Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:04, реферат
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Бағалы қағаздар рыногы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461-ІІ Заңы
"Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 16 шілде N 176-177
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн
мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттiк облигация - қаржы агенттiгi
шығаратын облигация;
2) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының
брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық
бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру
жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының
күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың
азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде өмiр
сүруiн тоқтату;
4) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда
(электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде)
шығарылған бағалы қағаз;
5) оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды
есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен
жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi
тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына
кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын
уақытша тыйым салу;
6) брокер - бағалы қағаздар рыногының
клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен
және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы
қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен
мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
7) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы
субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң),
қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен
тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға
ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы
- орналастырылған бағалы қағаздардың
айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының
субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық
қатынастар;
9) жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып
табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы
беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт
кезiндегi құқықтарын растайтын құжат;
10) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
- эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың
азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда
болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе
орналастырылуы, айналыста болуы және
өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын
белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
11) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк
тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын
эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары
мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң
жиынтығы;
12) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз
- қарыз алушы Қазақстан Республикасының
Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының
құқықтарын куәландыратын эмиссиялық
бағалы қағаз;
13) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты
ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе
тұрақты шығарып тастау;
14) қаржы құралдарын материалсыздандыру
- құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары
куәландыратын құқықтарды растау тәсiлiн
осы құқықтарды орталық депозитарийдiң
есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен
растау арқылы өзгерту;
15) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi
болып табылатын ұйым;
16) депозитке салу - орталық депозитарийдiң
депоненттер мен олардың клиенттерiнiң
қаржы құралдарын есепке алуы;
17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды
ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы
ұстауды есепке алу жүйесiнде тіркелген
және бағалы қағаздар бойынша құқықтары
бар тұлға;
18) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар
және өзге де қаржы құралдары бойынша
мiндеттемелердiң орындалмауы;
19) дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған
бағалы қағаздар рыногында баға белгiлеудi
ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерiн
көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы
қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен
мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
20) құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда
шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық
құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың
мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де
материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;
21) тiркелген тұлға - бағалы қағаздарды
ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы
ұстау есебi жүйесiнде жеке шоты бар тұлға;
22) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында
қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу
мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды
табыс еткен заңды тұлға;
23) инвестициялар - лизинг шартын жасасқан
кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда,
заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор
салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған
тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ
оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет
үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi
көбейту;
24) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар
рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе
басқаруындағы қаржы құралдарының көптеген
түрлерiнiң жиынтығы;
25) инвестор - Қазақстан Республикасында
инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе
заңды тұлғалар;
26) жеке инвестор - институционалдық инвестор
болып табылмайтын инвестор;
27) институционалдық инвестор - Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны
жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы
заңды тұлға;
28) ипотекалық облигация - ипотекалық
қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы
кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн
қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiсiмен
белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен
қамтамасыз етiлген облигация;
29) қазақстандық депозитарийлiк қолхат
- Қазақстан Республикасының резидентi
емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына
сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы
қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк
құқығын растайтын туынды эмиссиялық
бағалы қағаз;
30) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының
қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының
есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды
растауды, клиенттердiң құжатты қаржы
құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер
қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге
асыратын кәсiби қатысушысы;
31) бiлiктiлiк куәлiгi - уәкiлеттi орган берген
және жеке адамның аттестаттаудан өткенiн
және осындай құжаттың санатына (аттестаттау
санатына) сәйкес оған бағалы қағаздар
рыногында қызмет көрсетуге құқық берiлгенiн
куәландыратын құжат;
32) клиент - бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi
пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн
тұлға;
33) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша
клиринг - қаржы құралдарымен мәмiлелер
жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылатын
есеп айырысуға қатысушы тараптардың
өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң
есебi;
34) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк
қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалған
талаптармен және тәртiппен оның басқа
түрдегi бағалы қағазына айырбасталуға
жататын бағалы қағазы;
35) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар
рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың
клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн
жағдай;
36) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу
- ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында
белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар
бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның
жарияланған бағасы;
37) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының
баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған,
осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң
арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау
жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты
ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi
жүзеге асыратын заңды тұлға;
38) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi
мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы;
39) листинг - қор биржасының сауда жүйесiнде
эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа
жiберу рәсiмi;
40) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия
негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы
қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
41) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың
тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды
eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы
қағаздар мен өзге де қаржы құралдары
бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды
есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны
сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн
жазбалар жиынтығы;
42) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы
қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының
бағалы қағаздар рыногындағы бағалардың
өсуiне (төмендеуiне) байланысты пайда
табу және артықшылықтар алу мақсатымен
бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн
шатастыруға бағытталған iс-әрекеттерi
(бағалы қағаздардың бағасын белгiлеудi
ұсыну, қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу,
дәйектемесіз aқпapaт тapaту және өзге де
іс-әрекеттер);
43) ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық
бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және
есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға
уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық
код;
44) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздар - Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған,
мемлекеттiк емес ұйымдар шығаратын акциялар,
облигациялар және өзге де бағалы қағаздар;
45) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар
рыногы - бағалы қағаздар айналысының
бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер
қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының
iшкi құжаттарында мәмiле объектiсiне және
оның қатысушыларына белгiленген талаптар
сақталмай жүзеге асырылатын саласы;
46) облигацияның нақтылы құны - облигация
құнының ол шығарылған кезде белгiленген,
купондық облигация бойынша процентпен
көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай
көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген
кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
47) бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - бағалы
қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу
мен растау, олармен жасалатын мәмiлелердi
тiркеу;
48) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент
мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң
кепiлiмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарына
сәйкес өзге де тәсiлдермен қамтамасыз
етiлген облигация;
49) облигациялық бағдарлама - эмитент
бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде
шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн
әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға
құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
50) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
- қайталама бағалы қағаздар рыногында
бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық
мәмiлелер жасау;
51) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар
- шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы
қағаздар;
52) опцион - белгiленген нысандағы туынды
бағалы қағаз, оны сатып алушы белгiлi бiр
мерзiм өткеннен кейiн опционда көрсетiлген
базалық активтi келiсiлген баға бойынша
сатып алу немесе сату құқығына ие болады;
53) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор
биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар
рыногының баға белгiлеу ұйымы;
54) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы
- мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының
iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де
қаржы құралдарының айналыс саласы;
55) баспасөз басылымы - таралым саны мен
оның таратылу өңiрлерi бойынша уәкiлеттi
орган белгiлеген талаптарға сай келетiн,
бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
өздерiнiң хабарламаларын және осы Заң
мен Қазақстан Республикасының өзге де
заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға
жататын басқа да ақпаратты жариялау үшiн
пайдалануға тиiс мерзiмдi баспасөз басылымы;
56) бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң
бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында
өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын
бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң
(андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның)
жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды
орналастыруы;
57) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
58) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған
облигацияларды сыйақы және облигацияның
нақтылы құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз)
немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде
белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына
(акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан
алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
59) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
- эмитентпен жасалған шарт негiзiнде қайталама
бағалы қағаздар рыногындағы ипотекалық
және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар
айналысы, облигациялар бойынша сыйақы
төлеу және оларды өтеу процесiнде облигацияларды
ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет
жасайтын ұйым;
60) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып
алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына
немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған
ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге
асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар
рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн
құжат;
61) туынды бағалы қағаздар - осы туынды
бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы
бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы
қағаз;
62) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi,
сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы
қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы
бағалы қағаздардың саны, оларды шығару,
орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер
(сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы
мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар
сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн
басқа да ақпарат бар құжат;
63) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы
- өз қызметiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында жүзеге асыратын және бағалы
қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн лицензиясы
бар заңды тұлға;
64) пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi
орган белгiлеген және өтiнiш игерушi мен
лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық
көрсеткiштерi;
65) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
- бастапқы бағалы қағаздар рыногында
инвесторларға бағалы қағаздарды сату;
66) орналастырылған эмиссиялық бағалы
қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында
инвесторлар толық төлеген эмиссиялық
бағалы қағаздар;
67) тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының
бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi
жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және
жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
68) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен
алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның
бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн
белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп
көрсеткiшi;
69) басшы қызметкер - ұйымның басқару органының
басшысы және оның орынбасары, ұйымның
алқалы атқарушы органының басшысы (атқарушы
органның функциясын жеке өзi атқаратын
адам) және оның орынбасары, бас бухгалтер
және оның орынбасары, ұйым филиалының
(өкiлдiгiнiң) басшысы, сондай-ақ бағалы
қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын
және бағалы қағаздар рыногында мәмiлелер
жасасу осының негiзiнде болатын құжаттарға
қол қоюға құқылы құрылымдық бөлiмшелердiң
қызметiн үйлестiрудi және (немесе) оған
бақылау жасауды жүзеге асыратын өзге
де қызметкерлер;
70) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар
рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi
мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен
қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар
рыногының кәсiби қатысушылары құрған
заңды тұлға;
71) своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм
iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын
айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын
туынды бағалы қағаз;
72) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесi - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар
және белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың
құқықтарын бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен
мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн
ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы,
сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша
айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға
арналып тiркелген шектеулердiң сипаты
және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
73) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесi -
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының
уақыттың белгiлi бiр кезiнде оларды бiрдейлендiрудi,
бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi
қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды ұстаушылар
мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы
мәлiметтер бар, нақтылы ұстау қызметiн
көрсететiн есеп беру жүйесi, сондай-ақ
осы бағалы қағаздардың айналысқа немесе
олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға
арналып тiркелген шектеулердiң сипаты
және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
74) сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмi
- сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда
жүйесiне айналысқа жiберуге рұқсат етiлген
қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының
iшкi құжаттарына сәйкес жасалып, бекiтiлген
тiзiмi;
75) шығару құрылымы - шығарылатын эмиссиялық
бағалы қағаздардың саны, олардың түрi,
нақтылы құны (облигациялар үшiн) туралы
мәлiметтер;
76) сауда жүйесi - сауда-саттықты ұйымдастырушының
материалдық-техникалық құралдарының,
ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты
ұйымдастырушының мүшелерi арасында эмиссиялық
бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен
мәмiлелер жасауда пайдаланылатын өзге
де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
77) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының
өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар)
қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн
кәсiби қатысушысы;
78) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногын
реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган;
79) инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы
активтерiн басқарушы - бағалы қағаздар
рыногының азаматтық құқық объектiлерiн
басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң
мүдделерiн көздеп және соның есебiнен
жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
80) қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес экономиканың белгiлi
бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық
саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы
мақсатта Қазақстан Республикасының қаржы
рыногында және (немесе) халықаралық қаржы
рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын
банк немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
81) қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан
Республикасының аумағында айналысқа
жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы
қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi;
82) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету
мен тұтынуға және қаржы құралдарының
айналысына байланысты қатынастардың
жиынтығы;
83) қор биржасы - акционерлiк қоғамның
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған,
осы сауда-саттықты ұйымдастырушының
сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды
тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты
ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз
етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
84) фьючерс - бағалы қағаздардың ұйымдастырылған
рыногында айналысқа түсетiн туынды бағалы
қағаз, оны сатып алушы белгiлi бiр мерзiм
өткеннен кейiн мәмiленiң талаптарына сәйкес
базалық активтi сатуға (сатып алуға) өзiне
мiндеттеме алады;
85) хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi
қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы
бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң
кiрiстерi мен шығындарының туындауына
байланысты болатын бағаның, айырбастау
бағамының, сыйақы ставкаларының немесе
өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi
кезiндегi тәуекелдерден қорғау;
86) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын
белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң
жиынтығы;
87) орталық депозитарий - бағалы қағаздар
рыногының қаржы құралдарымен мәмiлелердi
тiркеудi, депоненттердiң (олардың клиенттерiнiң)
қаржы құралдары бойынша құқықтарын eceпкe
алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған
қаржы құралдарын материалсыздандыру
мен сақтауды, оның iшiнде депоненттер
арасындағы қаржы құралдарымен мәмiлелер
бойынша клирингтi, сондай-ақ тиiстi лицензиясы
болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге
асыратын кәсiби қатысушысы;
88) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым
шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi
болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар
негiзiнде орналастырылатын және айналысқа
түсетiн бағалы қағаздар;
89) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң
эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет
көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы
шарт негiзiнде құрылған бiрлестiгi;
90) эмитент - Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар
рыногы туралы
заңдары
1. Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi
және Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның
нормалары банктер, банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары,
инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы
қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы
қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару, орналастыру, айналысқа жiберу
және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық
қатынастарға қолданылады.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу
1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк
реттеудi Қазақстан Республикасының Президентi
айқындайтын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен
келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын
қалыптастыру мен дамыту саласындағы
басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
және ұлттық бағалы қағаздар рыногының
инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы
қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
саясатты жүргiзедi;
3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар
рыногын мемлекеттiк реттеу мәселелерi
бойынша нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдайды;
4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының
активтерiн таниды;
5) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың,
туынды бағалы қағаздардың шығарылу мен
айналысқа түсу және олардың мемлекеттiк
тiркелу, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды
орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды
жою қорытындылары туралы есептердi қарау,
оның ішінде Қазақстан Республикасының
резидентi еместердiң және халықаралық
ұйымдардың Қазақстан Республикасының
аумағында шығарылуға және орналастырылуға
жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын
мемлекеттiк тiркеу талаптары мен тәртiбiн
белгiлейдi;
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк
тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы
қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялар
мен рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың
орналастырылуын тоқтата тұрады және
қайта жаңғыртады, мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды
шығаруды жояды;
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет
пен басқа да лицензияланатын қызмет түрлерiн
жүзеге асыру ережелерiн, оның iшiнде бағалы
қағаздармен мәмiлелер жасасу, осы мәмiлелердi
есепке алу және олар бойынша есеп беру
шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды
айқындайды;
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi
кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
10) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет
түрлерi бойынша лицензиялар берудiң талаптары
мен тәртiбiн айқындайды;
11) лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының
пруденциалдық нормативтерiнiң түрлерi
мен өзге де көрсеткiштерiн немесе өлшемдерiн
(нормативтерiн), олардың есеп айырысуының
және есеп айырысу әдiстемесiнiң тәртiбiн
белгiлейдi;
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi
бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың
қолданылуын тоқтата тұрады және қайта
жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып
алады;
13) лицензиаттардың iшкi құжаттарын келiседi;
14) лицензиаттардың басшы қызметкерлерiнiң
лауазымына кандидатураларды тағайындау
үшiн келiсiм бередi;
15) лицензиаттардың есеп беру тәртiбiн
және есептердiң нысандарын айқындайды;
16) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу
үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға рұқсат бередi, осындай
рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұрады,
қайта жаңғыртады және мерзiмiн ұзартады,
сондай-ақ оларды қайтарып алады;
17) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу
үшiн мамандар даярлау тәртiбiне қойылатын
талаптарды белгiлейдi және осы талаптардың
сақталуын бақылайды;
18) жеке адамдарды бағалы қағаздар рыногындағы
қызметтi жүзеге асыру құқығына аттестаттауды,
бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердi қайта
аттестаттауды жүргiзедi, аттестаттаудан
өткен адамдарға бiлiктiлiк куәлiктерiн
бередi және қайта аттестаттаудан өткен
адамдардың бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылу
мерзiмiн ұзартады, бiлiктiлiк куәлiктерiнiң
қолданылуын тоқтата тұрады және қайта
жаңғыртады, бiлiктiлiк куәлiктерiн керi
қайтарып алады;
19) эмитенттердiң, лицензиаттардың және
бағалы қағаздар рыногында жұмыс icтeу
үшiн мамандар даярлайтын ұйымдардың қызметiн
қадағалауды жүзеге асырады, өз құзыретi
шегiнде олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;
20) бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердiң
қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана
отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк,
коммерциялық және заңмен қорғалатын
өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi
қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының
мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ
олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне
қолданған шаралары туралы ақпаратты
жариялайды;
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде
қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы
қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың
алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi
және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де
мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын
реттейтiн шетелдiк органдармен өзара
iс-әрекет жасайды;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк
реттеу жөнiндегi өзге де функциялар мен
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң
- ұйымдарының шығаруын осы Заңда және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган
тiркеген мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздары;
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi
емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган
тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк
құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған
бағалы қағаздар рыногында айналысқа
жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздары;
3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң
- ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң
заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiсiнде
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына
айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес
эмиссиялық бағалы қағаздары;
4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын
уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiсiнде
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында
айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы
қағаздары;
5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар және өзге де
қаржы құралдары Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi
Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және
Қазақстан Республикасының өзге де заң
актiлерiмен айқындалады.
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
1. Жеке және институционалдық
инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар
рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты
ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн
ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
болып табылады.
2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы
қағаздарға инвестицияны дербес немесе
брокерлiк-дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық
портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы
қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары
көрсететiн қызметтi пайдалана отырып
жүзеге асырады.
3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны,
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық
портфельдi немесе зейнетақы активтерiн
басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға
лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi
пайдалана отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының резидентi,
егер оның бұрын шығарған эмиссиялық бағалы
қағаздары қызметiн Қазақстан Республикасының
аумағында жүзеге асыратын қор биржасының
тiзiмiне енгiзiлген жағдайда, шет мемлекеттiң
аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару мен орналастыруды жүзеге асыруға
құқылы.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы
қағаздар шығаруды
мемлекеттік
тіркеу
6-бап. Эмиссиялық
бағалы қағаздардың
мемлекеттiк
тiзiлiмi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары
мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк
құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық
бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне
олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық
бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында
мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында
тiркелген және айналысқа жiберiлген эмиссиялық
бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi
туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық
бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне
уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған
күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.
7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
1. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң,
орналастырудың, айналысқа жiберудiң және
өтеудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық
бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiсiмен
белгiленедi.
8-бап. Мемлекеттiк
емес эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды
мемлекеттiк тiркеу
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiлерiнде белгiленген талаппен және
тәртiппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу:
1) табыс етiлген құжаттардың және олардың
сараптамасының Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкестiгiн қарауды;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық
бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық
бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне
олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзудi;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
проспектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiктер берудi қамтиды.
3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды
олар мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген
күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде
қарайды.
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды мемлекеттiк тiркеуге қосымша
құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi
орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк
отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға
құқылы.
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары
уәкiлеттi органға мемлекеттiк емес эмиссиялық
бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз
мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды
табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты
болады.
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес
эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа
сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден
бас тартуға құқығы жоқ.
9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар
шығару проспектiсiнде:
1) эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы;
2) эмитенттiң орналастырылған акцияларының
(жарғылық капиталындағы үлестерiнiң) он
және одан да көп (халықтық акционерлiк
қоғамда - бес және одан да көп) процентiн
иеленушi акционерлер (қатысушылар) туралы;
3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары
туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ
эмитенттiң орналастырылған акцияларының
оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы
үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер
көрсетiле отырып, эмитент органдарының
құрылымы туралы;
4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң
активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн
немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының
бес және одан да көп процентiн құрайтын
көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн
қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп
берушiлерi туралы;
5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз
етiлген облигациялар шығарған кезде);
6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi
көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң
баланстық құнының бес және одан да көп
процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық
берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған
тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген
тұлғалары туралы;
8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың
саны, олардың түрi (санаты), төлеу тәсiлдерi,
бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның
iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың
айналыс мерзiмi және өтелу тәртiбi туралы;
9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын
бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау
тәртiбi туралы;
10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы
(ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген
облигациялар шығарған кезде);
11) төлем агентi туралы;
12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар
тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын
тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2. Эмитенттiң (жаңадан құрылған эмитенттердi
қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы
аудиторлық есептермен расталған қаржылық
есептiлiк және эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар
беру алдындағы соңғы айдың аяғындағы
жағдай бойынша қаржылық есептiлiк эмиссиялық
бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң
ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау
мен ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның
нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
4. Осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында
көзделген мәлiметтердi қоспағанда, эмитент
уәкiлеттi органға акциялар шығару проспектiсiнде
бар мәлiметтердiң өзгергенi туралы ақпаратты
аталған жағдай басталған күннен бастап
күнтiзбелiк он күн iшiнде табыс етуге мiндеттi.
Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары
мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда
эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген
облигациялар бойынша шығару, орналастыру,
айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды
өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген
эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне
қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын,
айналым мерзiмi үш айдан аспайтын облигациялар,
облигациялық бағдарламалар және облигациялық
бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар
шығару проспектiсiне қолданылмайды.
6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттiк
тiлде және орыс тiлiнде табыс етiледi.