Депозиттің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:56, курсовая работа

Описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание

Кіріспе
І Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
ІІ Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
2.1 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
2.2 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
ІІІ Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

депозиттік операция.docx

— 185.72 Кб (Скачать документ)

Экономикалық әдебиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің  ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.

Жинақтаулар – төмендегідей екі типтің дерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:

-      табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін,экономикалық ;

-      ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық.               

Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына себеп  болатын қоғамдағы айырбас қатынастары  дамуының белгілі бір формасы  болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар  – бұл тұрғындардың белгілі бір  тұтынушылық мақсаттарға қол  жеткізуін қалыптастыратын ақшалай  қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы  болады.

Шетелдік ғалымдардың  пікірінше, адамдардың өз қаражаттарын жаратпай, сақтауының көптеген себептері  мен мотивтері бар. Олар:

1)       Ақша «қиын-қыстау кезеңге» бөлінетін сақтандырушылық мотивтер.

2)      Кейбір адамдардың өз тұтынуындағы басқаларға қарағандағы үнемділігі немесе аз жарату әдетіне байланысты ұқыптылық мотиві.

3)      Жинақтаулар болашақтағы тұтынуларды қаржыландыруға арналған кейінге қалдырылған сатып алу себебі.

4)      Ақша кепілді борыштардың орнын толтыру, несие төлемін, сақтандырушылық салымдар төлемін жүзеге асыру үшін бөлінетін келісім-шарттардың міндеттемелер себебі.

Салымдардың кез  келген түрлері жинақтаулар болып  табылады.      Депозиттер – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттің экономикалық категориясы жинақтаулар категориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, егер жинақтаулар жалпылама табыстар мен жинақтаулардың бөлінуі және қайта бөлінуімен байланысты болса, онда депозиттер тек қайта бөлу қатынастарының саласын қамтиды. [25.15-19б]

Депозиттің экономикалық категориясының айрықшалығын сипаттайтын  келесі қасиеттерді бөліп көрсетуге  болады:

-      Депозиттер салынған салымның қайтару мерзімі келген мезетте салынған ақша қаражаттарының қайтарылуын белгілейтін банкттердегі ақшалай қайта бөлулер үрдісін қарастырады.

-      Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капитал мен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болу қайтару мерзімінде салым төленген пайызбен берілетіндіктен, депозиттің табыс алып кететіндігімен белгіленеді.

-      Депозиттер қайтару мерзімдері бойынша көптүрлілігімен сипатталады. Бұл мерзімді салымдар, ұзақ мерзімді салымдар да болуы мүмкін.

Депозиттік операциялары барысында пайда болатын қайта  бөлу қатынастарының келтірілген ерекшеліктері  оған келесідей анықтама беруге мүмкіндік  туғызады:

«Депозиттер – бұл  банк пассивінің балансында көрініс  табатын депозиттік портфельдің  ақшалай салымдар есебінен қалыптасу  жөніндегі қатысушылар арасындағы ерекше қайта бөлу қатынастарының жиынтығы».         

Депозиттік нарықтың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың негізгі субъектілері ретінде  банктер рекше рөлге ие. Ақшалай  табыстар мен тұрғындар жинақтауларының  аккумуляциясы – банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтын ақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын аккумуляциялайды. Ақшалай жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.

Кез келген нарықтағы  сияқты депозиттік нарықта да қажетті  операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің  мақсатты функциясы берілген түсінікті  анықтау критерийі болып табылады. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін (қатысушыларын) бөліп көрсету қалыптасқан:

-      депозиттер тартудың жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;

-      депозиттер салатын – тұрғындар, кәсіпорындар түріндегі салымшылар;

-      реттеуші және бақылаушы орган – Ұлттық банк түріндегі мемлекет.

Депозиттік нарық  дамуындағы  объективті факторлардың бірі – белгілі бір себептерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.

Депозиттік саясат – ары қарай табысты әрі  белсенді пайдалану мақсатында заңды  және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі  бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін  білдіреді. Алдын-ала белгіленген  үстеменің қосылуымен берілген соманы номиналды турде қайтару талабымен  бір тұлғадан екіншісіне берілетін  ақшалай қаражаттар сыйақы алатындықтан, салымшылар үшін ғана емес, қаржылық делдалдар  үшін де табысты құрал ретінде  көрініс табады. Көптеген депозиттер кейіннен экономиканың кез келген салаларында  табысты талаптар бойынша орналастырылатын несиелік капиталды қалыптастыра алады.

Банктің депозиттік саясаты қалыптасатын қатынастар жүйесі салымшыларды тарту және өзін-өзі  жою, сенімділік, салымдардың табыстылығы  негізінде клиенттерге қызмет көрсету  сапасын жетілдіру бойынша шаралар  кешенін білдіреді.

Депозиттік саясаттың  маңызды міндеті банктің депозиттік базасын ұлғайту мақсатында қажетті  жағдайлар туғызуда көрініс табады.

Біріншіден, банк әзірлейтін депозиттерді тарту стратегиясы мен тактикасы әлуетті салымшылар санын ұлғайтуға әрекеттеседі. Тартымды депозиттік саясат, салымшылар үшін қаражаттарды салудың тиімді жағдайларын қалыптастыру берілген банктердің басқаларға қарағандағы бәсекелестік қабілетін көтереді.             

Екіншіден, салымшы-клиенттер санының өсуі есебінен банкке несиелік саясатты белсендірек етуге мүмкіндік беретін тартылған қаражаттар көлемі ұлғаяды. Яғни, депозиттік саясаттың тиімді бағамының арқасында банктің банкаралық несиелік нарықтан әрі қымбаттамауға немесе қаражат тартудың басқа да көздерін іздеуге мүмкіндігі туады.         

Депозиттік саясаттың  ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің  қалыптасу принципіне негізделгеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы  стратегиясында депозиттік портфельдің  орны мен рөлі бірталай өседі. Бұл  жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен  сапасының ұлғаюы, депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің  әлеуметтік іс-әрекеті шекарасының  кеңеюімен белгіленеді.

Депозиттік портфель – салымшылардың барлық банкке салған депозиттері түрінің жиынтығы. Депозиттік портфель депозиттік саясатты жүзеге асыру құралы бола отырып, ақшалай  қаражаттардың пайдаланылуын қалыптастыру және бағыттау көздерін бейнелейді. Ол туралы банк балансының пассивті бөлігі бойынша айтуға болады. Құрастырылатын банк балансы банктік қаржылық бақылаудың әрекетті құралы болып табылады. Баланстық  көрсеткіштер арқылы қаржылық жағдайды бақылау мақсатында барлық банктің  операциялар ағымын көруге болады. Яғни, ақша қаражаттарының пассивтен  активке өтуі депозиттік портфельдің  банктің несиелік портфеліне трансформациялануы жолымен жүзеге асады. [20.31-36б]

Банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген тәуекел түрлеріне кез болады. Ең кең таралған тәуекелі түрі –  бұл банктің депозиттік операцияларымен  байланысты тәуекел.Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде  депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының  қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына  сай жүзеге асырылады. 

 

 

 

1 – блок ақпараттық блок            

 

Депозиттік ресурстардың барлық түрлерін жинау және талдау


 

 

2 – блок депозиттік  ресурстарды басқару блогі  

 

Ресурстардың сомалары, кезеңдері, клиенттер топтары бойынша  жіктеу


 

 

3 – блок тәуекелді  басқару блогі  

 

Депозиттік операциялар  бойынша тәуекелдерді бағалау әдістері


 

 

4 – блок сақтандыру  блогі   

 

Депозиттерді сақтандыру (ұжымдық, өз еркінше, аралас)


 

 

5 – блок тартылған  қаражаттарды құрылымдық талдау  блогі   

 

Банктің депозиттік портфелінің тиімділігін талдау


 

 

1.3 – сызба. Банктің  депозиттік портфелін басқарудың  блок – схемасы 

 

Клиенттердің  депозиттері бойынша сыйақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:

-               қаржы нарығының конъюктурасын;

-               депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;

-               банкаралық ресурстардың құнын;

-               мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;

-               инфляция деңгейін;

-               қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;

-               депозиттердің құрылымын;халықтың табысының өсу қарқынын.

Сонымен, банк басқармасының  алдында депозит бойынша пайыздық  ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда күрделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі. 

   Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар:

Шығындарды  анықтауға негізделген әдістер:

1. “Шығындар+пайда” әдісі. “Ш+п” әдісі бойынша баға белгілеу депозиттер бойынша қызметтердің әр түрінің құнының есептеудің қажет етеді. Мұны қалай істеуге болады? Кең түрде қолданылатын әдістердің біреуі – банктің шығындарын бағалау негізінде депозиттің бағасын калькуляциялау болып табылады. Банкке мына келесі мәселелерді шешуі қажет:

а) банктің қаражаттарының әр қайнар көзі бойынша үстеме шығындардың  ставкасын есептеу;

ә) үстеме шығындардың  әр ставкасын әр көзінен түсетін  банк қаражаттарының салыстырмалы шамасына көбейту;

б) банктің қаражаттардың  орташа салмақтығын құнын анықтау  үшін барлық алынған шамаларды қосу;  

2. Депозиттерге пайыздық ставкаларды шекті шығындар бойынша белгілеу.

Көптеген қаржы  сарапшылары пайыздық ставкаларды  белгілеу бойынша өздерінің әртүрлі  ой-пікірлерін ортаға салады. Бұл депозиттердің  бағасын анықтау үшін орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шекті шығындарды анықтау, яғни қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөндеп түсінеді. Себебі, пайыздық ставкалардың жиі өзгерулері орташа шығындардың  сомасын депозиттерге баға белгілеу үшін сенімсіз және нақты базасы етпейді. Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды тартудың қосымша (шекті) шығындардан төмендеуі  мүмкін.

Орташа шығындармен  салыстырғанда пайдасыз болып көрінетін  кейбір несиелер мен инвестициялар  бүгінгі күні жаңа несиелер мен инвестицияларды  ұсыну үшін жүзеге асыру қажетті  проценттерді төлеуге кететін ең төмен шекті шығындардың бағалағанда  ең пайдалы болып көрінеді. Және керісінше, егер проценттік ставкалар  өссе, бүгін жаңа ақшалай қаражаттарды шекті құны қаражаттардың орташа құнынан едәуір асып кетуі мүмкін. Егер басқарма жаңа қарыздарды орташа шығындар негізінде есептесе, олар бүгінгі күні нарықтағы жаңа қаражаттарды алудың ең жоғарғы шекті шығындарын пайдаланумен бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкін. Депозиттерге белгіленетін пайыздық ставкаларға  қатысты сұраққа жауап беру үшін бізге ең құрғанда 2 негізгі бапты  білуіміз қажет: депозиттік ставкалардың бір деңгейінен екіншісіне өту барысындағы  шығындарын және банк алған қосымша  қаражаттардың салыстырмалы шамасы ретіндегі шекті шығындардың  нормасын. Егер бізге шекті шығындардың  нормасы белгілі болса, біз онда банктің жаңа салымдардың қаражаттарды инвестициялаудан күтілетін қосымша  кірістермен салыстыра аламыз. 

Шекті шығындар әдісі  бойынша баға белгілеуді басқарушы      банктерге салымдарға белгіленген проценттік ставкалар туралы ғана емес, депозиттердің өсуінің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың төмендеуіне әкелгенге дейін банк өз депозиттерінің базасын қай мерзімге дейін ұлғайта алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде басқарма төмен шекті шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерін іздеуі немесе үлкен шекті табысын беретін жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек. [22.24-28б]

Нарыққа өтудің қаматамасыз  ету үшін депозиттер бойынша  пайызды орнату. Банктің пайдасы мен шығының шамаларын есепке алмауға мүмкіндік беретін баға белгілеу әдісінің біреуі – бұл нарыққа өтудің қамтамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайыздарды белгілеу. Мұның идеясы мынада: жаңа клиенттерді неғұрлым көбірек тарту үшін комиссиондық алымдардың төмен тарифтерін орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда салымдардың үлкен көлем және банктік несиелердіңең көп көлемі пайданың төмендеуінің орнын толтыратынына сенеді. Нарыққа өту әдісі бойынша баға белгілеуі- банктік нарықтың олардың көп бөлігін жаулап алуға үміт ететін нарықтардың тез өсуі кезіндегі болатын стратегиясы болып табылады  

1.3 Қазақстан  Республикасындағы салымдарды сақтандыру  мәселелері  

 

 

        Қазақстандық салымшылардың  коммерциялық банктерге сеніп тапсырған  салымдарын қорғау проблемасы халық  салымдарының жинақ банктерде құлдырауы  мен жекелеген қаржылық құрылымдардың  тоқырауы және қазіргі уақыттағы  кейбір банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі  коммерциялық банктердің клиенттік  құрылымында жекелеген тұлғалардың  салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі  де туындады. Ұлттық банктің тарапынан  жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің  тиімді жұмыс атқаруына бағытталған  шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған  жүйенің дамымаған жерлері мен  аяқталмаған тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін  біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.

Информация о работе Депозиттің теориялық негізі