Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 22:24, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік бюджет – араларындағы өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол өзімен қаржылық жүйенің басты саласын құрайды.Осы жерден жалпы мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесімен байланысын көруге болады. Мемлекет өз бюджетін тұрақты құрудан бастап, қаржы жалпыға ортақ сипаттамаға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері……..……4
1.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы……………………………………….4
1.2 Республикалық бюджет……………………………………………………..6
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні…………………………………..8
2. Республикалық бюджеттің құрылымы…………………………………..11
2.1 Бюджеттің кірістері………………………………………………………….11
2.2 Бюджеттің шығыстары……………………………………………………...17
3. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарындағы салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………...20
3.1 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері………………………………………………………………………...20
3.2 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………31

Работа состоит из  1 файл

бюджет жүйесі.doc

— 525.50 Кб (Скачать документ)

     Жаңа  Салық кодексіне сәйкес барлық салықтық құқық қатынастары тек заңмен реттелуге тиіс, бұл атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың  келісім-шарттары салықтық бөлігінің  тұрақтылығына қатысты. Жер қойынауын  пайдаланушылардың арнайы салықтарының жүйесін өзгерту де көзделеді. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстырылатын болады. ПҚӨС-ті есептеу, өте маңыздысы, әлемдік бағалар бойынша есептелген өндірілетін пайдалы қазбалар көлемінің құнынан жүргізіледі. Бұдан басқа, мұнай компаниялары шамадан тыс пайда салығы деп аталатын салықты төлейтін болады.

     Патенттің негізінде және оңайлатылған декларацияның  негізіндегі шағын бизнес үшін арнайы салық режимдері бұрынғы күйінде  сақталатын болады. Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталатын болады. Салық есептілігін оңтайландыру, оны ұсыну жиілігін қысқарту, салықтық бақылаудың тиімді құралы ретіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі тұтас бірқатар бастамалар көзделеді.

     Бюджеттік-салықтық реттеу жөніндегі шаралар жүйесін  әзірлеу мәселелері іс жүзінде  кез  келген ел үшін өткір пікірталастардың дәстүрлі нысанасы болып табылады. Салық салудың жалпы деңгейін төмендету мен салық базасын  кеңейтуді ынталандыру барынша  тиімді және перспективалық шара деп саналады. Алайда халық арасында танымал  осы шара үкімет тарапынан әрқашан түсіністік пен қолдау таба бермейді. Оны қабылдау, әдетте, мемлекеттік шығыстарды кейбір қысқартуларды білдіреді, оны қазіргі жағдайларда жүзеге асыру қиын, өйткені үкіметтерде әлеуметтік міндеттемелер жүгі жатады.

     Баламалы  жол – экономикаға өсімнің  жаңа импульстерін беруге қабілетті  жоғары технологиялы серпінді инвестициялық  жобаларды қаржыландыруға бағыттау қажет болатын  бақылаудағы ақша эмиссиясының есебінен мемлекеттік шығыстарды ұлғайту. Ең ақырында, мемлекеттік шығыстардың өзгеріссіз деңгейі жағдайында салықтық ауыртпалықтың өсуі теория жүзінде тағы бір тәсіл бола алады, алайда бұл жағдайда экономиканың нығыздаудан жалтарып кететін бөлігі ғана тіршілік етуге қабілетті болып қалады. Бюджет болса салық салудың неғұрлым төменгі және қолайлы деңгейі кезінде жиналатындарға қарағанда салық түрінде аздау шаманы алады.

     Табысты бюджет саясатының іргетасы бюджет тапшылығын жай ғана формальды түрде жою  емес, сонымен бірге қолайлы инвестициялық және бәсекелік ортаны қалыптастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық белсенділігін арттыруға арналған кедергілерін алу жолымен оны тудыратын проблемаларды шешу болуға тиіс. Бір жағынан мемлекеттік бюджетке ақша ресурстарының құйылуын ынталандыратын, ал екінші жағынан – мемлекеттің араласуынсыз неғұрлым тиімдірек жұмыс істей алатын ұлттық шаруашылықтың сол салаларын нарыққа беру жолымен мемлекеттік шығыстарды біртіндеп қысқарту үшін алғышарттар жасайтын іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.

     Фискальдық  саясат саласындағы экономиканың теңгермелі және сапалы өсуі мақсаттарын қол  жеткізу үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі мыналарды көздейді:

     - елдің берілген даму параметрлеріне  қол жеткізу, сондай-ақ жағдайдың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискальдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджеттің шығыстары, салық жүктемесін, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттің мөлшерін және бюджеттің тапшылығын және т.б. реттеу);

     - салық және бюджет заңнамаларын  жетілдіру;

     - негізгі әлеуметтік-экономикалық  бағыттар бойынша бюджет шығыстарының  айқын басымдықтарын белгілеу;

     - орта мерзімді кезеңге арналған  даму басымдықтарымен өзара байланысты  мемлекеттік органдарда стратегиялық  жоспарлауды дамыту.

     Экономикалық  өсуді басқаруға көшу жағдайларында экономиканың өсуі бойынша мақсатты қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін  салаларды дамытудың болжанатын параметрлерімен бюджет шығыстарының тығыз байланысы қамтамасыз етілетін болады.

     Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатының 2009 – 2013 жылдарға арналған негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы» деп аталатын ерекше құжатта ұсынылған. Ондағы арнайы бөлім салық-бюджет саясаты мәселелеріне арналған. Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал жергілікті деңгейде – бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, Бюджет және Салық кодекстерінің, Үкімет бағдарламасының және елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде әзірлейді.

     Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, бизнестің «көлеңкеден» шығуы және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 – 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады:

     - елдің бәсекеге қабілеттілігін  күшейтуге мүмкіндік беретін  бәсекелі салық жүйесін құру;

     - салық жүйесін Қазақстан дамуының  жаңа кезеңінің міндеттеріне  сәйкес келтіру, бұл экономиканы  жаңғыртуға және оны әртараптандыруға  ықпал етуге тиіс;

     - жеңілдіктерді оңтайландыру және  тиісінше экономиканың шикізаттық  емес секторына  салық жүктемесін азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;

     - қосылған құн салығын алдыңғы  қатарлы әлемдік практикаға сәйкес  келтіру;

     - импортқа және ішкі өндіріске  арналған акциздердің ставкаларын  бір ізге түсіру;

     - жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;

     - әкімшілдендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасын  және салық рәсімдерінің ашықтығын  арттыру, салық есептілігінің  мөлшерін қысқарту, салық тексерулерін  тәртіпке келтіру.

     Орта  мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер ететін бюджет шығыстарын шектеуді емес, оларды өсіруді көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады.

     2009-2013 жылдарға арналған шығыстар саясаты  мынадай бірқатар шектеулер ескеріле  отырып айқындалатын болады: бюджет  шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз  ету; ішкі нарықты борыштық  құралдардың жеткілікті деңгейімен  қамтамасыз ететін мөлшердегі бюджет тапшылығын өтеуге бағытталатын қарыз алуларды жоспарлау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірінші дәрежелі рөлі.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталады.

     Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару  жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес  Үкімет  мемлекеттік сыртқы борышты  басқару деңгейін арттыруға бағытталған  шараларды қабылдайтын болады. 

   

     Мемлекеттік бюджет тапшылығы  мен мұнайға қатысты  емес  тапшылықтың  серпіні 

     Ал  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға  арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.  

 

     Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын үкіметтік қарыздардың есебінен қаржыландыру, млрд теңге  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қорыта  келгенде Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджеті орталықтандырылған ақша қорынан тұрады.

      Мемлекеттік бюджет – араларындағы өтелетін операцияларды  есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол өзімен қаржылық жүйенің басты саласын құрайды.Осы жерден жалпы мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесімен байланысын көруге болады.

      Нарықтық  механизмге көшу жағдайында мемлекеттік  бюджеттің қаражаттары ең алдымен  экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыруға, ғылыми – техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай- ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

      Жергілікті  бюджеттің жобасы мемлекеттік бюджетпен қоса уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

      Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез - келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

    1.Мырзабай Л.У. «Бюджет аралық қатынас – бюджет процесін дамытудың

    бірден  – бір қайнар көзі» // «Альпари»  №4, 2004 жыл.- 89-93 бб.

2.Жұбаев Е.М.  «Аймақтық бюджет»  «Деловая неделя» №5, 8 сәуір    2005 жыл.-3-4 бб.

3. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008

5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV ҚРЗ//www.minplan.kz

6. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5 Заңы

7. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасы //www.minplan.kz

8.www.google.kz

Информация о работе Бюджет жүйесі