Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 17:04, реферат
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Кіріспе............................................................................................................3
І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
1.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері...................................................5
1.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.............16
II-тарау. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы
және мәселелері
2.1 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары........26
2.2. Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздықты шешеу жолдары...............43
Қорытынды............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................50
2004 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызына 3 өз жұмыстарын толық тоқтатты. 16 мекеме өз жұмыстарын жартылай тоқтатып, 57 жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болады, 42 адам қысқартылған кесте бойынша жұмыс істеуде. 2004 жылдың 1-ші қазан айына экономикалық белсенді тұрғындардың ішінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтардың үлесі 2,4 паызды құрап отыр, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға төмендеген. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі тұрғылықты әлеуметтік көмекті тек қана мұқтаждылықпен қажет ететін жанұяларға ғана беруге қағида етіп, ал халықты жұмыс істеуге, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатын жүзеге асырып, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға белсенді қамту болып отыр.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 3930 адам тіркелді. 2004 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызына жұмыссыздардың жалпы саны 2306 адам. Тіркелген жұмыссыздардың басым көпшілігі, яғни 1437-і әйелдер, 498-і 16-24 аралығындағы жастар. Жұмыссыз азаматтардың негізгі бөлігі аз қамтылған тобы 62 пайыз, еңбек шарттарының бітуіне байланысты жұмыстан шыққандар, жастар, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер. Жұмыссыздардың орташа жасы 35-44 жас аралығындағылар. Орташа алғанда тіркелген жұмыссыздардың жұмыс іздеу уақыты 3-6 ай болып отыр. Жұмыссыз есебінде тіркеліп тұрғандардың білімі бойынша талдау жасағанда; оның ішінде жалпы орта білімі барларының саны 51% өсе түскені байқалады, ал басқа білім деңгейлері бойынша азая түскен, яғни жоғарғы білімділер 10% арнаулы орта білімділер 37% болып отыр. Барлық жұмыс іздеушілердің ішінде жұмысшы мамандық иелері 50%, қызметкерлер 23%, бұрын жұмыс ісемегендер 27%. Қаладағы жұмыссыздықтың белең алуының негізгі себебі жұмыс күшіне келіп түскен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы білікті мамандық құрамының сәйкессіздігі, кәсби мамандыққа дайындау кезіндегі еңбек нарығының талабына сай емес мамандықтарға оқыту. Олар көбісінің кәсби деңгейлері төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер, еңбек тәжірибесі жоқ оқу орындарын бітірген жас мамандар, сонымен, қатар еңбек заңдарын бұзып, жұмыстан босағандар. Жұмыс берушілердің қойған талабы өте жоғар және қатаң. Олар еңбек нарығының сұранысы бойынша жоғарғы білікті мамандар, жаңа техника мен технологияларды жақсы менгерген мамандардыталап етеді. Сонымен қатар көптеген кәсіби мектептер жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандар дайындай алмайды, себебі олар оқу құрал-жабдықтар тозып, қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндіктері жоқ. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс берушілер кейбір жоғарғы білікті құрлыс мамандарын жақын және алыс шет елдерден шақырып отыр, ол экономикалық әлеуметтік жағынан тиімсіз. Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында тиімді нәтижелерге ие болғаны байқалады, яғни қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру мақсатында қаланың көптеген мекемелеріне 1042 жаңа жұмыс орны ашылды. Бос жұмыс орындарының мәліметтер банксы үнемі жаңартылып отырады, яғни жыл басынан бос жұмыс орынды 1507 жаңа жұмыс орындарына қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы төмендегі мекемелерге 144 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 1398 адам жұмысқа орналасады, оның ішінде аз қамтылғандар саны 612 адам. Талдау жасағанда жұмысқа орналастыру былтырғы жылмен салыстырғанда 107% орындалып отыр. Қазіргі уақытта жұмыссыздықпен күресу нақты іс-шара жасалынып, үнемі айналысып отыруды қажет етеді. Осы мақсатта, яғни жұмыс берушілер өздеріне керек мамандарды таңдау үшін және еңбек нарығына бейімделуде, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұруына ықпал жасау мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы “бос жұмыс орындары жәрменкесін” жыл басынан үш рет өткізді. Жәрменкені өткізу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары қала бойынша 185 мекемені аралады, нәтижесінде 94 жұмыс беруші мекемелерден кадр қызыметкерлері қатысып, 709 бос жұмыс орындарына сұраныстар келіп түсті. Келіп түскен сұраныстар төмендегі мамандықтарға: праграммист, менежер-маркетолог, техника қауіпсіздігін сақтау инженері, механизатор, тігінші, жүргізуші, әрлеуші-салақшы, ағаш ұстасы, контролер, қарауыл, газбен және тоқпен дәнекерлеушілер, авторановшиктер, экскваторшиктер, электриктер тағы басқа мамандар. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандар жұмыссыз азаматтарға 543 жолдама беріп оның 258-і тұрақты жұмысқа орнаасты. Жұмыспен қамту орталығының заңгерлері еңбек және жұмыспен қамту заңдары бойынша сұрақтарға жауаптар береді. Сонымен қатар осы жәрменкеге басқармасының өкілдері қатысып, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысымын деген жұмыссыз азаматтарға кеңестер береді.
Қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеушілер клубы жұмыс істейді, бұл клубта семинарлар, жұмыс іздеймін деген әр жұмыссыз азаматтар мен жеке әңгімелер жүргізіліп отырады. Жұмыс іздеушілер клубының мамандыры есеп беру айында 32 семинар өткізіп, оған белсенді жұмыс іздеуші және оқуға талап білдірген 283 жұмыссыз азаматтар қатысты, оларғңа жұмыс іздеудің және тиісті құжаттарды толтыру жолдары үйретілді. Сонымен қатар 220 азаматтар мен жеке түсініктемелер мен кеңестер жүргізілді, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 54 адам.
ҚР “Халықты жұмыспен қамту”, “Еңбек туралы” заңдарының орындалу барысын тексеру, бос жұмыс орындарын анықтау мақсатында қаладағы 809 мекемеге тексеру жүргізіп, 916 жұмыссыз азаматтарға кеңестер мен түсініктемелер берілді. Жыл бойына жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бөлімінің мамандары “Халықты жұмыспен қамту” заңын бұрған 743 адамдарды есептеп шығарды, оның ішінде ұсынылған 2-3 жұмыстан бас тартқаны 309 адам, уақытылы белгіленуге келмеген 420 адам, жұмыспен қамтылғанын жасырғаны 14 адам.
Кәсіби мамандықтарға оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру мақсатында тендерден өткен және оқыту лицензиясы бар үш білім беру мекемесімен 3 жақты келісім-шарт жасалды. Жыл басынан бері ЭВМ операторы 1-С есеп-қисап, шаштараз, хатшы референт, фермер, дәнекерлеуші және кат. В, ...,С жүргізүші мамандықтары бойынша 260 адам қайта даярлауға жіберілді. [11 28-29 б.б]
Жыл басынан жұмыссыз азаматтар өз кәсібін ашуға көмек көсету мақсатында кіші және орта кәсіпте дамыту бағытында “Салық және кедендік реттеу”, “Кіші кәсіпкерлікті қаржыландыру”, “Өз ісіңді баста”, “фермерлік шаруашылықты қолдау” атты семинар өткізілді, оған 120 жұмыссыз қатысты.
Еңбек нарығындағы әлеуметтік шиеленісті шешу арқылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүргізіліп отыр. Болашақта қоғамдық жұмыстың дамуына үлкен қор бөліну көзделініп отыр, бұл уақытша жұмыс орнын ашу, әлеуметтік қажетті бағытта жұқмыс жасау және қосымша айлық табыспен қамтамасыз ету.
Еңбек нарығында жағдайы төмен жанұялардың есептері алынып, оларды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру қаралған. Зерттеу барысында әлеуметтік қорғауды қажет ететін 178 жанұя, оның ішінде 1425 адамы тіркелген. Әлеуметтік қорғау шаралырының барысында аз қамтылған 612 адам жұмысқа орналастырылып, 378 адам қоғамдық жұмысқа қамтылып, оқуға жіберілгені 150 адам.
Жалпы жұмыссыздық мәселесі әрқашан болған және болады да. Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресте көптеген іс-шаралар атқарып жатыр, кедейшілікпен күреске арналған арнайы бағдарламалар да жасалып жатыр. Іс-шараларға келетін болсақ, мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен халыққа көптеген әлеуметтік көмектер көрсетіп жатыр. Кедейшілік деңгейін бәсеңдетудің түрлі жолдары қарастырылуда. Дегенмен, еліміздгі кедейшілікпен күрес саясаты толыққанды жүргізілуде деп айтуға әлі ерте. Олай дейтін себебім, көптеген әлеуметтік мәселелерге жергілікті әкімдер жүрдім-бардым қарап отыр. Қолдарында нақты ақшасы мен билігі болғандықтан, олар алдымен өзжағдайларын күштейтіні де жасырын емес. әкімдердің өздері басқарып отырған аймақтағы кедейлік көрсеткішін төмендетіп, орталыққа ақпарат беруге машықтанып алған деуге негіз бар. Өйткені, жыл сайын мыңдаған жұмыссыздар еңбекпен қамтылып жатқанымен нәтиже көрінер емес, “Баяғы жартас – сол жартас” қалпында қалып келеді. Әлде, жергілікті әкімдерге мұндай әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға жәрдем ақыны өз қалталарынан төлемегеннен кейін бәрі бір ме? Немесе әкімдік тарапынан уақытша, мерзімдік жұмыстарға тартылған азаматарға төленетін жалақы мөлшері мардымсыз, шамамен 5-6мың тенге төңірегінде. Мұндай жұмыс істгеннен гөрі жұртқа сол мөлшерде төленетін жәрдемақысын алып үйінде отыра беруі әлдеқайда тиімді. Сондықтан да елді табыс табуға баули отырып, оларға жан-жақты кәсіпшіліктің қыр-сырын меңгеруге ықпал жасау керек. Осы арада бір малы бар екен деп жағдайы нашар адамдарға жәрдемақы төлемей қою дұрыс болмайтын шығар. Қарап отырсаңыз сол малды ұстауға да қосымша шығындар кететінін екерсек, онда бұл әбестік болар еді.
Әкімдер осы істі қолға алғанда ғана жұмыссыздық азайтуға мүмкіндік туады. Мұндай шараны халық сирек орналасқан ауылдық жерде жүзеге асыру қиынның қиыны. Ал Қазақстандықтардың 40%-н осы ауыл тұрғындары құрап отырғанын ескерсек, оладың басым бөлігін қалалардың айналасына шоғырландыру одан да қиын. Өйткені, бұл жанжарға тұрғын үй тауып беру тұрмақ, екі қолға бір жұмыс тауып берудің өзі оңай шаруа болмақ емес.
Қалаларда жаңа технологиялар алып келіп, жұмыс орындары ашылмайынша аталмыш шаруа шешеімін табуы екі талай деуге негіз бар. Оның үстіне шикізаттаң барлығы дерлік шетелдіктердің қолында болғандықтан, тауарлардың өзіндік құны жоғары. Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің жалақсын арттырып отырғанымызбен , ол әрбір инфляция жетегінде кетіп жүр. Әсіресе, осындай кедей отбасылар қатты зардап шегері жасырын емес.
1.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері
Осы уақытта біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандардың қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындардың толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дірежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмысорындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің қардарлығын тудырды. Және де, қардарлық экстенсивті типтігі шаруашылық механизімінен қолдану тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді боллды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төменділігінің және жұмыскерлердің өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл – шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиісті еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен үсыным еркідігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерелдіңбелсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолданыуна тек қана мемлекет белгілегенеңбек формаларының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруға “жас маман” институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқақол қою сияқты тікілей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында ісеген жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. өздерінің қабілетін толығырақкөрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалмда төлқұжаттәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығаруға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизімі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылады. Соның нәтижесінде, экономикалық еңбекті ауыстыру заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық еңбекті ауыстыру заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жолдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс тарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы: Францияда, өндірісте жіне басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 йдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орнын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықтық экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Және бұл процесс өте шиеленістіжағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезінде мемлекетік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның нәтижесінде шикізаттың және жабдықтың қардарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсііпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбвлвс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға салалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағжай жасайды.
(2004 жылы (алдын ала деректер бойынша) республика экономикасында 7,2 млнн адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл өткен жылғыдан 108,7 мың адамға немесе 2,6%-ға көп. Жұмыспен қамтылған халық санында еркектер 3,7 млн адамды (51,8%), әйелдер - 3,5 млн адамды (48,2%) құрады.
Жұмыспен қамтылған хылық құрылымында соңғы жылдары жалданып жұмыс істеушілер басым болып отыр, 2004 жылы олардың саны 4,5 млн адамға жетті (барлық жұмыспен қамтылғандардың 62,2%). Жалдамалы қызыметкерлердің басым бөлігі қалалық жерде жұмыспен қамтылған (олардың жалпы санынан 68%). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың арасында жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды құрайды - 55% (1,7 млн адам)
2004 жылы қызмет көрсету саласында 3,5 млн адам жұмыс істеді (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 49,1%), бұл өткен жылғыдан 181,3 мыңға көп, өнеркәсіпте – тиісінше 1,3 млн адам (17,5%), 72 мың адамға. Ауыл және балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар 2,3 млн адам (33,4%), бұл 72,6 мың адамға аз.
Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 және одан да жоғары жастағы адамдар) 2004 жылы 657,4 мың адам құрады. Жұмыссыздардың жалпы санынан қалалық жерде 415,2 мың адам тіркелген, онда жұмыссыздық деңгейі 9,4% құрады, ауылдық жерде – тиісінше 241,5 мың адам және 7,1%.
Жұмыссыздырдың жлпы санының кемуі барысында олардың құрамындағы әйелдер мен жастар үлесі (15-24 жастағы) басымдылығын сақтап қалған. 2004 жылы жұмыссыз әйелдер саны 376,9мың адам (барлықжұмыссыздар санынан 57,3%), жастар – 191,1 мың адамды (29,1%) құрады. әйелдер арасындағы жұмыссыздық 9,8%, жастар арасыдағы 14,3% құрды (4 диаграмма).
Жұмыссыздар арасында 1айдан 6 айға дейін жұмысы болмағандар саны 144 мың адамды (22,6%), 6 айдан 12 айға дейін – 83,5 мың адамды (13,1%) құрады, ал 257,7 мың адам (40,3%) бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеген. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі 5,4%.
Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтіқ қорғау министірлігінің деректері бойынша) 2005 жылғы қаңтардың соңына 120,1 мың адамды құрлы, бұл өткен жылға тиісті кезеңдегіден 26,5 мың адамға немесе 18%-ға кем. Тіркелген жұмыссыздар санынан жартысынан көбі (75 мың адам) - әйелдер, 49,1 мың адам – ауыл тұрғындары. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі аталған кезеңде 1,5% құрады (2004 жылғы қаңтарда – 1,9%).
2004 жылы алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлер саны 4,5 млн. адамды немесе экономикада барлық жұмыспен қамтылrандаРДЫң 62,2%-ын құрады. Бұл 2003 Жылдағыдан 230,7 мың адамға (5,5%-ғa) apтық. Жалданып жұмыспен қамтылғандар Caнының 82%-ы мемлекеттік және мемлекеттік емес үйымдарда, 11,8%-ы жеке адамдарда, 6,2%-ы шаруа (фермер) қожаларында жұмыс iстедi. [12 30-31 б.б]