Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 22:24, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік бюджет – араларындағы өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол өзімен қаржылық жүйенің басты саласын құрайды.Осы жерден жалпы мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесімен байланысын көруге болады. Мемлекет өз бюджетін тұрақты құрудан бастап, қаржы жалпыға ортақ сипаттамаға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері……..……4
1.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы……………………………………….4
1.2 Республикалық бюджет……………………………………………………..6
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні…………………………………..8
2. Республикалық бюджеттің құрылымы…………………………………..11
2.1 Бюджеттің кірістері………………………………………………………….11
2.2 Бюджеттің шығыстары……………………………………………………...17
3. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарындағы салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………...20
3.1 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері………………………………………………………………………...20
3.2 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………31

Работа состоит из  1 файл

бюджет жүйесі.doc

— 525.50 Кб (Скачать документ)

     Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай  бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

     - әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық  сақтау, әлеуметтік көмек және  әлеуметтік қамтамасыз ету);

     - қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

     - құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;

     - мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық  кеңістік;

     - өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану,  сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметі;

     - агроөнеркәсіптік кешен, су, орман,  балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

     - елдің инфрақұрылымы (көлік және  коммуникациялар);

     - өзге де бағыттар.

     Республикалық бюджеттен сондай-ақ:

     - кадрларды қайта даярлау мен  қызметкерлердің біліктілігін арттыруды  қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;

     - Бюджет кодексінде белгіленген  бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық  жобалар мен бағдарламаларға,  халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы  ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.

     Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды  құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.

     Мемлекеттік бюджет:

     1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.

     2. Мемлекетке елдегі экономикалық  жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

     3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға  арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады. 

1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні

     Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

     Жергілікті  бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен  бекітілетін,  түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын  жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

     Жергілікті  бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік  органдарға жүктелген функциялар мен  міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

     Жергілікті  бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға  тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

     - елдің жалпы экономикалық жағдайы;

     - тиісті аумақтың экономикалық  әлеуеті;

     - жергілікті билік және басқару  органдарының құқықтары мен міндеттерін  реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;

     - жергілікті билік және басқару  органдарының өздеріне берілген  құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік  дәрежесі.

     Жергілікті  бюджеттер тұрақтылығының басты  шарты нақты қаржы кезеңі мен  нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

     Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

     Облыстың  бюджеті олардың арасындағы өзара  өтемелі операцияларды ескерместен  облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

     Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының  жалпы көлемінің кірістер бойынша  шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша  – шамамен 48%-ын алады.

     Жергілікті  бюджеттерді қалыптастырудың олардың  өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін  салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

     Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

     Мыналар:

     - аудандардың (облыстық маңызы  бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық  бюджетке трансферттер;

     - республикалық бюджеттен трансферттер  жергілікті бюджетке трансферт  түсімдері болып табылады.

     Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

     Мыналардың:

     - облыстың;

     - республикалық маңызы бар қаланың;

     - астананың,

     - ауданның (қаланың),

     - қаладағы ауданның,

     - аудандық маңызы бар қаланың,

     - кенттің, ауылдың (селоның),

     - ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.

     Облыстық  бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына  сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша  жүзеге асырылады.

     Облыстық  деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға  жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Республикалық бюджеттің құрылымы

2.1 Бюджеттің кірістері

     Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері  әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған  бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.

     Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе  қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің  арасындағы бітімгершілік болып табылады.

     Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін  өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік  шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

     ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында  бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың  басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.

     Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі  көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады.

     Экономикаға іс жүзіндегі  салық жүктемесі  деп мемлекеттің пайдасына елдің  ЖІӨ-сіне шынайы түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын  пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты жүргізе алмайтындығы туралы айтады.

     Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі  бюджетінің кірістері Халықаралық  валюта қорының бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы куәландырады. 
 

     

 

     Кеңейтілген үкімет бюджетінің кірістері, ЖІӨ-нің %-ы, 2009 жыл 

     Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай, талдамалық құрал  ретінде салыстырмалы түрде жақында  енгізілді, сондықтан оның мысалында  бюджеттің кірістері өзгерістерінің серпінін қадағалау біршама қиын. Соған қарамастан неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз 2008 – 2009 жыл ішіндегі түсімдер мөлшерінің өзгеруі мен шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы деректер келтірейік.

     2008 жылдан бастап шоғырландырылған бюджеттің кірістері елеулі түрде ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).  
 

        

     Шоғырландырылған  бюджеттің кірістері 

Информация о работе Бюджет жүйесі