Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:35, контрольная работа
Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
• бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік
құқығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын
жазбаша немесе электрондық
• бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
• тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз
иелерінің құқығын растау;
• бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру
фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту жолымен
тіркеу;
• дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығы-
ның ауыртпашылық түсірген
• эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және
оның тіркелген мөлшерге
• құжаттамалық формада шығарылған бағалы
қағаздардың сертификаттарын
• корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
• тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау,
сондай-ақ дивидендтік есеп
беру қызметін көрсетуге құқылы.
Тіркеуші
заңмен белгіленген
3) клирингтік ұйымдар — қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;
4) кастодиандар — клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы — клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:
• ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
• қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің
есебін жүргізу;
• өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану,
әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
• бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
• депозиттік қызмет — тек клирингтік қызметпен ғана
қатар қолданыла алады;
• инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін
басқару;
• қор биржалары;
• биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;
Айрықша
қызмет түрлерін есепке
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін — ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі
Бағалы қағаздар нарығының
Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғаңда бағалы қағаздар — бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі — оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).
Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі — оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Осылайша
бағалы қағаз өз иесіне
және бағалы қағаздарды айналасқа шығаруды тандап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз — ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы — өз иесінің кандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.
Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар — бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі — оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).
Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі — оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласың — міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісім-шартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.
Бұл бір жағынан қолайлы, екінші жағынан трансакциялық шығындарды азайтады.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды:
• экономиканың салаларына, аумақтар мен елді
мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай
қаражатты (капиталды) қайта
• өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді:
капиталға, ақпаратқа, ең
жағдайларға сәйкес келетін
• капиталдан табыс алуды және (немесе) капиталдың
өзін қайтаруды қамтамасыз
Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі
Сипаттамасы | Бағалы қағаздың турлері |
1 | 2 |
• мемлекеттік | |
Эмитенті бойынша | • корпорациялық
• жекеменшіктік • шетелдік |
Эмитент міндеттемелері бойынша | • үлестік
• борыштық • тауарды иелену құжаты |
• аймақтық | |
Айналыс аумақтары бойынша | • ұлттық
• халықаралық |
Құкықты жүзеге асыратын формалары бойынша | • атаулы
• ұсынбалы • ордерлік |
Шығарылатын формалары | • құжаттандырылған |
бойынша | • құжаттандырылмаған |
• мерзімсіз | |
Айналыс мерзімі бойынша | • мерзімді
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін) - орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін) - ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) |
Базистік активі бойынша | • негізгі
• туынды |
7-кестенің соңы
1 | 2 |
Табысты төлеу тәсілдері бойынша | • ұдайы (жүйелі)
төлеммен
• бір жолғы төлеммен • тіркелген % мөлшерлемесімен • өзгермелі % мөлшерлемесімен |
Табысты алу тәсілдері бойынша | • инвестициялық
• нарықтық |
Эмиссия тәсілдері бойынша | • эмиссиялық
• эмиссиялық емес |
Валюта бойынша номинал | • ұлттық валютаның
номинал құнымен
• шетелдік валютаның номинал құнымен • қос номиналмен • номиналсыз |
Айналыс шарттары бойынша | • қайтарымды
• қайтарымсыз |
Қазақстан
Республикасында қолданылатын
Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз — бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы қағаз — кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Үлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.