Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:04, реферат
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды.
14-тарау. Кастодиандық қызмет
73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
1. Бағалы қағаздар рыногында
кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет
пен сейфтiк операцияларға лицензиялары
бар банктер жүзеге асырады.
2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан
Республикасының заңдарына және клиентпен
жасалған кастодиандық қызмет көрсету
жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырады.
3. Кастодиан өзiнiң Қазақстан Республикасының
аумағында қаржы қызметiн көрсететiн клиентiнiң
аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету
жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген
ақша мен қаржы құралдары кастодиандық
қызмет объектiлерi болып табылады.
5. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк-дилерлiк
қызметке лицензиясы бар және жинақтаушы
зейнетақы қорына, инвестициялық қорға,
инвестициялық портфельдi басқарушыға
қызмет көрсетудi жүзеге асыратын кастодианның
оларға бағалы қағаздар рыногында брокер
ретiнде қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
1. Кастодиан мынадай функцияларды
жүзеге асырады:
1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға
және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген
өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке
шоттар ашу;
2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды
және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген
өзге де қаржы құралдарын есепке алуды
қамтамасыз ету;
3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және
кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген
өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер
бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;
5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен
мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар
бойынша оның құқықтарын растау;
6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық
қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы
құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң
шотына есептеу;
7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке
ақпарат беру;
8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету
жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер
көрсету;
9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты
нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын
сақтау.
2. Кастодиан:
1) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi
шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң
бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес
орындауға;
2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және
өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет
көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының
бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз
етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң
шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;
4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның
талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi
туралы есеп беруге;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, қызметтiк, коммерциялық немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт
1. Кастодиан мен оның клиентi
арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет
көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды,
оған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма
шартының нормалары қолданылады.
2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету
жөнiндегi шартты жасасу кезiнде клиенттi
өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
3. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi
шартта:
1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету
жөнiнде қызметтер ұсыну тәртiбi;
2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары
мен мiндеттерi;
3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртiбi;
4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге
берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс
алуының талаптары мен тәртiбi және оны
клиенттiң шотына есептеу;
5) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi
шартты бұзу тәртiбi;
6) тараптардың жауапкершiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.
15-тарау. Трансфер-агенттік
76-бап. Трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асырудың
талаптары
мен тәртiбi
1. Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент
клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты)
қабылдау және беру мақсатында жүзеге
асырылады.
2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен
тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк
құқықтық актiсiмен және лицензиаттың
iшкi құжаттарымен белгiленедi.
77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары
1. Трансфер-агент мынадай функцияларды:
1) өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу
және есепке алу;
2) клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу
және есепке алу;
3) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған
кезде қолданылатын электрондық деректер
базасының сақталуын қамтамасыз ету;
4) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған
кезде қолданылатын электрондық жүйелердi
жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген өзге де функцияларды жүзеге
асырады.
2. Трансфер-агент пен оның клиенттерi
арасындағы қатынастар трансфер-агенттiк
қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде
туындайды, оған Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма
шартының нормалары қолданылады.
16-тарау. Орталық депозитарий
78-бап. Орталық
депозитарий қызметiнiң негiзгi
принциптерi
1. Орталық депозитарий коммерциялық
емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарийдiң
акциялары бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар
және халықаралық қаржы ұйымдары арасында
орналастырылады.
2. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды
нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiби
қатысушылары, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер
мен кастодиандар орталық депозитарийдiң
депоненттерi болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногында орталық
депозитарийлiк қызметтi жүзеге асырудың
талаптары мен тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен
және iшкi құжаттармен - орталық депозитарийдiң
ережелер жинағымен белгiленедi.
Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы
аумағында депозитарлық қызметтi жүзеге
асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
1. Орталық депозитарийдiң органдары,
олардың функциялары мен өкiлеттiктерi,
олардың шешiмдерiн қалыптастыру және
қабылдау тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiсiмен,
орталық депозитарийдiң жарғысымен және
оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Орталық депозитарийдiң директорлар
кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның
өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен
кiредi.
80-бап. Орталық депозитарийдiң функциялары
1. Орталық депозитарийдiң функциялары:
1) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге
де қаржы құралдары жөнiндегi құқықтарды
есепке алу;
3) эмиссиялық бағалы қағаздармен және
өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi
тiркеу;
4) өзiнiң депоненттерi мен олардың клиенттерiнiң
эмиссиялық бағалы қағаздары және өзге
де қаржы құралдары бойынша құқықтарын
растау;
5) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша
клиринг;
6) төлем агентiнiң нақтылы ұстаудағы қаржы
құралдарымен мәмiлелер жөнiндегi функциясын
орындау;
7) төлем агентiнiң бағалы қағаздар бойынша
және оларды өтеген кезде кiрiстi төлеу
жөнiндегi функцияларын орындау;
8) эмитенттiң тапсырмасы бойынша депонентке
ақпарат беру;
9) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн
басқа да қызмет түрлерi;
10) эмиссиялық бағалы қағаздармен және
өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер
жасасуға арналған ақшаға қатысты депонентке
шоттар ашу;
11) құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын
сақтау және материалсыздандыру болып
табылады.
2. Орталық депозитарий лицензиясы болған
жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Қаржы құралдарымен мәмiлелер жасалған
кезде ақшалай есеп айырысуды орталық
депозитарий немесе осындай құқығы бар
өзге де ұйым орталық депозитарийдiң тапсыруы
бойынша жүзеге асырады.
3. Орталық депозитарий мемлекеттiк эмиссиялық
бағалы қағаздармен мәмiлелерге депозитарийлiк
қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының
заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына
сәйкес жүзеге асырады.
4. Орталық депозитарий қаржы құралдары
бойынша есеп айырысуды және мәмiлелерге
клирингтiк қызмет көрсетудi уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiлерiне
және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес жүзеге
асырады.
81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
1. Орталық депозитарийдiң ережелер
жинағы орталық депозитарийдiң бағалы
қағаздар рыногының субъектiлерiмен қарым-қатынасын
айқындайды.
Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын
сақтау орталық депозитарийдiң депоненттерi
болып табылатын және/немесе мәмiлелердi
орталық депозитарий көрсететiн қызметтi
пайдалана отырып жүзеге асыратын барлық
субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
Орталық депозитарийдiң ережелер жинағын
оның атқарушы органы әзiрлейдi, уәкiлеттi
органмен келiсiледi және орталық депозитарий
акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және
өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi
тiркеу ережелерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды және
өзге де қаржы құралдарын есепке алу ережелерi;
3) құжатты нысанда шығарылған бағалы
қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын
сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге
асыру ережелерi;
4) клиринг қызметiн жүзеге асыру тәртiбi;
5) депоненттерге есептiлiк табыс ету тәртiбi;
6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен
өзара iс-қимыл тәртiбi;
7) орталық депозитарий көрсететiн қызметке
ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң
ақшасын есепке алу тәртiбi;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына
қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға
тиiс.
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
1. Орталық депозитарий:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына
және орталық депозитарийдiң ережелер
жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды
басқа да тұлғаларға беруге;
2) өз депоненттерiнiң немесе сауда-саттықты
ұйымдастырушының тиiстi бұйрықтары болмайынша
қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi
жүзеге асыруға;
3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң
(оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы
шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы
коммерциялық құпияны, қызметтік құпияны
жария етуге;
4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң
құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер
жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда,
орталық депозитарий заңды тұлғаларды
құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы
емес.
17-тарау. Сауда-саттықты
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының
ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiсiмен белгiленедi.
2. Қаржы құралдарымен мәмiлелердiң жасалуын
бақылауды жүзеге асыру мақсатында сауда-саттықты
ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына
сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда
жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық
бөлiмшесi кiруге тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының аталған
құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге
асыру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк
құқықтық актiсiмен белгiленедi.
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының
органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi,
олардың шешiмдердi қалыптастыру және
қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының
заңдарымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының
жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен
белгiленедi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының акциялары
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының,
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары
болып табылмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес бағалы қағаздардан
басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi
жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар
арасында орналастырылады.
Қор биржасының әрбiр акционерiнiң, өзiне
тиесiлi акциялардың санына қарамастан,
оның акционерлерiнiң жалпы жиналысында
бiр ғана дауысы болады.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар
кеңесiнiң құрамына тұрақты негiзде дауыс
беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi
кiредi.
4. Қор биржасының директорлар кеңесi листинг,
делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмi
санатының ауысуы мәселелерi бойынша шешiм
қабылдаған кезде директорлар кеңесi мүшелерiнiң:
1) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне
енгiзiлетiн, осы тiзiмнен алып тасталатын
немесе аталған шешiмге (бұдан әрi осы тармақта
- мүдделi эмитент) сәйкес осы тiзiмнiң өзге
санатына ауыстырылатын эмитенттiң;
2) еншiлес ұйымдар немесе мүдделi эмитентке
қатысты тәуелдi акционерлiк қоғамдар
болып табылатын ұйымдардың;
3) мүдделi эмитент оларға қатысты еншiлес
ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам
болып табылатын ұйымдардың;
4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитенттермен
бiрге еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк
қоғамдар болатын ұйымдардың өкiлдерiнiң
дауыс бepугe құқығы жоқ.
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының
ережелерiн оның атқарушы органы әзiрлейдi,
уәкiлеттi органмен келiсiледi және сауда-саттық
ұйымдастырушының директорлар кеңесi
бекiтедi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi
сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда
жүйесiне айналысқа жiберiлген қаржы құралдарымен
мәмiлелердi жасаған кезде сауда-саттықты
ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ
сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның
мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын
құқықтық қатынасты реттейдi.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi
сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясына
кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты
ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
4. Қор биржасының ережелерi:
1) қор биржасындағы мүшелiк санатын, қор
биржасының мүшелiгiне кiру талаптары мен
тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары
мен мiндеттерiн, қор биржасында мүшелiктi
тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары
мен тәртiбiн;
2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарын
енгiзу жорамалданып отырған және енгiзiлген
эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы
қағаздарға қойылатын талаптарды;
3) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды
енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен және тiзiм
санатының ауысымынан алып тастаудың
талаптары мен тәртiбiн;
4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне
(соның iшiнде ақпаратты жариялау бойынша)
енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен
жауапкершiлiгiн;
5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық
өткiзу тәртiбiн;
6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта
жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды
жүзеге асыру тәртiбiн;
7) бағалы қағаздар бойынша биржалық алымдарды
және қор биржасы өндiрiп алатын қаржы
құралдарына қатысты басқа да төлемдердi
төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
8) қор биржасының сауда жүйесiнде айналысқа
жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың
әдiстемесiн;
9) биржалық сауда ережелерiн бұзғаны үшiн
қор биржасы мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн,
қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар
төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге
асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды
шешу тәртiбiн айқындауға тиiс.
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
1. Бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан
басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi
жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды
тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып
табылады.
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi
болуға тиiс.
3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның
нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген
талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды
тұлғалар болуы мүмкiн.
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға
қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау,
мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру
тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының
ережелерiнде белгiленедi.
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi
жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының
ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының
түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға
құқылы.