Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:35, контрольная работа
Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
АДҚ-ты «Морган Гарантии» компаниясы 1920 жылдың соңында «Селфриджиз» атты белгілі британ әмбебап дүкенінің шыгарған жария акциясын орналастыруда американдык инвес-тицияны оңайлату үшін ойлап тапты. «Морган Гарантии» компаниясы әлі күнге дейін АДҚ-тың кастодиандық қызметі бойынша аса ірі агентінің бірі болып табылады.
Депозитарлык қолхат — жергілікті нарыкка депозиттелген негізгі бағалы кағаздар иесінің күқығын айғақтайтын куәлік; жергілікті нарыкқа қатысы жоқ адам бағалы қағаздың иесі (инвесторы) болады, ягни багалы кдғаз шетелдерде депозитарлык қолхаттар арқьшы орналасады.
АДҚ-тан басқа галамдық депозитарлық (GDR) және интернационалдық депозитарлық қолхаттар (IDR) болады. Бас әріппен жазылғандардың мағынасы осы қолхаттар американдық, ғаламдық және интернационалдық қолхаттар айналыска түсетін нарықтың атауын білдіреді. Олардың барлық түрі құжаттандырьшган жөне қүжаттандырылмаған формада шығарылады.
Басқа мемлекеттің бағалы қагаздарына өзінің акшалай қаражатын салғысы келген инвестор өз кезегінде жергілікті брокерге өтініш жасайтын халықаралық брокерге өтініш беруі керек. Ал жергілікті брокер қажетті бағалы қағаздарды жергілікті нарыктан іздейді. Бағалы қағаздар сатып алынған жағдайда, ол жергілікті брокердің атына кастодиан-банкісіне тіркеледі. АДҚ жағдайында халыкаралық брокер халықаралық нарыққа жүгінеді. Бағалы қағаздар американ депозитарий-банкісінің атына кастодиандағы шотқа тіркеледі. Ол бұл туралы инвесторға қолхат береді. Депозитарлық қолхаттар жай бағалы қағаздар
Қаржы нарығы және оның ерекшеліктері
сиякты сатылады. Олар кез келген акция мөлшерін бекітуге болатын америка нарығында басқа елдердің бағалы кағаздарымен алмастырылады. Мысалы, бір қолхаттагы 50 акция немесе бір акцияға 50 крлхат шығарылуы мүмкін.
Американ депозитарий-банкісі мен кастодион-банкісі жасалған келісімге сәйкес жүмыс істейді. Біріншісі барлык шығынды екіншісіне төлейді. Ал инвестор бүл шығындарды американ депозитарий-банкісіне өтейді.
Кастодиан-банктің шотына бағалы қағаздар, ал американ депозитарий-банкіне дегюзиттік қолхаттар тіркеледі. Касто-диан-банк брокермен (атаулы иесімен) немесе орталык депозитариймен орын алмастыруы мұмкін.
Егер инвестор депозитарлык қолхатты сатқысы келсе, онда ол халықаралық брокерге өтініш жасайды. Ол (халык-аралық брокер) оны халықаралық нарықта сатудың міндет-темесін өз мойнына алады. Сатылған кезде бұл туралы жазба депозиттік есеп айрысу жүйесіне (ДЕЖ) өтеді, ал американ депозитарлық-банкінде ол шоттан алынады, кастодион-банкте депозитарлық қолхаттар берілген акция шоттан алынады. Бүл арада халықаралық брокер депозитарлык қолхаттарды халык-аралық нарықта сатуға қүқылы, жергілікті нарықта акцияны сатуы мүмкін.
АДҚ біршама көп инвесторлардың мүдцелерін жүзеге асы-ратын күрал ретінде пайда болды, өйткені ол инвестордың жергілікті нарыққа жүгінгенінен гөрі кауіпті азайтады.
АДҚ-ның мына түрлері бөліп көрсетіледі:
• демеушілік көрсетілмейтін — инвесторлардың, брокер-лердің, депозитарлық банктің жергілікті кастодиан банкісінің бастамасы бойынша күрылды;
• демеушілік көрсетілетін — эмитенттің, депозитарлык банктің, брокердің бастамасы бойынша қалыптасты, мүнда эмитент осы бағдарламаның жасалуымен байла-нысты шығынды оз мойнына алады.
Демеушілік көрсетілетіні I, И, III, IV деңгейлерге бөлінеді: / деңгей — ең әлсіз талап, қайталамалы нарықтағы бағалы қағаздар, қолхаттарды тіркеудің рәсімдері қарапайым, каржылық есеп берулер мен талаптардың орындалуын АКДІ-тың биржасы мен бағалы қағаздар бойынша комиссиясына үсынудың қажеті болмайды.
Бағалы қағаздар нарығы, оиың функциясы
7/ деңгей — листингтен өту қажет, бағалы қағаздар жөніндегі комиссияга қолхаттарды тіркеудің рәсімдері күрделі болады, аудитор тексерген каржылық есеп берулер бірнеше жылда үсынылады.
III деңгей — жергілікті нарықтың шегінен тыс жерлерге капитал тартқысы келген эмитенттің жариялы үсынысы, бастап-қы нарық ұйымдастырылады, қолхаттарды тіркеудің рәсімде-ріне өте қатаң талап қойылады. Өйткені III деңгейдің бағалы кағаздары американдық және еуропалық нарықта айналыска түседі, эмитенттер өздері тіркелген биржаның ережесі мен нормаларын сақтауы қажет.
IV деңгей — жаңа эмиссияларды жеке орналастыру, қол-хатты тіркеуге қойылатын талап қатандау болады, каржылық есеп берулер алдыңгы екі деңгейдегі секілді болмайды. Бүл дең-гейдің депозитарлык қолхаттары американдык жеке инвесторға берілмейді, аса ірі институционалдық инвесторлар қол жеткізе алады. Еуропалык кор биржаларында листинг үйымдастырылуы мүмкін.
Бұлардың бәрі негізгі бағалы қағаздардың активтілігі мен өтімділігін арттыруга мүмкіндік береді, халықаралық нарықтарга жол ашады, әсіресе III және IV деңгейлері капиталды тартуға мүмкіндік береді.
Әдетте, депозитарлык қолхаттар негізінен жай акцияға шығарылады, алайда жергілікті атқарушы органдардың мемле-кеттік бағалы қағаздарына, облигацияларға, артықшылықты акцияларга да шығарылуы мүмкін.
ҚР-да казақстандық депозитарлык колхаттар (КДҚ) бар. Олар мемлекет зандарына сәйкес шыгарылған ҚР резидент болып табылмайтын эмитенттердің эмиссиялық багалы қағаздарының белгілі бір мөлшеріне меншік қүқығын айғақтайтын туынды эмиссиялық бағалы қағазды білдіреді.