Депозиттің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:56, курсовая работа

Описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание

Кіріспе
І Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
ІІ Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
2.1 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
2.2 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
ІІІ Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

депозиттік операция.docx

— 185.72 Кб (Скачать документ)

Банктердің қалыпты  жұмыс істеуіне ең керекті жағдай — олардың өміртіршілігі қолдайтын  сәйкес жүйенің болуы. Осындай жүйелер  дамыған елдердің көпшілігінде бар  және ол өзара байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден, төлем қабілетсіздігі шегіне жеткенде экстремалды жағдайларда  банктерге қаржылық көмек көрсетеді, яғни екіншіден, депозиттер бөлімі бойынша  сақтандыру төлемдері арқылы олардың  салымдарын сақтандырады. Әр елде коммерциялық банктердегі салымдарды қорғаудың  әр түрлі механизмдері бар.

Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың акцияларын ҚР үкіметі және қатысушы банктер сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. Қордың атқарушы органы- басқарма болып  табылады. Басқарма тоғыз адамнан  тұрады. Қор басқармасы құрамына Қордың төрағасы мен Ұлттық банктің екі  өкілі, қатысушы банктердің төрт өкілі  және Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының  бір өкілі кіреді. Қор басқармасының  төрағасы Ұлттық банктің ұсыныумен  басқарма мүшелері арасынан сайланады.

Қордың банктік  шоттары тек Ұлттық банкте ашылады. Қордың ақшаларын орналастыру төмендегідей:

1) Қор активтерінің 80 пайыздан кем емес мөлшерінде  мемлекеттік бағалы қағаздар;

2) Ұлттық бнктегі  салымдарға 10%-тен астам (депозиттерге)

Қор мына негізгі қызметтерді атқарады:

-        қатысушы-банктің еріксіз таратылуы жағдайында оның салымшыларына (депозиторларға) салымдары (депозиттері) бойынша ережемен анықталған көлемі мен тәртіптер өтемақы төлейді:

-        активтерді басқаратын;

-        қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;

-        қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.

Қор қызметтерін  атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:

-        Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың (депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға; [7.20-26б]

-        Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;

-        Қазіргі ережелер мен бекітілген тәртіп бойынша қатысушы-ьанкті жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен шығарып, қатысушы куәлігін қайтып алуға;

-        салымшылардан (депозиттарлық) еріксіз таратылатын қатысушы банктерден салымдар бойынша төленетін өтемақы мөлшеріндегі құқықтар мен талап ету кезектерін сатып алуға;

-        салымшыдан берілген банктің салымшыларға қормен өтемақы мөлшерінде еріксіз таратылатын қатысушы банктерден талаптарды қанағаттандыруды талап етуге;

-        қатысушы банкті тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізуге;

-        өз құзыретінің шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Өз қызметтерін  жүзеге асыру барысында қор:

1. еріксіз таратылатын  қатысушы банктерге регрестік  талап қою құқығын иеленеді;

2. Ұлттық банкке  өзінің қызметі жайлы қаржылық  есеп беру, соның ішінде Ұлттық  банк анықтаған тәртіпте, формада,  мерзімде аудиторлық ұйым растаған  жылдық есепті береді.

Қор басқармасының  өкілеттілігі:

1. Банктерде жеке  тұлғалардың салымдарын міндетті  ұжымдық кепілдендіру жүйесіне  енгізу туралы шешім қабылдау.

2. Қазіргі ережелерге  сәйкес қорға міндетті күнтізбелік  және басқа да жарналардың  қатысушы банктермен мөлшерлемесін  салу мерзімдерін бекітеді.

3. Банк қатысушы-банктерді  инспекторлық тексеруден өткізу  немесе оларға шектелген ықпал  ету шаралары мен санкцияларды  қолданады, банктік жарнамада  қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке тұлғалардың  банктік шоттарын жүргізіге берілген  лицензиялардың күшін жою немесе  қызметін тоқтату туралы Ұлттық  банкке өтініш беруге шешім  қабылдайды.

4. Қатысушы-банкті  жеке тұлғалардың салымдарын  міндетті ұжымдық кепілдендіру  жүйесінен шығару туралы шешім  қабылдау.

5. Қор активтерін  Ұлттық банкке келісім бойынша  сенімдік басқаруға беру туралы  шешім қабылдайды.

6. Еріксіз таратылатын  қатысушы-банктердің салымдар бойынша  өтемақысын төлеу туралы шешім  қабылдайды.

7. Агент-банкті иаңдайды.

8. Қор басқармасының  төрағасын сайлау және Қордың  лауазымды тұлғаларын тағайындау.

9. Қордың жыл  сайынғы кірістер мен шығыстар  сметасын бекітеді.

10. Қазіргі ережелерге  сәйкес басқа да өкілеттіліктер.

Қордың лауазымды  тұлғалары мен қызметкерлері  өз қызметтерінжүзеге асыру барысында  қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға  және құпиялылығын сақтауға міндетті.

Қатысу  банктердің міндеттері:

1) Уақтылы және  толық көлемде міндетті күнтізбелік  және басқа да жарналарды Қор  басқармасының шешіміне сай төлеп  отыру.

2) Мәліметтерді  уақытында және толықкөлемде  Қорға ұсынып отыру.

3) Еріксіз таратылған  қатысушы-банк туралы сот шешімі  күшіне енген күннен бастап  салымшы алдындағы міндеттеменің  орындалуы жайында қорды дереу  хабардар ету.

4) Жеке тұлғалардың  салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесінің объектісі  болып табылатын салымдар бойынша  банктік салымдарды келісім шарт  бойынша енгізу, салымдар бойынша  өтемақы төлеу, соның ішінде  валюталық өтемақы, салымшыдан  Қорға өтемдер мен қатысушы-банктің  салымдары туралы ақпаратты еріксіз  таратылу жағдайында беруге талап  ету құқын көшу.

5) Клиенттеріне  өзінің жеке тұлғалар салымдарын  міндетті ұжымдық кепілдендіру  жүйесіне қатысатындығын қатысушы-банктің  берілген күні мен нөмері көрсетілген  куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша  хабарлаудың көмегімен клиенттер  сұрақтарына жазбашажәне ауызша  жауаптарында салымдар бойынша  өтемдер төлеу шартын хабарлау.

6) Салымшылар алдындағы  міндеттемелердің уақтылы және  толық орындалмауын туғызатын  жағдайлар жайында Қорды дереу  хабардар ету.

7) Қорға еріксіз  таратылу жағдайындағы қатысу-банктердің  жеке тұлғалардың салымдарға  ақша қабылдауын дәлелдейтін  мәліметтер мен банк растаған  құжаттардың көшірмесі, яғни Қор  басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың  нысандары бойынша салымдарының  міндетті ұжымдық кепілдендіру  объектісі болып табылатынын  дәлелдейтін құжаттар ұсыну.

8) Қазіргі режелерге  сәйкес басқа да талаптарды  орындау.

Қатысушы банк қазіргі  ережелер мен талаптарды орындамаған  жағдайда Ұлттық банк оларға банктік  заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдануға құқылы.

Банктер өтініш пен  құжаттарды бергеннен кейін міндетті күнтізбелік жарнасын төлегені туралы қазіргі ережелердің қосымшыларына  сәйкес толтырылатын қатысушы куәлігін алады. Қор қатысушылар куәлігінің есебін қатысушы банктер реестеріндегі ақпаратқа сәйкес жүргізеді. Қатысушы куәлігін алған банктер қатысушы-банктер реестірінде тіркеледі. [9.12-17б]

Банктер  жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып,қатысушыкуәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:

-        қатысушы-банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың банктеріндегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензияның күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданғанда;

-        жыл бойында бірнеше мәрте (екі немесе одан да көп) Қорға жарналарды кешіктіріп төлейтін болса немесе аударымдарды толық көлемде жасамаса;

-        қазіргі ережелер мен белгіленген басқа да талаптар бұзылғанда.

Жеке тұлғалардың  салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі қайтарылғаннан кейін қатысушы банк, банк реестірінен  шығарылады. Қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы Ұлттық банк осы шешімді қабылдағаннан  кейін үш күн ішінде  қайтарып беруге міндетті.

Қор басқармасының  қатысушы куәлігін беру немесе жеке тұлғалардың  міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен  банк қатысушы-банкті  шығару туралы шешімі үш жұмыс күн ішінде республикалық баспа беттерінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялануы тиіс.

Банк-қатысушының  әрбір салымщысына Қор келесі тәртіптегі салымдары бойынша өтем жүргізеді:

-                    200 000 теңгеге дейінгі салымдар бойынша – 100 % сомасы қайтарылады;

-                    200 мыңнан 400 мыңнан теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 %;

-                    400 мыңнан 600 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 % + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %;

-                    600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40%;

-                    800 мыңнан 1 млн.теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 % + 600 мың теңгеден асқан соманың 40 % + 800 мың теңгеден асатын соманың 20%;

-                    1 млн теңгеден астам сома бойынша 80 % 200 мың теңгеден + 60% 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың теңгеден + 800 мың теңгеден асатын соманың 20 %;

-                    60 % 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың  + 20 % 200 мың теңгеден + 1 млн теңгеден соманың 10 % мөлшерінде;

Бір салымшының салымдарының  барлығы  қосылып бір салым ретінде қарастырылады. Өтем ақы теңгемен жүргізіледі. Шетел валютасындағы салым сомасы сол салым орналастырылған банк-қатысушының еріксіз таратылуы туралы шешімі күшіне енген күнгі кедендік және салықтық төлемдерді есептеу үшін және олардың мақсаттары үшін Ұлттық банкпен тағайындалатын шетел валютасының теңгеге қатысты курсы бойынша анықталады.

Банктерге орналастырылған  уақытша бос ақша қаражаттары  салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс  әкелетін капитал рөлін атқарады.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен 4 факторға тәуелді болып келеді:  

  1. халықтың ақшалай табыстарының көлемі;  
  2. олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
    1. салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
    2. елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің

дамуы;

Салымшылар алдында  өз міндеттерін атқару үшін Қор Ұлттық банктен, ҚР үкіметінен, басқа ұйымдардан қарыз алуға құқығы бар немесе Ұлттық банктің ресим қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары мөлшерлеме бойынша олардың  кепілдемелері негізінде қарыз ала алады.

Күнтізбелік жарнаның міндетті мөлшерлемесі әрбір қатысушы-банктер  үшін оның қаржылық жағдайы мен әдістеріне сәйкес жеке белгіленеді. Ұлттық банк белгілейтін бұл мөлшерлеме есептік  тоқсанның соңғы мерзіміндегі күнтізбелік міндетті жарна төленер алдында салымдар сомасының 1,125%-тен 0,375%-ке пайызға дейін мөлшерді құрайды.

Резервті  қалыптастыру үшін салымдар бойынша  өтемдер келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Салымдар бойынша  бойынша толық көлемде өтемдері  өтеу үшін қатысушы-банктер алғашқыда  аударған міндетті күнтізбелік  жарналар мен Қор активтерін  орналастырудан түскен инвестициялық  табыстар сомасы пайдаланылады.

2) Алғашқыда қалыптастырылған  резервтік сомасы жеткіліксіз  болған жағдайда Қордың жарғылық  капиталынан 500 млн. теңгеден аспайтын сомадағы ақша пайдаланылады.

3) Салымдарды өтеу  үшін резервтің алғашқы қалыптастырылған  сомасы жеткіліксіз болған жағдайда  жетіспеген соманың 50%-н қатысушы  банктердің Қордың банктік шотына  қосымша жарналар төлеу арқылы  төленеді, ал салымдар бойынша  жетіспеген соманың 50% Қор есебінен  қарызға алынады.

Салымдарды өтеу үшін Қордың қарызға алынған ақшалары, сондай-ақ Қордың жарғылық капиталының  есебінен төленген өтелу сомалары еріксіз  таратылатын қатысушы-банкке  регресті талапты қанағаттандыру есебінен жабылады, сонымен бірге қатысушы банктердің мөлшері мен мерзімі Қор басқармасының қатысушы банкке тартылған, сақтандыруға жатқызылған салымдарының мөлшеріне тәуелді түрде белгіленетін төтенше жарналар есебінен жабылады. [8.32-37б]

Қатысушы-банкке Ұлттық банктің қолдануы мүмкін болатын  шектеулі ықпал етуі мен санкциялары  банк заңнамасында қарастырылған болса  да, бұл банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарда төлеуден босатпайды.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі  жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қажеттігі  көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан  Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі  көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың  басында инфляция  әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып етумен байланысты болып отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру онай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту, екіншіден, ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшінішіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттен ретеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.

Информация о работе Депозиттің теориялық негізі