыңы қандай жұмыс тапса сонымен және жеке меншігіндегі қосалқы шаруашылығында шұғылданатындар.
Экономикада жұмыс істейтін халықтың 2,7 млн-ы ауыл, орман және балық шаруашылығында еңюектенеді екен. Аулда 6,5 млн халық тұрады. Содан жұмыс істейді дейтіні 41,4 пайыз. Солардың жалданып ақша тауып отырғаны 242 мың ғана адам.
Өнеркәсіпте жұмыспен қамдудын жайы да онша жетісіп тұрған жоқ. Реформадан бұрын бұл салада 1,4 млн адам жұмыс сітеп келді, ал 2001 жылы – тек 776,9 мың ғана адам еңбектенді, оның ішінде басты екі салада – кен өнеркәсібінде – 220,9 мың адам, ұқсатушы өнеркәсіпте – 385,7 мың адам жұмыс істеді.
Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасақ, республика бойынша 10,4 пайызбен салыстырғанда оның төменгі деңгейі Шығыс Қазақстан (7,3), Солтүстік Қазақстан (8,9), қарағанды (9,2), Павлодар (9,2), облыстарында және Астана қаласында, ал жоғары деңгейі Қызылорда (13,9), Атырау (13,9), Жамбыл (12,7), Батыс Қазақстан (12,5) облыстарында байқалады. Аймақтардағы жұмыссыздық деңгейін салыстырып қараған кезде екі деректі ескеру керек сияқты. Біріншіден, экономикалық белсенді емес халық деңгейіне, яғни экономикалық юелсенді және белсенді емес халықтың ара қатысы қандай екеніне көңіл аударған жөн. Өйткені экономикалық белсенді емес халық құрамына үй шаруасымен айналысатындар, біреудің қарауындағылар кіретінін ескерсек, бұлар, шындап келгендк, жұмыссыздар ғой. Ал бұл көрсеткіш деңгейінің аймақтар бойынша айырмашылығы өте ұлкен. Мәселен, республика бойынша экономикалық беседі емес халықтың деңгейі 29,8 пайыз болса, Солтүстік Қазақстан облысындағы 19,3, пайыздан, Шығыс Қазақстан облылысындағы 33,98 пайызға дейін жоғарлайды.
Екіншіден, жұмыспен қамтылған халықтың өзі де жалданып жұұмыс істейтіндер және өзін жұмыспен қамтығандар деп екіге бөлінеді, бұл екеуінің ара салмағы әр аймақта әртүрлі. Ал өзін өзі жұмыспен қамтитындардың құрамында өз бетімен жұмыс істейтін дейтіндер бар, сонымен бірге ақы төленбейтін отбасы қызметкерлері дейтіндер де бар.
Шетелдік мемендар жұмыссыздықтың есептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын карайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б. Осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық, өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда болады. Шын мәнінде олардың жұмысын азғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кезкңдік ерекшеліктеріне байланысты оның әртүрлі салаларында, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындарда қалыптасады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, ұлтының мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағжайда мүмкін болады.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП). ҒТП жаңа қосымша жұмыс кұшін керек қылатын жаңа шаруашылық салаларын тудырады; ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындары жұмыспен қамтуды көбейтеді.
Жалпы ғылыми – техникалық зреволюция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюуы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығынан орташа көрсеткішке қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен (көп еңбекті керек шаруашылық) сипатталады.
Кедейшілік –ең өткір мәселеледің бірі болып табылады. Кедешіліктің халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұсқан келтіреді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-әуқатының деңгейінің жоғарғы болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жғынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғарғы өркенниетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрліоқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегіәрбір азаматтың бақытты өміріне және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Жұмыссыздық –Қазақстан кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздықпен қатар халықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің, «жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін,коммуналдық және көлік қызметтерге, денсаулық сақтау және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік, қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың жекелеген санаттарының масылдық, көңіл-күйін, сондай-ақ кедей халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызуған жөн.
Экононмикалық белсенді халық – тауарлар мен қызмет түрлері өндірісі үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы шықтың бір бөлігі. Жұмыссыздық –экономикалық белсенді шақтың бір бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар үлесі. Ал енді өзіміздің қаламызда жұмыссыздарға байланысты атқарылған мәліметтерді айта кетсек, өткен 9 айдың қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығы “Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес” Бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жқмыс жасап отырды. Жұмыспен қамту саясаты жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұрып кетуіне ықпал жасап, мақсатты топтағы азаматтарға барынша көмек көрсетіп, еңбек нарығына сай мамандықтар бойынша оқыту, және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. [10 132-134 б.б]
Есеп беру кезеңіне қаладағы еңбек нарығындағы жағдай жақсара түскені және аса маңызды өзгерістер бола қоймағаны байқалады, жұмыс күштеріне келіп түскен сұраныстар өсе түсті, бірақ бұл сұраныстар еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес келмейді. Бос орындарына келіп түскен сұраныстар көбіне жұмыс орындарының босауынан, яғни жұмысшылардың жұмыстан шығуына байланысты, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуынан болып отыр. Ал біздің есебімізде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтардың көбісі әр түрлі себептермен жұмыстан босағандар, бірінші рет жұмыс іздеушілер, ұзақ уақыт жұмыс жасамағандар, оралмандар. Жұмыс күштеріне сұраныс аз болғандықтан, бір бос орнына ай сайын орташа алғанда 21 адам үміткер.