Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:53, курсовая работа

Описание

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашалып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болаты. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І тарау БАНК ЖҮЙЕсінІҢ МӘНІ және ұйымдастырушылық ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Банктік жүйе экономикалық мәнi мен қызметтерi ...........................................5
1.2 ҚР-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы..................................................7
1.3 Банк жүйесінің белгілері мен түрлері................................................................11
ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі .....................................................15
2.2 Екінші деңгейлі банк жүйесінің құрылымы және оны талдау........................18
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................31

Работа состоит из  1 файл

банк жүйесінің белгілері мен түрлері. курс.doc

— 710.00 Кб (Скачать документ)

Өз егемендiгiн алғанға  дейiн Қазақстан Республикамызда  банк жүйесi болған жоқ.  Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие  жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.  Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО – ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991  жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғым келдi.  /5, 114 б/

Қазақстан Республикасының  экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн  және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер  мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым – қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор болды.

Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн  республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. /6, 231 б/

Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн  Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк  құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. /7/

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейiн сәттi жүзеге асырылған жағдайда келесiлерге қол жеткiзу мүмкiндiгi болжанған:

  1. Ұлттық банктiң негiзiнен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай – несиелiк реттеулердiң барлық құралдар жиынтығын енгiзудi аяқтау және оны пайдалану;
  2. Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтiк реттеудi жетiлдiру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебiнен барлық коммерциялық банктер қызметiнiң сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейiн жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
  3. Банкаралық несиелiк және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткiзу, ал Ұлттық банк оларға тек өзiнiң тiкелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етедi;
  4. Республикалық бюджеттiң тапшылығын Ұлттық банктiң тарапынан тiкелей несиелеуден бас тартып, оның iшкi және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдiстер арқылы қаржыландыруға көшу;
  5. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында төлемдердiң қауiпсiз, уақтылы және тиiмдi жүзеге асыру мақсатында елiмiздiң төлем жүйесiнiң сапалы қызмет ететiн жаңа деңгейiне қол жеткiзу және ұзақ мерзiмдi ұлттық төлем жүйесiн дамыту;
  6. Орта және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесiнiң негiзiн қалау. /8, 16 б/

Бағдарламаның өткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша – несиелiк реттеудiң  құралдары мен әдiстерi дами түстi.

Банктердiң қайта қаржыландыру механизмдерiнде маңызды өзгерiстер болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивтi несиелердi беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебiнен берiлетiн несиелердiң көлемi және мерзiмi қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметi негiзiнен Ұлттық банктен екiншi деңгейлi банктерге көштi және олар өз кезегiнде экономиканы  несиелеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздерi тарту есебiнен қамтамасыз етуге бейiмделедi. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбiрек ден қойды, оларға:  банктердi несиелеу, Үкiметтi несиелеу және жалпы ақша – несиелiк және ақша – валюталық реттеу жүргiздi.

1995 жылы Ұлттық банк  мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығының  дамуын қамтамасыз еттi, ашық нарықтағы  операциялар басталды.

1995 жылы алтын валюталық  резервтердi басқару бойынша көптеген  жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы  сәуiрде Ұлттық банктiң басқармасы  алтын валюта резервтерiн басқару  тұжырымдамасын бекiттi. Ұлттық банк  алтын валюта резервтерiн көбейту  мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргiздi. /9, 25 б/

Осы жылы ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық  ретеу мен ақшалай-несиелiк және салық бюджеттiк саясатты үйлестiру iсiнде Ұлттық банк пен Қаржы министрлiгi арасындағы қатынастар бекеи түстi.

1995 жылы екiншi деңгейдегi  банктер жүйесiнде өзгерiстер  болды. Банктердi тарату немесе  бiрiктiру процесi жалғасты. Бұған  Ұлттық банк тарапынан екiншi деңгейдегi  банктердiң өтiмдiлiгi мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюi әсер еттi. Нәтижесiндеi, бiр жыл iшiнде банктердiң саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ олардың құрылымы да өзгердi. Мемлекет аралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейiн), шетелдiк және бiрлескен банктердiң саны (6-дан 7-ге дейiн) өстi.

Ұлттық банк пен Үкiмет  бiрiге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктердi қайта қалыптастыру мен  одан әрi дамыту бойынша күрделi жұмыс  жасады. Елде функционалдық арнайы мемлекеттiк банктердiң құрылуы жалғасты. Екiншi деңгейдегi банк – Сауықтыру банкi құрылып , өз жұмысын бастады.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банктiк жүйенiң  қызмет етуi бойынша бағдарламада қарастырылған  шаралар iс жүзiнде толығымен орындалды. Осыған орай бағдарламаға сәйкес “Қазақстан Республикасы Ұлттық бактi туралы”  және  “Қазақстан Республикасы банктер және банктiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтары шықты. /7/

1995 жылы Қазақстан  банктiк жүйесiн реформалау бағдарлмасын жүзеге асыру орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға мүмкiндiк туғызды.

Оның мақсаты мен  мiндеттерi тұтастай алғанда, 1995 жылғы  бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң  орталық банк ретiнде атқарған қызметi кезiнде жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша – несиелiк саясаттың құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

Мiне осылайша осы уақытқа  дейiн егемен елiмiзде банктiк жүйемiз  қалыптасып , ол ТМД елдерi iшiндегi ең дұрыс құрылған қаржы жүйесi болып отыр. Ендi осы екi деңгейлi банктiк жүйемiздi жан – жақты талқылайық.

Бұл жағдайда экономикада инфляцияның  төмендеуiнде және олардың нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда  банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты – несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады.

Елiмiзде 1993 жыл 15 қараша айынан бастап өзiмiздiң ұлттық валютамыз – теңгемiздi енгiздi. Бiрақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шiлде айында 46% -ке жеттi. Ұлттық банкпен үкiметтiң монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесiнде 1994 жылы тамызда 13,5%-ке , ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 5,8%-тi құрады.  /6, 75 б/

Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Сөйтіп Қазақстан республикасының  банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жолдарын бірнеше кезеңдерге болады:

  1. Бірінші кезең, 1917 жыл мен 1930 жыл аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несиелік мекемелер қатер қызмет етіледі.
  2. Екінші кезең, 1930 жыл мен 1987 жыл аралығы - КСРО мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарады, яғни ол мемлеккеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетеді.
  3. Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер   экономиканың әр түрлі салаларына қызметт  көрсетті. Сонымен бірге 1990 жыл басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
  4. Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы. /5, 128 б/

Енді банктік жүйенің  даму тарихы кезеңдерінің ішінде ең маңызды  болып табылатын Қазақстан Республикасында  ұлттық банк жүйесін қалыптастыру кезеңіне толық тоқталып өтсек.

 

1.3 Банк жүйесінің  белгілері мен түрлері

 

Банк жүйесі несие  жүйесінің негізгі буыны,нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол несие және қаржы  операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек,онда олар өзара әректтесіп,бір-бірін толықтыруы қажет,әдеттегіше,бір жүйе өзінен де ауқымды жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принцптердің де тікелей қатысы бар.Мәселен,кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элеметтері кездеседі:әр түрлі тұрпаттағы банктер,банктік емес мекемелер,банктік инфақұрылым,банктердің бірлестігі және т.б.

Банк элементтер бір-бірімен  өзара әрекеттеседі,бір-бірін органикалық  тұрғыдан толықтырады және белгілі  бір тұтастықты құрайды.

Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе–елдің несие жүйесіне кіреді.Ал,несие жүйесі–елдің экономикалық жүйесіне кіреді.Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет.Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,эконмикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп сабақтасады.

Әр түрлі белгілер мен банктер: аймақтық, аймақаралық, ұлттық, халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып та бөлінеді. Меншіктің нысанына қарай банктер: мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді. Қазақстандық банктерге тән ерекшелік,олардың бәрі,мемлекттік банктерден басқалары,ашық не жабық түрдег акционерлік қоғам болып қалыптасқан.

Әр түрлі банктің  жиынтығы,осы елге тән өзара байланыстылығы мен банк жүйесін құрады.

Банк жүйесі белгілі  бір өзгешеліктер мен белгілерге ие.Басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері мынандай:

1.Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар,бірақ «банк»деген мәртебесі жоқ элементтер де кіреді.Мысалы,кейбір банк операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттері,басқа да банктің инфроқұрылымын құратын,және оның жұмыс істеуіне әсер ететінмекемелер.

2.Банк жүйесінің өзінше  ерекшеліктері бар.Бұл жүйе тек  өзіне тән қасиеттерді көрсетеді.Оның  ерекшелігі өзін құрайтын элементермен  және олардың арасында қалыптасқан  қарым-қатынастарымен анықталады,әрине,банк  жүйесін зерттегенде алдымен  осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі.Өйткені,

Олар банк жүйесіне банктік  мәнер береді.Дегенмен,банк жүйесінің  мазмұны оның элементтер мазмұндарының  қосындысы деп түсіну керек.Банк жүйесінің мазмұны,тек оның жеке элементтерінің мазмұнына ғана емес,оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.

3.Банк жүйесін бір  тұтас жүйе деп ұғыну керек.Өйткені,жеке  бөліктерінің өзара байланыстары,керек  болған күнде бірін-бірі ауыстыруға  бейімделген.Басқаша айтқанда,егер  бір банк жұмысын тоқтатса,оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін,

Бұрынғы көлемде ала  алады (пайдалана алады).

4.Банк жүйесі әр  уақытта өсу және жетілдіру  жолында.Олай деуге себеп,ол күн  сайын жаңа компоненттермен толықтырылады,банкаралық  және Ұлттық банк пен немесе Шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда болады.

5.Банк жүйесі жабық  жүйе.Өйткені,банктердің кейбір  ақпараттары банкілік құпия болып  есептелінеді.Мысалы,банкідегі шоттағы  қаржының қозғалысы,немесе қалдығы  жөніндегі деректерді банк тек  сол шоттың иесіне,немесе оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді.Клинеттің құпиясын сақтай алмаған банк,банкілік операцияларды жүргізуге алған лицензиясынан айырылады,ал,жеке қызметкерлер қатаң жазаға тартылады.

Информация о работе Банк жүйесі