Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 22:24, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік бюджет – араларындағы өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол өзімен қаржылық жүйенің басты саласын құрайды.Осы жерден жалпы мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесімен байланысын көруге болады. Мемлекет өз бюджетін тұрақты құрудан бастап, қаржы жалпыға ортақ сипаттамаға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері……..……4
1.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы……………………………………….4
1.2 Республикалық бюджет……………………………………………………..6
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні…………………………………..8
2. Республикалық бюджеттің құрылымы…………………………………..11
2.1 Бюджеттің кірістері………………………………………………………….11
2.2 Бюджеттің шығыстары……………………………………………………...17
3. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарындағы салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………...20
3.1 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері………………………………………………………………………...20
3.2 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары…………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………31

Работа состоит из  1 файл

бюджет жүйесі.doc

— 525.50 Кб (Скачать документ)

     Елде  қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптасты. 1993 жылдан бастап 2009 жыл аралығында Қазақстан 100-ден астам елден 69 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартты, оның ішінде 2009 жылы ғана – 17,5 млрд АҚШ доллары.

     Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке тікелей  шетелдік инвестициялардың тұрақты  ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселен, олардың жалпы сомасы 1993 жылғы 44,7 млн АҚШ долларынан 2009 жылы 893,5 млн АҚШ долларына дейін – 20 есе ұлғайды.

     Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге  елдің басты құжаты - «Қазақстан-2030»  даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген салалық және аумақтық стратегияларды (индустриалдық-инновациялық даму, көлік, ақпараттық және т.б.) іске асыру ықпал етті.

     Даму  стратегиясының жеті ұзақ мерзімді басымдықтары елдің ұдайы өсуі үшін әзірленді  және қазіргі кезде табысты іске асырылуда.

     «Қазақстан-2030»  даму стратегиясындағы бірінші басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету белгіленді. Ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау кез келген мемлекеттің ұдайы және тұрақты түрде өсуінің қажетті шарты болып табылады.

     Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының келесі аса маңызды басымдығына айналды. Бұл басымдыққа ұлттық қауіпсіздікке бөлінетін мән сияқты мән бөлінеді, өйткені  қоғамдағы, оның үстіне, Қазақстан сияқты көп ұлтты және көп конфессионалды қоғамдағы келісімсіз қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз болмайды.

     Екінші  басымдықтың шеңберінде болашаққа  арналған стратегиялық міндет қоғамды  одан әрі топтастыру және бірыңғай бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлтты қалыптастыру болып табылады.

     Үшінші  басымдық – шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

     Қазақстан өз дамуында экономикалық өсу стратегиясының 10 негізгі қағидаттарын ұстанады: мемлекеттің экономикаға шектелген тікелей араласуы, макроэкономикалық тұрақтылық, бағаны одан әрі ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда, жеке меншік институттарын нығайту, жекешелендіру және шетелдік инвестициялардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ету, энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды игеру және оларды ұтымды пайдалану, индустриялық технологиялық стратегияны қалыптастыру, өндірісті әртараптандыру.

     Стратегияның  төртінші ұзақ мерзімді басымдығы Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады.

     Осы басымдықты іске асыру мынадай негізгі  бағыттарды көздейді: ауруды болдырмау  және салауатты өмір салтын ынталандыру; тамақтануды, қоршаған ортаның тазалығын  және экологияны жақсарту; қазіргі  заманғы білім беру жүйесін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау.

     Энергетикалық ресурстарды дамыту ұлттық Стратегияның бесінші басымдығы болып белгіленген. Қазақстан энергетикалық ресурстардың ауқымды қорына иелік етеді, мұнай мен газ қорлары бойынша әлемнің мұнайлы елдерінің бірінші ондығына кіреді, жыл өткен сайын мұнай мен табиғи газ өндіруді ұлғайтуда. Нақ осы мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларын соңынан ерткен локомотивке айналды.

     Жаһандану жағдайында Қазақстанның инфрақұрылымын, әсіресе көлік және байланысты жан жақты дамытумен байланысты Стратегияның  алтыншы ұзақ мерзімді басымдығын іске асыру одан арғы үлкен өзектілікке ие болады.

     Экономиканың  осы негізгі секторларын ілгерілете дамыту қажеттілігі елдің экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне  байланысты: кең байтақ аумақ, теңізге шығудың болмауы, елді мекендер мен табиғи ресурстардың бір-бірінен шалғай орналасуы – осының барлығы көлік жүйесіне жоғары тәуелділікпен шарттаса отырып, республика экономикасын әлемдегі барынша жүкті қажетсінетіндердің бірі етеді. Еуропа мен Азияның түйісінде орналаса отырып, Азия мемлекеттеріне географиялық жағынан Ресеймен және Еуропамен баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, елеулі транзиттік әлеуетке ие болады.

     Кәсіби  мемлекетті қалыптастыру – ұлттық Даму стратегиясының жетінші ұзақ мерзімді басымдығы.

     Олардың негізінде Үкімет пен жергілікті билік түпкілікті қалыптастырылатын  стратегияның жеті негізгі қағидаттары  мынадай бірнеше барынша маңызды  функцияларды орындауға шоғырландырылған: стратегиялардың негізіндегі іс-қимылдар бағдарламалары бойынша жұмыс; нақты жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру; министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін көтеру, олардың есеп берушілігі және олардың қызметіне стратегиялық бақылау жасау; министрліктердің ішінде орталықтан өңірлерге және мемлекеттен жеке секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімді және ымырасыз

     2009 жыл «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын  іске асырудың бірінші онжылдығын  аяқтаушы жыл болады. Тұтастай  алғанда, 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын орындаған уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінде Үкімет Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының  10 жылға арналған, яғни 2020 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуге кірісті. Осыған байланысты  қазіргі заманғы экономикалық және саяси шындықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа тәсілдері мен бағыттары әзірленетін болады.

3.2 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

     Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің  халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда,  салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған  саясат.

     Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік  бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың  ортасында болады.

     Салықтар  – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.

     Салықтар  – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің  кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

     Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.

     Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы  шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

     Диаграммадан  көрініп тұрғанындай, Қазақстан  Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды. 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетіне  түсетін салық түсімдерінің құрылымы

     Экономиканың  циклдық өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы  тұрақтандыруға бағытталған кез  келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:

     - тұрақты экономикалық өсуді;

     - ресурстардың толық бос болмауын;

     - бағаның тұрақты деңгейін ұстау  болып табылады.

     Фискальдық  саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары жиынтық  сұранысқа да (жиынтық шығыстардың  шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.

     Бюджеттік саясаттың құралдары болып мемлекеттік  бюджеттің шығыстары мен кірістері, атап айтқанда, мемлекеттік сатып  алу, салықтар, трансферттер әрекет етеді.

     Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының басым  міндеттерін шешу мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:

     1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

     2. Экономикаға салық жүктемесін  оңтайландыруға, салық рәсімдерін  оңайлату мен олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру.

     3. Бюджет қаражатын мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық саясаттың  негізгі міндеттерін шешуге жұмсауды қамтамасыз ету.

     Қойылған  міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.

     Жаңа  Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін  енгізуді, үш жылдық бюджетке көшуді көздейді. Стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік  жоспарлауды үйлесімдендіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге  бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттейді.

     Мемлекеттік органдардың қызметін мемлекеттік  саясаттың басымдықтарына сәйкес бюджет қаражатын формальды түрде игеруден нақты нәтижелер алуға қайта бағдарлау жаңа Бюджет кодексінің орталық идеясы болып табылады. Ол бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджетті орындау кезінде үлкен дербестікті, атап айтқанда, шығыстардың экономикалық жіктелуі бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау мен өзгерту құқығын береді. Бюджеттің орындалуы бөлігінде сондай-ақ жекелеген рәсімдерді оңайлату көзделеді.

     Ел  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің 2008 жылғы ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі «салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын  басты тиімділік – бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.

     Ел  экономикасындағы бәсекелік ортаны дамыту мақсатында жаңа Салық кодексі  Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері  пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың ауқымды бөлігінің күшін жоюды көздейді.

     Жаңа  Салық кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік  табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) – 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.

     Бұдан басқа, шағын және орта бизнес үшін аванстық төлемдер төлеудің күшін жою, шығындарды ауыстыру мерзімдерін 3-тен 10 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы прогрессивтік шаралар бизнес жүргізудің жағдайларын жақсартуға және өндіріске инвестициялардың ұлғаюына өз үлесін енгізуге тиіс.

     Сонымен бірге салық ауыртпалығын осылай елеулі түрде төмендету мемлекеттің  әлеуметтік міндеттемелерін орындауға  теріс әсер етпеуге тиіс. Сондықтан  Үкімет бюджетінің шығындарын өтеу өндіруші секторға салық жүктемесін ұлғайту есебінен болады.

Информация о работе Бюджет жүйесі