Бағалы қағаздар рыногы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:04, реферат

Описание

Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды.

Работа состоит из  1 файл

занбагалы кагаз.doc

— 440.00 Кб (Скачать документ)

 102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар рыногында 
                эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы процесiнде 
                ақпаратты ашып көрсетуi     

 1. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi. 
      2. Мыналар: 
      1) эмитент органдары құрамының өзгерiстерi; 
      2) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн) (халықтық акционерлiк қоғам үшiн - акциялардың бec және одан да көп процентiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерiстерi; 
      3) эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы; 
      4) эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы; 
      5) эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе керi қайтарып алынуы; 
      6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмi; 
      7) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайын) (халықтық акционерлiк қоғам акцияларының бес және одан да көп процентiн) иеленетiн ұйымдар тiзiмiндегi өзгерiстер эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады. 
      3. Эмитент өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi. 
      4. Осы баптың 2-тармағындағы өзгерiстердi эмитент баспасөз басылымында ақпарат жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.     

 103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi     

 Лицензиат: 
      1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң aлдындa оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге; 
      2) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi бұйрықты қабылдау кезiнде клиенттiң бағалы қағаздар және олардың эмитентi туралы қолда бар барлық ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) танысуына мүмкiндiк беруге; 
      3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы хабардар етуге; 
      4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге; 
      5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге; 
      6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге; 
      7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткiзуге; 
      8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге; 
      9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына жеткiзуге мiндеттi.     

 104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты 
                ашып көрсетуi      

 1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi. 
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес өзге де қолжетiмдiлiк әдiстермен таратады. 
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртiбi және өзiндегi аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртiбi сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.     

 105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның 
                ақпаратты жария етуi     

 1. Тiркелген тұлға тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi өз деректерiнiң өзгерiстерi туралы мұндай өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға мiндеттi. 
      2. Тiркеушi (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi деректердiң өзгерiстерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында жауапты болмайды. 
      3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттiк органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.     

 106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi     

 Уәкiлеттi орган: 
      1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiнде; 
      2) эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде бар; 
      3) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар (рұқсаттар) беру немесе керi қайтарып алу, осындай лицензиялардың (рұқсаттардың) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептерi туралы; 
      4) бағалы қағаздар рыногында қандай да бiр жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығын беретiн бiлiктiлiк куәлiктерiн беру немесе керi қайтарып алу, мұндай куәлiктердiң қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептерi туралы ақпаратты; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ақпаратты өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес ашып көрсетуге тиiс.     

 107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы     

 Уәкiлеттi орган өзiне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы 
субъектілерінің қызметін бақылау     

 108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң 
                қызметiн тексеру     

 1. Уәкiлеттi орган эмитенттердiң, лицензиаттардың және мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуге оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы. 
      2. Тексеру жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      3. Тексеруге: 
      1) инвесторлардың өтiнiш жасауы; 
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы; 
      3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы; 
      4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы; 
      5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептiлiктi қарау және бекiту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi; 
      6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер; 
      7) бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы негiздеме болып табылады. 
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет өз бастамасы бойынша бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне тексеру жүргiзуге құқылы.     

 109-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне 
                тексеру жүргiзу тәртiбi     

 1. Тексерудi уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң орналасқан жерiнде немесе өзiнiң орналасқан жерiнде жүргiзедi. 
      Тексерудi құрамына уәкiлетті органның қызметкерлерi кiретiн тексеру комиссиясы жүзеге асырады. 
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдарға және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға аталған ұйымдардың қызметкерлерiн тексеруге тарту мақсатымен өтiнiш жасауға құқылы. 
      2. Тексерудi уәкiлетті орган бағалы қағаздар рыногы субъектiсінiң қызметі туралы құжаттарды қарау арқылы жүргізедi. 
      Тексеру жүргізу барысында уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногы субъектісiнiң қызметкерлерiнен олардың тексеру мәселелерi бойынша ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруi мақсатымен жауап алуға құқылы. 
      3. Тексеру комиссиясы бағалы қағаздар рыногы субъектісiн тексеру нәтижелерi бойынша тексеру актiсiн жасайды, ол бағалы қағаздар рыногының қызметі тексерiлуге тиiс болған субъектісiне танысу үшiн берiледi. 
      Бағалы қағаздар рыногының субъектісi тексеру актiсi бойынша өз қарсылығын тұтас (жекелеген тармақтар бойынша) бiлдiруге құқылы. 
      4. Тексеру актiсi жасалып, ол бағалы қағаздар рыногының субъектiсіне табыс етілгеннен кейiн уәкілетті орган субъектiге анықталған бұзушылықтарды уәкiлетті орган белгiлеген мерзiм iшiнде жою туралы ұйғарым жiберуге құқылы. 
      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсi өзiнiң қызметiн тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган субъектiге және оның қызметкерлерiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген шараларды қолдануға құқылы. 
      Уәкілеттi орган бұзушыға және оның қызметкерлерiне, егер бұзушылықтар жойылмайтын сипатта болса, анықталған бұзушылықтарды жою мерзiмiн бермей-ақ шаралар қолдануға құқылы.      

 110-бап. Эмитенттiң қызметiн бақылау     

 Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган эмитентке мынадай мәселелер: 
      1) эмитент органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру, опциондар жасасу туралы қабылдаған шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және эмитенттің жарғысына сәйкестiгi; 
      2) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеуi және эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзге де мiндеттемелерiн орындауы; 
      3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды және оларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi табыс ету; 
      4) уәкiлеттi органға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты табыс ету жөнiндегi талаптарды орындау; 
      5) Қазақстан Республикасы заңдарының iрi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы талаптарын орындау; 
      6) шығарылуы жойылған, эмитент ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, бастапқы инвестицияларды қайтару кезiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау; 
      7) халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн алу және жоғалту; 
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында эмитенттiң қызметi туралы мәлiметтер жариялау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге құқылы.     

 111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау     

 Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер: 
      1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі; 
      2) бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау; 
      3) пруденциялық нормативтердi сақтау; 
      4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша тексеру жүргізуге құқылы.     

 112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау     

 Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган: 
      1) өзін-өзi реттейтiн ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге; 
      2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.

21-тарау. Қорытынды ережелер     

 113-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар 
                рыногы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық     

 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.     

 114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi     

 1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
      1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы); 
      2) "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).     

 Қазақстан Республикасының 
      Президентi     

 

 

«АЗИЯ АВТО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ («АЗИЯ АВТО»АҚ) БІРІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРАЛЫҒЫНДА КУПОНДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ БІРІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ  НОБАЙЫ


1 000 000 000 теңге 
1 000 000 купондық облигация    

  • Өкілетті мүшемен облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі салымшыға нобайда сипатталған облигацияларды алу жөнінде ұсыныстар беретінін білдірмейді. Облигациялардың шығаруын мемлекеттік тіркеуге қойған өкілетті мүше бұл құжатта көрсетілген ақпараттың растығына жауап бермейді. Облигациялардың шығару нобайы тек қана Қазақстан Республикасының заң шығарушылығының сәйкестігіне қарай қарастырылады. Эмитенттің лауазымды тұлғалары бұл құжатта көрсетілген ақпараттың растығына жауап береді және бұл құжатта көрсетілген бүкіл ақпараттың рас және салымшыларды эмитент пен оның облигациялары жөнінде жаңылдырмайтынын дәлелдейді .
  • 1. Осы облигациялар шығарылымы «Азия Авто» Акционерлік Қоғамының облигациялық бағдарламаның нобайына сәйкес жасалады.

    2. Облигациялық бағдарлама туралы мәлеметтер: 
    Облигация бағдарламаның нобайын мемлекеттік тіркеу күні: 23.11.06  
    Шығару жасалатын шеңберінде облигациялық бағдарламаның ақша түрінде көрсетілген көлемі: 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге. 
    Облигация шығарылымының реттік нөмірі: бірінші шығарылым 
    алдыңғы облигациялар шығарылымы туралы мәлеметтер (өкілеттік органда шығарылым тіркелген күні, облигациялардың саны, номиналдық бағасы бойынша шығару көлемі мен әр шығарылымнан бөлек осы облигациялық бағдарламаның аралығында): алдыңғы облигациялар шығарылымы болған жоқ

    3. Шығару құрылымы: 
    1) Облигацияның түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етумен және қамтамасыз етусіз): купондық, қамтамасыз етусіз

    2) шығарылған облигациялардың саны мен облигациялар шығарылымының жалпы көлемі (номиналдық бағасына сәйкес облигациялар шығарылымының жалпы көлемін көрсету):  
    шығарылған облигациялардың саны - 1 000 000 (бір миллион) дана 
    облигациялар шығарылымының жалпы көлемі - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге

    3) бір облигацияның номиналдық бағасы: 1 000 (бір мың) теңге

    4) облигациялар бойынша сыйақы келесі сілтемемен:

    облигациялар  бойынша сыйақының ставкалары:  
    қалқыған, құнсыздану деңгейіне тәүелді, әр 6 (алты) ай сайын анықталатын.

    Сыйақы төленіп  бастайтын күн, мерзімдісі мен сыйақы төлейтін күн, оның төлеу тәртібі  мен шарттары: облигациялар айналымы басталған күннен. Облигациялар айналымы басталған күн «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне қосылған күн болып есептеледі.

    Сыйақыны есептеу  үшін қолданылған уақыт мерзімі: сыйақының төлемі теңгеде жылына екі рет жылдың 360 (үш жүз алпыс) күні мен айдың 30 (отыз) күні уақытша базаның есебінен айналым мерзімнің ішінде әр алты ай сайын төленеді.

    Индекстелген  облигациялардың шығару кезінде  есептеу тәртібі: осы шығарылымның облигациялары индекстелген емес.

    Сыйақының ставкасы бекітілген болмаса, оның мөлшерін анықтау тәртібі көрсетіледі: сыйақы ставкасының есебі – жылдық көріністе ақырғы 12 (он екі) айдың ішінде кезекті купондық мерзімі басталған күннен 1 (бір) айға бұрын тұтыну бағалардың индексі, Қазақстан Республикасының статистика жөнінен Агенттігінің мәлеметтері бойынша (пайыздағы индекстің мағынасы минус 100%) оған қоса 0,5 %(нөл бүтін оннан бес пайызы) мөлшерінде бекітілген маржа. Тұтынушы бағалардың индексінің атауы, оның есептеу алгоритмі өзгерген жағдайда, купондық сыйақыны есептеу кезінде Қазақстан Республикасының статистика жөнінен Агенттігімен белгіленетін баламалы көрсеткіш қолданылады.  
    Сыйақы ставкасының жоғарғы шектің мағынасы 9,5% деңгейінде (тоғыз бүтін оннан бес пайызы), астынғы шектің мағынасы 6% (алты пайызды) құрайды. 
    Сыйақының жаңа ставкасы туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ жариялауы, және де жазбаша хабарлауы жаңа купондық мерзіміне үш күн қалғанға дейін жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мәлімдемені орналастыру арқылы Компания осы ақпаратты облигация ұстаушыларға жеткізеді.

    5) облигациялардың айналымы мен өтеу туралы мәлеметтер келесі сілтемемен: 
    облигациялардың айналым мерзімі мен оларды өтеу шарттары: облигациялардың айналым мерзімі 3 жыл, облигациялар номиналдық бағасы бойынша бір мезгілде кассалық ордерді рәсімдеумен компанияның кассасы арқылы ақырғы купонды ақшалай төлеумен немесе облигация ұстаушылардың шотына ақша аудару арқылы өтілетін болады. Номиналдық бағасы мен сыйақы сомасы мерзімнің ақырғы күннің басына дейін жасалған төлемдер халі бойынша сыйақыны алуға құқығы бар тұлғаларға беріледі (құнды қағаздар ұстаушылардың реест жүйесін өткізген тіркеушінің орналасқан мекен-жайы мен уақыты бойынша). Номиналдық бағасы мен сыйақы сомасының төлемі сыйақы төлеу күні жасалады. Егер облигацияны өтеу күні демалыс күнге немесе мейрам күніне келсе, төлеу демалыс немесе мейрам күннен кейін бірінші жұмыс күнде жасалады. Облигация ұстаушысында төлемді ұстап қалған үшін сыйақының түсіруін немесе басқа өтемақыны талап етуіне құқығы жоқ. Облигация ұстаушысы Қазақстан Республикасының өзге ел азаматы болмаса, Қазақстан Республикасының аймағында банктық шоты бар жағдайда, облигация өтеуі теңгеде жасалады. Инвестордан тиісті сауал алып, ҚР Халық Банкі белгілеген курс бойынша теңгенің басқа валютаға аударымы мүмкін. Теңгенің басқа валютаға аударымы инвестордың үстінде жасалады.

    Облигацияларды  өтеу күні: облигациялар айналымы біткен күнде.

    Облигациялардың өтеуі өтетін орын: 070002, Қазақстан  Республикасы, Өскемен қаласы, Бажов  к., 101/1; телефон – 8 (3232) 422440; факс – 8 (3232) 522005; E-mall: asz@bipek.kz

    Облигацияларды  өтеу тәсілі: негізгі қарыздың сомасын  өтеуі облигация ұстаушылардың  кезекті банктық шотына ақшаны аудару арқылы жасалады.

    6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және басқа қамталған облигациялар шығарылымы кезінде): облигациялар қамтамасыз болып есептелмейді.

    7) облигация ұстаушылардың өкілі туралы мәлеметтер (облигация ұстаушылардың өкілінің атауы, мекен-жайы, телефон нөмірлері, қызмет көрсету туралы келісім-шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі): облигация ұстаушылардың өкілі жоқ.

    8) тіркеуші туралы мәлеметтер (атауы, мекен-жайы, телефон нөмірлері, құнды қағаздар ұстаушылардың реестр жүйесін жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі):  
    Тіркеуші – «Регистратор» Компаниясы» АҚ, Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикася, Алматы қ., Кұнаева к., 56 нақты мекен-жайы: Қазақстан Республикася, Алматы қ.,Фурманов к., 65, 511 кеңсе. «Регистратор» Компаниясы» АҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы күәлігі № 67614-1910-АҚ ҚР Әділет Министірлігінің Аоматы қ., Әділет Департаментімен 23.12.2004 жылдан берілген. Тізім ұстаушының алғашқы мемлекеттік тіркеуі 28.01.1998 жылы болды. 
    Коғамның акция ұстаушылардың тізімін жүргізу туралы Келісім 08.08.2003 жылдан № 080/03. 
    Лицензия № 0406200311Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жайында Халық комиссиясымен 02.02.2005 жылы құнды қағаздар ұстаушылардың тізімін жүргізу туралы қызметке берілді.

    9) облигация орналастыруында қатысатын ұйымдар туралы мәлеметтер (облигация орналастыруында қатысатын ұйымның атауы, мекен-жайы, тиісті келісім-шарттардың күні мен нөмірі): «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ (еншілес ұйым «Казкоммерцбанк» АҚ), 04.09.06 жылдан № 001 Қаржы консультантының, андеррайтер мен маркетмейкердің қызметтерін көрсету туралы келісім.

    10) төлем жасайтын агент туралы мәлеметтер (атауы, мекен-жайы, тиісті келісім-шарттардың күні мен нөмірі): түсім төлеуін және облигация бойынша номиналдық құнын төлеу облигация ұстаушының шотына қаражат аудару арқылы Қоғаммен өз бетімен орындалады.

    11) облигациямен ұстаушыға берілетін құқықтар келесі сілтемелермен: 
    - айналым басталған күннен үш жылдан кейін облигация өтеу кезінде ақырғы сыйақыны төлеумен бірге номиналдық бағаны алу құқығы; 
    - облигация бойынша сыйақыны алу құқығы; 
    - өз облигацияларын еркін жұмсау құқығы; 
    - жазбаша хабар арқылы Компания туралы керекті ақпаратты алуға құқық; 
    - облигация шығару нобайы және оның көшірмелерімен танысуға құқық; 
    - облигацияларға меншікті құқығынан шыққан Қазақстан Республикасының заңшығарушылыққа сәйкес басқа құқықтар.

    12) облигацияларды мерзімге дейін төлеп алу немесе олардың толық емес орналысқаны болса облигацияларды төлеп алу шарттары, мерзімдері мен тәртібі, облигацияларды төлеуге арналған ақша қайтару тәртібі: Мүдірлер кеңесінің шешімі бойынша Компания облигацияларды айналымның екінші жылынан ерте емес мерзімнен бұрын толық немесе жарым-жарты өтеу мақсатымен сатып алуға құқығы бар. Төлеп алған күннен 30 күн бұрын Компания облигация ұстаушыларға «Казахстанская правда» гәзеті арқылы немесе «Казақстан қор биржасы» АҚ сайтында мерзімнен бұрын төлеп алу мақсатымен сатып алынған облигациялар туралы ақпарат жариялайды. Мерзімнен бұрын өтеп алу мақсатымен облигацияларды сатып алу номиналдық құны және облигация бойынша тиісті сыйақы төлеу ( жиналған купондар) бойынша өтеді. Мерзімнен бұрын өтеп алу мерзімге дейін өтеу күннен 20 күнтүзбелік күн ішінде ақша мерзімнен бұрын өтелетін күннен бастап облигация ұстаушылар тізімінде мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бұрын өтелетін облигациялар шотына аударылады. Егер салымшы Қазақстан Республикасының өзге ел азаматы болмаса, төлеу ЕВРО немесе АҚШ долларда жасалатын болады. ЕВРО төлеуі нақты төлеу күнүне ҚР Халық Банкімен ресми қойылған курсы бойынша төленеді. АҚШ доллар арқылы өтетін төлеу нақты төлеу күніне «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ортаөлшенген курсы бойынша жасалады. Соманы теңгеден шетел валютаға аудару салымшы үстінде жасалатын болады. Кейінгі өтеу мақсатымен облигацияларды өтелеиін орын: 070002, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Бажов к., 101/1; телефон -8(3232)422440; факс – 8 (3232)522005; e-mail: asz@bipek.kz

    13) облигация орналастырудан ақша ұстау туралы мәлеметтер: 
    облигацияларды орналастыру кезінде эминентпен ақша ұстауының мақсаттары мен тәртібі, және келген ақшаның жоспарланған бөлуіне өзгерістер еңгізе алатын шарттар келесі өзгерістердің көрсетуімен: Бірінші облигациялық бағдарламаның компанияның бірінші шығаруынан таза түскен түсімі 991 900 мың теңгені құрайды. Облигация шығаруынан түскен қаражат өндірісті арттыру мақсаттарына, Компанияның өзіндік өндіріс күштеріне және Компанияның борыш қолхатына қайта қаржы салуына жұмсалады. Орналасқан облигациялардан қаражаттың жоспарланған бөлуінде өзгерістер тұғызатын қандай да бір шарттар қарастырылмайды.

    4. Опциондар туралы ақпарат: опциондар ескертілмеген.

    5. Аударылатын облигациялар: облигациялар аударылған болып саналмайды.

    6. Облигацияларды орналастыру тәсілі: 
    1) облигацияларды орналастыру мерзімдері мен тәртібі:  
    ұйымдастырылмаған нарықта облигациялар орналасқан жағдайда облигациялардың орналастыруы басталған күні мен аяқталған күні (бар жағдайда): облигациялар құнды қағаздар ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта айналымның жалпы мерзімі кезінде орналастырылады.

    2) жазылым арқылы акцияға аударылатын облигациялардың орналастыруы кезінде аударым шарттары көрсетіледі: облигациялар аударылған болып саналмайды.

    3) облигацияларды төлеп алу шарттары мен тәртібі: 
    облигацияларды төлеп алу шарттары мен тәртібі, есеп беру тәсілі көрсетіледі: Облигациялар ақшасыз есеп айырысу түрінде ақшамен төленеді. Жазылым арқылы облигациялар орналасқан жағдайда облигациялар үшін төлеу тәртібі мен шарттары инвестормен Бірлестік жасаған сатып-алу және сату келісімдерінде көрсетіледі. 
    «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның сауда аланында мамандырылған саудалау арқылы облигациялар орналасса, оның төлеуі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ішкі ережелеріне сәйкес жасалады.

    Информация о работе Бағалы қағаздар рыногы туралы