Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа
Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.
1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
1.2. Дебиторлық қарыздарды ұйымдастыру нысандары.
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі.
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі.
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
III. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
3.1. Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу.
Қорытынды мен ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар
Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.
1.1. Дебиторлық қарыздарға
1.2. Дебиторлық қарыздарды
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі.
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес
(тәуелді) серіктестіктердің
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
III. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
3.1. Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу.
Қорытынды мен ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық қарыздарды бөліп көрсетеді.
Саудалық дебитор қарызы –
негізгі іс әрекеттер
Саудалық емес дебиторлық қарыздар іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне және филиалдарына аванстар, шығынды жобуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, үкімет орындарына салықтарды қайтару жөніндегі тілектер және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық қарыздар 3 топқа бөлінеді:
- алынуға тиісті шоттар
- алынған вексельдер
- басқалар
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық қарыз алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық қарыз шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады.
Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай бөлінеді:
- қалыпты;
- ақталмайтын.
Мерзімінде төленбеген қарыз аяқталмаған болып саналады.
Дебиторлық қарыздар құрылымы бойынша активті шоттар тізіміне кіреді. Дебиторлық қарыз бөлімінің шоттарының ай басындағы және ай соңындағы айналымдары дебеті жағында жазылады да, қалдығы дебеттік болып келеді.
Дебиторлық қарыздарды есептеуге 3-бөлім шоттары арналған.
3
I. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
нөмірі 7 – Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарызы» деп аталатын шотының кредиты бойынша;
нөмірі 8 – Журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, « Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиторлық қарыздар» және «берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиты бойынша;
нөмірі
9 – Журнал-ордерге қосымша
нөмірі 10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 – Журнал-ордер – «сатып алушылар және тапсырыс берушілер қарызы» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырылысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді. Дебиторлық қарыздар шоттарында есептелген сомалардың дұрыстығы мен олардың толығымен бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық қарызды есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұиыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алуға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
4
1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек қарыздар бар заңды және жеке тулғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытынның арасындағы мерзім кұндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнына баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытаның арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдырдың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки)
5
пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер
етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдікьерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
1.2.
Дебиторлық қарыздарды
Кейбір
жағдайларда сапасының
Дт: Баға шегерімі- шоты
Кт: Алынуға тиісті қарыздар – шоты
Түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: Сатылған тауарлардың қайтарымы- шоты
Кт: Алынуға тиісті қарыздар – шоты.
Дебиторлық
қөарыздар келесідей
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорынбар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық қарыз болып табылады.
6
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарызының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты
302 «Алынған вексельдер» шоты
303
«Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің басқадай
Бұлар
активті шот болып табылады. Сондықтанда
бұл шоттардың дебитынде
301
«Алынуға тиісті қарыздар»
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтаерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған
өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың
және көрсетілген қызметтердің нақты
өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей
шоттардың корреспонденциясы
Дт: 801 «Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты,
802 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны» шоты.
Кт: 221 «Дайын өнімдер» шоты,
222 «Алынған тауарлар» шоты
900 «негізгі өндіріс» шоты
910
«Өз өндірісінің шала өнімдері»
920 «Қосалқы өндіріс» шоты
Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі ( 121-125, 101-103, 106, 141-144, 401-403).
Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына.
Дт: 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты
7
Кт: 701 «Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) тускен табыс»
702 «Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс» шоттары.
Осыған
ұқсас шоттардың
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 431 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 441 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 451 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де, 301 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі.