Дебиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Дебиторлық қарыз – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе.
I. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі.
1.1. Дебиторлық қарыздарға сипаттама.
1.2. Дебиторлық қарыздарды ұйымдастыру нысандары.
II. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі.
2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі.
2.2. Болашақ кезең шығындары мен берілген аванстар есебі.
III. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
3.1. Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу.
Қорытынды мен ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Лаб. практикум по БУ.docx

— 139.53 Кб (Скачать документ)

302 «Алынған вексель» шотында жөнелтілген  тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін  алынған вексельдердің есебі  жүргізіледі. Дебиторлық қарыздарды  жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302 шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі. 302 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептелінеді. Пайыздық вексель бойынща 302 шотында, 1 «Вексель бойынша алынатын пайызы» деп аталатын субшоты ашылуы мүмкін.

Пайыздық  емес вексель (марапаттау сомасы жеке көрсетілмегендіктен, вексель номиналдық құны бойынша есептелінеді) бойынша 2 қосымша шоты ашылуы мүмкін.

2 «Вексельдің алынған сомасынан  марапаттау сомасы шегерілген ( дисконт)»

3 «Вексель бойынша марапаттау  сомасы ( дисконт)»

Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы толық көлемде, оларды алған кезінде  келесі қалыпта көрініс табады:

Алғашқыда марапаттау сомасы толық көлемде  болашақ кезеңнің табысы ретінде  есептелінеді.

    • 332 шоттың дебеті мен 611 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі
    • 302 шоттың 3-ші субшотының дебетінде және 611 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Содан соң есепті кезең барысында  үлесіне сай есептелген пайыз сомасы табысқа жатқызылады.

    • 611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
    • Пайыздық вексельде де 611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.

Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық  дебиторлық қарыздар және де сот шешімдері бойынша  үмітсіз деп танылған сомасы 821 шоттың дебиті бойынша және 302 шоттың кредиті  бойынша есептен шығарылады. Вексель  бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:

 

 

8

  • төлем күнінен бастап санағанда акцептантқа қарсы аудармалы вексельден шығатын талп ету мерзімі 3 жылдан асса;
  • қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индоссанттарға қарсы вексель ұстаушылардың  талап ету мерзімі 1 жылдан асса;
  • индоссант вексельге төлеген күнінен бастап санағанда индоссонттар бір-біріне қарсы болған жағдайда олардың талап ету мерзімі 6 айдан асса.

303 «Басқа да» шоты бойынша шаруашылық  жүргізуші субъектісі мынадай  дебиторлық қарыздарды есепке  алуы мүмкін, атап айтқанда: цессионардың  алған дебиторлық қарызы, цессионардың  цедентке қарызының пйда болуы  және тағы басқа.

301 шоты бойынша талдау есебі  сатып алушыларға берілген шот-фактуралардың  әр қайсысы бойынша жүргізіледі.  Оның аналитикалық есебі сатып  алушылардың төлеу мерзімі өтпеген  берешегімен және мерзімінде  төленбеген берешегі жөнінде; 302-шоты  бойынша, төлеу мерзімі өтпеген  вексельдермен, банкілерде есепке  алынған вексельдермен, ақша қаражаты  мерзімінде түспеген вексельдермен  қамтамасыз етілген қарыздар  жөнінде деректер алуды қамтамасыз  етуге тиіс; 303-шоты әрбір дебитор немесе келісім-шарт бойынша, яғниесеп айырысуды жүзеге асыруына қарап жүргізіледі.

 

2.1. Күмәнді қарыздар мен еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі.

 

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды  және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы  іс тәжірибеде әрдайым кедесіп отырады. Сатып алушылардың келісімшартқа  сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген  шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады. Қазақстан Респудликасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыз күмәнді қарыз болып саналады.

  Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудырытын  борыштарды есептен шығарудың  екі тәсілі бар. Біріншісі –  тікелей есептен шығару әдісі,  мұнда шығындар нақты шоттарды  үмітсіз деп танығаннан кейін  ғана тікелей есептеншығарылады.  Екіншісі – резервтік әдіс, бұл  жағдайда шығындар алдын ала  қарастырылған тәсілмен есептелінеді.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген

9

немесе қызметтер  көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті  деп танылған есептік мезетінде  ғана шығындарға жатқызылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай  алады. Күмәнді қарыздар бойынша  резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі.

Егер  де сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен  шығарылып және ол осы есеп беретін  кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады:

Дт: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты

Кт: Алынуға тиісті қарыздар шоты.

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз  сомасы есеп берудің келесі кезеңінде  өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен  түскен табыс есебінде танылады. Бұл  жағдайда бухгалтерлік есепте:

Дт: Ақшалар шоты

Кт: Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

«Күмәнді  қарыздар бойынша резервтер» есебі  № 10 журнал-ордерде жүргізіледі.

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық қарыздар бабында, кәсіпорынның дебиторлық қарыздары сомасынан  күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталынып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.

Күмәнді қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде өтелмеген  дебиторлық қарыздар, сондай-ақ кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып  есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша  резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.

Егерде  шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша  бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде  жатқызылса, онда күдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен  жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде  анықталуы мүмкін және ол 311 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтері» деген  пассивтік шотында көрініс табады.

Егер  де күмәнді қарыздар бойынша резервтер  бірінші рет қалыптастырылса, онда ол қаржылық есеп беруде кезеңдік шығыстар ретінде көрсетіледі, яғни есепті кезең  шығыстарын өсіреді. Демек:

Дт:    821 шоты

Кт:    311 шоты.

Ал  егер де дебиторлық қарыздар күмәнді  қарыздардың есебінен есептен шығарылса, онда:

Дт:    311 шоты

Кт:    301, 302, 303, 321-323 шоттары.

Бірақ бұл жерде ҚҚС есепке алынбайды, яғни қарыздың таза сомасы ғана алынады. Ал салық сомасы:

10

Дт:    633 шоты

Кт:    301-303, 321-323 шоттарында көрініс табады.

Егер  де төлем сатып алушылардан алынса, сенімсіз ретінде есептен шығарылған дебиторлық қарыздар есептік кезеңде  табыс сомасы ретінде танылады да, ол:

Дт:    441, 451 шоттары

Кт:    727 шоты арқылы көрінеді.

Олардың ҚҚС сомасы да:

Дт:    441, 451 шоттары

Кт:    633 шотында көрініс табады.

Егер  де күдікті қарыздарды іздеу мерзімі өтіп кетсе де есептен шығаруға рұқсат етілмесе, онда олар баланстан тыс 007 шотында көрініс табады.

311 шоты бойынша аналитикалық есеп  әрбір күмәнді талаптар бойынша  тізімдемеде жүреді.

Еншілес (тәуәлді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарын есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары деген бөлімшесі қарастырылған.

Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді:

  • 321 «Еншілес серіктердің қарызы»;
  • 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарызы»;
  • 323 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың қарызы».

Аталған бөлімше шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Еншілес кәсіпорындардың дебиторлық қарызы 321-323 шоттарында көрсетілсе, ал олардың кредиторлық қарызы 641-643 шоттарында көрсетіледі.

Бас және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің  арасында жасалған есеп айырысулар 641-643 және 321-323 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде  дебиторлық және кредиторлық қарыздары  жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген  дебиторлық қарыздар сомасына:

Дт:    641-643 шоттары

Кт:    321-323 шоттары.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктер арқылы операциялар  жүргізу кезінде мына шоттар корреспонденциясы қарастырылады:

  1. Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге накладнойлар мен шот-фактуралардың негізінде материалдар мен сатып алынған тауарлар босатылды:

Дт:    321, 322, 323 шоттары

Кт:    702, 709 шоттары.

  1. Еншілес (тәуелді) серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар көрсеткен қызметі мен атқарған жұмысы:

Дт:    321, 322, 323

Кт:    709

11

  1. Еншілес ( тәуелді ) серіктестіктердің дайын өнімдерді негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді босатты:

Дт:    321, 322, 323

Кт:    701, 722, 721.

ҚҚС сомасына:

Дт:    321, 322, 323

Кт:    633.

Егер  субъект басқа субъекттің 50 пайыздан асатын дауыс беруші акцияларына  тікелей немесе жанама ие болса, инвестор бұл субъектіге бақылау қояды  және негізгі шаруашылық серіктестігі болып танылады, негізгі серіктестік  пен оның еншілес серіктестіктері  топ құрады. Аналитикалық есеп әрбір  еншілес серіктестік бойынша  жүргізіледі. Егер инвестор басқа субъекттің 50-ден кем дауыс беруші акциясына  ие болса, мұндай жағдай да инвестелетін объект тәуелді субъектке айналады.

Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке 236000 теңге сомасында материал жіберілді. Мұндай жағдайда мынандай жазбалар жазылады:

 

а) негізгі серіктестікке:

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Еншілес серіктестікке материал босатылды

321-323

727

236000

2

ҚҚС сомасына 15%

321-323

633

35400

3

Босатылған материалдардың өзіндік  құны есептен шығарылды

845

201

86300

4

Есеп шотқа түскен төлемдер

441

321-323

271400

5

Бюджетке ҚҚС аударылды

633

441

35400

6

Есепті кезең соңында есептен  шығарылады:

а) жиынтық табысты азайтатын  шығындар

ә) жиынтық табысты көбейтетін шығындар

 

 

571

 

727

 

 

845

 

571

 

 

86730

 

236000


 

ә) еншілес серіктестікке:

 

 

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Негізгі серіктестіктен материалдар  алынды

201

641-643

236000

2

ҚҚС сомасына

331

641-643

35400

3

Негізгі серіктестіктің шотынан борышты  өтеу шотына аударылды

641-643

441

271400

4

Түскен құндылықтар бойынша ҚҚС  қоса есептелінді

 

633

 

331

35400


 

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық  қарыздарын есепке алу үшін, мына төмендегі  синтетикалықшоттары пайдаланылады:

641 «Еншілес серіктестіктерге қарыз»;

642 «Тәуелді серіктестікке қарыз»;

643 «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғаларға  қарыз».

 

2.2. Болашақ кезең шығындары мен  берілген аванстар есебі.

 

«Болашақ  кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасау бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының есебінен жасалатын жалға бнрген негізгі құралдарды күрделі жөңдеуден өткізген кезде; техникалық әдебиеттерде, газеттерге және журналға жазылған кезде; алдағы еспті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.

Болашақ кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы  уақыттың есебіне жататын шығындар»  бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. оларға мына шоттар кіреді:

Информация о работе Дебиторлық қарыздар есебі