Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:35, контрольная работа

Описание

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.

Работа состоит из  1 файл

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ.doc

— 236.50 Кб (Скачать документ)

Бағалы қағаздардың  меншік құқығын жүзеге асыратын фор-малар  бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы бағалы кағаз — олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік қүқы-ғының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік бағалы кағаздар — ол бойынша қүқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Үсынбалы бағалы кағаз — осы кағазбен куәландырылған құқық оны үсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықгы жүзеге асыру ұшін аталған бағалы қағазды үсынса жетіп жатыр.

Күжаттандырылған  — кағазбен тасымаддаушьіға эмитентгеледі.

Құжаттандырылмаған  — шотқа жазу жолымен эмитент-теледі.

Нарыктык, бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялык, бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында үзақ мерзімге сатып алынады.

Крйтарылымды  бағалы қағаз — мерзімнен бүрын өтелуі мүмкін.

К/айтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:

• мемлекеттік бағалы қағаздар;

• акциялар;

• облигациялар;

• коносаменттер; 

Бағалы қағаздар нарыгы, оның функциясы

Мемлекеттік багалы қагаздар нарыгы

Депозиттік сертификаттар  нарығы

Багалы кагаздар нарыгы

Депозитарлық  колхаттар нарығы

Акциялар нарығы

Фьючерстер мен  опциондар нарығы

Облигациялар  нарыгы

 Қазақстан бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттері

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акцио-нерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу қүқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу қүқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция — акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүм-кіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік коғамдар ғана шығарады. Бүл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндетте-мелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын

' Авторлар кұрастырған.

• ипотекалық куәліктер;

• туынды бағалы қағаздар;

• жай қоймалық куәліктер;

• қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік);

• ҚР-дағы  айналысқа жіберілген  шетелдік  эмитенттің бағалы қағазы;

• Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған баска да қүжаттар.

Бағалы кағаздардың  Казақстан нарығындағы қаржылық қүралдарына қарай оның қүрылымын былайша көрсетуге болады:

өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акцио-нерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді. Сондыктан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған акдіаны қайта-рып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға болінеді:

• атаулы;

• ұсынбалы.

Атаулы  акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Үсынбалы  акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2. Табысты алу құқығына қарай:

• жай;

• артықшылықты.

Бұлардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда оздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артыкшылықты акция үстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылған-нан кейін ескеріледі, алайда жай акция үстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бүрын ескеріледі.

Өз кезегінде  артыкшылықты акцияларды мыналарға жік-теуге болады:

• кумулятивті — егер дивидендтер уақтылы төленбесе, онда олар жинақталып, кейін толық көлемде толенуі мүмкін;

• қайтымды басқа акцияларға қарағанда олар оздеріне тән мерзімсіздік секілді озгешелігіне қайшы келетін эми-тенттермен өтелуі мүмкін;

• айырбасталатын — осы эмитенттің жай акцияларының белгілі бір колеміне айырбасталуы мүмкін; 

Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы 

• дауыс күқығы бар және ең аз шамадағы накты дивиденд-тердің молшеріне ие акциялар;

• дауыс күкьіғы болмайтын, ең аз шамадағы дивиденд-тердің нақты мөлшеріне ие акциялар; бүл арада олар дивидендтерге қатысты артықшылыкты күкықгарға ие болады және оларға қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір болігін алуына мүмкіндік тудыратын артық-шылықты күқық беріледі. Егер дивиденд бүрынғы акция бойынша 3 айдың ішінде төленбесе, онда бүл акцияның иесіне АҚ-ны қайта күруға және таратуға, акционер-лердің күқығын шектейтін Жарғыға өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді шешуде дауыс күкығы беріледі.

Қазақстан Республикасының  зандарына сәйкес акционерлік қоғам  күжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Кдзақ-станда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадағы дивидендтердің накты молшеріне ие акциялар жене дауыс күқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация — бүл оны, номинал күны немесе басқадай мүліктік эквивалента шығаратын түлғадан осыларды өз иесінің алу күқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал күнынан немесе басқадай мүліктік күқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитент оны пайда болтан уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық толеу шартымен жене жылдық баланстың осы уақытына бекі-туге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспай-тын сомада шығаруға күқылы.

Облигация —  бүл эмитенттің карыздық міндетемесін растай-тын күжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көме-гімен жүмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.

Мерзімді қарыздык міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация үстаушыға — эмитет банкротқа үшыра-ған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.

Қаржы нарығы және оның ерекшеліктері

Облигациялар  акциялар секідці әр түрлі корпорацияға ар-нал ған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылығы бар:

1. Облигациялардың иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер — корпорация меншік иелерінің бірі.

2. Облигациялардың иесі эмитенттің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивидендтерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері ұшін тіркелмейді әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.

3. Облигация  иелерінің дауыс қүқығы болмайды, олар акционерлердің жиналысына қатыспайды және корпорацияны басқаруға қатыстырылмайды. Акционер өзінің мүліктік мүдде-сіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс күқығына ие болады.

4. Облигация  бойынша төленген пайыздық төлемдер корпорацияның шығынына жатқызьшады және салық салына-тын табысты кемітеді. Сонымен қатар салык салынғаннан кейін корпорацияның алатын таза табысы дивидендтердің көзін құрайды.

5. Облигациялар, әдетте, белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.

Облигация жіктелімін былайша көрсетуге болады:

1. Эмитентіне байланысты:

• мемлекеттік

• муниципадцық;

• корпоративтік;

• шетелдік.

2. Облигациялық қарыздың мерзіміне қарай:

• өтеу күні бойынша:

• қысқа мерзімді — 1 жылға дейін;

• орта мерзімді — 1 жылдан 3 жылға дейін;

• үзақ мерзімді — 3 жылдан 25 жылға дейін.

• өтеу мерзімі тіркелмейтін облигациялық қарыз;

3. Шығарылатын формаларына карай: шотқа жазу түріндегі қолма-қол облигациясыз; қолма-қол облигация;

Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы

4. Иелену тәртібіне қарай:

• үсынбалы облигация;

• атаулы.

5. Табыс алу  тосіліне қарай:

• табыстық, ол бойынша пайыз компанияда осыған жеткілікті пайда болғанда ғана төленеді;

• пайызсыз, дисконтпен сатылады, яғни номинал кұнынан арзан;

• өзгермелі пайызы бар облигация, мұнда облигация бойынша пайыздық банк пайызының мөлшерлемесіне тіркелсе, онда ол нақты шамадан томен немесе жоғары болмауы керек.

6. Өтеу әдісіне карай:

• сериалды;

• бір реттік.

7. Айналыс сипаты бойынша:

• айырбасталатын;

• айырбасталмайтын.

8. Қамтамасыз етілуіне қарай:

• кепілмен қамтамасыз етілген;

• үшінші түлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген;

• қамтамасыз етілмеген.

9. Айналысына қарай:

• еркін айналыста болады;

• айналыс шеңбері шектеулі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) — орталық және жер-гілікті үкімет органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар. Олар ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздың формалары болып табылады.

Ішкі МБҚ қарыз  қатынасында оның үстаушысыньщ мүлік-тік қүқығын айғақтайды. Оның қарыз алушыларына KJP Үкіметі, ҚР Үлттық банкісі, жергілікті атқару органдары жатады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациясы айналыста болады.

Қазақстан Республикасында  олардың алғашқы орналасуы әдетте ҚР Қаржы министрлігі немесе ҚР Үлттық банкісі арқылы өтеді. Барлық МБҚ қүжаттандырьшмаған формада шығарылады.

Қаржы нарығы және оның ерекшеліктері

Казақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелінуі

Сипаттамалары Тұрлері
Эмитент түрі бойынша • үкіметгік

• муниципалды

• ҚР Үлттық банкісі

Айналыс мерзімі бойынша • кысқа мерзімді (1 жылға дейін)

• үзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)

Айналыс төсілдері бойынша • нарықтық

• нарықтық емес

Табысты алу тәсілдері бойынша • пайыздық

• дисконттық

• құрамдастырылған

• инфляция бойынша  индекстелген

• девольвация бойынша индекстелген

Пайызды есептеу тәсілдері бойынша • тіркелген пайыз мөлшерлемесі

• өзгермелі пайыз мөлшерлемесі

Шығарылатын валютасы бойынша • үлттық валютада

• шетеддік валютада

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы