Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:53, курсовая работа

Описание

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашалып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болаты. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І тарау БАНК ЖҮЙЕсінІҢ МӘНІ және ұйымдастырушылық ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Банктік жүйе экономикалық мәнi мен қызметтерi ...........................................5
1.2 ҚР-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы..................................................7
1.3 Банк жүйесінің белгілері мен түрлері................................................................11
ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі .....................................................15
2.2 Екінші деңгейлі банк жүйесінің құрылымы және оны талдау........................18
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................................31

Работа состоит из  1 файл

банк жүйесінің белгілері мен түрлері. курс.doc

— 710.00 Кб (Скачать документ)

6.Банк жүйесі өзін-зі  басқара алады.Егер елде саяси ахуал,экономикалық жағдацлар,және т.б.ахуалдар өзгеріп жатса,осыған орай,банктер өздерінің саясатынөз бетінше,оралымдылықпен өзгерте алады.

7.Банк жүйесі басқарылатын  жүйе.Дербес заңды тұлға бола  тұра банктер өз қызметтерін  жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды.Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп отырады.Ол үшін Ұлттық банк екінщі дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциалдық)мөлшерліктер белгілейді,оларды бұзғаны үшін банктер,банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан (лицензия)айырылуы мүмкін.

8.Қазіргі ұрпаққа  банк жүйесінің екі тұрпаты  (үлгісі)белгілі:

    –орталықтандырылған  тарату жүйесі;

    –нарық экономикасына  лайықты банк жүйесі

Жақында өткен халық  шаруашылығын басқарудың әкімші-әміршіл  жүйесінде,банк жүйесі мемлекеттің банктерге үстемдік жасауының барлығымен сипаттандырылатын.Банктер,экономиканы басқарудың құралы бола тұра,өзінің қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын.Барлық ақша-несие,қаржы ресурстарын банкілер арқылы мемлекет тарататын.Банктерге ешқандай дербестік болмайтын.Тіпті,олар пайда табуғада мүдделі болмайтын.Өйткені,пайдаларының барлығы дерлік,мемлекеттік бюджетке алынатын,ал,оларға ең керектісі белгіленген мөлшерде қалдыратын.

Нарықтық экономикада  керісінше.Мемлекеттің банктерге үстемдігі жоқ.Банктерге әр түрлі меншік нысандары бар.Кез келген заңды немесе жеке тұлғалар банк ашып алуға құқықты.Қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшалардың айналымға шығару атқарымы бөлінген.Қолма-қол ақшаны айналымға Ұлттық банк шығарады,қолма-қол емес ақшаны–екінші дәрежелі банктер шығарады.Қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арасында ешқандай шек жоқ.Жалғыз мемлекеттік саясаттың орнында әрбір банктің өз саясаты бар.Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне,әғни солардың сайлаған қадағалаушы кеңеске,басқармаларға бағынады.

Кейбір экономистердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің  банк жүйесі өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірілермен келісуге болмайды.Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ.Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық белгілерге сәйкес келеді.Тек,олардың кейбір жетілмегендіктері бар,ал, бұл уақытша жағдай.Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын,банк жүйесі де жетілдендіріледі.Сөйтіп,бәрі де өз орнына келеді.Сондықтан банктің өтпелі кезеңге лайық,ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.

Коммерциялық банктер өздерінің  қызмет ерекшеліктеріне, жарғылық капиталының  қалыптасуына, салалық қызмет көрсету  ерекшеліктеріне байланысты бірнеше  түрлерге жіктеледі.

1. Банктер өздерінің жарғылық капиталының меншік қатынасына және оның қалыптасу әдісіне қарай бөлінеді. Банктер акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар, шет капиталы аралас құрылымдар, шет елдік банктер негізінде құрыла алады. Акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі қоғам түріндегі банкетрдің қызметі заң жүзінде реттеліп отырады. Мұндай банктер ретінде заңды тұлғалардың жарналық салымдар салу арқылы ерікті түрде құрған ұйымдары танылады. Қоғам мүшелері ретінде кәсіпорындар, мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар да қарастырыла алады. Олар қоғамды басқару ісіне араласуға, оның қызметі туралы ақпараттар алуға, банк қызметінен алынған табыстың бір бөлігін алуға құқылы.

Шет ел капиталы аралас және толықтай шетелдік банктерге келетін болсақ, олардың қызметі елдегі банктер туралы заңнамамен қатар шет елдік инвестициялар туралы заңымен де реттеледі.

2. Орындайтын операцияларына қарай  банктер әмбебап және арнайы  банктер болып бөлінеді. Арнайы  банктер, әмбебап банктермен салыстырғанда,  тек белгілі бір қызмет түрін көрсетумен ғана айналысады, мысалға, инвестициялық банктер, жинақ банктері, ипотекалық банктер және т.с.с. Алайда, қазіргі таңда Қазақстандағы коммерциялық банктер белгілі бір қызмет түрін ғана көрсететін банктер жоқ, олар банктік операциялардың барлық түрлерін қатар жүзеге асыра береді.

3. Банктерді экономиканың әр  түрлі салаларына қызмет көрсету  деңгейіне қарай бөліп көрсетуге  болады, мысалға сыртқы экономикалық  қызмет банкі, құрылыс банктері  және т.с.с. Мысалға, Қазақстанда  мұндай банктердің қатарында «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанк», «Темірбанк», «Нефтебанк», «АТФБанк» және тағы сол сияқты банктер салалық ерекшеліктерімен сипатталады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  қызмет көрсетіп отырған банктердің көпшілігін олардың аралас нұсқалары  құрайды. Банктер тек өзінің негізгі қызметін атқарып қана қоймай, өздерінің клиенттеріне банктік қызметтердің алуан түрлерін ұсынады.

Сонымен қатар айта кететін жағдай, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда  да, заң жүзінде банктік қызмет көрсету нарығында монополиялық үстемдік құруға бағытталған банктік одақтарды, қауымдастықтарды және басқа да бірлестіктерді құруға тиым салынған. Антимонополиялық ережелердің қадағалануын мемлекеттің Орталық банкі ғана емес, сонымен қатар осы мақсатта құрылған арнайы мемлекеттік органдар да бақылап, реттеп отырады.

 

 

 

ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі

 

“Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады. 

Ұлттық банк  - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төмені бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Өз жұмысын Үкіметпен келісіп, кеңесіп отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде қызмет етеді. Заңның 9-бабына сйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемiнде мына қаражаттар есебiнен құрайды: республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен алынған негiзгi қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар. /1/

Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

  1. Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  2. Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  3. Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.

Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына  сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.

ҚР-ның Ұлттық банкi  “банктердiң банкi”  ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып  табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып  табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi  “банктердiң банкi” деп атайды. /10, 13 б/

Ұлттық банк “банктердiң банкi”  қызметiн атқару үшiн:

  1. коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
  2. коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
  3. жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
  4. банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.

Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.

Бүгінгі таңда Ұлттық банктің ақша-несие саясаты өзінің алдына басты мақсат етіп ұлттық валютаның  тұрақтылығын сақтау негізінде алдағы 3 жылдық мерзімдерге негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді белгілеп, оның тұрақтылығын сақтау үшін нақты қызмет етуде. Ол қазір елімізде 2004-2007 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізінде іс-шаралар атқаруда.

Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп  инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осы аталған ақша-несие саясаты  Ұлттық банктің инфляцияны төмендету  мақсатындағы саясатына толық жауап  береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.

  Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық рөлi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең  өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды: /1/

  1. Айналыстағы ақша массасының көлемiн реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзiп, ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.  Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар  мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттардысатып алумен және сатумен шұғылданады.

  1. Кепiл берушi Үкiмет болып табылатын ҚР-ның iшкi және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  2. ҚР-сы аумағында еншiлес банк ашуға рұқсат бередi;
  3. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкiлдiлiктерiн ашуға келiсiм және банк операцияларын жүргiзуге лицензия бередi;
  4. Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тiркелуiне дейiн өзi белгiлеген тәртiппен мiндеттi сараптауын жүргiзедi;
  5. Ол банктерге несие беруге , банктердiң қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясын бақылау жасауға құқылы. Банктерге сонғы сатыдағы несие берушi болып табылады;
  6. Банктердiң жұмысына және шетелдiк валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргiзедi;
  7. Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелердi өзгерту арқылы банктiк пайыз мөлшерлемелерiнiң деңгейiн реттеудi жүргiзедi;
  8. Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртiбiн, жүйесiн және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгiлiнде және үздiксiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн жүйенiң жұмыс iстеуiн ұйымдастыруы тиiс;
  9. ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрiн жүргiзуге құқылы.  Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды. Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып курсын реттейді.
  10. Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн банктерге, шетелдiк валютаны сатып алу , сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухалтерлiк, статистикалық, тағы басқа есеп берудiң тiзiмiн, формасын және мезгiлiн бекiтедi;
  11. Қолма-қол банкноталар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру,  тасу және инкассациялау ережелерiн бекiтедi;
  12. Iшкi және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер щығарады;
  13. ҚР-ғы банктiк жүйеге кадрларды даярлауға қатысады. Ұлттық банктің бұл қызметі бүгінде «МВА» магистрлар дайындау негізінде жүргізілуде. Осы Ұлттық банктің бөлген орындары бойынша арнайы курсты оқып шыққан жас мамандар еліміздің қаржы саласының негізгі орындарында қызмет етуге қажетті болып табылады. /1/

Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына  сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.

“Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi туралы” Заңында былай  жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң  бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк  органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi  /1/

Қорытындылай келе, ҚР-ның  Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң орталық  банктерiмен және халықаралық қаржы  ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның  мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк –  бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.

Бүгінгі таңда Ұлттық банктің ақша-несие саясаты өзінің алдына басты мақсат етіп ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау негізінде алдағы 3 жылдық мерзімдерге негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді белгілеп, оның тұрақтылығын сақтау үшін нақты қызмет етуде. Ол қазір елімізде 2003-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізінде іс-шаралар атқаруда.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі  бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді. /11, 2 б/

Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп  инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден  инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осы аталған ақша-несие саясаты  Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.

Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанның экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алуы жақсы жаңалық болып табылады.

Информация о работе Банк жүйесі