Дебиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.
1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
1.2. Дебиторлық қарыздарды ұйымдастыру нысандары.
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі.
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі.
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
III. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
3.1. Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу.
Қорытынды мен ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Лаб. практикум по БУ.docx

— 139.53 Кб (Скачать документ)

- субъектідегі дебиторлық қарыздардың  жағдайын олармен есеп айырысуларды  түгендеу жүргізу жолымен тексереді;

- күдікті қарыздар резервтерінің  құрылу тәртіптерін және олардың  дұрыс қолданылуын тексереді;

- сатып алушылармен және тапсырыс  берушілермен есеп айырысуды,  вексельмен төлеу операцияларының  дұрыс жүзеге асырылғандығын  тексереді;

- шағым-талап ету тәртіптерінің  уақтылы сақталып, олардың қозғалысын  бақылаудың дұрыс ұйымдастырылғандығын тексереді.

Дебиторлық  қарыздар бойынша есеп айырысуды  тексере отырып, аудитор олардың  баланста дұрыс көрсетілмегендігін, жылдың басындағы және аяғындағы  қалдықтарының баланстың «Ұзақ  мерзімді активтер» және «Ағымдағы  активтер» бөлімдеріне дұрыс  топталып көрсетілгендігін тексереді.

Баланста  «Ұзақ мерзімді активтерге» жатқызылатын дебиторлық қарыздар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:

- алынуға тиісті шоттар:

- алынған вексельдер;

- негізгі серіктестіктер мен еншілес  серіктестіктердің арасындағы ішкі  топтардың операциялары бойынша  қарыздары;

- акционерлік қоғамның лауазымды  тұлғаларының борыштары;

- басқа да дебиторлық қарыздар.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы қарыздардың 

қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау  үшін № 11 журнал-ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері  бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің  басындағы әрбір есеп айырысу  бойынша қалдығын салыстырып, содан  кейін есеп айырысудың әрбір түрін  тексереді.

 

 

24

Қорытынды.

 

Қорытындылап  айтатын болсақ, «дебиторлық қарыз» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілердегі табыстар есептеу  тәсілімен айқындалғандықтан, дебиторлық қарыздар есебінің қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, күдікті немесе басқа дебиторлық қарыздар өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз  күдікті қарыз бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі.

Салық кодексіне сәйкес дебиторлық қарыздар – Қазақстан Республикасының  заңды және жеке кәсіпкерлері –  резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан  Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар әкелу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және заңдарға сәйкес салық төлеуші дебиторды берешек деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.

Дебиторлық  қарыздардың жағдайын тексеруді  дебиторлармен есеп айырысуды жүргізудің бастауын талдаудан бастау керек. Әдетте субъектінің ішінде дебиторлармен  есеп айырысуды жүргізудің сапасының  талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінің ескеру қажет.

Дебиторлық  қарыздар есебін жүргізу нәтижесінде  акт толтырылады. Актіде операция жүргізілген  шоттардың аттарын, дебиторлық қарыздарының сомасын талап ету мерзімі  біткен дебиторлық қарыздарын өндеу  мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді.

Сонымен қатар, дебиторлық қарыздардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетіні – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық қарыздар баптарының ішіндегі үлесі жағынан  ең қомақтысы.

  Субъект қызметкерлеріне кассадан  шаруашылық шығындарына және  іссапар бойынша шығындарға берілетін  ақшалай аванс есеп берілетін  сома деп аталады. Ақша беру  тәртіп кассалық операцияларды  жүргізу ережелері мен реттеледі.  Іссапарлар бойынша есеп айырысуда  қызметкерлердің іссапарларына  байланысты шығындарды өтеуін  мынадай мөлшерлері белгіленген  Салық кодексінің 93б. 1т. басшылыққа  алынды:

- пәтер тұрақты жалға алуды төлеу – тиісті құжаттармен расталған, орын сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша;

- ҚР шегіндегі іссапарда болған  әрбір күн үшін тәуліктің төлеу  мөлшері тәулігіне 2 айлық есептік  көрсеткіштен аспауы керек;

-  Іссапар орнына бару мен қайтару  іс жүзінде шығындар, бұған орын  сақтағаны үшін төлеу де кіреді  – тиіс құжаттармен расталған  нақты сомада

25

  төленеді;

- ҚР – нан тыс жерлерге іссапарда  болған әрбір күн үшін төленетін  тәуліктілікті төлеу ҚР үкіметі  белгілеген мөлшерлер шеңберінде.

Қызметкерлерді  іссапарға жіберу үшін субъект басшысы  іссапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде  қызметкерлерге іссапарлық немесе №1а  формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіледі.

Пайдаланылған оқулықтарға сүйенсек, жалпы айтқанда дебиторлық қарыздар дегеніміз осы  кәсіпорынға басқа кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың қарызын  айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. «Бухгалтерлік есеп». 2005ж.   С.Б. Баймуханова.
  2. «Бухгалтерлік есеп принциптері». 2003ж.  Қ.К.Кеулімбаев.

З.Н.Әжібаева.

Н.А.Құдайбергенов

3. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»  

Экономика 2005ж.  В.Л.Назарова.

4. «Кәсіпорындағы  бухгалтерлік есеп». 2002ж.  В.В.Радостовец.

В.К.Радостовец.

Т.Ғ.Ғабдулин.

О.И.Шмидт.

5. «Настольная книга бухгалтера». 2001г.  В.М.Прудников.

6. «Бухгалтерлік  есеп». Алматы 2001ж.  А.Д.Келімжаев.

М.Н.Қуантхан.

7. «Финансы и статистика». 2002г.

8. «Кәсіпорын экономикасы». 2001ж.  А.Қ.Мейірбеков.

                                                                       Қ.Ә.Әлімбетов.

9. «Аудит». Алматы 2004ж. М.Байдаулетов.

С.М.Байдаулетов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27

 

 

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дебиторлық қарыздар есебі».

 

 

 

Орындаған: Э-03-9г тобының

оқушысы Сыздыкова С.Т.

Тексерген: Елтаева Қ.Е.

 

 

Қорғайтын күні ___   ____ 2006ж.

Баға_______   «    »____2006

 

 

 

Астана 2006.

 

 

 

 

 


Информация о работе Дебиторлық қарыздар есебі