Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:53, курсовая работа

Описание

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашалып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болаты. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І тарау БАНК ЖҮЙЕсінІҢ МӘНІ және ұйымдастырушылық ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Банктік жүйе экономикалық мәнi мен қызметтерi ...........................................5
1.2 ҚР-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы..................................................7
1.3 Банк жүйесінің белгілері мен түрлері................................................................11
ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі .....................................................15
2.2 Екінші деңгейлі банк жүйесінің құрылымы және оны талдау........................18
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................31

Работа состоит из  1 файл

банк жүйесінің белгілері мен түрлері. курс.doc

— 710.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

 

І тарау БАНК ЖҮЙЕсінІҢ МӘНІ және ұйымдастырушылық ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1  Банктік жүйе  экономикалық мәнi мен қызметтерi ...........................................5

1.2 ҚР-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы..................................................7

1.3 Банк жүйесінің белгілері  мен түрлері................................................................11

 

ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі .....................................................15

2.2 Екінші деңгейлі  банк жүйесінің құрылымы және  оны талдау........................18

 

ҚОРЫТЫНДЫ  .........................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  .............................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

КIРIСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты  80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашалып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болаты. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.

1995 жылы Қазақстан  Ұлттық банкінің Базель келісімне  қол қойған күннен бастап, коммерциялық  банктер құрылымында өзгерістер  бола бастады. Ол өзгерістер, негізінен ҚҰБ-нің банк жүйесін реформалауды жүргізу және жалғастырунан туындады.

Реформалаудан кейін коммерциялық банктер саны күр қысқарып, бәсекеге тұрақты бантер қана қала бастады. Көптеген банктеріміз  жабылып, немесе бірігіп, сондай-ақ өзге несиелік мекемелерге айналып кетті.

Банктік жүйенің  тұрақты дамуы кезеңі ретінде 2000 жылдан осы күнге дейінге кезеңде  атауға болады.

Қазіргі коммерциялық банктер тек қана саудаға ғана емес, өнеркісіптің барлық салаларына бірдей қызмет етуде.

Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банк жүйесі өзінің көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Бүгінгі күні  Қазақстанның жетекші банктері ел экономикасының жағдайының жақсаруымен байланысты, алдағы уақытта да несиелерге сұраныстың өсетіндігін ескере отырып, халықаралық  қаржы нарықтарынан қарыз тарту  саясатын жалғастыруда. Осы мақсатқа жетуде екінші деңгейдегі банктерге ІРО-ға шығу немесе онымен стратегиялық серіктестікке түсуі қажет.

Сарапшылардың мәліметтері  бойынша 2007 жылы ІРО-ға шығуға Халық  банкі, Казкоммерцбанк және Центркредит  банкі дайындық жасауда. Ал Туран  Әлем банкі  ІРО-ға шығуды 2009 жылға жоспарлауда.

Жұмыстың мақсаты –  банктiң жалпы экономикалық мәнiн  аша отырып, банк жүйесiндегi бiрiншi және екiншi деңгейлi банктердiң экономика  жүйелерiнiң негiзгi элементi ретiнде  қарастыру, олардың операцияларын  ұйымдастыру, реттеу, талдау, олардың рыноктың экономикаға өтудегi рөлi мен қызметтерi жайлы ҚР-ның тәжiрибесiне сүйене отырып орындау.

Жұмыстың зерттеу пәнi болып – банктiң экономикалық негiзi, ҚР-ғы банк жүйесi және оның экономикалық жүйе дамуындағы маңызыдылығы.

Сонымен банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.

Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.

Курстық жұмыс 2 тараудан және бірнеше бөлімшелерден тұрады. Бірінші тарауда банктердің мағынасы, банктік жүйенің қалыптасып дамуы, банктік жүйені және оның ақша нарығындағы қызметтерін макроэкономикалық талдау болып табылады.

Екінші тарауда ҚР-ның  банк жүйесінің құрлымы, ҚР Ұлттық банкінің қызметі және де коммерциялық банктердің операциялары қарастырылды, сонымен қатар ұлттық экономиканың бүгінгі таңдағы даму барысы мен ондағы макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау БАНК ЖҮЙЕсінІҢ МӘНІ және ұйымдастырушылық ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1  Банктік  жүйе экономикалық мәнi мен  қызметтерi

 

Банктер нарықтық экономикада  басты қаржылық делдалдар болып  табылады.  Өз қызметiнiң үрдiсiнде,  олар ақша нарығында тауар болатын ,  жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.  Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.

Банктердiң және тауарлы-ақшалай  қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты.  Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал  ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,  ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да  көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.  /2, 178 б/

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға  ақша капиталын салааралық , ауданаралық  үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.

Нарықтық экономикада банктер  монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы  басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен  шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының  аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.

Банктiк жүйенiң мақсаты  мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы  жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен  бiрдей,  әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi,  ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.  /2, 180 б/

Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен  немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.

Банктер өз қызметтерiн  орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi. 

Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады.  Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң  негiзгi қызметi туралы ақпарат болып  табылады.  Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге мүмкiндiк бередi.

Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң  формалары мен қызметтерi болатыны анық . Жалпы банктiң атқаратын  қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:

1) Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

  1. Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
  2. Ақша айналымын реттеу.  Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
  3. Айналымға несие құралдарын шығару.  Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi , вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
  4. Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
  5. Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер:  эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады.  /3, 311 б/

    Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер.  Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.

Ендi ұлттық банктiк жүйенi былай жiктеуге болады (сызба 1 ). Бұл сызбадан банк жүйесiнiң формаларын айқын көруге болады.

Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi.  Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.

Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi.  Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

Кез-келген орталық банктiң  мiндетi – ұлттың ақша өлшемiнiң төлем  қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету.  Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай қызметтердi орындайды: 

  1. Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
  2. Ақша – несиелiк қатынастарды реттеу;
  3. Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
  4. Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкi қызметi. 

Басқа да нарық секiлдi , ақша нарығында  да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс – ақша жиынының айналымы, яғни берiлген мезетте мемлекеттегi төлем  құралдары айналымының жиынтығы.

 Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттiк орган. Олар Ұлттық банктiң эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрiнде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бiрлiгi – теңге болып табылады.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.

 

1.2 ҚР-да банктiк  жүйенiң қалыптасуы мен дамуы

 

Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;  екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

Қазақстан Республикасының  қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның  Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан  бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Ол ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және екінші деңгейдегі банктер.

Информация о работе Банк жүйесі